ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің



жүктеу 0.5 Mb.
бет1/2
Дата14.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
  1   2

ОӘК 042-18-20.1.24/03-2014

№1 басылым

11.09.2014 ж.



42 беттің беті - -еттің -ші




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ОӘК 042-18-20.1.24/03-2014

«Халықаралық сауда құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

11.09.2014 ж.


«Халықаралық сауда құқығы» пәні бойынша



«5В030400»- кеден ісі мамандығына арналған

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

СЕМЕЙ

2014
Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы


1. Глоссарий




Терминдік ұғым сөз

Ұғымдық мазмұны

1

Тұрғын үй

тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитарлы және басқада міндеттерге сай келетін және тұрғын үй (жеке-дара тұрғын үй, пәтер, жатақанадағы бөлме)

2

Дара (бөлек) меншік

тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрамындағы үй-жайға азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің меншігі

3

Тұрғын жай

тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй  бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме).

4

Тұрғын үй-жай (пәтер)

тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын жайдың тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай

5

Үй-жай

тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады

6

Жеке тұрғын үй қоры

жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және олардың бірлестіктеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғын жай

7

Жалға берілетін үй

жеке және (немесе) заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі, жалдауға беруге арналған тұрғын үй (тұрғын ғимарат), тұрғын үй-жайлар (пәтерлер)

8

Қосымша жалдаушы

тұрғын жайды қосымша жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін жалдаушыдан  (жалға алушыдан) тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алатын тарап

9

Тұрғын үйді жалдау (жалға беру)


жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін ақы төлеттіріп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру

10

Жалға беруші


тұрғын үйді жалдау шартындағы тұрғын үйді меншіктенуші немесе меншік иесі атынан іс-қимыл жасаушы болып табылатын тарап.

11

Кондоминиум


үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны

12

Кондоминиум объектісі

жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен

13

Тұрғын үй кооперативі

азаматтардың тұрғын үйді сатып алу (салу) және пайдалану мақсатындағы комерциялық емес бірлестігі, онда тұрғын үйді меншіктену құқығы кооперативке тиесілі болады, иелену және пайдалану құқығына ие болады және тұрғын үйді күтіп ұстау шығынына қатысады

14

Табысы аздар

мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғын үй беруді сұрар алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы заңдарда осы мақсаттар үшін белгіленген ең төменгі күнкөріс денгейіне жетпейтін адамдар

15

Репатрианттар

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшін басқа мемлекеттерден тарихи отанына қайтып оралушы адамдар

16

Тұрғын үйді реквизициалау

төтенше оқиғалар жағдайында мемлекеттік органдардың шешімі бойынша меншік иесінен тұрғын үйді заң актілерінде белгіленген тәртіппен мәжбүр етіп алып, алынған тұрғын үйдің құнын, не Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмеитін өзгеде өтем түрлерін төлеу

17

Тұрғын үйді жекешелендіру

азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлеріндегі өздері тұратын үй-жайларды меншігіне сатып алуы, олзаңдарға сәйкес жүзеге асырылады



2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы

Тақырып 1. Халықаралық сауда құқығының (ХСҚ) ұғымы

  1. ХСҚ түсінігі мен қайнар көздері.

  2. ХСҚ субъектілері.

  3. ХСҚ объектілері.

  4. Бағалы қағаздар жіктелуі және олардың ХСҚ- мен реттелуі.

  5. Интеллектік қызмет және оның құқықтық реттелуі.

  6. ХСҚ тарихы.

1. ХСҚ - дегеніміз халықаралық сауда процесінде пайда болатын, жеке қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын айтамыз.

ХСҚ қайнар көздері:



  • Халықаралық заңнама. Экономика және ғылыми-техникалық саланы реттеу үшін мемлекеттер нормалар қабылдайды. Халықаралық заңнама екі нысанда болады:

а) Халықаралық шарттар;

б) Халықаралық ұйымдардың шешімдері, мысалы, Еуропалық Одақ мемлекеттеріне қатысты Еуропалық Одақ шешімдері.



  • Жергілікті халықаралық заңнама:

а) Конвенциялар;

б) Еуропалық Одақ органдарының қабылданған актілері.

Бұл актілердің келесі түрлері бар:


  1. Ережелер - барлық мемлекет территориясына таратылды.

  2. директивтер - нормаларды қалыптастыру қызметін атқарады.

  3. Мысалы, қандай да бір әрекет жасауға тыйым салу туралы шешімдер т.б.

    • ТМД көлеміндегі шарттар. ТМД көлемінде Парламентаралық Ассамблея әртүрлі актілер қабылдайды. Олар ТМД мемлекеттеріне міндетті. Осы актілерге негізден мемлекеттер ұлттық заңды қабылдайды.

ТМД көлеміндегі негізгі құқықтық акт- Үлгілі Азаматтық Кодекс.

ХСҚ-ң әртүрлі құқықтық актілері бар, олар әртүрлі саланы реттейді.

1. Шаруашылық қызметті реттейтін ТМД актілері. Оларға: «Трансұлттық корпорациялар туралы» Конвенция 1998 ж., «Өндірістік, коммерциялық, несие-қаржылық, сақтандыру, аралас бірлестіктерді құру және дамыту жөніндегі көмек туралы Келісім» 1994 ж. Бұл келісімге сәйкес трансұлттық бірлестіктер мемлекеттің ұлттық заңымен көрсетілген түрде бола алады (қоғамдастықтар, бірлескен 2-ші сатыдағы банктер т.б.), олар үкіметаралық келісім немесе шаруашылық субъектілердің тікелей қатысуымен шарт негізінде қызмет етеді.

«Трансұлттық корпорация туралы» Конвенция осы корпорациялар қызметін, пайда болуын, мемлекеттік қолдау мәселелерін тікелей шешті.


  1. Сауда саласын реттейтін ТМД актілері. Бұған «ТМД мемлекеттерінің, ұйымдарының арасындағы тауарларды жеткізу жөніндегі жалпы шарттар туралы» Келісім 1992 ж. Киев қаласы жатады. Осында шартқа қалай отыру, өзгерту және бұзу тәртібі белгіленген.

  2. ТМД көлемінде өндірістік кооперация саласында: «ТМД салалары мен кәсіпорындарының өндірістік кооперациясы жөніндегі жалпы шарттар туралы» Келісім 1993 жыл. Бұл келісімде өндірістік кооперация сұрақтары, яғни жобалау, жөндеу жұмыстарымен технологиялық қызмет көрсету жағдайлары реттелген.

  3. Тасымалдау саласында: «Қауіпті және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды бақылау туралы» Келісім; «Қалааралық автомобильді тасымалдау» туралы Конвенция 1997 ж.

  4. Бағалы қағаздарға байланысты: «Мемлекетаралық бағалы қағаздар рыногын реттеу туралы» Келісім.

  5. Интеллекттуалдық меншік саласында: «Өндірістік меншікті қорғау шаралары мен өндірістік меншікті қорғау сұрақтары бойынша Мемлекетаралық кеңес құру туралы» Келісім 1993 ж.

  6. Мемлекет арасындағы бәсекелестік саласында: «Антимонополиялық саясатты келісу туралы» Келісім 1993 ж.

  7. Шаруашылық даларды шешу саласында: «Шаруашылық қызметпен байланысты, дауларды шешу тәртібі туралы» Келісім 20.03.1992 ж. Мысалы: Жеке меншікке байланысты сұрақтар меншік орналасқан мемлекеттің сотына арыз беру арқылы шешіледі.

2. ХСҚ субъектілері ұлттық заңға сәйкес шарттарға отырады. Әділет министрлігі мемлекеттің ұлттық заңына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің субъектілерін тіркейді.

Реестрдің мақсаттары:

- сауда серіктестіктерін тіркеу;

- қызмет түрлерін тіркеу;

- барлық субъектілерге тіркелгендігі туралы мағлұмат береді.

Сауда реестріне тағы прокуристер жөнінде мағлұматтар кіргізіледі.

Прокуристтер ешқандай қосымша өкілеттіктерсіз реестрге кіргізілген тұлға атынан шартқа отыра алатын тұлға.

Субъектілердің түрлері:

1. Жеке кәсіпкерлер - кәсіпкерлік саласындағы лицензияланатын қызметті іске асыратын тұлға.

2. Толық серіктестіктер - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін құрылған жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар бірлестігі. Ол көбінесе, құрылыста, инвестициялық жобалауды несиелеу кезінде қолданылады.

3. Коммерциялық серіктестік – жеке фирма түрінде бірнеше коммандиттер (салымшылар) салған салым көлемінде жауап берсе, бірнеше толық серіктер барлық салымдармен және мүлікпен жауап береді.

4. Акционерлік қоғам;

5. ЖШС;



ХСҚ басқа да субъектілер түрлері бар:

I. Еуропалық бірлестік - экономикалық қызмет саласындағы жеке және заңды тұлғалар арасындағы белгілі бір уақытқа ғана құрылатын ұйым. Заңды адресі (мекен-жайы) бар жерде тіркеледі.

II.Трансұлттық бірлестіктер - кәсіперлік заңды тұлғалардың тобы. Бірнеше түрлері бар:


  1. Холдинг (ағылшын-амер. жүйеде көп қолданылады) әрбір мүшесінің тікелей қызметіне араласпайды, бірақ бір топ қатысушыларға әсер ете алады. Бұл топтағы заңды тұлғалар өзбетінше қызметті іске асырады.

  2. Концерн жеке субъектілер бірлестігі, мұнда орталық барлық істерді жүзеге асырады, шаруашылық қызметті жүргізеді.

  3. Қаржылық-өндірістік топ – заңды тұлғалар жиынтығы, олар белгілі бір қызметке өз мүліктерін біріктіреді.

III. Мемлекеттер басқа субъектілермен теңдей қатынаста болады.

Ол келесі қатынастарға қатысады:



  • мемлекеттік заемдерге байланысты;

  • мемлекет субъектілеріне заемге деген кепілдік беру кезінде;

  • инвестициялық шарттар бойынша;

  • өкілетті органдары арқылы мемлекеттік халықаралық сатып-алу сату шарттары бойынша.

IV. Унитарлы кәсіпорындар ҚР Үкіметі мен әкімшілік-территориялық бірліктер құрған шаруашылық жүргізу құқығына негізделген заңды тұлғалар.

V. Қазыналық кәсіпорындар ҚР құрады және оралымды басқару құқығы болады.

VI. Бизнестраст - қозғалмайтын мүлікке байланысты сұрақтарды шешу үшін АҚШ- ң штаттарында құрылған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым.
3. ХСҚ объектілері ретінде халықаралық сауда айналымынан алынбаған азаматтық құқықтың объектілері табылады.

ХСҚ объектілері:



  1. Тауар - материалдық дүние заттары. Белгілері: салмағы, сапасы, бағасы белгілі болады;

  2. Ақша;

  3. Бағалы қағаздар - мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат.

ХСҚ келесі бағалы қағаздар бар:

- Облигация - міндеттеме (қарыздың) бар екендігін бекітеді және оны шығарған тұлға оның қайтарылуын белгілі бір мерзімнен кейін көрсетеді.

- Вексель – вексельұстаушыға онда көрсетілген мерзімде вексельберушінің ақша көлемін куәландаратын құжат.

- Чек - банкінің чекте көрсетілген мерзімде чек ұстаушыға төлейтін міндеттемені сақтайды.

- Коносамент - теңіздегі, өзендегі құнды қағаз, тасымалдау жүгінің берілуін бекітеді.

- Акция - АҚ қатысушы құқығын бекітеді.

- Варрант - қоймада орналасқан тауарға кепілдеме құқығын куәландырады.

- деливери-ордер – яғни ордерден тұлғаға тауардан партиясын беруді көрсетеді.



4. ХСҚ бағалы қағаздар келесі түрлерге бөлінеді:

- ақшалай бағалы қағаздар (облигациялар, чектер т.б.) оларда ақша сомасын талап ету құқығы бекітілген.

- қатысушы бағалы қағаздар (акция) мұнда АҚ-ға қатысушы ретінде болуы белгіленген.

- тауарлы бағалы қағаз - тауарға деген құқықты бекітеді.

Ағылшын-американдық жүйеде бұл жағдай өзгеше:

- инвестициялық қағаздар (акциялар мен облигациялар) АҚ қатысушы екенін көрсетеді немесе заем қатынастарын бекітеді (заем берушімен заем алушы);

- саудалық қағаздар – айналымды құжаттар болып табылады (вексель);

- тауарлы-өкімдік құжаттар – айналмалы құжат тауарлық бағалы қағаз белгілі бір белгілері бойынша ұқсас құжат.



Көзделген құқықтарға байланысты бағалы қағаздар келесі түрге бөлінеді:

- ұсынбалы (кез-келген тұлға ұсынған кезде ол бойынша көрсеткен тұлға құқық иесі болып табылады).

- ордерлік бағалы қағаз көрсетілген тұлға құқықтарды индоссамент арқылы береді.

- атаулы (аты- жөні) жазылған тұлға оның иесі болып табылады.

Көп мемлекеттердің құқықтық жүйелері акциялармен мен облигацияларды келесі түрлерге бөледі:

- жай акциялар - дивиденттерге құқықты куәләндыратын бағалы қағаз.

- артықшылығы бар акция жай акция иелерінен қарағанда ерте алу құқығын бекітеді.

- жай облигациялар иелері онда көрсетілген пайызды немесе барлық сомасын алу құқығын бекітеді.

- дисконттық облигациялар – номиналды сомасынан төмен эмитенттермен сатылатын облигация, брақ толық көлемде ол соманы қайтаруға міндеттеме алады.

- конфертивтік облигациялар – (АҚШ) акционерлік қоғамдардың иелері акцияға ауыстыра алатын жай облигациялармен дисконттық облигациялар.

Бағалы қағаздар келесі нысанда шығады:

- құжатты – материалды түрдегі құжат ретінде болады.

- құжатсыз - акция немесе облигация өзі берілмейді, бірақ шотқа жазылады.

Бағалы қағаздың құқықтық реттелуі:

- Женеваның Вексельдік Конвенциясы 1930, 1931ж.

- БҰҰ-ң халықаралық аудармалы және халықаралық жай вексельдер туралы Конвенциясы 9.12.1998ж.
5. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерін қолдану оның иесімен ғана рұқсат етілді.

Интеллектуалдық қызмет объектілері – ғылыми, өнер шығармалары, пайдалы модельдер т.б.

Лицензияның шарт пәні ретінде екі объект табылды:

- Авторлық құқық объектілері;

- Өндірістік меншік объектілері;

Авторлық құқық объектілері: әдеби шығармалары, музыкалық шығармалар;

Өндірістік меншік объектілері: пайдалы модельдер селекциялық жетістіктер, фирмалық атаулар т.б.

Интеллектуалдық қызмет келесі халықаралық актілермен реттеледі:

- Өндірістік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясы 1883 ж.

- Тауарлық және фабрикалық белгілерді халықаралық тіркеу туралы. Мадрид Конвенциясы 1891 ж.;

- Дүниежүзілік авторлық құқық туралы. Конвенция 1952 ж.;

- Патенттік кооперация туралы шарт 1970 ж.

6. Ежелгі Римде Б.э.д. III ғ ұлттық азамат кодекспен бірге сауда қатынасын реттейтін құқықтық актілер пайда болған.

Феодализм уақытында алғашқы саудагерлер өз қызметін атқара бастады. Алғашқы әдет-ғұрыптар жинақтары пайда болды. Мысалы XII-XIII ғ.ғ. Франция мен Англияда осындай жинақ болып «Висбиялық теңіз құқығы» табылады.

ХСҚ Еуропамен бірге дамып басқа территорияларға ауыса бастады.

XVII ғ. Жак Савари күшімен алғашқы Сауда ОРДОНАНСЫ қабылданды. 1663ж. одан кейін 8 жылдан кейін 1681 жылы Францияда алғашқы кодификациялық акт Теңіздік сауда туралы ОРДОНАНСЫ қабылданды. Осы екі акті алғашқы сауда құқығының негізін қалады. Францияда революциядан кейін, 1808 жылы Францияның Сауда кодексі қабылданды.

Қазіргі ХСҚ XIX ғ. бастап дами бастады.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.ХСҚ түсінігі мен қайнар көздері.

2.ХСҚ субъектілері.


  1. ХСҚ объектілері.

Ұсынылатын әдебиет

1.Богусловский М.М. Иностранные инвестиции: правовое регулирование. - М., 1996.

2.Велъятинов Г.М. Основы международного экономического права. - М., 1994.

3.Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994.

4.Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996.

5. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991.


Тақырып 2 Халықаралық саудалық мәмілелер (ХСМ). ХСҚ мерзімдер.

  1. ХСМ-ң нысандары және отыру тәртібі.

  2. ХСМ бойынша жауапкершілік негіздері мен түрлері.

  3. Халықаралық сауда міндеттемелері бойынша жауапкершіліктен босату.

  4. ХСҚ мерзімдер ұғымы және түрлері.

  5. Талап мерзімі.




  1. ХСМ ретінде мемлекеттер арасындағы байланысты бекітетін кез келген сауда саласындағы келісімдер. Осы жерде мемлекеттер мәмілеге қолданылатын құқықты таңдайды. Осыдан кез келген мәміле екі тараптың кез келгенінің келісімі бойынша сол мемлекеттің заңымен реттеледі.

1964 жылы қабылданған «Халықаралық сатып алу-сату туралы» ГААГтік біркелкі заңдары келесі жағдайларды қарастырады:

- шарт бір мемлекет территориясынан екінші мемлекет территориясына тасымалданатын немесе тасымалдаған заттарға байланысты;

- акцепт және оферта болып табылатын іс-әрекеттер әр түрлі мемлекеттер территориясында жүзеге асу керек;

- мүлік беру, акцент және офертаға байланысты іс-әрекеттер жасалған мемлекеттерден басқа мемлекет территориясына берілуі тиіс.

Осы ГААГ заңдарында «субъект критерий» деген ұғым белгіленген. Оның негізі: тараптарға қойылатын талап ретінде олардың міндетті түрде кәсіпорны болу керек немесе басқа мемлекетте орналасу жері болуы тиіс.

ХСМ келесі тәсілдердің бірімен жасалу тиіс (отыру тәртібі):

- оферта негізінде және оның акцептісі негізінде;



  • тараптардың келіссөздері нәтижесінде.

Оферта кез келген тұлғаға бағытталған ұсыныс. Оның мерзімі көрсетілмесе онда өту мерзімі ұлттық заңда көрсетілген мерзіммен алмасуы тиіс. 1980 ж. Вен Ковенциясы осыған байланысты оферта мерзімі ішінде оферент оны қайтарып алуға құқы жоқ, және егер акцептент жауап берсе шарт жасалған болып табылады.

Оферта келесі негіздерге байланысты тоқтатылады.

Офертаны қабылдаған акцепт оның барлық шарттарын қабылдаған болып есептеледі.

Халықаралық заңнамаға сәйкес акцепт дегеніміз шартқа отыруды білдіретін кез келген іс-әрекеттер. Тек қана акцептант еркі пассивті болмауы керек, өйткені Вена Конвенциясына сәйкес пассивті тәртіп - үндемеу акцепт болып табылмайды. Оферта мерзімі өткеннен кейін жасалған акцепт жаңа оферта деп аталады. Вена Конвенциясында мерзімі өткеннен кейін, офертаға жауап берумен офертаны кеш қабылдауды айыру керек. Біріншісі жаңа оферта болса, екіншісі оферент келісім білдірсе шарт жасалған болып есептелінеді.



Енді халықаралық мәмілелердің биржаларда, аукциондарда, халықаралық жәрмеңкелерде және конкурс тәртібінде жасалуын қарастырамыз:

- Биржалар - саудалық ұйымдардың бірлестігі, заңды тұлға болып табылады және мемлекеттің бақылауында болады. Тауарлық биржалар пәні тауарлар, мұнай, мақта, кофе т.б. заттар табылады.

- Аукционың биржадан айырмашылығы ретінде ондағы тауардың акциондық кәсіпорынның дүкендерінде орналасуы табылады. Яғни, сатып алушылар тауар сапасымен оның жағдайымен таныса алады. Аукциондардағы тауарлар жария түрде сатылды. Тауар аукционнан бірден сатылғаннан кейін берілуі тиіс.

- Халықаралық жәрмеңкелер мұнда экспортқа шығатын тауарлардың үлгілері көрсетіледі.

- Тендер (конкурс) ұйымдастырушы жинаған оферталары бойынша жүзеге асырылады. Оферта ұйымдастырушы тауарға қойған талаптарға сәйкес келуі тиіс. Тендер ашық түрде болады, егер барлық субъектілер қатыса алса; егер шақырылым бойынша болса, онда ол жабық түрде болады.

Саудалық келіссөздер - шартқа отыру негізі болып келеді, бұл жерде кейбір шарт тараулары өзгертілді, басқа тауарлар қабылдау жүзеге асады. Келіссөздер тікелей немесе жанама түрде бола алады. Саудалық келіссөздерге қатысу мақсаты - міндетті түрде шартқа отыру керек. Келіссөздерді халықаралық заңнамаға сәйкес созуға болмайды. Мұнда болса, онда зиян орнын толтыруы тиіс.

Халықаралық мәмленің түрін таңдаға бостандық берілген, егер ұлттық заң міндетті түрде басқа жағдайды белгілемесе.

Халықаралық заңнама белгілі шарттарды міндетті деп табады. Солай, Вена Конвенциясының 11-бабына сәйкес жазбаша да, ауызша да болады.

Тараптар шарт сөздерін дұрыс түсіну керек, өйткені шарттың бір данасы басқа тілде болады ғой. Сондықтан түсінік беруде «Сатып алу-сату туралы» Вена Конвенциясы 1980 ж. ережелері қолданылады.

Түсінік беру мақсаты – даулардың тууына әкелетін негіздерді жою. Сондықтан Конвенцияға сәйкес, егер белгілі бір сөз, пункт дұрыс түсіндірілмесе, онда шарт жарамсыз деп есептелінеді.

Шарт мәтінінде коллизиялар болса, онда Вена Конвенциясына сәйкес келесі ережелер белгіленеді:

- негізгі мәтін мағынасы, қалған шарттардың мағынасынан жоғары;



- тараптардың ақырғы еркі; бұрын болғандарды жарамсыз қылады.

Тараптар еркі келесі түрлерде (шарттарда) болады:

  • шартта көрсетілген шарт мақсатында;

  • тараптардың қатынастарындағы іс-тәжірибеде;

  • халықаралық саудалық әдет-ғұрып;

  • келіссөздер жүргізу;

  • тараптардың тәртібі.

  1. Халықаралық заңнама ХСМ бойынша жауаптық негіздері мен түрлерін бекітеді.

Негізгі және қосымша міндеттерді орындаудан пайда болады, яғни міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау. Халықаралық заңнама міндеттемені орындамаудың және толық орындамаудың түрлерін бекітеді:

  • шарттан бас тарту, яғни шарттың орындау мерзімі басталғанына дейін, борышқордың шарттан бас тартуы.

  • міндеттемелерді толық орындамау, яғни борышқор шартты белгілі бір жағдайға байланысты орындай алмайды немесе мерзімін өткізіп алған. Борышқор шартты орындамауға құқы бар, егер белгілі бір құқықтық жағдайлар болса, (мысалы заңсыз түрде контрабанда арқылы шартты орындау мүмкіншілігі болса;). Ал егер борышқор шартты орындамауға өзі себеп болса, онда ол айырылып қалған пайданы қайтаруға міндетті.

  • міндеттемені шарттың уақытын өткізіп алып толық орындамау. Несие беруші нұқсан орнын толтыруды талап етуге құқылы және ескерту жасап орындауға мерзім береді, келесі рет сөйтсе бас тартуы жөнінде ескертеді.

Алдын ала орындауда оның толық орындамауы болып есептеледі, сондықтан несие беруші оны қабылдап алуға құқылы немесе қабылдамауға құқылы, екі жағдайда да нұқсан орын толтырады.

  • міндеттемені шарттағы тауар санын сақтамай толық орындамау. Бұл жерде сатып алушы артық әкелген тауар санынан бас тартатындығын айтып кету керек; егер айтпаса, онда тауар қабылданған болып есептеледі.

  • міндеттемені тауар сапасының сақталмауына байланысты толық орындамауы, яғни тауар сапасы шарттағы тауар сапасына сәйкес келмеуі.

  • белгіленген орында шартты толық орындамау.

Халықаралық заңнамаға сәйкес шартты толық орындамаған кезде немесе мүлде орындамаған кезде несие беруші борышқордан нұқсан орын толтыруға талап етуге немесе айыппұл төлеуді талап етуге құқылы. Міндеттемені орындамаған немесе толық орындамаған кезде борышқормен төленетін ақша сомасы айыппұл деп аталады.

Айыппұл түрлері:

  • сынақтық (зачетная) – борышқор (должник), яғни толтырылмаған айыппұл үстінен айыппұлмен жабылмаған нұқсан орнын толтыруға талап етуге құқылы.

  • альтернативті – борышқор таңдауы бойынша нұқсан орнын толтыруға немесе айыппұлды төлетуді талап етуге құқылы.

  • айыптық (штрафная) - несие беруші айыппұлды талап етуге және нұқсан орнын толтыруды қоса талап етуге құқылы.

  • ерекшелік (исключительная) - яғни несие беруші тек қана айыппұлды талап етеді, нұқсан орнын толтыру алынып тасталады.

3. Халықаралық заңнама жауаптан босату негіздерін бекітеді:

Дүлей (бой бермейтін) күшке байланысты мән-жайлар оларға келесілер жатады:

  1. табиғи апаттар - су тасқындары, даулар, жер сілкіністері;

  2. әскери әрекеттер - соғыс жариялау, төңкерістер, ұлт- азат қозғалыстар.

  3. өндірістік кәсіпорындардағы жазатайым оқиғалар;

  4. көлік қиыншылықтары, бұл негіз болады, егер сатушы тауар өзінде болғанын дәлелдей алса және көлікке байланысты жеткізе алмағанын көрсетеді;

  5. мемлекеттік орган актілері, белгілі бір қызметке тыйым салу ретінде болады, мысалы: экспортқа;

  6. ереуілдер (забастовки);

Халықаралық заңнама жауапкершіліктен босатудың шарттары ретінде келесіні көрсетеді:

  1. дүлей күш мән-жайы фактісі болған кезде;

  2. осы фактімен шартты орындамау арасындағы себепті байланыс;

  3. Борышқор тікелей өзі себептік байланысты дәлелдеуі тиіс, яғни ол бірнеше рет орындамақшы болғанын дәлелдемелер арқылы дәлелдеуі керек.

  4. міндеттемені орындауға қабілетсіз болу.

4. ХСҚ мерзім дегеніміз заңдылық салдарға байланысты сәт немесе шектелуі кезең деп түсіндіріледі.

Мерзімдерді есептеу тәртібі ХСҚ-да ҚР Азамат Кодексіндегі сияқты. Мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиғамен байланыстырылады. Мерзімдер тағайындау жолдарын көрсетілген, атап айтсақ, бұл сол сәтте көрсестетін уақыт (күнтізбелік күн), белгілі уақыт кезеңі (жылдар, айлар, күндер, сағаттар).

Осы мерзімдер ішінде барлық халықаралық мәмілелер бойынша міндеттемелер орындалуы тиіс.

ХСҚ мерзімінің аяқталуы былай тұжырымдалады:


  1. Жылдармен шектелетін мерзім – мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді.

  2. Жыл тоқсандармен есептелетін мерзіміне айлармен есептелетін мерзім ережелері қолданады.

  3. Айлар мен есептелетін мерзім – мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді.

  4. Апталармен есептелсе - мерзімнің соңғы аптасына тиісті күнінде бітеді.

ХСҚ-дағы мерзім түрлері:

  • кепілдік мерзімі;

  • кінәрәт мерзімі;

  • азаматтық- құқықтық (халықаралық сауда) міндеттемелерді орындау мерзімі;

  • талап мерзімі.

Кепілдік мерзімі – сатып алушының ұзақ бойы сақтауға немесе кейде сатуға арналған өнімдердің кемшілігін анықтап алуына берілетін мерзім.

Кінәрәт мерзімі - өз бетінше тауарды сатушы міндеттемелерін орындауға берілетін мерзім.

Міндеттемелерді орындау мерзімі - шартта екі тараптың келісіммен тағайындалды.

ХСҚ мерзімдер мағынасы келесіде, яғни мерзімдер уақтылы орындалса, онда ешқандай қосымша міндеттер жүктелмейді.



5. Талап қою мерзімдері халықаралық заңнамаға сәйкес материалдық құқық нормаларымен немесе сот заңы нормаларымен реттеледі.

1974 жылы Нью-Йоркта «Халықаралық сатып алу-сату тауарларындағы талап мерзімі туралы» Конвенцияға қол қойылған, ол келесі қатынастарды реттейді:

- қолдану саласын;

- талап қою мерзімінің өтуін;

- талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті және оны ұзартуды;

- тараптармен талап мерзімдерін өзгертуді;

- талап мерзіміне жалпы шектеу қоюды;

- талап мерзімінің өтіп кетуінің салдарын;

- мерзімдердің есептелуін;

- халықаралық іс- әрекеттерді.

Осы Конвенцияға сәйкес талап мерзімі – сатып алушы сатушыға қарсы талап беруге және талап етуге берілетін мерзім. Бұл мерзім өткеннан кейін тараптар талап ету құқығынан айырылады.

Осы Конвенцияның 8-бабына сәйкес талап қою мерзімі 4 жыл, басталу мерзімі талап ету құқығы пайда болған күннен басталады, оған екінші жақты бұл туралы айтуда, арбитраждық келісім (яғни, шешім шыққанан кейін ғана есептеле бастайды) деген негіздер де әсер етеді.

Конвенцияның 10-бабына сәйкес талап ету құқығы шарт бойынша орындамаушылық пайда болған кезде пайда болады. Тауар деффектісіне немесе сапасының сәйкес келмеуі кезінде талап ету құқығы тауарды берген күннен басталады. Шарт алдаумен жүзеге асса, талап ету құқығы осындай алдауды сатып алушы білген күннен басталады.

Нью-Йорк Конвенциясы жеке тауар жеткізілімі шарты мен тауарларды бөліп-бөліп сату мәселелерін шешкен. Мысалы, егер тарап осындай шарт бойынша одан бас тартса, онда талап мерзімі осындай хабарландыру жасаған күннен басталады.

Талап мерзімі 4 жыл өткеннен кейін, ақырғы күннің 24 сағатында бітеді. Ал егер айдың ішінде осындай күн көрсетілмесе, онда сол айдың ақырғы күнінде талап мерзімі аяқталады.

Конвенция ұлттық заң спицификасына қарап келесі қатынастарды реттейді:


  • талап қою мерзімінің өтуіндегі үзіліс;

  • талап қою мерзімінің басынан бастап есептеледі;

  • талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру.

Конвенцияға қарамастан жалпы мерзім - 10 жыл болып есептеледі. Конвенцияның 27-бабы сәйкес талап мерзімі негізгі қарыз бойынша өтіп кеткен болса, онда міндеттеме бойынша пайыздар төлеу де өтіп кеткен болып есептеледі.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. ХСМ бойынша жауапкершілік негіздері мен түрлері.

2. Халықаралық сауда міндеттемелері бойынша жауапкершіліктен босату.

3. ХСҚ мерзімдер ұғымы және түрлері.

4. Талап мерзімі.

Ұсынылатын әдебиет

1.Богусловский М.М. Иностранные инвестиции: правовое регулирование. - М., 1996.

2.Велъятинов Г.М. Основы международного экономического права. - М., 1994.

3.Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994.

4.Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996.

5. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991.


Тақырып 3 Халықаралық тауарларды сатып алу-сату.

  1. Халықаралық тауарларды сатып алу-сату туралы Вена Конвенциясына түсініктеме.

  2. Халықаралық сатып алу-сату шарты бойынша тараптардың құқықтарымен міндеттері. Сатып алу-сату шартын орындамаған уақытта құқықтық қорғау жағдайлары.




  1. Халықаралық сатып алу-сату шарты мағынасы ретінде бір тарап екінші тарапқа меншікке сатып алудың пәнін беруге міндеттеледі, ал сатып алушы екінші тарапқа берілген сатып алу пәнінің орнына белгіленген соманы төлейді.

1966 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жанынан БҰҰ халықаралық сауда құқығы туралы Комиссиясы құрылды. Бұл комиссия мақсаты осы саладағы конвенциялар мен шарттарды біріктіру және халықаралық сауда құқығын унификациялау табылады. Осы қызмет нәтижесінде 1980 жылы «Тауарларды халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы» Конвенция пайда болды. Осы Конвенция ұлттық жүйелерді біріктіріп сауда қатынастарын реттеді. Осы Вена Конвенциясы халықаралық саудалық қарым-қатынастарды дамытты.

Бұл Конвенция екі жүйені: кеңестік және капиталистік жүйелерді біріктірді.

Бұл Конвенция екі мемлекет арасындағы саудалық қатынастарды реттейді, бірақ бұл мемлекеттердің саудалық қызметі басқа мемлекеттерде орналасу керек, немесе:


  • екі мемлекет келісу тараптары болуы тиіс;

  • немесе ХДҚ нормалары келісуші-мемлекеттердің құқығына көрсетеді.

Бұл ережелер мемлекет соттарына міндетті, егер олар басқа мемлекет заңын таңдап алмаса. Соттар бұл конвенцияны қабылдаған мемлекеттердің құқықтық жүйесінің бөлігі болып табылады.

Вена Конвенциясы сатып алу-сату шарттары мен мердігерлік шарттарын (қызмет көрсету) айырып біледі. Тауар жеткізілімі шартында тауар жеткізушіге тауарды жеткізуден басқа қызмет көрсету және жұмыс орындау міндеттері жүктелсе, онда ол Вена Конвенциясымен реттелмейді.

Конвенция 2-бабында сатып алу-сату шартына кіргізілмеген түрлері бекітілген (аукционда сату немесе орындау іс жүргізумен) немесе сатып алу- сату пәніне байланысты (акциялар, облигациялар, бағалы қағаздар). Осындай сатып алу-сату мемлекеттік арнайы органдар актілерімен реттеледі.

Бұл Конвенция шартты жасаумен ғана шектеледі, тараптар құқықтарымен міндеттерін бекітеді. Конвенция мерзімдер мәселесін, тауарға деген меншік құқығын және тараптар жауапкершілігін реттемейді.

Конвенция көбінесе түсінік беру мәселелерін, яғни құқық унификациясын (түсінік) бекітеді, ол шарт жасасу мәселелерін тез шешеді. Бірақ Конвенцияда көрсетілмеген мәселелер осы Конвенцияның жалпы принциптерімен шешіледі. Ал егер мұндай принциптер болмаса, онда мемлекетішілік заңдар реттейді.

Вена Конвенциясының 9-бабы әдет, қатынастар тәжірибесі екі тарапқа олар келіскеннен кейін міндетті болып табылады. Бұл ережеге байланысты әдет, күші болады, егер келесі шарттар орындалса:



  • тараптар осындай әдетті білсе немесе білу керек болса;

  • халықаралық саудадағы әдетті жалпы бәрі білсе;

  • сауда саласында тараптардың барлығы осындай әдет қолданса.

Әдет ретінде Конвенцияға сәйкес, халықаралық әдет, жергілікті әдет- ғұрып, ұлттық әдет-ғұрыптар жатады.

Конвенция шарт нысанына байланысты ешқандай талап жоқ, ол көрсетпелер арқылы да дәлелдене алады. Ал егер шарт нысаны жазбаша болса, онда алдағы өзгерту, тоқтатылу да жазбаша болуға тиіс.

Конвенцияның 13-бабына сәйкес жазбаша нысан болып телеграф және талетайп арқылы жіберу табылады.

Вена Конвенциясы оферта мен акцент сұрақтарын да реттейді. Конвенцияның 14-бабына сәйкес оферта ретінде тараптардың келесі белгілерімен сипатталған еркі табылады:



  • белгілеу бар - ұсыныс адресаты анықталған;

  • анықталған болып табылады, яғни шарттың толық және нақты негізгі шарттарын бекітеді.

  • категориялық (ерекше) болып табылады, тұлғаның ықтиярын көрсетеді.

Конвенцияға сәйкес акцепт адресатын хабарландыру түрінде немесе басқа кез-келген түрмен жауап қайтарылады. Пассивті іс-әрекеттер жауап болып табылмайды.

Конвенцияның 14-бабы 2-тармағы жария офертасын реттейді. Жария оферта барлық субъектілерге жасалған ұсыныс. Офертаны адресат алса, сол күні күшіне енеді.



Оферта Конвенцияға сәйкес келесі уақытта нақты болады:

  • ұсыныс жіберу;

  • ұсыныс мазмұнымен танысу;

  • адресат ұсынысымен келісу.

Офертаны қайтарып алу оған жауап бергенге дейін жүзеге асырылу керек. Шарт жасалған болып есептеледі, егер акцепт күшіне енсе. Конвенцияның 29-бабына сәйкес шарт өзгертіліп, тоқталады, қарапайым келісім арқылы, егер тараптар шартта басқа жағдайды қарастырмаса.


  1. Конвенцияның 25-бабына сәйкес, шартты елеулі бұзу, осы бойынша екінші тарапқа ол өзі аламын деген табыстан айырылуын айтамыз. Нұқсан шартты елеулі бұзу мен себепті байланыста болуға тиіс.

Сатушының негізгі міндеті Конвенцияға сәйкес тауарларды барлық құжаттарымен, буып-түйіп т.б. жағдайларға сәйкес жеткізіп беру табылады. Яғни, (Конвенцияның 35-бабына сәйкес) сатушы тауарды шартқа сәйкес көрсетілген сапада, түрде, жиынтықта және жиынтықтылықта жеткізіп беруге міндетті.

Сатушы Конвенцияның 36-бабына сәйкес тауардың кез–келген сәйкес кемшілігіне тауар берілгеннен кейін де жауапты. Мысалы, сатушы тауардың мақсатқа қолдануға келетініне толық кепілдік береді.



Конвенцияға сәйкес сатып алушының міндеттері:

  • тауар бағасын төлеу;

  • таурға төлегеннен кейін оны қабылдап алу.

Конвенцияның 49-бабының 1-тармағына сәйкес сатып алушы келесі жағдайда шартты бұзу туралы хабарлай алады:

  • сатушы қандай да бір міндеттемені орындамағаны үшін;

  • егер қисынды мерзім берілген жағдайда сатушы шарт бойынша тауарды жеткізбесе.

Вен Конвенцияна сәйкес құқықтық қорғау тәсілі ретінде шарт бұзғаны үшін залалдарды өтеу табылады. Оның көлемі шығын көлемінде болады және жоғалтылған табыс төленеді. 75-бабқа сәйкес залалды талап етуші тұлға шарт бағасымен ауыстырылатын мәміле арасындағы соманы алуға құқылы.

Конвенцияның 79-бабы жауапкершіліктен босату мәселесін шешкен. Кінәлі болса ғана жауапты болады.

Конвенция таурдың жойылу қауіпінің тәуекелі мәселелерін де шешкен. Мысалы, егер тасымалдау сатып алу-сату шартымен көрсетілсе, тауардың берілуі белгілі жерде көрсетілмесе, тасымалдаушыға тауар берілгеннен бастап сатып алушы осындай қауіп алады. Егер тауардың берілу жері белгіленсе, тауар тасымалдаушыға берілгеннен кейін ғана сол жерде оның қаупі сатып алушыға ауысады.

Конвенцияның 72-бабына сәйкес егер сатушы шартты орындағанға дейін оның елеулі шарттарын орындамайтындығы анықталса, онда сатып алушы шарттан бас тартуға құқылы.



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Халықаралық тауарларды сатып алу-сату туралы Вена Конвенциясына түсініктеме.

2.Халықаралық сатып алу-сату шарты бойынша тараптардың құқықтарымен міндеттері. Сатып алу-сату шартын орындамаған уақытта құқықтық қорғау жағдайлары.

Ұсынылатын әдебиет

1.Богусловский М.М. Иностранные инвестиции: правовое регулирование. - М., 1996.

2.Велъятинов Г.М. Основы международного экономического права. - М., 1994.

3.Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994.

4.Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996.

5. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991.


Тақырып 4 ХСҚ делдалдық.

  1. ХС делдалдық және оның құқықтық реттелуі.

  2. ХС өкілдік.

  3. Сауда өкілінің жауапкершілігі.


1.ХС делдалдық ХСҚ үш аспектіде қаралады:

- сауда өкілі өз қызметін тапсырмаға сәйкес белгілеген ақыға жүзеге асырады;

- дистрибьютерлер (коммерциялық концессиялар) тауар шығарушылар (экспортерлер) арасындағы шартқа сәйкес өз аттарынан, өз ақысына алып тауарларды сатады, сондықтан дистрибьютерліктің өз ерекшеліктері бар:


  1. күрделі шарт болып келеді: өйткені, бір жағынан мұнда мердігерлік болса, екінші жағынан интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық беріледі.

  2. дистрибьютерлік шарт созылмалық шарт, яғни осы шарт құрамында сатып алу-сату шарттары жасалады.

  3. дистрибьютер өз қызметін тауар шығарушыға байланыссыз жүзеге асырады;

  4. дистрибьютер шартқа сәйкес тауарларға деген меншік құқығын алады;

  5. дистрибьютер тауарын шығаруын алдында тауар сатылмаса да жауапты, яғни ол тауарын шығарушыдан бұл тауарды сатып алады.

  6. дистрибьютер қызметі эксклюзивті белгілі бір территорияда жүзеге асырылады.

- маклерлер қызметі; олар іс-әрекеттері мәмілеге отыруға әкеледі. Ағылшын-американдық жүйеде оларды делдалдар (брокерлер) деп атайды. Негізгі мақсаты өзі өкіл болып табылған жақты шартқа отырғызу.

ХС делдалдық құқықтың реттелуі:

  • халықаралық сатып алу-сатудағы өкілдік туралы 1983 жылғы Женева Конвенциясы. Бұл Конвенция саудалық өкілдік шарттарын, сауда өкілінің өкілетін, принципал үшін жасаған мәмілелердің құқықтық салдарын реттейді.

Принципал - делдал өкілі болып табылатын тұлға.

- Құқық туралы ГААГа Конвенциясы 1978 жылғы саудалық делдалдықта болатын коллизиялық сұрақтарын реттейді;

- Еуропалық Қоғамдастық директивтері 1986 жылғы, коммерциялық агент қызметін реттейді.

- Эксклюзивті дистрибьютерлік туралы Еуропалық қоғамдастық директивтері 1983 жылғы.


2. Халықаралық сауда өкілділіктің мағынасы келесі белгілермен айқындалады:

- сауда өкілі өз қызметін принципал берген тапсырма бойынша ғана жүзеге асырады;

- ол тауардың жойылу қауіпіне жауапты емес;

- өз қызметін анықталған табыс үшін жүзеге асырады;

- сауда өкілі принципалға есеп беру керек.

Халықаралық өкілдік шарттың негізі берілген сауда өкіліне тапсырма, онда барлық іс-әрекеттер көлемі көрсетіледі:



  • тар өкілеттігі бар сауда өкілі (шартқа отыру кезінде принципалмен шарттың барлық жағдайларын келіседі).

  • кең өкілеттігі бар сауда өкілі (3-ші тұлғамен мәміле жағдайларын өзі анықтай алады).

Халықаралық саудалық өкілдік шартының пәні тек қана заңды тапсырмалардан тұруы керек, яғни ол ұлттық және халықаралық заңға сәйкес болуы тиіс.

Тапсырмаға сәйкес өкіл қызметін атқара отырып, сауда әдет-ғұрыпын сақтауға тиіс.

Егер принципал тапсырмаларынан өкіл асып кетсе, онда ол бұл туралы хабарлауы керек. Егер оның іс-әрекеттерін принципал қабылдамаса, онда бұл (өкіл) жасаған іс-әрекеттер принципалға міндетті болмайды. Принципал берген тапсырмадан өкіл асып кетсе, онда ол оған жауап болады (принципал мен 3-тұлғаға залалды өтейді).

Сауда өкілі принципал есебінен және оған табыс табу мақсатымен өз қызметін іске асырады. Женева Конвенциясына сәйкес агент іс-әрекеті принципалмен 3-ші тұлғаны біріктіреді. Принципал өзі де агент пен 3-ші тұлға арасына араласа алады және 3-ші тұлғамен қарым қатынасқа түсуге құқылы.



Меншікке деген мәселелі сұрақтарды қарастырайық.

Сауда өкілі екі тараптың іс-әрекетін жүзеге асырады, бірақ оған ешқандай мүлік берілмейді. Мұндағы қатынастар – принципал – 3-ші тұлға және 3-ші тұлға – принципал. Сауда өкілі бұл қатынаста делдал ғана.

Халықаралық сауда тәжірибесінде көбінесе принципал сауда өкіліне белгілі территорияда артықшылық құқықтар береді. Бұл құқықтар мағынасы сауда өкілі жасалған шарттардан пайыз көлемінде пайда ала алады.

Тағы бір ерекшелігі, шартқа отыру кезінде халықаралық сауда өкілі принципалмен тауар сатуға байланысты бәсекелістікке сол территорияда түсуге құқы жоқ.

Халықаралық заңнама және ұлттық заң халықаралық өкілділікті ауыстыруға рұқсат етеді (субагент, субкомиссионер), егер принципал мұндай өкілеттік берсе немесе ауыр жағдайларға байланысты өкіл өзі бұл іс-әрекеттерді жүзеге асыра алмаса.
3.Сауда өкілінің жауапкершілігі екі аспектіде болады:

- сауда өкілінің өз әрекеттері үшін жауапкершілігі;

- сауда өкілінің 3-ші тұлғаның іс әрекеттері үшін жауапкершілігі. Сауда өкілі өзінің заңсыз іс-әрекеттері үшін жауапты (Мысалы, принципал берген іс-әрекеттерден асып кетсе және егер ол біліктілік қасиеттерін іске асыра алмаса); Тағы бір жайт, сауда өкілі оның қолында орналасқан тауардың қауіпті жойылуына және бұзылуына жауапты емес, егер оны ол өзі жүзеге асырмаса.

Сауда өкілі тапсырма бойынша орындалған барлық мәміледен түскен қаражаттарды принципалға беруге тиіс. Егер шартқа сәйкес сауда өкілі принципалға қандай да бір мүлік алса, онда ол принципалды тауар жеткізушімен таныстырып, тауарды принципалға беруге тиіс. Егер шарт белгіленген мерзімнен ерте тоқтатылса, онда сауда өкілі принципал тапсырмасы бойынша барлық шартқа сәйкес іс әрекеттерді 3-ші тұлғамен жүзеге асыруы тиіс. Сауда өкілі шартқа сәйкес принципалға тауармен бірге сенімхатын қайтаруға міндетті. Тағы бір ерекшелік, сауда өкілі принципалға тиесілі мүлікті өзінде ұстауға құқылы, егер принципиал сауда өкілі алдында өз талаптарын орындамаса.

Принципал тапсырма орындалғаннан кейін, тауарды қабылдап алуға міндетті және өз міндеттерін сауда өкілінің алдында орындауға міндетті болып табылады. Орындамаса, онда жауаптылыққа тартылады.

Сауда өкілінің есеп беруі туралы шартта көзделмесе, онда сауда өкілі өз есебінде келесі шарттарды көздейді:


  • тапсырманы орындау тәртібі және сатылары;

  • тапсырманы орындағанын бекітетін құжаттар;

  • сауда өкілінің тапсырманы орындауға кеткен шығындары және оны дәлелдейтін құжаттар.

Халықаралық саудалық заңнамаға сәйкес сауда өкілінің есебі өзінің қызметімен қоса сатып алушылармен рынок туралы ақпаратты құрауы тиіс. Сонымен бірге сауда өкілі басқа қайнар көздерден алған ақпаратты беруге тиіс, принципал объективті салыстырып білу үшін.

Тапсырманы толық орындаған сауда өкіліне принципал сауда өкілі шығарған барлық шығындарды және сыйақы шартқа сәйкес төлеуге міндетті. Мұндай шығындарға келесі шығындар жатады:



  • сақтандыруда;

  • тасымалдауда;

  • экспедицияда;

  • буып түюде;

  • сот процестеріне қатысқан сауда өкілінің шығындары.

Халықаралық заңнама сауда өкіліне сыйақы есептеудің келесі амалдарын бекітеді:

  • өткізілген тауардан пайыз;

  • принципал тауарға орнатқан бағамен сатылған жоғары баға арасындағы айырма;

  • қатаң баға.

Халықаралық сауда өкілдік шарттары келесі жағдайларда тоқталады:

  • егер шарт белгілі мерзіммен жасалса, онда ол біржақтың еркімен тоқтатылмайды;

  • егер шарт мерзімсіз болса, онда екінші жақты хабардар етіп оны тоқтатуға болады.

Егер принципал шарт күшін жойса, онда ол сауда өкіліне тапсырма бойынша орындалған қызмет шығындарын төлеуге және сол жасалған жұмысқа байланысты сыйақысында төлеуге міндетті.

Егер сауда өкілі шартты тоқтатса, онда ол орындалмаған тапсырма бойынша шығындарды талап етуге құқығы жоқ.


Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.ХС өкілдік.

2.Сауда өкілінің жауапкершілігі.
Ұсынылатын әдебиет

1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994.

2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996.

3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991.

4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992.

5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990.

6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993
Тақырып 5 Халықаралық есептер және халықаралық несиелік аудармалар


  1. Есептер.

  2. Халықаралық несиелік аудармалар.


1. Халықаралық есептер негізінде --- несиеберушілік алдында ақшалай міндеттемесін әкелінген тауар, көрсетілген қызмет үшін орындауы жатыр.

Халықаралық заңнама келесі қома- қолсыз есептер амалдарын бөледі:



  • көрсетілген шотқа несиелік адарма арқылы төлеу;

  • --- төлеу;

  • инкассаға төлеу.

Есептерді жүзеге асыру шарттары жеке болып атбылады; олар төлемдік міндеттермелерді орындаудан ерекшеленеді:

Тағы бір айтатын жәйт, халықаралық есептер есептер табиғаты тапсырма қатынастарына негізделеді, олар мағынасы: бір тұлға екінші тұлға атынан және оның қаражатына заңды іс әрекеттер жасайды. Бұл қатынастар тапсырма шарттары (агенттік шарттар) арқылы жүзеге асады, яғни олар банктермен басқа тұлғалар арасында және банктер арасында болады. Банктер мен төлеуші арасындағы қатынастар тек қана төлеуді жүзеге асыру тапсырмасымен ғана міндеттеледі, олардың елеметтері бар: несиелеу немесе қандайда бір кепілдіктер беру.

Халықаралық есептер (төлемдер) құқықтық реттелуі әртүрлі көпжақты халықаралық шарттармен реттеледі.


2. Халықаралық несиелік аудармалар туралы айтсақ, ол есептердің нысаны болып табылады.

Халықаралық несиелік аудармалар шарты бойынша бір тарапқа банк (банк адармасын беруші) сыйақы үшін тапсырма беруші тұлға атынан, оның шоты осы банкіде орналасса, басқа банкіге (банк бенефициарға) тапсырмада белгіленген тұлға апйдасына (бенефициарға) ақша қаражаттарын аударады. Несиелік аудармаларға сәйкес бенефициар төлеуді жүзеге асыруға, аударатын банкіден немесе басқа банкіден талап етуге құқы жоқ және мұндай құқықты ала алмайды. Мұнда іс әрекеттерді банкілер тек қана төлеуші тапсырмасы арқылы жасайды.

Осындай қатынастар ЮНСИТРАЛдық типтік заңымен реттеледі, осы заңға сәйкес халықаралық несиелік аудармалар опирацияларының қатысушы ретінде:


  • аударма беруші- несиелік аударма процесінде бірінші төлемдік тапсырманы беретін тұлға;

  • аударма беруші банкісі- аударма беруші шоты бар және одан төлемдер жасайтын банк;

  • бенефициар- несиелік аударма нәтижесінде қаражаттарды алатын және төлемдік тапсырмада белгіленген тұлға;

  • бенефициар банкісі- бенефициар шоты бар және оған төлемдер жасайтын банк;

  • жіберуші- төлемдік тапсырмасын беретін тұлға;

  • қабылдаушы банкі- төлемдік тапсырманы қабылдайтын банк;

  • делдал банк- адарма ұстаушы да, бенефийиардың банкісі болып табылатын кез келген қабылдаушы банк.

Халықаралық заңнамаға сәйкес халықаралық несиелік аудармалар адарма беруші жіберуші банкіне тапсырма беруден басталады. Тапсырмаға акцент берілгеннен бастап аударма беруші банкі осы қабылдаған болып есептеледі. Типтік заңның 7 бабына сәйкес банктің акцентісі ретінде:

  • аударма беруші банк пен аударма беруші келісілген жаңдайда, банк оның төлемдік тапсырмаларын осы қабылдағаннан кейін орындайды деген тапсырманы алғанда шарт болса;

  • аударма беруші банкі төлемдік тапсырманы акцент еткені туралы хабарлама жіберсе;

  • төлемдік тапсырманы орындауға --- банкіге адарма беруші банкі төлемдік тапсырмасын берген болса;

  • төлемдік тапсырма бойынша төлемді осы банкіде аударма беруші шотын дебиттеу;

  • Офертадан бас тарту туралы мерзімінің өтіп кетуі және егер хабарлама осы мерзімде жіберілмесе;

Типтік заңға сәйкес осы этап аударма беруші банк делдал- банкіге немесе бенефициар- банкіге төлемдік тапсырманы бергеннен кейін аяұқталған болып есптеледі.

Осыдан кейін, аударма беруші- банк аударма берушіден тапсырма алғаннан кейін, тікелей корреспонденттік қатынастар банк бенефициармен болмаса ол тапсырмасы делдал – банкі арқылы жүзеге асырады.

Типтік заңға сәйкес делдал- банкімен төлемдік тапсырмаға қабылданған болып есептелінеді келесі жағдайларда:


  • делдал- банкімен аударма беруші банк арасында төлемдік тапсырманы қабылдағаннан кеін оны орындайды деген шарт болса, онда делдал- банк сенімхатты қабылдағаннан кейін жүзеге асады;

  • делдал- банкі төлемдік тапсырмасы, алынған төлемдік тапсырмасын жүзеге асыру үшін береді;

  • делдал- банкі аударма беруші банкіде төлемдік тапсырмасын төлем арқылы жүзеге асыру үшін аударма беруші банкінің шотын дебиттейді;

  • төлемдік тапсырмадан бас тарту туралы мерзім өтіп кетсе, және егер хабарлама бас тарту туралы жіберілмесе.

Типтік заң делдал- банкінің акцентіден бас тарту жағдайларын қарастырған:

  • аударма беруші банктік шотында қажетті қаражаттар болмаса;

  • төлемді жүзеге асырған кезде, егер басқа әдіспен төлем қабылданбаса;

  • аударма беруші банкіні анықтау үшін ақпарат аз болса.

Одан кейін, делдал- банк тапсырманы қабылдағаннан кейін, банк- бенефициарға немесе басқа делдал- банкіге аударма беруді банктің шарттарын орындай отырып, тапсырма беруге тиіс.

Бұл халықаралық несиелік аударма этапы төлемдік тапсырмасын банк- бенефициарға бергеннен бастап аяқталады.

Халықаралық заңнамаға сәйкес аударма беруші банк немесе делдал- банк банк- бенефициармен корреспонденттік қатынастар болған кезде аударма берушішің тапсырмасын орындайды.

Типтік заңның 9 бабына сәйкес беенфициар- банкі төлемдік тапсырмасын келесі жағдайларда қабылдаған болып есептеледі:



  • бенефициар банкі төлемдік тапсырманы орындайды, егер жіберушімен бенефициар банкі осы қабылдағаннан кейін орындайды деген келісімде болса;

  • бенефициар банкі төлемдік тапсырманы акцент --------- жөнінде хабарлама жіберсе;

  • бенефициар банкі жіберушінің шотын төлемдік тапсырманы орындау үшін дебиттейді;

  • бенефициар банкі беенфициардың шотын төлемдік тапсырманы орындау үшін, немесе басқа заңмен қажетті бенефициарға беру үшін несиелейді;

Типтік заңның 10 бабына сәйкес бенефициар банкі төлемдік тапсырманы акцентілегеннен кейін, қаражаттың барлығын бенефициарға беруге міндетті немесе осы қаражатты екі тарап келісіміне байланысты қолдануға міндетті.

Типтік заңда несиелік аударма аяқталғанда бенефициар банкі акцентілеген төлемдік тапсырма мөлшерінде --------- бенефициарға айналады деп белгіленген.

Міндеттеме орындалған болып табылады, егер банк бенефициар төлемдік тапсырманы акцентілегеннен бастап.

Типтік заңның 11 бабын қабылдаушы банкі төлемдік тапсырманы қабылдағаннан кейін, бір банктік күн ішінде орындайды деп белгілейді.

Заңда тағы төлемдік тапсырманы өзгерту және --------- алу мәселелері белгіленген, яғни оны орындағанға дейін бұл іс әрекеттерді жасауға болады.

Енді аударма беруші мен бенефициардың халықаралық несиелік аудармалар кезінде қауіптерін, сатушы көтеретін қауіптер түрлерін қарастарған жөн:



  • сатып алушы тауарға меншік құқығын ала отырып, төлемеу немесе дәрменсіз болу нәтижесінде қаражаттар адармалары болмайтын сатып алушының төлемеу қаупі;



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Есептер.

2.Халықаралық несиелік аудармалар.
Ұсынылатын әдебиет

1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994.

2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996.

3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991.

4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992.

5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990.

6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993

6.Гражданское право: Общая часть / Под ред. Диденко А.Г. – А., 2003


Тақырып 6 Халықаралық саудадағы аккредитив

1 Халықаралық саудадағы банктік кепілдік ұғымы, белгілері.

2 Халықаралық саудадағы банктік кепілдік түрлері.


  1. Халықаралық заңнамаға сәйкес банктік кепілдік дегеніміз - банктің үшінші тұлға жағынан міндеттемесін толық немесе тиісінше орындамаған кездегі бенефициарға берілетін кепілдігі және міндеттемеде көрсетілген ақша сомасын төлеуге байланысты банк міндеттемесі.

Банктік кепілдіктің субъектілері:

  • принципал – осы тұлғаның ұсынысы (өтініші) бойынша банктік кепілдік беріледі;

  • банк- кепілдік- кепілдік беретін банкі;

  • бенефициар - банк кепілдігінде көрсетілетін тұлға және оның талабы бойынша және оның пайдасына банк-кепілдік төлем жасайды.

1978 жылы Халықаралық сауда палатасы Шарттық (гарантиялар) кепілдіктер үшін Унификациялық ережелер қабылдаған, оның жаңа басылымы 1990 жылы қабылданған. 1991 жылы Бірінші талап бойынша кепілдіктер бойынша Унификацияланған ережелер көбінесе кепілдікті міндеттемелер кепілдігі, облигациялар және басқа да міндеттемелерге қолданылады.

1995 жылы Резервті аккредетивтер және тәуелсіз кепілдіктер туралы Конвенция жобасы қабылданып, 1995 жылы мамырда Вена қаласында қабылданды.



Банктік кепілдік негізі – төлем жасау міндеттемесі. Кепіл (гарант) бенефициардың бірінші талабы бойынша немесе қажетті құжаттар берілгеннен кейін, не кепілдіктің басқа шарттарына сәйкес төлем жасауға міндетті. Кепіл бенефициарға төлем жасаса оны принципалдан талап етіп алуға құқылы. Банк тек қана принципал өз міндеттемелерін орындамағанда ғана төлемдер жасайды. Сондықтан, банктік кепілдік мағынасы ретінде оның борышқор (принципал) міндеттемелерін өз мойнына алуда емес, ол орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде ғана кепіл ретінде төлем жасауы табылады. Кепіл тек қана шарттағы жағдайларға сәйкес қана жауапты болады. Бенифициардың кепілдікке байланысты құқықтары шартта көзделмесе, онда олар басқа тұлғаға ауыстырылмайды.



  1. Халықаралық заңнамаға сәйкес банктік кепілдіктер онң пәніне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

  • Тендерлік (конкурстық) кепілдік - офертадағы соманың 2-5% көлемінде болады, ол тендер өткізетін ұйымның шығындарын, оның қатысушысы одан бас тартса, өтеу үшін керек.

  • Орындау кепілдігі- - жиынтықтылықты таурларды жеткізу кезінде қолданылады және импортер мүдделерін қорғау жағдайларында 10% көлемінде барлық шарт сомасынан беріледі.

  • Төлемді қайтару кепілдігі - кешенді тауар жеткізу кезінде қолданылады және ұзақ мерзімді жұмыстар мен қызметтерде болады.

  • Төлем кепілдігі - банк вексельдік сенімге кепілдік береді немесе құжаттық аккредетивтің ашылуына кепіл болады.

  • Кедендік кепілдік - кепілдік төлемдердерді қамтамасыз ету үшін қолданады және тауарларды кепілдік режимде кіргізу немесе транзитпен өту кезінде тауарды басқа мемлекет территориясына жеткізу кезінде пайдаланады.

  • Сот кепілдігі - сотта тараптарды немесе процесті қамтамасыз ету үшін қолданады.

  • Талапты қамтамасыз ету кепілдігі - тауарларды тәркілеген кезде қолданылады.

  • Коносамент кепілдігі – жүк тасымалдаушының міндеттемелерін, тауарларды коносаментсіз беру кезінде орындауын қамтамасыз етеді.

  • Қарсыкепілдік - бенефициардың кепілдік банкісі ондай кепілдікті бермейді, контрагент мемлекетіндегі жаңа банк контрагентке береді.

  • Талап бойынша кепілдік - бенефициардың бірінші жазбаша талабы бойынша (гарант) төлем жасауға тиіс.

  • Шартты кепілдік - бенефициар куәландыратын құжаттар көрсеткен кезде ғана кепіл (гарант) кепіл төлемдер жасайды.

  • Консорциумды кепілдік – консорциум қатысушылары осы топтық міндеттемелерін қамтамасыз етеді, ол үшін консорциумның бас кепілі қажетті топтан банктік кепілдіктер алады.

Халықаралық заңнамаға сәйкес кепілдік шарттары көбінесе арнайы формуляларға байланысты жасалады, оның нысаны - кепілділік хат түрінде болады. Осы шартқа байланысты банк белгілі бір оқиға болған жағдайда өзіне басқа тұлғаның (бенефициардың) пайдасына ақшалай төлем жасайды. Егер мән-жәй шынында болмаған болса, онда бенефициар заңсыз алған сомаларды банкіге қайтарып беруге тиіс.

Кепілдік-банк кепілдікке байланысты сыйлықақыларды алуға құқылы.

Банктік негізідк ол орындалғаннан кейін тоқтатылады және құжат кепілге қайтарылып берілуі тиіс.


  1. Халықаралық саудадағы инкассо.

  2. Халықаралық саудадағы банктік кепілдік.

  3. Халықаралық факторинг.

  4. Халықаралық қаржылық лизинг.

  5. Халықаралық сауда айналымындағы мердігерлік және халықаралық тасымалдау.

  6. Халықаралық лицезиялық және сонымен байланысты шарттар. Франчайзинг.

  7. Халықаралық инвестициялар.

  8. Халықаралық сауда дауларын шешу тәртібі.

  9. Арбитраждық келісім.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1 Халықаралық саудадағы банктік кепілдік ұғымы, белгілері.

2 Халықаралық саудадағы банктік кепілдік түрлері.

Ұсынылатын әдебиет

1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994.

2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996.

3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991.

4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992.

5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990.

6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993

6.Гражданское право: Общая часть / Под ред. Диденко А.Г. – А., 2003


3.Практикалық сабақтың құрылымы

Тақырып 1. Халықаралық сауда құқығының (ХСҚ) ұғымы

1.ХСҚ түсінігі мен қайнар көздері.

2.ХСҚ субъектілері.


  1. ХСҚ объектілері.

  2. Бағалы қағаздар жіктелуі және олардың ХСҚ- мен реттелуі.

  3. Интеллектік қызмет және оның құқықтық реттелуі.

  4. ХСҚ тарихы.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1   2


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет