5. Пәнді оқыту мақсаты – қазіргі кезде программалаудың жаңа технологияларын игерген
мамандар күннен-күнге көптеп қажет етілуде. Осы пән аймағында студенттер РНР
программалау тілрмен танысып, компьютерде сайттар құру принциптерін игеріп,
соларды өздерінің болашақ мамандықтарында пайдалануды үйренеді. Пәнді оқытуға
қойылатын талап – РНР программаларын құрудың әдістері мен тәсілдерімен танысу.
Пәннің негізгі мақсаттары:сайттарды құру құралдарының құрамы мен құрылымын
игеру және соларды студенттердің болашақ мамандықтарында пайдалана білуге
үйрету;компьютер желілерінің және ақпараттық web-технологиялар құрудың теориялық
негіздерін меңгеру;осы аймақтағы мәселелерді жүзеге асыру үшін керекті практикалық
дағдыларды игеру; желідегі web-парақтар құру жұмысын және олардың құрылымын білу
және соларды іс жүзінде пайдалану;web-парақтар жасау істерінің мақсаты мен міндетін
анықтай білу;РНР тілінде программалауды үйрену.
6. Пәнді оқыту міндеттері.
Осы пәнді оқығаннан кейін студенттер мынадай біліктілік
пен дағдыларды игеруі тиіс:программалар жұмысын және олардың құрылымын білу
және соларды іс жүзінде пайдалана білу;желіде жұмыс жасау істерінің мақсаты мен
міндетін анықтай білу;белгілі желілік технологияларының артықшылықтары мен
кемшіліктерін анықтай алу және оларды дамыту істерін білу;қазіргі ақпараттық
технологияларды білу және мекемені (ұйымды) басқаруда соларды тиімді пайдалану.
7.
Жалпы құзыреттер:
•
Құралдық құзырет: Интернет кеңістігінде еркін бағытын табуы, «РНР тілінде программалау»
ғылым және пән ретінде ұғымдық-категориялық аппаратын тану және пәнін, мақсатын,
міндеттерін білу, қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени шындықты сыни тұрғыдан қабылдау
дағдыларын дамыту, төтенше жағдайлар пайда болғанда шешiм қабылдай білу;
•
Тұлғааралық құзырет: Қабілеттілікті пәнаралық командада жұмыс істеу арқылы дамыту;
мәдени аралық айырмашылықтар мен оның әртүрлілігін қабылдау қабілеті болу; қауiпсiздiк
және қоршаған ортаны қорғау саласында заңды және нормативтiк құқықтық актілерiн кәсiби
қызметте қолдана білу.
•
Жүйелік құзырет: Қазіргі заңдылықтар талабын білу және орындау; заманауи ақпараттық
білім технологияларын пайдалана отырып, жаңа білім алуға қабілетті болу.
•
Пәндік құзырет: Әртүрлі типтегі компьютерлік жүйелерде жұмыс істеу тәжірибесі болу,
алгоритмдік тілдерді қолдана білу, жуықтап есептеу тәсілдерін және қолданбалы есептерді
шығару үшін стандартты программалық жабдықтамаларды, қолданбалы программалар
дестелерін және мәліметтер базасын, машиналық графика құралдарын, сараптамалық
жүйелер мен білім базаларын пайдалану.
5
|