Алматы қаласы Әкімдігінің 2012 жылғы 24 қазандағы №4/909 қаулысы



жүктеу 14.13 Kb.
Дата04.03.2016
өлшемі14.13 Kb.
Алматы қаласы Әкімдігінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 4/909 қаулысы


Алматы қаласы Алатау ауданы мекенжайы

бойынша орналасқан «Өжет» шағынауданынан

ірі қара малдың лептоспирозы бойынша шектеу

іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың

ветеринариялық режимін алып тастау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес және Алматы қаласы бойынша Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Ж.А. Қаспановтың 2012 жылғы 15 қазандағы № 11-Пр ұсынысының негізінде, сондай-ақ Алматы қаласы, Алатау ауданы мекенжайы бойынша орналасқан «Өжет» шағынауданының аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының – ірі қара малдың лептоспирозының эпизоотиялық ошағын жою және таралуының алдын алу бойынша ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар жұмыстарының аяқталуына байланысты Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы, Алатау ауданы мекенжайы бойынша орналасқан «Өжет» шағынауданынан шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі алынып тасталсын.

2. Алматы қаласы әкімдігінің «Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы» 2012 жылғы 21 тамыздағы № 3/730 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы осы қаулының Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.



4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.

Алматы қаласының әкімі А. Есімов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет