U = A / q 1 В = 1 Дж / 1 Кл
Тізбек бөлігінде немесе ток көзінің полюстерінде кернеуді өлшеу үшін
– ВОЛЬТМЕТР қолданады. Вольтметр шкаласында V ( В) әрпі жазылады.
Сызбаларда волтметр белгіленеді вольтметрдің (+) ток көзінің (+) сымымен қосады В ольтметр амперметрге қарағанда басқаша қосылады. Кернеуді өлшеу үшін нүктелерге қосады. Мұндай құралдың қосылуы параллель деп атайды.
Электр кернеуі. Вольтметр.
Тізбектіӊ берілген бөлігіндегі заряд бірлігініӊ орын ауыстыруы үшін токтыӊ атқарған жұмысын анықтайтын физикалық шаманы осы бөліктіӊ электр кернеуі деп атайды.
|
1 Вольт = 1 Джоуль / 1 Кулон
1 В = 1 Дж / 1Кл
Егер өткізгіш бойымен 1 Кл зарядты орын ауыстырғанда 1 Дж ге теӊ жұмыс істелсе, онда тізбек бөлігіндегі электр кернеуі 1 В қа теӊ болады.
Аналогия: Шлангадағы судыӊ қарама-қарсы жағындағы деӊгейлері бірдей болса, онда су ақпайды. Су деӊгейлерініӊ айырмашылығы ток көзініӊ кернеуі сыяқты.
|
Өткізгіштіӊ ұштарындағы кернеуді өлшейтін құралды вольтметр деп атайды.
Өткізгіштіӊ қандай да бір екі нүктесініӊ арасындағы кернеуді өлшеу керек болса, вольтметрді сол нүктелерге жалғайды. Құралды осылайша жалғауды параллель жалғау деп атайды.
Вольтметр - параллель жалғанады.
Вольтметр және оныӊ шартты таӊбасы
Электр тізбегінде амперметр тізбектей, вольтметр параллель жалғанады. Амперметрдің ішкі кедергісі кіші, ал вольтметрдің кедергісі үлкен болу керек.
А дам үшін 12 В ға дейінгі кернеу қауіпсіз есептеледі.
Тапсырма
15.16. Қалта шамының түбінде «0,2А» деген жазу бар. 2с ішінде шам арқылы қанша заряд өтеді?
15.18. 43- суретте шкаласы бар амперметр көрсетілген. Амперметрдің бөлік құнын және өлшеу шегін анықтаңыз. Амперметрдің көрсетуін жазыңыз?
15.20. 45 суретте екі амперметр көрсетілген. Тізбектегі ток күшін дәлірек өлшеу үшін қай амперметрді таңдар едіңіз? Жауабыңызды негіздеңіз (дәлелдеңіз).
15.23. Электр шамының ток күшін анықтаңыз, егер электр шамының қыздыру сымы арқылы 5 минутта 150 Кл заряд өтсе.
15.24. Қалта шамының электр шамы 0,22 А ток өндіреді. 10 с ішінде шам арқылы қанша заряд өтеді?
15.25.Қанша уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 60 Кл заряд өтіп, 200 мА ток күшін береді?
Практикалық тапсырма. Суретте берілген элементтерді пайдаланып тізбек кұрастырыӊдар. Шамдағы ток күшін және кернеуді өлшеӊдер.
Достарыңызбен бөлісу: |