«алматы қаласы алмалы ауданы әкімінің аппараты» мм 2011-2015 жылдарғА



бет1/6
Дата23.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#4782
  1   2   3   4   5   6



«АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

АЛМАЛЫ АУДАНЫ

ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ
2011-2015 ЖЫЛДАРҒА
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

Алматы қ-сы, 2011

МАЗМҰНЫ


1.

Алмалы ауданы әкімі аппаратының кіріспесі және миссиясы……………………...............

2.

Ағымдағы жағдайлар мен тенденциялардың дамуының анализі……………….................

3.
3.1.
3.2.

Нәтижелердің көрсеткіштері және стратегиялық мақсаттық индикаторлар, міндеттер, мақсаттар, бағыттар ..............................………………………………………............................

Нәтижелердің көрсеткіштері және стратегиялық мақсаттық индикаторлар, міндеттер, мақсаттар, бағыттар ......................……………………………………………............................

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыты мен мақсатының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі..........………………………………………………….

4.

5.

Міндетті мүмкіндіктердің дамуы.................................................……………………………….

Салааралық өзара іс-қимыл.............................……………………………………………..……

6.

Тәуекелдерді басқару........................................………………………………..………………….

7.

7.1.

7.2.

Бюджеттік бағдарламалар............………………………………………………………………..

Бюджеттік бағдарламалар ...........………………………………………………………………..

Бюджеттің шығыстар жинағы..........…………………………………………………………….


Бөлім 1. Миссия және кіріспе
Гендерлік аспектілерді қоса есептегенде ауданның даму мүддесі және қажеттілігін біріктіріп атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатты жүргізуін қамтамасыз ету. Әлеуметтік экономикалық және қоғамдық саяси өмірде гендерлік саясатты іске асыру және көріктендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырумен аудан тұрғындары үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету.

Кіріспе – Аудан тұрғындарының өмір сапасын және ауданның экономикалық бәсекелестікке қабілетін жоғарылатуда әкімдіктің жұмысын қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді тиімді шешу.
Бөлім 2. Сәйкесінше салалардың жұмысының ағымдағы даму үрдісін және ахуалын талдау.

Алмалы ауданы – оңтүстік астананың орталық, зиялы аудандарының бірі болып табылатын ірі әкімшілік, өндірістік және мәдени орталық. Ауданның негізі 1936 жылы қаланған, ауданның ескі атауы Совет ауданы, 1995 жылы Алмалы ауданы болып өзгертілген. Аудан аумағында бірегей сәулеттік кешендер және ғимараттар салынған. Алматы қаласында тіркелген 133 сәулет және қалақұрылысы ескерткіштерінің 54-і ауданда орналасқан. Олардың бәрі мәдени құндылықты құрайды және сақталып қалуды қажет етеді. Алмалы ауданында орналасқан «Астана» алаңы қалада ірі мәдени бұқаралық іс-шаралардың орны болып табылады. Бұл алаңда барлық мемлекеттік және қалалық мейрамдар өтеді.

Қарт адамдар, зейнеткерлер, ардагерлер, мүгедектерді әлеуметтік қорғау жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік қолдаудың басым бағытының бірі болып табылады. Алмалы ауданында 36 201 зейнетақы және жәрдемақы алатындар тұрады. Олардың ішінде 422 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері, 4759 жалпы ауыруы бойынша мүгедектер, 711 адам Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілгендер.

Нақты уақытта ауданда 438 қолданыстағы өндірістік сала мекемелері, оның ішінде 29 ірі және орта.



2.1. Стратегиялық бағыт. Ауданда жұмыс істеуге және өмір сүруге қолайлы жағдай жасау.

2.1.1. Сыртқы жарықтандыру желілерін сапалы ұстау:

Шамдарды ауыстыру жарықтың экономиялық көзінен шамдарды ауыстыру, жарықтандыру құрал-жабдықтарының элементтерінің істен шығуына байланысты және мерзімі 10 және одан көп жыл болған шамдарды ауыстыру жүргізіледі. Ауданда нақты уақытта 9472 жарық тұрақтарына қызмет көрсетіледі.

2009 жылы ауданда жалпы сомасы 1 045 889 тенгеге 872 дана жаңа шамдар орнатылды. Барлығы 3 жыл ішінде жалпы сомасы 3 005 317 тенгеге 3494 дана шам орнатылды.
2.1.2 Ауданның санитарлық жағдайын жақсарту:

Ауданның санитарлық жағдайын қамтамасыз ету Алматы қаласының көріктендіру Ережесінде қарастырылған көшелерді қысқы және жазғы тазалау регламентіне сәйкес іске асырылуда.

Ауданның қарауында ұзындығы 188,7 км 103 көше, 132,6 км 46 тротуар, 56,9 км арық жүйелері орналасқан. Жетісу және Алатау аудандарының аумақтарының бөлінуі бойынша аудан шекараларының кеңейуіне байланысты ұзындығы 194 км тротуар, 62,23 км арық жүйелерін механизациялық және қолмен тазалау көбейді.

2.1.3 Саябақтар мен скверлерді дамыту және көгалдандыру:

Аудан аумағында 81,3 га бөлу жолақтары, скверлер, саябақтар орналасқан. 2009 жылы жасыл желектерді күтіп ұстау бойынша сомасы 193 402 000 тенгеге жұмыстар жүргізілді, оның ішінде:

- сомасы 7 900 000 тенгеге 380 дана мөлшерінде апаттық ағаштарды құлатуға;

- сомасы 7 911 000 тенгеге 1206 дана мөлшерінде ағаштарды санитарлық қырқуға;

- сомасы 5 382 662 тенгеге 1146 дана мөлшерінде ағаштарды қалыппен қырқуға;
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының деректеріне сәйкес Алмалы ауданында 147 913 бірлік ағаш және бұтақты өсімдіктер бар, олардың ішінде:

- жастары – 70 701 дана;

- ортажасты – 50 319 дана;

- бейімделген – 11 236 дана;

- піскен – 7 032 дана;

- ұзақ тұрғандар 8 036 дана.

КСО-лардың санитарлық жағдайы бойынша – 4 және 5 (кепкен, қураған және апаттық), қанағаттандырарлықсыз ағаштардың мөлшері 4 696 дананы құрайды, тағы:

- санитарлық кесуге – 7 837 дана;

- қалыптық кесуге - 981 дана;

- жарақаттарын емдеуге - 269 дана;

- ағартуға – 619 дана;

- жасартуға – 75 данасы жатады.

Мәліметтерді талдап, мұндай қарқынмен 8 036 ұзақ тұрған ағаштарды құлатуға Бізге 16 жыл қажет. Ол уақытта ұзақ тұрған ағаштар саны 25 мың данаға жететін болады. Ағымдағы жылда ауданға 42 638 763 тенге бөлінді және қосымша 60 600 мың тенге бөлінді, содан соң бағытталды:

- сомасы 35 613 058 тенгеге 1372 дана мөлшерінде апаттық ағаштарды құлатуға;

- сомасы 47 516 95 тенгеге 7243 дана мөлшерінде ағаштарды санитарлық қырқуға;

- сомасы 4 375 800 тенгеге 1146 дана мөлшерінде ағаштарды қалыппен қырқуға;

- сомасы 15 778 000 тенгеге 1372 дана мөлшерінде өтемдік (компенсациялық) отырғызуға.
Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылдың 23 желтоқсанындағы №5/818 «Коммуналдық меншіктің кейбір сұрақтары туралы» қаулысына сәйкес, «Есентай» өзенін пайдалануға және қызмет көрсетуге оралымды басқару құқығында Алмалы ауданы әкімінің аппаратына берілген болатын. Бірақ ұстауға қаражат қарастырылмаған. Және осы күндері өзеннің бөлек учаскелерін тазалау мәселесін «Жантас» ЖШС, «МедеуКоммуналЦентр» ЖШС, «KZ Building Co. Ltd» ЖШС күштерімен шешуге тура келеді. Бізбен өзеннің санитарлық тазалығы бойынша қызмет көрсету үшін 2010 жылға кеткен шығын 16 213 мың теңге сомасында есптелді, ағымдағы жылы өзенді Шевченко көшесінен Райымбек даңғылына дейін қалпына келтіру жұмыстары ұсынылды. Келесі жылға қосымша сомасы 55 075 мың теңге қаражат қажет болады. Егер бүгін қарау жұмыстарына қаражат бөлінбесе, ертең жөндеу жұмыстарына қаражат бөлуге тура келеді.

Арық жүйелері қанағаттандырарлық жағдайда, жөндеу жұмыстары қажет. Алмалы ауданы қаланың орталық бөлігінде орналасуына байланысты қар және жаңбыр суларынан кеінгі су тасуларын болдырмас үшін тағы жаңа жүйелер құрылысы қажет.



Негізгі мәселелерді талдау

Аудан тұрғындарының үндеулерін талдау жүргізіліп жатқан жұмыстардың жеткіліксіздігін айтады. Мысалы, арық жүйелерін күтуге бөлінетін ақша барлығы 62,23 км тазалауға ғана жетеді, ал жалпы ұзындығы 317 км құрайды. Берілген мәселені шешу үшін арық жүйелерін қарауға қаржыландыруды 60% арттыру және арық жүйелерін қалпына келтіруге және жөндеуге қаражат қарастыру қажет.

Өткелдерді және арық жүйелерінің белгілі учаскелерінде күрделі жөндеу жүргізу үшін, содан соң толық күту үшін қаражат бөлу қажет.Алмалы ауданының қаланың орталық бөлігінде орналасуына байланысты қар және жаңбыр (арық жүйелері қанағаттандырарлықсыз жағдайда, жөндеу жұмыстарын қажет етеді) суынан кейін су тасуларды жою үшін арық жүйелерін үлекейтуді, жаңа жүйелердің құрылысын қажет етеді.

ТРжТПР басқармасының мәліметтерін талдап, 8 036 ұзақ тұрған ағаштарды құлату үшін 16 жыл қажет қажет. Бұл уақытқа ұзақ тұрған ағаштар саны 25 мың данаға жетеді. Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін қаражаттың жүйелі бөлінуі қажет.

Алмалы ауданында 147 913 ағаш өсіп, жыл сайын күтуді қажет етеді. Ағаштардың жас есестігін ескерсек, барлық көшелерде «арка» әсері болғандықтан жол белгілерінің көрінуін шектейді, сонымен қатар негізі күзгі қысқы маусымда олардың құлауы тәуекелді көбейте түседі. Аударуға байланысты, ағаштарды жылсайынға күту үшін қаражат бөлу қажет.

Алмалы ауданында күрделі жөндеуді қатты қажет ететін 150 аула «Алматы аулалары» бағдарламасына кірмей қалды. Олардан бөлек 2005-2006 жылдары жөнделген аулалар ағымдық жөндеуді қажет етеді. Осыған байланысты аудан аулаларын көріктендіру үшін қаражат қажет.


Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

2009 жылдан «Астана» алаңында барлық қалалық іс-шаралар өткізілуде, өткен жылдан биодәретханаларды күтуге және орнатуға сұраныс туды. 2009 жылы іс-шаралар өткізу күндері 315 биодәретхана орнатылды, 2008 жылмен салыстырғанда 190 данаға немесе 200% өскен. 2010 жылы 316 биодәретхана орнатуға ақша төленді, ал нақты 634 дана орнатылды. Оған қосымша 8 820 мың теңге қажет.

Және де аудандық және жергілікті маңызы бар көшелерді тазалау еселігінғ көше сыпырушылардың санын көбейту қажет. Бұл үшін ауданға 784 584 000 тенге қажет. Жоғарыда көрсетілген сомада жолдарды үстау бойынша жұмыстарды орындауға бөліу не позволит:


    1. Өндірістік қуатты пайдалануды жақсарту;

    2. Жергілікті маңызы бар көшелерді жолаушылар көліктерінің қимылымен барлық көшелреді тазалау жұмыстарымен қамту;

    3. Мұздан жолдарды уақытында тазартудың есебінен жол жабындысын қызмет уақытын ұзарту;

    4. Жол тазалау бойынша жұмыстардың сапасын жақсарту;

    5. Әуе бассейнінің экологиялық жағдайын және әсіресе қыс маусымында жолдардағы жол жүру қауіпсіздігін жақсарту.



2.2. Стратегиялық бағыт. Әрекет ету саласы немесе реттеу саласының даму параметрі.
2.2.1 Жыныстық белгілері бойынша аудан қоғамында зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Алматы қаласы, Алмалы ауданы ІІБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторының есебіне сәйкес, Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша 2010 жылдың ағымдағы маусымында 842 (2009 жылдың сәйкес уақытында 772) әйелдерге құқыққа қарсы әрекеттер тіркелді. Олардан 424 (2009 жылы 363) қылмыстық іс, 284 (2009 жылы 233) қылмыстық іс көтеруден бас тартылды, тұрғылықты жері бойынша 353 (2009 жылы 371) құқыққа қарсы әрекеттер жасалған, көпшілік орындарында – 391 /көшелерді санағанда/, жұмыс орны бойынша 98 (2009 жылы 82).



2.2.2 Білім беру саласына гендерлік білімді енгізу

Алмалы ауданында оқушылар саны 24487 адам 29 мектеп, балалар саны 5089 адам 22 мемлекеттік мектепке дейінгі балалар мекемесі және балалар саны 1457 адам 11 жекеменшік мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмыс істейді.



Негізгі мәселелерді талдау

Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау ІІБ мәліметін талдау 2009 жылмен салыстырғанда әйелдерге қатысты құқыққа қарсы әрекеттердің санының көбейгенін көрсетеді. Мұндай қылмыс жасау әлеуметтік мінезді себептерге байланысты (жұмыссыздық, қаржылық материалдық жеткіліксіздік, білім деңгейінің жоқтығы, әлеуметтік экономикалық жағдайының төмендігі) және қоғамдық қатынастардың ділдігі, жасырындылығы және т.б.

Аудандық білім беру жүйесінде жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде мұғалімдердің көпшілігі әйел жынысты (80%), ал мектепке дейінгі балалар мекемесінде тәрбиелеу және оқытуды 100% әйел-тәрбйешілер. Алмалы ауданының 29 мектеп директорларының 24-і әйел, ал 21 бала бақшалардың меңгерушілер бәрлығы әйелдер.

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында әйелдердің қатысуымен гендерлік зорлық зомбылық тақырыбында тренингтер, семинарлар, лекциялар, конференциялар өткізілуде, дағдарыс орталықтары ашылуда. Ішкі істер органдарының әйелдерге қатысты зорлық зомбылықтың мәселелер бөлімшелерінің зорлық зомбылықтың әйел құрбандарды, МЕҰ, айтылған мәселемен айналысатын дағдарыс орталықтары қаржылық жағынан шектеулі.

Нақты бағыт бойынша жұмыс тәжірбиесінен аудан деңгейінде зорлық зомбылықты көрініс табуымен күресті биліктің барлық құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік бағдарла құру, халықаралық және республикалық деңгейде шешілу қажеттілігі туады. Жыныстық белгісі бойынша зорлық зомбылықтың көрсеткішінің төмендеуі сәйкесінше мекемелерде кәдімгідей әсер ететін еді, әлеуметтік тапсырыстар, тақырыптық ақпараттық роликтарды, әлеуметтік жарнама түрінде аталған мәселе туралы халықты ақпараттық деңгейін көтеру. Бұл мәселелерді тиімді шешу үшін қоғамдағы зорлық зомбылықтарды болдырмау және алдын алуға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру қажет, сонымен қатар еркектер мен әйелдерге арналған семинар-тренингтер ұйымдастыру және өткізу. Қаржы көлемін анықтау үшін гендерлік саясатты іске асыру мемлекеттік мониторинг жүйесін жасау қажет.

Қазақ Мемлекеттік қыздар педогогикалық институтының жанында әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу институты құрылғын. Педогогикалық мамандықтар бойынша оқып жатқандарға, ЖОО студенттеріне, сонымен қатар барлық білім беру жүйесі үшін гендерлік көрсеткіштер қазақ және орыс тілдерінде «Гендерлік білімнің негіздері» білім құралы құрастырылған. ЮНЕСКО-ның қолдауымен «Орозование для всех» ұлттық бағдарламасының шегінде гендерлік білім беру бойынша жоба іске асуда. ҚазМҚПИ-да гендерлік курстары жұмыс істейді. ІІМ жүйесінде колледждердің оқу бағдарламаларында «Ішкі істер органдарының гендерлік мәселелері және міндеттері» тақырыбында 10 сағатты факультативті сабақтар енгізілген. Гендерлік сұрақтар «Қылмыстық құқық» және «Жедел іздестіру қызыметі» курстарнан өту кезінде жарық көреді. Сонымен қатар өткізіетін іс-шаралар (Разрозненный) сипатта болады. Халықты құқықтық ағарту және гендерлік білім беру бойынша жоспарланған саясатты қажет етеді. Бұл мәселелердің және гендерлік саясаттың өзге сұрақтарын шешу үшін гендерлік сұрақтармен айналысатын бөлек институт құру қажет.



2.3 Стратегиялық бағыт. Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту.

2.3.1 Қажеттілігі бар азаматтарға үйге әлеуметтік көмек көрсету : Жалғыз және жалғызтұратын азаматтараға үйге әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігін көтеру.

Ауданда 6 үйге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді. Барлығы 603 адамға қызмет көрсететін бөлімше меңгерушілерімен әлеуметтік қызметкерлер саны 73 адам. Олардың ішінде: ҰОСМ-16, ҰОСА-40, тыл еңбеккері-217, П/П-2, ҰОСМ жесірлері-17, ЖПР -4, СПВ-6, Ленинград блокадниктері-2, денсаулығы бойынша мүгедектер - 119, жасы бойынша-180.

Әрбір әлеуметтік қызметкер 8-9 жалғыз және жалғызтұратын қалада жақын туысқандары жоқ зейнеткерлер және мүгедектерге қызмет көрсетеді.

Әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы 2005 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. №306-п бұйрығымен бекітілген үлгі ереже негізінде жүзеге асырылады.

Қартар мен мүгедектерге қарау бойынша әлеуметтік қызметкерлердің ұсынатын әлеуметтік қызметтері қызмет көрсету аймағы және территория өлшемін есепке алып, әлеуметтк қызмет көрсетьудің мемлекеттік стандарттарында қарастырылғаннан кем емес түрде және көлемде көрсетіледі.

Тоқсан сайын ҰОСМ мен ҰОСА қоғамдық көлікке тегін жүру билеттерін жеткізу жүргізіледі.

Ауданда үнемі жаңартылатын ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері туралы ақпараттық деректер базасы құрылған. ҰОС Жеңіске 65 жылдығы кезеңінде соғыс, еңбек ардагерлерінің, мүгедектердің, жалпы ауруы бойынша 1,2,3 топ мүгедектердің тұрғындық жағдайын жақсарту, әлеуметтік, медициналық, көмек көрсету, әлеуметтік тұрғындық қызметке объективті қажеттіліктерін анықтау үшін мониторинг өткізілді.

Әлеуметтік қызметкерлермен табыскерлерді үйіне бару қызмет көрсету қажеттілігін есепке алғанда аптасына 2-3 рет жүргізіледі.



Негізгі мәселелерді талдау

Нақты уақытта әрбір әлеуметтік қызметкер 8-9 жалғыз және жалғызтұратын зейнеткерлер мен мүгедектерді 15-18 мың теңге еңбекақымен аптасына 2-3 рет қызмет көрсетеді. Әлеуметтік қызметкерлерге жолақы төленеді, бірақ еңбекақы және жолға төлемді көтеруді қажет етеді. Бүгінгі күнде халыққа қызмет көрсету бөлімшелерінде заңгер, психолог сияқты мамандар жетіспеу мәселесі.



Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Ардагерлерді, зейнеткерлерді, қарттарды әлеуметтік қорғау бойынша коммуналдық қызметтерге тарифтердің жоғарылауы, азық түліктерге, дәрі-дәрмекке бағалардың көтерілуі, жаңа заманғы медициналық құрал жабдықтардың жетіспеуі және т.б. сыртқы факторлар.

Ардагерлерді, қарт адамдарды және зейнеткерлерді әлеуметік қорғау бойынша ішкі факторы зейнеткерлердің санының көбейуі, қызмет көрсету орталығында психолог, заңгер және т.б. мамандардың жетіспеуі (қаланы аудандыру және қаладан көшуге байланысты).

2.4 Аудандық деңгейде мәдени ойын-сауық жұмыстарын қолдаудың стратегиялық бағыты. Мерекелік ойын-сауық және жаппай спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, безендіру және өткізу.

2.4.1. Қызмет көрсету саласы немесе реттеу саласының дамуының негізгі өлшемі.

Қалалық іс-шараларды ұйымдастыруда және өткізуде қатысу, және ауданның спорттық мәдени-бұқаралық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу маңызды дереректерді атап кетуге болады.

Негізгі жаспарланған іс-шаралармен бірге, басқа да бірқатар тұрғындар мен өсіп келе жатқан ұрпақтардың мәдениеттілігінң дамуына бағытталаған іс-шаралар өткізіледі. «Алматы қаласының мәдени мұрасы» бағдарламасының шегінде тарихи мұра ескерткіштерін қорғау қарастырылған, осыны орындау барысында өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық, интелектуалдық, эстетикалық тәрбиелеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр: қалада автобустық, туристтік экскурсиялар ұйымдастыру, Абайдың, Байтұрсыновтың, Мақатаевтың және т.б. ескерткішінің алдында әдеби оқулар өткізу, фильм көрсетуді қолданумен тарихи тақырыпта ашық сабақтар өткізу (сәулет және мәдениет ескерткіштерімен танысу, тарихи охиғаларды еске алу). Ауданда жыл сайын Қазақстанның айтулы қайраткерлерінің мерейтойларна арналаған еске алу тақталарының салтанатты ашылуы өткізіледі.

2001-2010 жылдарға тілдердің қызметі және дамуы қалалық бағдарлдамасының шегінде ҚР Тәуелсізідік күніне және Наурызға арналған оқушылар арасында айтыс сияқты дәстүрлі конкурстар, асық ату, қазақша күрес, арқан тарту, қол күрестіру, тұмақ ұру, жал тартыс және т.б. сияқты ұлттық спорттық ойындарынан өткізіледі. Бір ұлттық тіл саясатын дамыту мақсатында «Тілдер мерекесі», дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, «Қазақ тілінің үздік мұғалімі», «Туған ел-тұғырың, туған тіл-қыдырың», «Мемлекеттік тіл-менің тілім», «Тілдарын-2010» конкурстары өткізілді. Конкурстардың жеңімпаздары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

Гендерлік теңдік стратегиясының және Елбасаның жолдауы бағдарламаларының шегінде халықаралық семинарлар, алыс және жақын елдердің өкілдерінің қатысуымен конференциялар, 2009 жылдың ақпанында өткен «Тұрғындық зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты заңдарды ескерту және жетілдіру» ғылыми тәжірибелік конференциясы сияқты, 2010 жылдың наурызында өткен «ҰБТ нәтижелілік қатысуының басты фактор болуы оқушылардың құзыретінің, ептілігінің және білімінің тиімділік жолдарын қалыптастыру» семинарлары өткізілді.

Сонымен қатар Алмалы ауданында жаңа форматтағы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Мысалы: «Шпилькамен жүгіру», 2010 жылдың 24 шілдесінен 18 қыркүйегіне дейін Алмалы ауданы аймағында көше кинотеатрының ашылуы, Алмалы ауданының оқушыларының, студенттері мен тұрғындарының қатысуымен телеконкурстар, АҚТҚ-дан қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған акциялар, «Жастар темекі шегуге қарсы» акциясы, Фонтандар мерекесі, «Fashion House International» жыл сайынғы халықаралық таланттар мен модельдер форумы.



Негізгі мәселелерді талдау

Жергілікті деңгейде мәдени демалыс жұмыстарын қолдауға іс-шараларды өткізуге кететін қаражат бюджеттік тапсырыста қосылмағандығын айтуға болады. Ереже бойынша мұндай барлық іс-шаралар музыкалық және жарықтық аппаратура қолдануды, қатысушыларды арнайы киіндіру немесе костюмдеуді, жеңімпаздарды грамоталармен және сыйлықтармен марапаттау, қажет ететін концерттік бағдарламалармен өтеді. Ал іс-шараларға таяу немесе алыс шетел өкілдерінің қатысуымен болса, оларға қонақүйге және көлікке шығындар кетеді. Бұл баптарда көрсетілген қаржылық шығындар бюджетпен қаралмаған.


Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

2009 жылы 65 мәдени-бұқаралық іс-шара, 2010 жылы 95 іс шара өткізілді. 2011 жылы Алмалы ауданының 75 жылдығын тойлауға алдын ала есептеулер бойынша 10 млн тенгені қажет ететін ауқымды іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Алда өтетін Азиада 2011 жылда Алмалы ауданында жобамен тағы қаржылық шығындарды қажет етеді.

Жоғарыда көрсетілгендерді есепке ала отырып, 2001-2015 жылдарға арналған қаржы құралдарын үш есеге көтеруді ұсынамыз.


    1. Стратегиялық бағыт. Алмалы ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерінің біліктілігін көтеру. 2.5.1. Қызмет көрсету саласы немесе реттеу саласының дамуының негізгі өлшемі.

2009 жылы мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданып, әкімшілік жетекшілік лауазымға бекітілген 9 қызметкер қайтадаярлау курстарынан өтті. 2010 жылы 13 қызметкер біліктілігін жоғарылату курстарына бару жоғарылады.

Негізгі мәселелерді талдау

Біліктілікті жоғарылату курстарында тақырыптар, лекциялар және тестілеулер мемлекеттік тілде емес, тек орыс тілінде жүргізіледі.



Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

2010 жылда біліктілігін жоғарылату курстарына бару жоғарылағандығы көрінеді. 2011 жылда өзге мемлекеттердің, қалалардың немесе облыстардың әкімдіктерінің, басқарамларының қызметкерлерімен тәжірибе алмастыру жұмыстарын енгізуге талпыныс бар.



2.6. Стратегиялық бағыт. Аудан экономикасының бәсекелестік қабілетін көтеру

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау
Нақты уақытта ауданда 438 жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп саласының мекемелері, соның ішінде 29 ірі және орта тіркелген. Олардың ішінде 20 өнеркәсіптік мекемесінде халықаралық ISO сапа стандарты бар. Ол барлық мекемелердің 68,9% құрайды. Нақты уақыттағы бағалармен өндіріс көлемі 57 млрд. 482 млн. теңгені құрады. 9 ай ішінде өнеркәсіптік өндірістің физикалық көлемінің индексі 119,6% құрады. Ірі және орта инвесторларды барлық қаржыландыру көзінің есебінен басты капиталға инвестиция 31 млрд. 251 млн. теңгені құрады. Өткен жылдыңосы уақытымен салыстырғанда бұл сан 110,9% құрады.
Негізгі мәселелерді талдау

Нақты уақыттағы бағалармен өндіріс көлемі 57 млрд. 482 млн. теңгені құрады. . 9 ай ішінде өнеркәсіптік өндірістің физикалық көлемінің индексі 119,6%. Ірі және орта инвесторларды барлық қаржыландыру көзінің есебінен басты капиталға инвестиция 31 млрд. 251 млн. теңгені құрады. . Өткен жылдыңосы уақытымен салыстырғанда бұл сан 110,9% құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет