Тест тапсырмасы
Лупа неше есеге дейін үлкейте алады?
А) 25 Б) 35 С) 15 D) 20
Микроскоптағы бақылаушының көзіне бағытталатын линза қалай аталады?
А) обьектив Б) тубус С) окуляр D)штатив
Телескоптағы нәрсеге бағытталған линзаның атауы:
А) айна Б) тубус С) окуляр D)обьектив
Фотоаппарттың негізгі бөліктерін ата:
А) айна, мөлдір емес жарық өткізбейтін камера және фото қабыршақ.
Б)окуляр, мөлдір емес жарық өткізбейтін камера және фото қабыршақ.
С) обьектив, мөлдір емес жарық өткізбейтін камера және фото қабыршақ.
D) обьектив, мөлдір емес жарық өткізбейтін камера
Проекциялық аппараттардың беретін кескіні қандай?
А) жалған, үлкейтілген
Б) шын, кішірейтілген
С) жалған, кішірейтілген
D) шын, үлкейтілген
Тереңдіктегі сүңгуір қайықтардан бақылауға арналған оптикалық аспап:
А) обскура камерасы Б) перископ С) фотоаппарат D) лупа
Обскура камерасы сөз тіркесіндегі «Обскура» сөзі қандай мағынаны береді?
А) жарық Б) сәуле
С) тесік
D) қараңғы
оптикалық жүйеніӊ пайда еткен кескінініӊ сызықтық өлшемініӊ нәрсеніӊ сызықтық өлшеміне қатнасымен анықталатын физикалық шама қалай аталады?
А) сызықтық ұлғайту
Б) сызықтық кішірейту
С) жақындатып көру
D) алыстатып көру
Лупада пайда болатын кескін:
А) шын, үлкейтілген, тура
Б) шын, үлкейтілген, тура
С) жалған, үлкейтілген, тура
D) жалған, кішірейтілген, төңкерілген
Бірінші қарапайым телескопты кім жасады?
А) Р.Гук
Б) Г.Галилей
С) З.Янсен
D) И.Сеченов
Тапсырмалар:
1. Оптикалық аспаптардыӊ негізгі элементін атаӊыз
2. a) Төмендегі линзалардыӊ ішінен жинағыш линзаларды көрсетіӊіз
b) линзалардыӊ ішінен шашыратқыш линзаларды көрсетіӊіз.
c)линзалардыӊ ішінен оптикалық күші оӊ мәнге ие (D>0) линзаларды көрсетіӊіз.
d) линзалардыӊ ішінен оптикалық күші теріс мәнге ие (D<0) линзаларды көрсетіӊіз
3) Фокус аралығы 0,3 м жинағыш линзаның фокусынан 0,1 м қашықтаққа нәрсе қойылған, оның биіктігі 0,05 м болса, алынған нәрсенің биіктігі қандай болған.
Достарыңызбен бөлісу: |