Алматы 2022 жыл Нұр-Сұлтан қаласы №91 мектеп-гимназиясы



бет12/48
Дата19.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#492410
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
Нұржанова-1

10 –11 - сабақ


Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу тәсілдері
Мақсаты: Техникада және тұрмыста жылу беру түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіреді.
Сәуле шығару арқылы вакуумде де энергияның тасымалдануы. Кез келген температурадағы денелердің жылу шығаруы. Дене температурасы жоғары болғанда сәуле шығару интенсивтілігінің жоғары болуы.
Түскен сәулелерді денелердін жұлып алуы және сәулелену энергиясының ішкі энергияға айналуы. Сәулелену энергиясының денелерден шағылуы.
Қара денелердің сәулелену энергиясын жақсы жұтуы.
Денелердің сәулелену энергиясын жұту қабілеттерінің әр түрлі мақсаттарда қолданылуы (әуе шарлары мен самолет қанаттарының күміс түстес болуы; денелерді қатты қыздыру үшін қара түске боялуы, мысалы Жердің жасанды серіктеріндегі приборлар).
Сәулелену арқылы энергия берілудің жылу берілудің басқа түрлерінен айырмашылығы.
Желдің (күндізгі және түнгі бриз) пайда болуын түсіндіру. Тұрғын үйлерді жылыту схемасы. Жылу берілу түрлерін салыстыру.
3-сурет
Тәжірибе көрсету.
Сәулелену арқылы жылу қабылдағыш ішіндегі ауаның
қызуы (3-сурет).
Белгілі заттың масса бірлігінің температурасын 10С-қа өзгертуге қажет жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы меншікті жылу сыйымдылық деп атайды.
Жылу берілудің табиғаттағы және техникадағы қолдануларына мысалдар келтіру.

Өлшем бірлігі:



12 –13 - сабақ
Заттың агрегаттық күйлерінің
Мақсаты: Оқушылар табиғаттағы заттың үш күйімен таныстырып, олардың бір - бірімен айырмашылығын ажырата біледі, заттың агрегаттық күйінің өзгеруі оның молекулалық құрылымының өзгерісімен байланысты болатынын түсініп, заттың үш күйі - газ, сұйық, қатты дене болатындығымен танысып, балқу және қатаю құбылыстарының мағынасын түсінеді.
З аттың агрегаттық күйлері дегеніміз бұл - газ, сұйық және қатты күй. Мысалы су, су бөлменің оң температураларында сұйық боп ағады, аязды күндерде су далада мұз боп қатады, шәйнектегі су қайнап буға айналып газ күйіне айналады.
Заттардың агрегаттық күйлері молекулалар мен атомдардың орналасуына байланысты.
Газдарда молекулалар мен атомдар бір-бірінен алыс орналасады, ал сұйықтар мен қатты заттарда молекулалар мен атомдар бір-біріне жақын орналасады.
Сұйық пен қатты заттардың атомдары мен молекулалары тығыз орналысқандықтан, заттың бұндай агрегаттық күйлерінде заттың көлемі тұрақты болады. Сұйық пен қатты заттарды соңдықтан сығу қиын болады.
Қатты заттардың атомдары көбінесе кристалдық тор пішінді болады:

Кристалды тор дегеніміз атомдардың тор сияқты бір тәртіппен орналасуы, бұндай құрылым қатты заттарға тән.
Қатты заттың атомдары кристалдық торды құратындықтан, бұндай заттың пішінің өзгерту, сығу, қысу қиын болады. Металдардың серпінділігі бұндай құрылымнан туындайды.
Ал газдарда молекулалар мен атомдар қашық орналасқандықтан газдарды сығу оңай болады. Газ көлемің көп күш жұмсамай кішірейте аламыз, және де газдардың тығыздықтары да осы себептен аз болады.
Сұйық денелерде молекулалар мен атомдар қатты денелерге қарағанда қашық орналасады. Сұйық заттарда молекулалар тәртіпсіз орналасады.
Сұйық заттар осы себептен аққыш болады. Сұйықтар ыдыстың пішінің қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет