тарихын, тәсілдерін меңгереді
ойлау қабілетін арттырады
ойынды ойнау барысында жаңа әдістерін қарастырады
өз ойындарына талдау жасайды
бір - бірінің жаңа тәсілдерін сынай отырып талдайды.
Берілетін білім мен тәрбие және дағды:
халқымыздың ұлттық ойындарын бойларына сіңірту
ұлттық, патриоттық, эстетикалық тәрбие беру
жаңа әдіс - тәсілдерді жасауды үйрету
ойын ережесін сақтай білуге үйрету
ойын жүрістерін дұрыс орындауға бағыт бағдар беру
Өзектілігі:
Қазіргі замандаңы ұлттық ойындардың зияткерлік өнері маңызын түсіну.
Пән аралық байланыс:
дене шынықтыру, математика, физика, сызу, тарих пәндерімен тығыз байланыста.
Үйірмені ұйымдастыру формасы:
Лекция, жарыстар, сайыстарға қатысу.
Болжамы:
Егер үйірме меңгерілсе, онда оқушы сауатты, көркем - эстетикалық біліктілігі дамыған, ойлау қабілеті дамыған ұлттық ойын түрлерін білетін
сауатты тұлға қалыптасады.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар Оқушылар білуі тиіс: Оқушылар орындай алуы тиіс: Күтілетін нәтиже:
Оқыту барысында оқушылар болашақ маман иесі ретінде икемдік, ойынның түрлі әдіс тәсілдерін жетік меңгеріп орындай алады және өз жұмыстарын
қортындылап, дәлелдеп береді.
алдымен баланың ұлттық спортқа, бес асық ойнына деген қызығушылығы пайда болады
ойынға деген бейімділігі мен икемділігі қалыптасады
ойлау қабілеті артады
өз идеясы, өзіндік пікірі, көзқарасы қалыптасады
жаңа әдіс тәсілдерді меңгеруде ізденіс пайда болады
жаңа қабілеттері ашылады
шеберлік, іскерлік дағдылары шыңдалады
кәсіби шеберлігі өседі
Достарыңызбен бөлісу: |