Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


§ 2. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау



бет15/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   141
annotation9411

§ 2. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау.

Шетел элементімен күрделенген жеке құқықтық қатынастарды реттеу процесі екі өзара тығыз байланысты сатыдан тұрады:алғашқысы—құқықтық коллизиясын шешу және таңдау жасау,екіншісі–таңдалған құқықтық қатынасты қолдану.


1) коллизиялық нормаларды қолдану. Бұл сатыда коллизиялық норма қолданылуға жата ма деген мәселе анықталады, егер мұндай норма қолданылса, қай елдің құқығына сілтеме жасалынатындығы анықталуы тиіс. Бұл ретте келесідей құқықтық сұрақтар пайда болады: өзара түсіністік, реторсия, құқықтық саралау, кері сілтеме, үшінші елдің құқығына сілтеме жасау, заңды айналып өту.
2) коллизиялық норма сілтеме жасайтын құқықтың қолданылуы. Бұл саты бірінші сатының мәселелері қарастырылып болған соң жүзеге асады. Бұл сатыда өзге сұрақтар туады: жария тәртіп, императивті норманың қолданылуы, шетел құқығының мазмұнын анықтау
Заң ұғымдарын саралау (құқықтық саралау).
Халықаралық жеке құқықтағы саралау мәселесі коллизиялық нормаларды қолданудағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады.Саралаумен қатысты мәселелерді қарастырмас бұрын, «саралау» терминінің тек халықаралық жеке құқықта ғана емес,өзге салаларда да қолданылатынын айта кету керек.Мысалы, бұл категория қылмыстық құқықта кеңінен танымал термин болып табылады.
Халықаралық жеке құқықтағы саралау—коллизиялық нормаларды білдіретін құқықтық түсініктер мазмұнының анықтау.
Заң ұғымдарын саралау(құқықтық саралау) дегеніміз – заңи терминдерді талқылау. Сот заң ұғымдарын саралауды, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, оларға сот елінің құқығына сәйкес түсінік беруді негіздейді. Егер заң ұғымдары сот елінің құқығына белгісіз болса немесе басқа атаумен не басқа мазмұнмен белгілі болса және сот елінің құқығы бойынша түсіндіру арқылы анықтау мүмкін болмаса, заң ұғымдарын саралау (құқықтық саралау) кезінде шет мемлекеттің құқығы да қолданылуы мүмкін. Заң ұғымдарын саралаудың 2 түрі бар:
1. Алғашқы саралау коллизиялық мәселелерді шешудің алғышарты болып табылады.
2. Екінші құқықтық саралау қолданылатын құқық анықталып, оның нормаларын талқылау кезінде жүзеге асады. Бұл саралау кезінде қиындықтар тумайды: саралау қолданылатын құқықтың ережелеріне сәйкес жүзеге асады.
Көптеген елдерде (АҚШ, Венгрия, т.б) сот елінің заңына басымдық беріледі. Мысалы, талап мерзімі қазақстандық құқықта азаматтық құқықтың термині болса, Ұлыбританияда, АҚШ пен Финляндияда – іс жүргізу құқығында қолданылатын түсінік болып табылады. Сот Қазақстанда қаралып жатқан іс бойынша талап мерзімі ұғымын саралау кезінде іс қаралып жатқан, яғни Қазақстан Республикасының заңын қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет