«Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы»



Дата22.02.2016
өлшемі62.5 Kb.
#723
Алматы қаласы әкімдігінің

2012 жылғы __04 желтоқсан

№__4/1008______қаулысымен бекітілді

«Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы»


коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ





  1. Жалпы ережелер

1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге,
сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері:

050026, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155.

9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.


  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері




    1. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкіндік беретін жерді тиімді пайдалануға қалыпты жағдай жасау және жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.

    2. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) жер ресурстарын басқару және жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу;

2) Алматы қаласының аумағында жер ресурстарын оңтайлы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

3) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Стратегиялық және жедел жоспарларын әзірлеу, Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясын іске асыруды ескере отырып, іс-шараларды іске асыру.

15. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес белгіленген:

1) Алматы қаласы әкімдігінің іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімдерін пайдалануға рұқсат беру;

2) ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерді бір түрінен екінші түріне ауыстыру;

3) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

4) Алматы қаласы жерлерінің балансын жасау;

5) Алматы қаласы әкімдігінің жер телімдерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту туралы ұсыныстары мен қаулыларының жобаларын дайындау;

6) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне төлқұжаттар беру;

8) жер телімін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылау;

9) иесіз жер телімдерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

10) мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі ұсыныстар дайындау;

11) жер телімдерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;

12) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

13) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

14) Алматы қаласының жерін аймақтарға бөлу жобаларын, ұтымды пайдалану жөніндегі жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

15) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

16) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;

17) жер телімдері меншік иелері және жер пайдаланушылардың, сондай-ақ, жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

18) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, оның ішінде мақсатына сай емес пайдаланылып жатқан жерлерді, осы бұзушылықтар бойынша Алматы қаласының жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органына ақпарат бере отырып, анықтау;

19) Алматы қалалық аумақтық жер ресурстарын басқару органына жыл сайын Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде берілген жер телімдері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, жер кадастрлық карталарының тізбесін, сонымен қатар, жер телімдері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың тізіміндегі өзгерістер туралы ай сайын мәліметтер беру;

20) ұйымдар мен азаматтардың қызметi әсерiнiң нәтижесiнде жер сапасының нашарлауынан ауыл шарушылығы өндірісіне келген шығыстарды өтеу бойынша сот органдарына талап арыздар дайындау;

21) кейiнгi жер пайдалану (қосалқы жалдау) туралы шарттарды бұзу және жер пайдаланушылардың (жалға берушілердің) құқығын тоқтату туралы сот органдарына талап арыздар дайындау;

22) тиісті өкілді органда бекіту және олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының әкімшілік бағынысындағы елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеу;

23) қауымдық сервитуттарды белгілеу және жою туралы ұсыныстарды енгізу;

24) жыл сайын жер телімдерін пайдалану төлемақысын есептеу;

25) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның аумақтық органымен жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

26) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркейтін органмен өзара іс-қимыл жасау;

27) белгіленген тәртіпте жерге орналастыру және басқа да іздестіру жұмыстарын орындайтын ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

28) Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру;

29) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалау;

30) салық органдарына есептіліктің бекітілген үлгісінде жер телімдері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың тізбесін беру.

16. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері белгіленген:

1) жер қатынастары мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, басқа мекемелерден, лауазымды тұлғағалардан және азаматтардан қажетті ақпараттарды сұрау және алу;

2) Алматы қаласы әкімдігінің қарауына заңнамада көзделген негіздерде жер телімдеріне меншік құқығын және жер пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстарды енгізу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.





  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын орындауға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Алматы қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:


  1. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;

  2. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;

  3. Алматы қаласының әкіміне «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітуге енгізеді;

  4. өзінің орынбасарлары мен «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

5) заңнамаға сәйкес «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

6) заңнамаға сәйкес «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда, басқа мекемелерде «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін жеке жауапкершілікте болады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.


  1. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

«Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған басқа да тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.




  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату


25. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет