Механикалық қозғалыс.Жол. Орташа жылдамдық.
Деңгейлік тапсырмалар
«А» деңгейі
1. Бірқалыпты қозғалған материалдық нүкте t1=2с мезеттегі координаты x1=4см, ал t2=4с мезеттегі координаты х2=-2см болса, оның жылдамдығы қандай?
2.Мотоцикл жолдың бірінші S1=30км бөлігін υ1=15 м\с орташа жылдамдықпен, ал қалған екінші S1=40км бөлігін t2=1 сағатта жүріп өтті.Мотоциклдің барлық жолдағы орташа жылдамдығы қандай?
3.Қайықтағы адам оны тынық сумен салыстырғанда υ1=1,2м\с жылдамдықпен еседі.Егер су ағысының жылдамдығы υ2=1,5 м\с болса. Қайықтың жағамен салыстырғанда және су ағысына қарсы қозғалғандағы жылдамдығы қандай?
«В» деңгейі
1. Ұзындығы ℓ1=250м пайыз бірқалыпты қозғалып, көпірден t-2минут ішінде өтті.Егер көпірдің ұзындығы ℓ=360м болса, поездың жылдамдығы қандай?
2. Екі дененің қозғалысы мына теңдеулермен берілген: x1=6t; x2=70+3t. Олар қанша уақыттан кейін кездеседі және әрқайсысы қанша жол жүреді?
3. Дене координаттары x1=0; y1=1м болатын нүктеден координаттары x2=3м; y2=-2 м болатын нүктеге орын ауыстырды.Сызбада дененің орын ауыстыруын және оның координаттар осьтеріндегі проекцияларын табыңдар.
«С» деңгейі
1 . График бойынша нүктенің t= 8 секундта жүрген анықтаңдар.
2. Моторлы қайық А және В бекеттерінің арасын өзен ағысымен t1=2,5 сағатта, ал сал t1=11,5 сағатта жүріп өтеді.Моторлы қайық ағысқа қарсы осы аралықты қанша уақытта жүріп өтер еді?
3. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып бара жатқан поездың вагонына перпендикуляр бағытта тиген оқ оны тесіп өтеді. Вагонның қарама-қарсы қабырғаларындағы саңылаулар бір-бірімен салыстырғанда 3,5 см-ге ығысқан.Вагонның ені 3 м болса, оқтың жылдамдығы қандай болғаны?
Механикалық қозғалыс
*Механикалық қозғалыс деген не?------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
*Материялық нүкте дегеніміз не?---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
*Адамды материалдық нүкте деп санауға болатын жағдай
1.Адам қаладан ауылға бара жатыр.
2.Адам ұшақпен саяхаттап жүр.
3.Адам ас үйде тамақ әзірлеуде.
*Қозғалыс траекториясы деген не?---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
*Өз үйіңнен мектепке дейінгі қозғалыс траекториясын сыз
*Өз үйіңмен мектеп арасындағы қозғалыс траекториясының ұзындығы жолды есепте---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |