Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы


Саланың даму жағдайына SWOT-талдау



бет13/19
Дата19.06.2016
өлшемі4.88 Mb.
#148132
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар (S)

  1. Талдықорған өңірінде газ инфрақұрылымын дамыту обылс орталығын және жақын орналасқан аудандарды арзан және экологиялық таза отын түрімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

  2. Газдандыру есебінен бүкіл облыстың экологиялық жағдайының жақсаруы;

  3. Бюджеттік сала объектілеріне дизель отынын сатып алуға бюджет шығындарының азаюы.

Мүмкіндіктер (O)

  1. Облыс халқының өмір сүру деңгейін арттыру.

Әлсіз жақтар (W)

  1. Табиғи газ тұтыну үшін газ инфрақұрылымының дамымауы.




Қауіптер (T)

  1. Жаңрталық газбен қамту жүйелерінің құрылысы және қолда бар жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жеткілікті қаржыландырмау өңірдің газбен қамтылуын айтарлықтай сапалы деңгейге толық көлемде шығуына мүмкіндік бермейді;

  2. «Алматы-Талдықорған» ЖГ құрылысының тоқтатылуы, республикалық бюджеттен қаражат бөлінуінің қысқаруы;

  3. Желілік газ құбырлары және бөлу жүйелері бойынша «сөрелік» жобалар санының артуы.


Негізгі мәселелер:

  • Табиғи газды пайдалану үшін газ инфрақұрылымының дамымағандығы.



2.1.5. Экология және жер ресурстары

Облыста экологиялық ластану деңгейінің төмен екендігі байқалады. Алайда экологияға әуе бассейнінің техногендік ластануының және жақын орналасқан өңірлердегі ауыл шаруашылығы алқаптарының деградациялануының негізгі көзі болып табылатын, Алматы қаласы айтарлықтай әсер етеді.

2014 жылы атмосфераны ластайтын заттардың шығарылу деңгейі 2012 жылғы деңгейге қарағанда 19,8%-ке төмендеді, оның ішінде қатты заттар - 28%, сұйық және газ сияқты заттар - 17,1%, күкіртті андигид – 61% және азот қышқылы – 60,8%.

Осылайша, жалпы ластағыш заттардың шығарылу көлемінен 70%-ті тиесілі АӨК АҚ-ның (ЖЭО-2, ЖЭО-3) жылуэнерго кешендері орналасқан Қарасай және Іле аудандары ең ластанған аудандар болып қалады.

Жер бетіндегі суларды негізгі ластағыштар болып өнеркәсіптік және өндірістік коммуналдық кәсіпорындар табылады, ағызғы суларының өсуі байқалады.

Суару жүйелерінің жалпы ұзындығы 16,5 мың шақырымды құрайды, оларға 456,3 мың га суарылмалы жер қоса тіркелген, олардың ішінде 18 мың га суарылмалы шабындық қосымша пайдаланылмайды, негізгі себептері болып жерлердің мелиоративті жағдайының нашарлауымен сүйемелденетін, суару және дренаждық жүйелердің айтарлықтай тозуы және істен шығуы табылады.

Мемлекеттік орман қоры 4137,8 мың га құрайды, оның ішінде орманмен 1670,7 мың га жабылған. Орман шаруашылығының 15 мемлекеттік мекемелері жұмыс жасайды.

2012 жылдың деңгейіне орманмен жабылған алаң 3,9 мың га құрайды, өрт алаңы 151,2 га азайды (2012ж. – 153 га, 2013ж. – 882,5 га, 2014ж. – 1,8 га). Орман алаңдарын азайтатын негізгі факторлар болып орман өрттері, орман дақылдарының жойылуы, есептен шығарылуы және т.б табылады.

2014 жылы конкурстық негізде ауыл шаруашылғы бағытындағы жерлерді беру арқылы ауыл шаруашылығы айналымына 375,5 мың га жер тартылды немесе 2012 жылдан 39,5 мың га артық, ауыл шаруашылығы айналымына тарту үлесі 4,3%-тен 4,5%-ке артты.

Жыл сайын 800 мың тоннадан астам қалдық полигондар бойынша қоймаланады. ТҚҚ-ды шығару артты, ол ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлердің айтарлықтай бөлігін алып жатыр, ТҚҚ өңдеу зауытын салу қажет.



Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар

  1. Экологиялық жағдайды жақсарту және Қаратал, Іле өзендері арналарының Балқаш көліне дейін ағымын қамтамасыз ету, су тасқындарының және басқа да дүлей апаттардың салдарларын жою бойынша арнайы жұмыстарды орындау.

  2. Су ресурстарының ластануына жол бермеу.

Мүмкіндіктер

  1. Облыс өзендерінде мелиоративті, гидротехникалық жұмыстарды жүргізу.

  2. Су бъектілерінің сапалы және гидрологиялық жағдайын (ластануы, қоқысталуы, ескіруі) жақсарту үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату.

Әлсіз жақтар

  1. Табиғи және техногенді сипаттағы тәуекелдер (құрғақшылық, артық ылғалдандыру, сел).

  2. Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін суару суымен жеткіліксіз қамтамасыз етілу.

Мүмкіндіктер

  1. Топырақ-дала қорғау, су қорғау шаралары, орман көшеттерін отырғызу.

  2. Су беруді арттыру және жақсарту үшін гидротехникалық құрылыстарды күрелі жөндеу.

Негізгі мәселелер:

  • ауаны және ағызғы суларын ластайтын заттардан тазарту деңгейінің жеткіліксіздігі;

  • қоқыс өңдеу зауытының болмауына байланысты қатты тұрмыстық қалдықтарды жою қиындығы;

  • суару жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы су ресурстарын орынсыз пайдалануға алып келеді.

2.1.6. Мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік қызметтер

Облыстың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі №983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмтетерді көрсетеді.

Қызметтерді көрсету облыстық басқармалар, аудан, қала және ауылдық округтер әкімдерінің деңгейінде жүргізіледі.

Бекітілген тізілімге сәйкес, жергілікті атқарушы органдар 162 қызмет түрлерін көрсетеді (2014 жылы –130):

- 103 қызмет аудан және қала (ауылдық округтер) әкімдерінің деңгейінде;

- 59 қызмет облыстық басқармалар деңгейінде;

- 40 қызмет ХҚКО арқылы көрсетіледі.

2014 жылы облыста бекітілген стандарттар негізінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерінің 120 регламенті әзірленіп, бекітілді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 31 регламентке артық (25).

Алматы облысы әкімінің аппараты Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау ережесіне сәйкес, ай сайын облыстың жергілікті атқарушы органдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жағдайына мониторинг жүргізеді.

2014 жылы барлығы 8 688 007 қызмет көрсетілді, 2013 жылы - 6 843 326 қызмет (салыстыру үші 2011 жылы - 4 141 621):



  • жергілікті атқарушы органдар арқылы - 6 786 281 (4 116 918);

  • халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы – 56 981 (24 703);

  • «электрондық үкімет» порталы арқылы - 64 (тіркелмеген).

2014 жылы алынған мәліметтерді талау көрсетілген қызметтердің көбісі келесі түрлер бойынша орын алғанын көрсетеді:

«Ауыл шаруашылығы малдарын жекелеуді жүргізу» – 2 070 411 қызмет (немесе жалпы саннан - 30,2%);

«Алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға бекітілу» – 1 909 928 қызмет (немесе жалпы саннан - 27,9%).

Облыс әкімдігі мемлекеттік қызметтердің белгіленген мерзімдерін бұзу санын азайтуға бағытталған шараларды жүргізді.

Атап айтсақ, жыл қорытындысы бойынша белгінленген мерзімдерді бұзудың 13 жағдайы тіркелді. Бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды.

2011 жылы мерзімдерін бұза отырып -137 қызмет, 2012 – 40, 2013 – 13 және 2014 23 қызмет көрсетілгендігін атап өту қажет. Осылайша, белгіленген мерзімдерді бұзу санының төмендеуі байқалады.

2011-2014 жылдары мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арыздар түскен жоқ.

Тізілімге сәйкес, Алмты облысында 7 түрлі лицензия беріледі.

2014 жылы әэлектрондық үкімет» порталы арқылы 10 738 электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетілді, «электрондық лицензиялау» порталы арқылы 1 664 электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2013 жылы 340 лицензия электронды түрде берілді. Олардың ішінде «электронды лицензиялау» порталынан 29 өтініш түсті.

Қағаз нысанда 124 түрлі және 47 электрондық нысанда қызмет көрсетіледі.



Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:


Күшті жақтар (S)

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің қысқаруы;

  2. Әкімшілік кедергілердің қысқаруы;

  3. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тазалығы;

  4. Электрондық қызмет көрсету порталын енгізу.

Мүмкіндіктер (О)

  1. Жергілікті атқарушы органдарының компьютерлік, серверлік құралдарын, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуін жаңарту, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді, құралдарды және серверлік бөлмелерін сертификаттау және аттестациялау;

  2. Халықтың ақпараттануын, құқықтық сауаттылығын және мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органдарға талапшылдығын арттыру;

  3. «Электрондық қызметтерді» танымал ету бойынша PR – акциялар мен шаралар өткізу;

  4. Мемлекеттік органдардың халықпен бұқаралық ақпарат құралдары және телевидинеие арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі.

Әлсіз жақтар (W)

  1. Кері байланыс және халықтың қызметтерді көрсетумен қанағаттану деңгейін анықтау тетігінің болмауы, мемлекеттік органдардың инфрақұрылымына теңсіз қол жеткізу, жеткіліксіз түсіндіру жұмыстары;

  2. Қызмет көрсететін-органдардың электрондық нысанға ауысуға қызығушылық танытпауы, қызметтерді автоматтандыру бойынша ұзақмерзімді стратегияның болмауы, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның төмен деңгейі;

  3. Бірыңғай және жүйелі мониторингтік болмауы, аудан және қала әкімдіктерінің қызмет сапасына бақылаудың жеткіліксіздігі;

  4. Қызмет көрсетуші орган мамандарының кәсіби құзыреттілігінің қажетті деңгейде болмауы, ақпараттық жүйелермен жұмыс кезінде компьютерлік сауаттылықтың төмен деңгейі байқалады, ауылдық округтер мамандарының деңгейінде мамандардың жиі ауысуы;

  5. Штаттық сан лимитінің шектелгендіне байланысты, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына мониторинг және бақылау жүргізетін бөлімдердің болмауы.

Қауіптер (Т )

  1. Қызметті электрондық түрде көрсету бойынша мамандардың ауысатындығы және жетіспеушілігі;

  2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша әдістеменің және оқытудың болмауы;

  3. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет мәселелерінде жауапкершілігінң төмен болуы мерзімдердің бұзылуына алып келеді;

  4. Орталық органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша нормативтік құқықтық базаны үнемі жетілдіруі, ол заңды актілердің және сәйкесінше, жергілікті атқару органдарының актілерінің уақытында қабылданбауына алып келеді.


Негізгі мәселелер:

  • мамандардың ағымы;

  • түрлы ақпараттық жүйелердің болуы (бір маман ақпаратты бірнеше ақпаратық жүйеге енгізу қажет);

  • орталық органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша нормативтік құқықтық базаны үнемі жетілдіруі заңды актілердің және жергілікті атқарушы органдардың актілерінің уақытында қабылданбауына алып келеді.


  1. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, НЫСАНАНЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДРЫ


1-БАҒЫТ. Экономика

1-мақсат. Экономикалық сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету.



Нысаналы индикаторлар

Өл.бірл

2014 факт

2015 бағалау

2016

2017

2018

2019

2020

Қарж. көзі



Жалпы өңірлік өнімнің НКК

%

105,1

101,3

101,5

102,2

102,4

103,0

104,1

ЭБЖБ



Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім

мың теңге/адам


1049,5

1050,6

1051,1

1056,2

1063,5

1075,9

1099,7

ЭБЖБ



Жегілікті бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны

%

131,0

102,3

104,7

103,9

104,0

104,0

104,1

МКД


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет