Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің қызметі жайлы ақпарат



Дата03.07.2016
өлшемі71.79 Kb.
Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің қызметі жайлы ақпарат

(ақпан-наурыз)
Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің

жоспарына сәйкес Департаменттің басты міндеттеріне балалардың құқықтық жағдайына және журналистердің сұрақтары мен азаматтардың шағымдарына талдау жасау, баспасөз мониторингін жүргізу, бақылаудағы мекемелерге бару, Алматы қаласындағы балалардың құқықтық жағдайын зерттеу нәтижелері мен департамент қызметін зерделеу, сондай-ақ ұйымдастырылатын отырыстар, семинарлар, коференциялар, дөңгелек үстелдер мен жиындар, өзге де қамтылатын мәселелер бойынша іс-шараларға материалдар дайындау жұмыстары кіреді. Белгіленген жоспар бойынша Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің сайты әзірлену үстінде.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша хабарласушыларға жедел және дер кезінде көмек көрсету мақсатында және балалардың құқықтарының сақталмауы жөніндегі шағымдарды қабылдауға арналған «ыстық желі» (264-38-67) телефоны қызмет көрсетеді. Келіп түскен сұрақтар тіркеу кітабына енгізіледі, мүмкіндігінше мәселенің ізін суытпастан қолға алуға тырысамыз. 2008 жылдың қаңтарынан бері 33 қоңырау шалынды, оның 17-не ауызша түсіндірме берілді. 13 қоңырау жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттардан келіп түсті. Алынған ақпараттарды анықтау үшін білім беру мекемелеріне шығатын мамандар белгіленген.

Алматы облысынан шалынған 3 қоңырауға қатысты Алматы облыстық Балалардың құқықтарын қорғау Депаратментіне орын алған мәселелерді шешу жөнінде хаттар жолданды.

Мемлекет басшысының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттауда жоспарлы түрде жұмыстар жүргізіліп отыр.

2008 жылдың 27 қаңтарынан 1 ақпанына дейінгі аралықта «Дағдарыс орталықтарының одағы» Заңды тұлғалар бірлестігімен біріге отырып, балалар мен жастарға арналған Алматы қаласы бойынша Ұлттық сенім телефон желісінің жобасын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Департамент мүдделі тұлғалардың қатысуымен мәжіліс өткізді, жұмыс тәртібінде аталған жобаның техникалық-қаржылық мүмкіндіктері мен телефон желілерінің әлемдік тәжірибедегі модельдері талқыланып, оны жүзеге асыру іс-жоспары әзірленді. Департамент директоры С.Т.Қуатжанова мен «Дағдарыс орталықтарының одағы» Заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы З.Байсақова балаларға арналған ыстық желі телефондарының халықаралық іс-тәжірибесімен танысу мақсатымен Бангкок қаласында өткен Тынық мұхиты аумақтық халықаралық конференция жұмысына қатысып қайтты. Конференция қорытындысын және Алматы қаласы бойынша пилотты жобаны іске асыру жөнінде Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қоры өкілдігінің басшыларымен On-lain режимінде пікір алмасу өткізілді.

Шығармашылық тұрғыда жұмыс істеп жүрген тәжірибелі мұғалімдердің басын қосушы «Игілік» клубы өз жұмысын жалғастыруда. 28 қаңтарда клуб мүшелері мен «Бөбек» ҰҒПББСО

« Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша жүргізілетін іс-шараларды талқылау жөнінде бірлескен отырыс өткізіп, Алматы қаласының тәжірибе алаңдарындағы ашық шаралар кестесі бекітілді.

«Орта Азиядағы балалар мен әйелдердің құқығын қолдау мәселесіне БАҚ-н жұмылдыру» аймақтық жобасы аясында 8-9 ақпанда Бішкек қаласында «Балалар мен әйелдер құқығына қолдау көрсетудегі БАҚ-ның рөлі» атты халықаралық конференция өтті. Аталған конференцияға БАҚ редакторлары, журналистер және жобаға қатысушы үш ел – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның мемлекеттік құрылым басшылары, сондай-ақ Ұлыбритания, Грузия және т.б. елдерден келген делегаттар қатысты. Қазақстан делегациясы атынан Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшылары қатысты.

«Өзін-өзі тану» Бағдарламасын енгізуді жалғастыру жөнінде жұмыстар атқарылуда:



  • «Үш тіл бірлігі» мәдени жобасын іске асыру аясында 2008 жылдың 15 ақпанында №175 «Жаңа ғасыр» мектеп-гимназиясында мемлекеттік тілдегі өзін-өзі тану алаңының ашылуына арналған

« Бақыт қанатында – На крыльях счастья» іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шараның өткізілу мақсаты Алматы қаласындағы барлық тәжірибе алаңдарының тәжірибелік және әдістемелік материалдарын жаңа жалпы білім беретін мекемеге тапсыру болды. Шараларды өткізу барысында «Өзін-өзі тану» жобасының авторы С.Назарбаеваның атына тақпақтар, жылы тілектер айтылып, «Бөбекке құштар жаным» атты әннің авторы Тимур Дорогойдың және №113 гимназия оқушыларының орындауындағы «Күн балалары» және т.б. жаңа әндердің тұсаукесер рәсімі болып өтті. Мерекелік шараға өзге де белгілі балалар шығармашылық ұжымдары – «Таң сәрі», Экзерсис» және т.б. қатысты;

  • Мектепке дейінгі білім беру саласында балалардың ерте жастан шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін дамыту мақсатында 2008 жылдың 19 ақпанында «Гал ЛТД Асет-Е» балалар оқу-тәрбие орталығында ата-аналардың белсенді түрде қатысуымен «Қысқы оюлар» поэзия кеші ұйымдастырылды.

2008 жылдың 19 ақпаны мен 4 наурызы аралығында ««Родник» әйелдер мен балаларды әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу Орталығы» Қоғамдық қорымен бірлескен мектеп инспекторларына арналған «Алматы қаласы мектеп инспекторларының балалардың құқықтарын қорғау саласы бойынша білімділік деңгейін көтеру» атты семинар тренингі өтті. 4 наурызда Алматы қаласы әкімдігінде өткен жобаны қорытындылау рәсіміне қатысқан кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар мен мектеп инспекторлары осындай семинарлардың қажеттілігі мен оның жүйелі өткізілуі жөнінде пікір алмасты.

Қазіргі кезде, келіп түскен ұсыныстардың «Мектеп полицейінің жадуалы» басылымын әзірлеуге негіз болатын тұстары жинақталуда. Бұл жадуал мектеп инспекторы лауазымына жаңа келгендермен қоса тәжірибелі мектеп инспекторларының да басшылыққа алар құралы болмақ.

28 ақпанда Ішкі саясат Департаменті мен «Ақпараттық-ресурстар орталығы» Қоғамдық қорымен бірлесіп, ҮЕҰ, бизнес ұйымдары мен мемлекеттік құрылымдар арасында «2007 жылғы ең үздік әлеуметтік әріптес» номинациясы бойынша өткізілген «Өрлеу» байқауын қорытындылауға қатыстық.

Департамент директорының орынбасары В.Е.Ермолович 2008 жылдың 28-29 ақпанында ювеналдық сот қызметкерлеріне арналған «Қазақстан республикасындағы ювеналды сот: оның қалыптасуы және шет елдер тәжірибесі» атты семинар жұмысына қатысты.

4 наурыздан бастап, «Детство без границ» ҚБ-мен бірлескен «Алматы қаласының жастары, балалар мен жасөспірімдер арасында құқықтық көмек көрсету қызметін ұйымдастыру» жобасы іске асырыла бастады. Аталған жоба жұмысына Алматы заң Академиясының, Қазақ Гуманитарлық заң универститетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Орта Азия университетінің, «Әділет» жоғары құқық мектебінің, «Қайнар» университетінің, Алматы заң колледжінің, Құқықтық және экономикалық-қаржы колледжінің құқыққорғау факультеттерінің студенттері тартылды.

Жоба Алматы қаласының жалпы білім беру мекемелері оқушыларының құқықтық сауатын арттыруға бағытталған.

13 наурызда «Забота» Дағдарыс орталығы мен Түрксіб ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік бөлімімен бірлескен «Орта Азияның 15-тен 24 жасқа дейінгі қауқарсыз жастары арасындағы ВИЧ/СПИД аурулары мен есірткі пайдаланудың алдын алу бағдарламасының тұсау кесері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, оның жұмысына Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаменті, мелекеттік органдар мен «Популейшин Сервесес Интернешнл» халықаралық ұйымының өкілдері қатысты.

2008 жылдың 25 наурызында Қалалық білім беру жүйесі кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының базасында Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаменті «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығымен бірлесе отырып, Алматы қаласының 178 жалпы білім беретін мектептері, лицейлері мен гимназияларының директорларына арнап «Адамның рухани-адамгершілік дамуы бағдарламасы аясында оқу-тәрбие жұмыстары үрдісін жобалау» атты семинар-практикумын өткізді.

Семинардың мақсаты Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мекемелерінде өзін-өзі тану бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстыру болды.

Семинарда «Өзіңді таны» бейнефильмін көрсету ұйымдастырылды.

Семинардың басталуына орай кіріспе сөз сөйлеген Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің директоры С.Т.Қуатжанова Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мақсаттары және міндеттерімен таныстырып, қоғамдағы адамгершілік басымдықтар мен рухани бағдарларларды қалыптастыру жөнінде айтып өтті. С.Қуатжанова баяндамасын өзін-өзі тану бағдарламасының тәжірибе алаңдарына шолу жасау слайд-шоуын көрсетумен жалғастырды.

Семинардың пленарлық мәжілісі кезінде «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институтының ғалымдары аталған тақырып бойынша теориялық дәріс курстарын оқыды:

- «Бөбек» ҰҒПББСО-ның бас директоры, педагогика ғылымдарының докторы Б.А.Әлмұхамбетов «Адамгершілік-рухани білім беру - қоғамды ізгілендіру факторы» тақырыбы бойынша баяндама жасады. «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Ж.Жадрина адамгершілік-рухани білім беру - мектептің тәрбие жүйесінің негізі екендігі жөнінде тыңдаушыларға айтып өтті. Сондай-ақ институт мамандары білім беру ұйымдарының басшыларын адамның рухани-адамгершілік дамуы бағдарламасының оқу үрдістерін құрудағы негізгі методологиялық қағидасымен және «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ҚР мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті орта білім беру стандарттарының негізгі ережелерімен таныстырды.

Жинақталған тәжірибе негізінде «Оқытудың тәсілі, әдістері және түрлері» тақырыбындағы практикалық секциялық білім беру сабақтарын тәжірибе алаңдарының мұғалімдері жүргізді.

Семинар –практикумының жұмысы білім беру мекемелерінің «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша алдағы жұмыстарына ұсыныстар берумен аяқталды.

Жалпыға бірдей міндетті оқу қорының қаражатын жұмсау, ыстық тамақ ұйымдастыру және мектеп жасындағы балалардың білім берумен толық қамтылуы мәселелерін зерделеу мақсатында Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің директоры С.Т.Қуатжанова Алматы қаласының 178 жалпы білім беретін мектептері, лицейлері мен гимназияларының жұмысымен танысу үшін жоспар бекітті. 2008 жылдың 30 мамырына қарай мектептердің жұмыстарымен танысу толық аяқталады. Департамент қызметкерлері қазіргі кезде жоғарыда аталған мәселелер бойынша талдау жасауға кірісті, Алматы қаласындағы 18 мектептің жұмыстарымен танысу нәтижесі бар.



Сондай-ақ, Департамент қызметкерлерінің қатысуымен Алматы қалалық сотының Қадағалау алқасының сот процесінде кәмелетке толмаған Денис Васильевич Резенкиннің қорғаншысы Лидия Васильевна Костюченконың жеке шағымы қаралды.
Каталог: fileadmin -> user upload -> files -> Almaty obl
Almaty obl -> Алма Есенбаева
Almaty obl -> ҚОҒАМҒА Қажеттісі – елжанды ұрпақ
Almaty obl -> Газета «Жетісу» №68 16 маусым 2009 жыл Акция «Балалар еңбегінің қаналуына жол жоқ»
Almaty obl -> «Жетісу» газеті 17-мамыр 2008 ж. №55 ата-ананың ҚАМҚорлығынсыз қАЛҒан балалар саны артуда
Almaty obl -> Жетісу №6(17132) 17 қаңтар 2009 жыл Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бас маманы Маргулан Қатубеков Өзін-өзі тани білу Орыс жазушысы Л. Толстой айтқандай: «Тән үшін өмір сүрген азап шектіреді
Almaty obl -> «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»
Almaty obl -> Арнайы рейд «Жарты жыл желім иіскедім, одан қатты қасірет шектім»
Almaty obl -> «Огни Алатау» 24 мая 2008 года №58
Almaty obl -> А. Үшкемпірова, Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы. Жанашыр азаматтарға құрмет Үстіміздегі жылдың маусым айында Алматы қаласында білім жүйесіне қолдау көрсетіп жүрген азаматтарды салтанатты
Almaty obl -> «Жетісу» облыстық қоғамдық-саяси газет №44 19 сәуір 2008 жыл “Біз Қазақстан балаларымыз”


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет