Алматы облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



бет4/13
Дата24.04.2016
өлшемі3.02 Mb.
#79725
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Халық өмірінің деңгейі

Облыс бойынша атаулы ақшалай табыс 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 1,2 есе артып, республикалық көрсеткіш 62058 теңге болғанда 48667 теңгені құрады.

Табысы күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі 2012 жылғы 3,2%-тен 2014 жылы 2,5%-ке төмендеді. Оның ішінде қала 3,3%-тен 1,8%-ке, ауыл 3,4%-тен 2,3%-ке азайды. Яғни бұл көрсеткіш ауылдық жерлерде қалалық жерге қарағанда жоғары.

Орташа айлық атаулы жалақы күнкөріс минимумынан 4,4 есе асып, 87 мың теңгені құрады.

Тұрмысы нашар азаматтар жалпы 430,1 млн. теңге сомасына Мемлекеттік мекен-жай әлеуеметтік көмегін (ММӘК) алды.

2012 жылмен салыстырғанда МӘК-н алушылардың саны 1324 адамға азайып, 4701 адамды құрады. Талдау көрсеткендей, негізгі көмек алушылардың 65,1%-і балалы отбасылары және 9,5%-і балаларға күтім жасаушылар болып табылады.

Халықтың жалпы санынан алғанда, тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен МӘК-н алушылар үлесі 9,6%-тен 7,0%-ке төмендеді, ал МӘК алушылар құрамындағы жұмысқа қабілетті халықтың үлестік салмағы 30,0%-ті құрады (2012 ж. – 30,4%).

2012 жылы 18 жасқа дейінгі 47,1 мың бала 655,0 млн. теңгеге балалар жәрдемақысын алды, 2014 жылы 740,5 млн. теңгеге 44,0 мың бала алды, яғни 3,1 мың балаға аз. 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алушылардың үлестік салмағы (МБЖ) өткен жылға қарағанда 2012 жылғы 91,2%-ге қарағанда 2014 жылы 99,0%-ті құрады.

Облыста қолдауға мұқтаж 62,3 мың мүгедек бар немесе жалпы халық санынан 3,1%.

Мүгедектер баратын 7177 инфрақұрылым объектілер бар, оның ішінде 2177-і паспорттаудан өткізілді. Паспортталған объектілердің ішінде 1446-ы бірінші кезекте бейімдеуге жатады, оың ішінде 81-і стандарттарға сәйкес, 1365 объектіні бейімдеу қажет.

Облыста 1948 орынды, 10 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс жасайды, оның ішінде қарттар мен мүгедектерге арналған 2 интернат-үйі, ересектерге арналған 4 жүйке-неврологиялық және 2 балалар жүйке-неврологиялық МӘМ-сі, 2 қалпына келтіру орталықтары бар. Сонымен қатар, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 51 бөлімшелер 4205 мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетті, Талдықорған қаласында және Көксу ауданындағы балаларға арналған 2 қалпына келтіру орталықтарында 127 мүгедек-балалар қалпына келтіру курстарынан өтті.

Қалпына келтіру қызметтерін мүгедектердің тұратын жерлеріне жақындату мақсатында аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанында 19 қалпына келтіру кабинеттері ашылды, олар мүмкіндіктері шектеулі 750 баланы қамтиды.

Барлығы 8 түрлі арнайы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлестік салмағы (оны алуға мұқтаж жандардың жалпы санынан) 2012 жылғы 87,2%-ке қарағанда 2014 жылы 97,7%-ке жетті.

Жеке сектор субъектілерімен көрсетілетін (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен) арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі 2,1%-ті құрайды.



Сондай-ақ, облыстың әлеуметтік көмек көрсету жүйесі барлық мұқтаж жандарға толық көлемде және жеке қажеттіліктер бойынша көмек көрсетуге кепілдік бермейтінгін атап өту қажет. Психоневрологиялық интернат-үйіне орналастыру кезегінде 150 адам тұр.
Негізгі мәселелер:

  • табыстың, оның ішінде ауыл халқы табысының төмен деңгейі;

  • арнайы әлеуметтік қызметпен барлық мұқтаж жандардың толық қамтылмауы;

  • психоневрологиялық, медико-әлеуметтік мекемелерде орынның жетіспеушілігі.


Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру

Облыста мектепке дейінгі тәрбие беруге арналған 266 балабақша мен 421 шағын-орталықтар жұмыс жасайды, 48741 бала қамтылған.

«Балапан» бағдарламасының аясында 2012-2014 жылдары 12486 орынға 119 балабақша (2012ж.-32, 2013ж.-32, 2013ж.-55) және жалпы білім беретін мектептерде 29 шағын-орталық (2012ж.-13, 2013ж.-5, 2014ж.-11) ашылды. 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі білім алуға мұқтаж балалардың санын азайту үшін ашылған жаңа орындар үлесі 2012 жылғы 8,0%-тен 2014 жылы 10,2%-ке артты.

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі мекемелерімен қамту деңгейі 2012 жылғы 62,9%-ке қарсы 53,5%-ті құрады. Облыс республика бойынша соңғы орындардың бірінде.

Қамтудың ең жоғары деңгейі Алакөл, Жамбыл, Көксу аудандарында және Қапшағай, Текелі қалаларында байқалады. Мектепке дейінгі білім берумен қамтудың төмен деңгейі Еңбекшіқазақ, Ескелді, Іле, Қарасай, Қаратал, Панфилов, Талғар аудандарында орын алды.

Топтардағы орташа толымдылық 25 баланы құрайды. Облыстың мектепке дейінгі ұйымдарда 5346 педагог жұмыс жасайды, оның ішінде 882-і немесе 16,5%-і жоғары және бірінші санаттағы ұстаздар. Ақсу, Балқаш, Сарқан аудандарындағы балабақшаларда жоғары санаттағы педагог кадрлары жоқ.

Бала бақшалар мен мектептердегі мектепке даярлық 100%-ті құрайды.

Осылайша, жыл сайын балабақшалар мен шағын-орталықтар ашылуда, мектеп алдындағы даярлықпен қамтылған балалардың саны өсуде, дегенмен талдау жүргізу басқа облыстармен салыстырғанда мектепке дейінгі мекемелермен қамту төмен екендігін көрсетті, тапшылық 35 мың орынды құрайды, мектепке дейінгі мекемелер елді мекендердің барлығында бар емес, мектепке дейінгі мекемелерде жоғары және бірінші санаттағы педагогтар пайызы төмен.


Орта білім

Облыста күндізгі жалпы білім беретін 752 мектеп жұмыс жасауда, оның ішінде 745 – мемлекеттік: 735 – жалпы білім беретін, 2 – ведомстволық, 7 – түзету және қосалқы мектептер, «Назарбаев зияткерлік мектебі» және 7 жеке-меншік мектеп. Мектептердегі оқушылар саны 317,5 мың адамды құрайды.

Барлық ұстаздар саны – 34495, оның ішінде жоғары санаттылары -6437, бірінші санатты- 11249.

2012 жылдан 2014 жылға дейін 12435 оқушы орнына арналған 37 жаңа мектеп іске қосылды, 173 білім беру объектілерінде күрделі жөндеу жүргізілді.

Мектептердің жалпы санынан 173-і (24,0%) – бейімделген, 6 мектеп - апаттық жағдайда, оның ішінде 2015 жылы 5 мектеп іске қосылады, 2017 жылы – бір мектеп, мектептердің үштен бірі күрделі жөндеуді қажет етеді, 59 мектепте үш ауысымда оқиды, оқушылар орнының тапшылығы мәселесі шешілмеген. 432 (58,3%) мектеп 1930-1980 жылдары аралығында салынған.

Бейімделген ғимараттарда орналасқан мектептердің айтарлықтай үлесі Кербұлақ, Алакөл, Ақсу, Райымбек аудандарында шоғырланған.

12772 бала қатысатын, мектептен тыс 36 қосымша білім берумекемелері бар, олардың ішінде 8 – оқушылар сарайы, 1 – жас суретшілер станциясы, 2 – жас техниктер станциясы, 1 – жас туристер станциясы, 11 – балалар өнер мектептері, 12 – музыка мектептері, 1 – сурет мектептерді бар. Қосымша біліммен қамту балалардың жалпы санынан 2012 жылғы 3,6%-ке қарсы 4,1%-ті құрайды.

2013-2014 оқу жылы облыстың 61 мектебінде 103 штаттық бірлік енгізілді, олардың 60-ы дефектолог педагогтар және 43 логопедтер, 225 бала қамтылды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті білім берумен қамту 2012 жылғы 2,3%-ке қарағанда 2014 жылы 13,0%-ті құрайды. Мектептердің жалпы санынан инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім ұйымдарының үлесі 2012 жылғы 2,5%-тен 2014 жылы 20,0%-ке өсті.

Табиғи-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын сәтті игерген оқушылар үлесі 2014 жылы 2012 жылғы 48,0%-ке қарағанда 50,0%-ті құрады, қоғамдық-гуманитарлық пәндер - 48,0% (2012 жылы – 48,5%). Халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары болған оқушылар саны 2012 жылғы 124 адамнан 2014 жылы 155 адамға көбейді.

Ыстық тамақтанумен қамту 2012 жылғы 491 мектепке қарағанда 507 мектепте ұйымдастырылған. Сәйкес мектептері жоқ, шалғай мекендердегі мектепке жеткізу қызметіне мұқтаж 7401 оқушының 5209-ы жеткізу көлігімен қамтамасыз етілді, бұл 70,4%-ті құрайды, 69 бала (1,0%) мектеп-интернаттарға орналастырылған, 133 бала (2,0%) туыстарының үйінде тұрып оқиды.

Оқулықтар сатып алуға бөлінген қаражат көлемі жыл сайын артуда, 2012 жылы 700,8 млн. теңгені құраса, 2014 жылы 1072,7 млн. теңгені құрады, бұл облыс мектептеріндегі оқулықпен қамтудың 99,2%-тен 2014 жылы 100,0%-ке жақсаруына ықпал етті.

Облыста мектептердің 78%-і кең жолақты Интернет желісіне қосылған, 582 мектепте немесе 87,3%-де 2201 интербелсенді тақталар, 355 мектеп немесе 48,3%-і лингафон кабинеттерімен, 44,4% мектептер жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықталған. Компьютермелрмен қамтамасыз етілу 1 компьютерге 11 оқушыны құрайды (2012 ж. – 12,0).

2012-2014 жылдары облыста электрондық оқу жүйесі енгізілді, 140 білім ұйымдары қосылған, оның ішінде 134 мектеп және 6 колледж.

Осылайша, облыста мектептер салынып жатқандығына, білім мекемелерінде күрделі жөндеу жүргізілуіне, материалдық-техникалық базаның жақсаруына, компьютерлер мен пән кабинеттерінің сатып алынып жатқандығына, мектептен тыс ұйымдар ашылып жатқандығына қарамастан, апатты жағдайдағы, үш аусымды мектептер бар, оқушылардың тек жартысы ғана табиғи-математикалық пәндерді сәтті игеруде, қоғамдық-гуманитарлық пәндерді игеру бойынша, балаларды қосымша білім берумен қамту төмен болып отыр.




Техникалық және кәсіптік білім беру

Облыста 67 техникалық және кәсіби білім беру мекемелері жұмыс жасайды, оның ішінде 25 (37,3%) оқу орны ауылдық жерлерде, ІІМ-нің жабық мекемелерінде 3 колледж орналасқан.

Техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде 67 мамандық және 115 біліктілік бойынша 33,2 мың оқушы білім алады, оның ішінде 16,8 мыңы немесе 51%-і мемлекеттік тапсырыс бойынша жергілікті бюджет есебінен білім алады.

2014 жылы 11181 адам оқуға қабылданды, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен – 6397 адам. Орташа арнайы біліммен 11394 маман шығарылды. Оқытушылар құрамының саны 2969 адамды құрайды.

Үлгілі жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіби біліммен қамту үлесі жоспарланған 9,3%-тен 8,6%-ті құрады (2012 ж. – 9,2%).

Төмендеудің себебі, 2013-2014 жылдары облыста үш жеке меншік колледждер жабылды, «Перспектива» жеке меншік колледжі (Алматы қаласында болған) Алматы қаласының басқаруына ауысты. Сондай-ақ, жеке меншік колледждерге қабылдау 1110 адамға азайды. Талғар, Іле, Қарасай және Жамбыл аудандары мектептерін бітірушілерінің көпшілігі Алматы қаласының оқу орындарына түсті. Жалпы 2013-2014 оқу жылымен салыстырғандаға оқушылар контингенті - 2448 адамға, оның ішінде үлгілі жастағылары 2047 адамға азайды.

Аталған мәселені шешу үшін жұмыс кәсіптері бойынша мамандар дайындайтын колледждер жоқ Іле, Кербұлақ және Ескелді аудандарында 3 колледж, Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне, Талғар политехникалық, Талдықорған музыкалық және Бастөбе сервистік-техникалық колледждеріне 4 жатақхана салу қажет.

3 колледжде – Қапал және Көлсай кәбіи-техникалық колледждерінде, Бастөбе сервистік-техникалық колледжінде өндірістік сабақтар өткізу және алғашқы тәлімдерді алу үшін шеберханалар салу талап етіледі.

Жаңа техникалық кәсіптерді ашу үшін оқу орындары шеберханаларыынң материалдық-техникалық базасын жаңарту қажет.

Техникалық және кәсіби білім беру мекемелерін бітірушілердің бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасу үлесі 2014 жылы 2012 жылғы 62,1%-ке қарағанда 69,7%-ті құрады.

Колледждердің өндрістік – оқыту шеберханалары мен зертханаларының материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. Бүгінгі күні ТпенКБ мекемелерінің 39%-і заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Еңбекшіқазақ ауданында 1 колледж салынды.

Облыстағы 35 колледжде жатақханалар бар.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесі

Облыста жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балалардың саны 2014 жылы 3568 баланы құрайды, олардың ішінде бағуға және қамқорға алынғандар – 2698 бала, патронаттық тәрбиеде – 43 бала бар. Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау жне халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында 827 бала тәрбиеленуде.

Балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқоршы отбасылар мен асырап алушы отбасыларына беру, сондай-ақ патронаттық тәрбиелеуге беру есебінен, интернат жағдайындағы балаларды баларға арналған жұмысты ауыстырушы институттарды дамыту мәселелері өзекті болып отыр.

Қорғауға және қамқорлыққа алынғандар саны 2012 жылғы 2501 балаға қарсы 2014 жылы 2698 балаға жетті. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде тәрбиеленушілердің саны 2012 жылғы 840 баладан 2014 жылы 827 балаға қысқарғанын атап өту қажет.

2012 жылы отбасылық үлгідегі мемлекеттік балалар үйі жабылды және 2014 жылы сәуір айынан бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған бір жекеменшік балалар үйі іске қосылды.

2014 жылы білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 19 мемлекеттік мекемелерінде 827 бала тәрбиеленуде. Осылайша, әрбір төртінші жетім бала институционализм жағдайында тәрбиеленуде.

Осыған байланысты, жетім балаларды және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды азаматтардың отбасыларына орналастырудың баламалы нысандарын дамыту, жетім балаларға және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды деинституционалдандыру жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет (қамқорлық/қорғаушылық, патронаттық тәрбиелеу).
Педагог мамандары

Облыста 2012 жылғы 34380 ұстазға қарағанда 34495 педагог қызмет жасайды. Жоғары білімді педагогтардың жалпы саны – 30798, орта арнайы педагогикалық білімі барлары – 3697. 6437 педагог - жоғары санатқа, 11249 - бірінші санатқа, 9467 – екінші санатқа ие, 7342 – санаты жоқ мамандар.

2014 жылы 906 жас маман келді. Педагог мамандарының тапшылығы байқалмайды.

Жыл сайын «Өрлеу» ұлттық орталық негізінде облыстың 5 000-нан астам оқытушылары курстық даярлаудан өтеді. Жоспарлы тәртіпте 200 курс ұйымдастырылуда, бұл ұстаздардың жалпы санынан 16%-н қамтиды.

2014 жылы 3 деңгейлі бағдарламалар бойынша ұстаздардың біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі бойынша 3 айлық курстар көзделген, 1702 педагог курстан өтті.

Жоғары педагогикалық білімі бар педагогтар үлесі 2014 жылы 2012 жылғы 87,8%-ке қарсы 89,3%-ті құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде 2012 жылғы 71,6%-ке қарағанда 2014 жылы 72,5%-ке артты.


Жаздық демалысты ұйымдастыру:

Облыс аумағында 35 қала сыртындағы лагерлер жұмыс жасайды (10- мемлекеттік, 25-жеке меншік), олар 17976 баланы жазғы демалыспен қамтиды немесе 1-10 сыныптаға балалардың жалпы санынан – 6,4%.

2012 жылмен салыстырғанда балаларды барлық демалыс түрлерімен қамту 85,6%-тен 2014 жылы 97,6%-ке жетті.
Жастар саясаты

Облыста 2012 жылы 14-тен 29 жас аралығында 540 000 жас азаматтар тұратын, 2014 жылы олардың саны 529 942 адамды құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде - 413004 адам.

Облыстық жастар саясаты орталығы және облыс аудандары мен қалаларында жастар саясатының 19 ресурстық орталықтары жұмыс жасайды. Ауылдық округтер әкімдіктерінің жанында, сондай-ақ 253 адамнан тұратын нұсқаушылар жұмыс жасайды.

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны 12-ге көбейіп, 54 бірлікті құрады, олардың арасында «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан жастары конгрессінің, Қазақстан студенттері альянсының, Ауыл жастары одағының облыстық филиалдары және басқалары.

Облыстың үкіметтік емес жастар ұйымдарымен өткізілген іс-шараларды қорытындылары бойыншак 2014 жылы жастар саясаты және патроиоттық тәрбиелеу саласында шараларды жүзеге асыруға жастардың 10,4%-ы белсенді қатысты (2012 ж.-10,0%).

Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 0,4%-ке артты.

Алматы облысында 2014 жылы 15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санынан NEET үлесі жоспарланған 7,0%-тен 7,4%-ті құрады (2012 ж. – 9,3%). 15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санындағы 2014 жылға жоспарланған NEET үлесі Алматы қаласының көптеген оқу орындарына қол жеткізу және дамыған шағын, орта кәсіпкерлік есебінен оқу және жұмысқа орналасу мүмкіндігі көп Қарасай, Іле және Талғар аудандарының 96 мыңнан астам тұрғыны бар бөлігін Алматы қаласына беруге байланысты қол жеткізілмеді.

Аталған көрсеткішті орындау үшін 2015 жылы мемлекеттік тапсырысты көбейту, Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасын жүзеге асыру және Бизнестің жол картасы 2020, Агробизнес – 2020 бағдарламаларының аясында жастар кәсіпкерлігін қолдау есебінен қамту шаралары қабылданады.


Білім беру саласындағы мәселелер:

  • облыстың мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде орын тапшылығы байқалады;

  • үш ауысымды мектептердің болуы;

  • бейімделген мектептердің болуы;

  • оқу орындары тапшылығының болуы;

  • күрделі жөндеуді қажет ететін мектептердің болуы;

  • білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту және нығайту;

  • қосымша білім ұйымдарының жетіспеушілігі;

  • оқуға және жұмыс жасауға ниет таныптайтын жастардың болуы.


Денсаулық сақтау

Облыста 935 денсаулық сақтау ұйымы бар, оның ішінде 777 – мемлекеттік және 158 – жеке меншік. (91,0%-ы ауылдық жерлерде орналасқан).

Халық саны 50 адам және одан көп болатын, облыстың барлық елді мекендері медициналық ұйымдармен толығымен қамтамасыз етілген. Жұмыс жасап тұрған жүйелер мен штат санын нормативтерге сәйкестендіру үшін 2012-2014 жылдары 5 ірі ауылдық ауруханалар аудандық ауруханаларға қайта ұйымдастырылды, 5 нейроинсульттік бөлімшелер ашылды, қосымша 3,4 мың шататтық бірлік бөлінді.

2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы медициналық ұйымдардың жүйесі 64 бірлікке азайды, себебі 20 санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелері және 19 санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне берілді, Ақсай ауылындағы Республикалық балалар ауруханасы және 26 медициналық ұйымдар Қарасай, Талғар және Іле аудандары аумақтарының бөліктерін Алматы қаласына беруге байланысты, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының иелігіне өтті. Сарқан ауданының Қорған ауылында ғимараты жоқ медициналық пункті жабылды, Іле ауданының Покровка ауылында және Панфилов ауданының Нұркент ауылында дәрігерлік амбулаториялар, Талғар ауданының Талғар қаласында өңірлік наркодиспансер ашылды.

Төсек-орын саны Ақсай Республикалық балалар ауруханасын республикалық ведомтсвоға беруге байланысты 2012 жылғы 9179-ға қарағанда 2014 жылы 8964 орынға азайды, 10 мың адамға шаққанда төсек-орынмен қамтылу деңгейі 2014 жылы – 46,0. Дәрігерлер саны – 4154-тен 4493 адамға дейін 8,1%-ке, орта медициналық қызметкерлерінің саны – 12152-ден 12381 адамға дейін 1,9%-ке көбейді, 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтылу деңгейі - 23,0 (ҚР - 31,6), орта медициналық қызметкерлермен – 63,4 (ҚР-88,4). Ауылдық денсаулық сақтау саласы мамандарының басым көпшілігі зейнетке шығу алдында және зейнеткерлік жастағылар (30%-дан астамы). Облыста дәрігерлер тапшылығы 205 адамды құрайды.

Республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жалпы 7,0 млрд. теңге сомасына 192 - санитарлық автокөлік, оның ішінде 58 – реанимобиль, медициналық құралдар сатып алынды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық бұйымдар және құрылғылармен жабдықталуы 44,0%-тен 78,8%-ті құрады. Аудан оталықтарының және қалалық ауруханалардың санитарлық автовөлікпен қамтамасыз етілуі - 98,0%, ауылдық ауруханалар мен дәрігерлік амбулаториялар - 97,0%, облыстық және қалалық ұйымдар – 98,0%.

«100 мектеп және 100 аурухана құрылысы» жобасын іске асыру аясында 8 объект салынды: оның ішінде 18,9 млрд.теңгеге Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы мен Талғар ауданының Талғар қаласында 400 жатын орынға 2 аудандық аурухана және Іле ауданының Өтеген батыр ауылында 200 жатын орынды , тәулігіне 450 адам қабылдайтын емханасы бар балалар ауруханасы, Балқаш ауданының Бақанас ауылында 40 орынды туберкулез ауруханасы, Қарасай ауданының Қаскелең қаласында 60 орынды перзентхана, Жамбыл ауданының Қазбек бек ауылында 15 орынды ауылдық аурухана және Райымбек ауданының Кеген ауылында ауысымына 250 келіп-кетушіге арналған емхана.

«Денсаулық сақтау саласының 350 объектісінің құрылысы» жобасының аясында 2012-2013 жылдары 35 дәрігерлік амбулаториялар және бір фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, қалған 2 объект (Көксу ауданының Балпық би кентінде емхана және Талғар ауданының Талдыбұлақ ауылында ДА) 2015 жылы аяқталады.

Жалпы үш жылда 60 объект салынып, қайта жаңғыртылды және 64 объект күрделі жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар облыста 365 объект бейімделген ғимараттарда орналасқан немесе 46,9%, 79-ы немесе 10,2%-і ғимаратты жалдайды, 264 күрделі жөндеуді қажет етеді.

Облыстың барлық денсаулық сақтау объектілері компьютермен және телефон байланысымен қамтылған.

ҰБДЖ-нің енгізілуіне байланысты стационарлық және станционарлықты алмастыратын медициналық көмектің дамуы байқалады. Облыста 8964 тәулік бойғы стационарлық жатын орындары жұмыс істейді, оның ішінде 5540 жатын орын ҰБДЖ бойынша республикалық бюджеттен қаржыландылады, ауруханалар мен амбулаторлық-емханалық ұйымдар жанындағы күндізгі стационарда 1768 жатын орын бар. Келешекте қымбат тұратын, тәулік бойғы стационарлар біртіндеп аз шығынды күндізгі стационарларға айналдырылады.

2014 жылы денсаулық сақтаудағы амбулаторлық-емханалық ұйымдармен 16064,2 мың емделушіге қызмет көрсетілген (2012 жылы – 14458,3 мың емделуші), келу саны бір тұрғынға 2012 жылғы 8,0–ге қарсы 8,2-ні құрады.

БМСК мамандарының жалпы санынан жалпы тәжірибедегі дәрігерлерінің үлесі артуда, 2014 жылы бұл көрсеткіш 30,0%-ті құрады. Амбулаторлық-емханалық қызмет пен жедел жәрдем қызметі арасындағы сабақтастылық жақсарған, бұл БМСК ұйымдарының жұмыс уақытында жедел жәрдем шақыру саны 24,5%-ке төмендеді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде облыс азаматтарының көбейюі кезіндегі өмір ұзақтығының ықтимал мөлшері 2012 жылмен салыстырғанда (69,93 жас) 2014 жылы 71,0 жасты құрады (алдын ала мәліметтер).

2012-2014 жылдары тұрғындар арасында әлеуметтік маңызды аурулардың тарауы және сол аурулардан қайтыс болу көрсеткішінің төмендеуі байқалуда. Осылайша, туберкулезден қайтыс болу – 2012 жылғы 3,7-ден 2014 жылы 2,3-ге дейін (ҚР -4,4), қан айналымы жүйесінің ауруларынан – 2012 жылғы 227,52-ден 2014 жылы 149,0-ге дейін (ҚР – 161,0), АИЖ (14-49 жас аралығындағы топ арасындағы инфекциялар) таралуын 0,2-0,6% шегінде тежеу өзгермей, 0,02%-ды құрайды.

Тірі туған 100 мың адамға шаққанда ана өлімі республикалық көрсеткіш 11,5 болғанда, 2012 жылғы 10,5-тен 2014 жылы 9,7-ке төмендеді. Ана өлімінің төмендеуіне қауіпсіз ана болу және отбасын жоспарлауды өңірлендіру бағдардамасын енгізуге байланысты қол жеткізілді.

Нәресте шетінеуінің деңгейі 1000 тірі туған сәбиге шаққанда 0-ден 5 жасқа дейін 2012 жылғы 14,4-тен 2014 жылы 13,0-ке төмендеді.

Нәресте шетінеуінің төмендеуіне көліктік кювезі бар 4 реанимобильдерді сатып алу, заманауи медициналық аппаратураларды алу, балалар және перзентхана ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, дәрігер-педиатрлардың, неонатологтардың, акушер-гинекологтардың және БМСК дәрігерлерінің білім деңгейін арттыру есебінен қол жеткізілді.

100 мың адамға шаққанда қатерлі ісіктен қайтыс болу көрсеткіші 2012 жылғы 76,88-ден 2014 жылы 80,0-ге көбеюі мәліметтерді тіркеу базасын қалыптастырумен байланысты. Алматы облысында қайтыс болған пациенттер, қайтыс болу орнына қарамастан, облыстағы тұрғылықты жері бойынша тіркеледі.
Денсаулық сақтау саласындағы мәселелер:


  • дәрігер мамандарының тапшылығы, әсіресе жалпы тәжірибедегі дәрігерлердің;

  • ғимараттардың жетіспеушілігі және күрделі жөндеу қажеттілігі бар;

  • туберкулезден, қан айналымы жүйесінің ауруларынан, онко аурулардан қайтыс болуды, ана және бала өлімін азайту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.


Мәдениет

Облыста 558 мәдениет және мұрағат объектілері жұмыс жасайды, оның ішінде: 267 - кітапхана, 243 - мәдениет үйі мен клубтар, 21 - мұражай, 2 – сурет галереясы, Б.Римова атындағы драматеатры, Сүйінбай атындағы облыстық филармония, «Алатау әуендері» МКҚК, облыстық халық шығармашылығы және тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығы, 2 бейнемобилі және 18 мұрағаттар.

2012 жылмен салыстырғанда мәдениет мекемелерінің жүйесі 15 бірлікке көбейді, оның ішінде бұрын жұмыс жасамаған объектілерді жөндеу есебінен 6 кітапхана және 9 мәдениет үйі ашылды.

Сонымен қатар, халық саны 5000 адам және одан көп болатын 24 ауылдық елді мекендерде мәдениет үйлері жоқ.

2012-2014 жылдар ішінде 3 объект салынды: Ұйғыр ауданында аудандық кітапхана ғимараты, Райымбек ауданында тарихи-өлкетану мұражайы, Қарасай ауданының Алмалыбақ ауылында облыстық мұрағат ғиараты. Барлығы 52 мәдени және мұрағат объектілері күрделі жөнделді, оның ішінде 43 - мәдениет үйі, 3 – кітапхана, 3 – мұрағат және 3 мұражай. Тағы 120 ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізу қажет.

40 мыңға жуық әлеуметтік маңызды және мәдени шаралар өткізілді (2012 жылы – 34,1мың). 2014 жылы мәдениет мекемелері 39,4 млн. теңгеге ақылы қызметтер көрсетті.

Облыстық 604 кітапханалар компьютермен жабдықталған, нашар көретін және зағип жандарға арналған кітапханалар 4 тифлокомпьютермен, 2 оқитын машиналармен жабдықталған, 92 кітапхана Қазақстандық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесіне /ҚАКАЖ/, 50 кітапхана- интернет желісіне қосылған. Компьютермен жабдықталған кітапханалардың үлесі 2012 жылғы 65%-ке қарсы 2014 жылы 100%-ті құрады.

267 кітапханадағы кітап қоры 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 3,3%-ке артып, 4934,8 мың кітапты құрады, жаңа кітаптардың түсуі – 86,6 мың дана.

21 мұражай мен 2 галереяда 2368 экскурсия, 221 көрмелер мен 235 лекциялар өткізілді. Келушілер саны 71,2-ден 79,7-ке көбейіп, 12,0%-ке артты, ақылы қызметтен түсетін түсім 2679,6 мың теңгені құрады.

2014 жылы театр 19609 көрерменді қамтумен 102 спектакль қойды, бұл 2012 жылға қарағанда 14 спектакльге көп (88). Театрдың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 3,9 млн. теңге бөлінді. Музыкалық-драма театрының үлгілі ғимаратының құрылысы қажет.

2333 тарихи ескерткіштер бар, оның ішінде 454 сәулет және қала құрылыстық, 1857 археологиялық және 7 табиғи, 4 ЮНЕСКО ескерткіштері, 8 Республикалық маңызы бар ескерткіштер және 3 жаңа ескерткіштер бар.

Нәтижесінде, 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 1000 адамға шаққанда тетарға келушілер саны 6,6-дан 9,8-ге дейін - 1,5 есе, концерттік ұйымдар 9,7-ден 16,2-ге дейін - 1,7 есе, мұражайлар 34,8-тен 44,5-ке дейін 27,9%-ке кейін артты. Кітапханаға келушілер саны 155,1-ден 153,0-ке төмендеді, келушілер санын арттыру үшін облыс кітапханаларын Қазақстандық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге (ҚАКАЖ) және Интернет желісіне қосу қажет.

Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мәдениет ұйымдарының қызметтерін көрсетуден түскен қаражаттың оларды жергілікті бюджеттен қаржыландыруға деген қатынасы 2012 жылғы 8,0%-тен 2014 жылы 4,0%-ке төмендеді.
Мәдениет саласындағы келелі мәселелер:


  • Мәдениет үйлері мен кітапханалар жүйесі қажетті деңгейде дамымаған;

  • Ауылдыдық кітапханалардың барлығы облыстық, ұлттық кітапхана ресурстарына қол жеткізе алмайды;

  • Үйлер мен клубтар күрделі жөндеуді қажет етеді;

  • Музыкалық-драма театрының үлгілі ғимаратын салу қажет.


Спорт

Спорт пен дене шынықтыру мәдениетін дамыту мақсатында облыста 2014 жылы дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысу үшін қол жетімді объектілер саны 3292 спорт нысанын құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 107 объектіге көп.

Облыста дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында 4%-ке артып, 502525 адамды құрады немесе халықтың жалпы санынан – 25%.

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған қаражат көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 11%-ке артып, 5,2 млрд. теңгені құрады.

2014 жылы Талдықорған қаласында 1140 орынды трибуналары бар хоккейге арналған стадиондар, «Өркен» спорт кешеніне күреске арналған зал қосымша құрылысы, стендті ату және ұлттық ат спортына арналған базалары, Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Қаракестек ауылында футбол алаңы салынды, Текелі қаласында скалодромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған туризм мектебінің ғимараты қайта жаңғыртылды.

1000 адамға шаққанда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің саны 2014 жылы 0,8%-ті құрайды.

Ауыл халқын жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту үшін 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрбір ауылдық округке спорт бойынша 253 штаттық бірлік бөлінді.

2012 жылдан 2014 жылдар аралығында 3452 жоғары бірілкті спортшылар дайындалды: 74 – халықаралық санаттағы спорт шеберлері, 332 – спорт шеберлері, 1567 – спорт шеберіне үміткерлер және 1479 бірінші разрядтағы спортшылар. Түрлі дәрежедегі алынған медальдар саны артты.

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда өткізілген спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру шараларының саны 11 бірлікке артып, 803-ті құрады.

2015 жылы Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарында ДСК, сондай-ақ Кербұлақ ауданының БЖСМ-не спорт базасының құрылыстары жалғасуда.

Ұйғыр, Қаратал, Райымбек, Талғар аудандарының, Қапшағай қаласының спорт мектептері және Талдықорған қаласындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты күрделі жөндеу жүргізілді.
Спорттағы мәселелер:


  • Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортының нашар дамуы. Халықтың тұрғын жері бойынша жұмыс нашар, тұрғын жердегі жасөспірімдер клубы мен жай ғана спорт алаңдарының желісі жеткілікті дамымаған. Ауылдағы спорт дамуының мәселесі өзекті болып отыр; Ақсу, Балқаш, Ескелді, Іле, Қаратал, Қарасай, Көксу, Райымбек, Сарқан, Талғар, Ұйғыр аудандарында және Қапшағай, Текелі қалаларында ДСК жоқ.

  • Райымбек ауданының Кеген ауылы, Көксу ауданының Балпық би кенті, Талғар ауданының Талғар қаласы сияқты халық көп шоғырланған жерлерде спорт кешендері жоқ, Қарасай ауданының Шамалаған ауылына, Алакөл ауданының Достық ауылы мен Қапшағай қаласына стадиондар қажет.


Туризм

Алматы облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асыру қорытындылары бойынша туристік қызметтің негізгі көрсеткіштерінің тұрақты даму үрдісі сақталғандығы байқалады.

2012-2014 жылдар аралығында облыста орналастыру орындары санының тұрақты өсімі байқалады. 2014 жылы аталған көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 80 %-ке артып, 243 кәсіпорынды құрады, осылайша, тәкелей нәтиже көрсеткішінің орындалуына қол жеткізілді. Орналастыру объектілерінде 3729 нөмір бар, сондай-ақ бір жолғы сыйымдылық 8020 жатын орынды құрайды.

Қызмет көрсетілген келушілер саны 2014 жылы 196718 адамды құрады, 2012 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өсім – 1,7 есе.

2012-2014 жылдары облыста ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсу үрдісі орын алды (резиденттер). 2014 жылы аталған көрсеткіш 195970 адамды құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштен 23,2%-ке көп, 2012 жылғы көрсеткіштен 1,8 есе артық.

«Қызмет көрсетілген резидент емес келушілер саны» нысаналы көрсеткіші 748 адамды құрады. 2013 жылдан бері облыста бұл көрсеткіштің төмендеу үрдісі байқалады. Атап айтсақ, 2012 жылмен салыстырғанда резидент емес келушілердің саны 44,3%-ке азайды. Бұл көрсеткіштің азаюы статистика органдары облыстық статистикалық мәліметтерге орналастыру орындарының мемлекеттік ұлттық табиғи парктердегі туристерді қабылдау жөніндегі қызметтерін қоспайтындығына байланысты. Сонымен қатар, облысқа келетін резидент емес келушілердің негізгі қызығушылықтары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға баруға бағытталатындығын атап өту қажет. Алматы облысының аумағында айтарлықтай туристік әлеуетке ие, 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парктер орналасқан.

Облыста «Орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі» көрсеткіші өсуінің оң үрдісі сақталуда, 2014 жылы ол 2244,2 млн.теңгені құрады, бұл жоспарланған көлемнен 18,0%-ке және 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе артық.

Облыс аумағында мониторинг мәліметтері бойынша туристерді қабылдайтын 541 объект бар, олардың қатарында: 145 – қонақ үй, 117 – қонақ жай және аңшылық үйлері, 40 – демалық үйлері мен шипажайлар, 20 – сауықтыру лагерьлері мен орталықтары, 212 – деамлық аймақтары мен базалары, 7 басқа объектілер бар.

2014 жылы 29 туристік инфрақұрылым объектілері қолданысқа енгізілді, оларды салуға 2,3 млрд. теңге жеке меншік инвестициялар тартылды. 2012-2014 жылдары Алматы облысында 60-тан астам жаңа туризм объектілері салынды, 5,2 млрд. теңге инвестициялар мен меншікті қаражат тартылды.

Алматы облысында туризмді дамыту көрсеткіштері өсімінің артуы облыста туризмді, оның ішінде ішкі туризмдлі дамытуға ерекше назар аударылуына байланысты.

Сауықтыру және жаңажай демалысын дамыту мақсатында, Балқаш, Алакөл көлдерінің жағалауында туризм инфрақұрылымын құруға көп көңіл бөлінуде. Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауларында қажетті инфрақұрылымды құру мәселелерін шешу бойынша жұмыс тобы құрылды, ол жедел шараларды қабылдаумен айналысады. Сонымен қатар, демалушыларды Алакөл көлінің жағалауына жайлы жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен Үшарал қаласындағы әскери аэродромды азаматтық авиация үшін бірлесіп пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл аталған аумақта жаңа туристік объектілер салу үшін отандық және шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

Алматы облысының туристік мүмкіндіктері жыл сайын Мадрид, Берлин, Мәскеу, Пекин, Түркия, Дубай және Лондон қалаларындағы халықаралық туристік шараларда көрсетіледі. Сонымен қатар, Алматы облысы жыл сайын Қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңкелерге қатысады, олар: Алматы қаласында өтетін «KITF» туристік жәрмеңкесі, Астана қаласындағы «Astana Leisure» туристік көрмесі, «Сарқылмас саяхат» жылжымалы туристік жәрмеңкесі.

Өңірдің туристік әлеуетін көрсететін, оның ішінде жаңа технологияларды пайдаланумен жарнама-ақпараттық материал шығарылады. Осылайша, туристік әлеуетті танымал ету және ақпараттық қамсыздандырылу мақсатында, Алматы облысының көптеген бірегей объектілерін, тарихи мұраларды және табиғатын таныстыра алатын, интербелсенді Жетісу туристік картасы әзірленді.

Облыс аумағында туристік объектілерді танымал ету және туристтерді тарту мақсатында туристік бизнес өкілдері мен БАҚ-ы үшін ақпараттық тысаукесер турлары өткізіледі.

Ішкі туризмді дамыту мақсатында өсіп келе жатқан буынды туризмнің белсенді түрлерімен айналысуға кеңінен тартуға бағытталған, дербес туристік іс-шаралары өткізіледі. Жетісу үшін брендке айналған Іле-Балқаш регатасымен және Бүкіләлемдік Туризм күніне арналған әдеттегі облыстық туристік слетімен қатар, жыл сайын туристік көпсайыс пен шыңға шығу жарыстары, «Жоңғар» туриадасы, су туризмі бойынша шебер-кластар, балалар регатасы және басқа да жарыстар өткізіледі.

Алматы облысында ерекше назар балалар мен жасөпірімдер туризміне бөлінеді. Облыста жыл сайын «Менің Отаным – Қазақстан» республикалық экспедициясының аудандық және облыстық кезеңдері өткізіледі, туристік секциялар мен үйірмелерге қатысатын оқушылар арасынан Астана қаласына туристік сапарлар ұйымдастырылады.

Саланы дамытуда айтарлықтай тұрақтылық Қарасай, Талғар, Алакөл, Панфилов, Ұйғыр аудандарында және Қапшағай, Текелі қалаларында байқалады.

Алайда, табиғи ресурстардың бірегейлігі мен әр түрлілігіне қарамастан, облыстың туристік өнімі жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті емес және шетелдік балаламаларға қол жетімділігі, сервис деңгейі мен туристік қызметтер бағасы бойынша жол береді.
Туризмді дамытудағы мәселелер:


  • дамыған инженерлік-көліктік және туристік инфрақұрылымның жоқтығы;

  • қонақ үйлердің көпшілігінде санаттың жоқтығы, туристердің орналасу орындарында ұсынылатын қызметтер сапасы халықаралық талаптарға сай емес;

  • туристік ұсыныстардың жалпы деңгейі туристік өнімді дамыту деңгейінің жеткіліксіздігі және туристерге көрсетілетін арнайы қызметтер мен жағдайдың жеткіліксіздігі салдарынан төмен болып отыр. Бұл визит-орталықтардың болу, туристік дестинацияларда белгілер мен нұсқауларды орнату және т.б. мәселесіне қатысты.


Тілдер

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру үшін облыста қажетті жағдайлар жасалған, іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу үшін қажет әдістемелік, анықтамалық материалдарымен, сөздіктермен және басқа да көрнекіліктермен қамту жақсарып келеді. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары үшін қазақ тілінің электрондық оқулығы шыққан.


ҚР-да, облыстық және жергілікті мемлекеттік органдарда қалыптасқан тіл жағдайының мониторингі мен талдаудың автоматтандырылған жүйесінің көмегімен тоқсан сайын мемлекеттік тілде жүргізілетін құжат айналымының мониторингі жүргізіледі.

Мемлекеттік тілді игерген, ересек халықтың үлесі 2014 жылы 2012 жылғы 64,7%-ке қарсы 78,8%-ті құрады.

Мониторингтік талдаумен облыстық әкімдік, облыстық мәслихат, 26 облыстық департаменттер, инспекциялар, 24 облыстық басқармалар, 16 аудандар мен 3 қала қамтылды. Мемлекеттік органдардарғы жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдгі іс жүргізу үлесі 2012 жылғы 98,6%-ке қарсы 2014 жылы 99,3%-ті құрады.

Қазақ тілінде білім беретін мектептердің саны 2014 жылы 2012 жылғы 31-ге қарсы 34-ті құрады.

Тілдік саясаты саласындағы заңнама нормаларының, атап айтсақ сыртқы жарнамаларда бұзылуына жол беру жағдайлары 2012-2014 жылдары орын алған жоқ.

Іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу үшін кадрлық әлеует қалыптастырылып, материалдық-техникалық база құрылды. Мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілге оқыту үшін жағдайлар көзделді. Облыста мемлекеттік тілді оқытатын, заманауи талаптарға сай келетін 12 орталық жұмыс жасайды. Сондай-ақ, ағылшын тілін оқуға жағдай жасалуда.

Мемлекеттік тілді электронды ақпарат құралдарына енгізу жұмыстары жүргізілуде, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде электрондық нысанда мемлекеттік тілді енгізу жұмысы жүйелендірілді. Қазіргі күні барлық аудан мен қалалардағы 24 басқармада, облыстық бюджеттен қаржыланатын веб-сайттар ашылған. Солардың көмегімен жергілікті атқару органдары мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық қызмет көрсете алады. Қазіргі таңда ақпараттық қызметті толықтыру мен одан ары дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Барлық оқу орталықтарында мемлекеттік тілді білуді анықтау және бағалау мақсатында «Қазтест» бағдарламасы енгізілген, мемлекеттік тілді меңгеруге тес жүргізіледі. Бүгінгі таңда 200 199 адам қатылды.

Басқарма жоспарына сәйкес, 2015 жылдың 2-жартыжылдығында халыққа қызмет көрсететін 258 объектісін (дүкендер, шаштараздар, сән салондары, дүңгіршіктер, медициналық мекемелер және т.б.) тексеруден өткізу көзделуде. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының 21-бабының талаптары бұзылған жағдайда 10 объектінің иелеріне ескерту беру болжануда.

Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, мемлекеттік тілдің әлеуетін қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүзеге асыру деңгейі әлі қажетті деңгейде емес екенін атап өту керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет