Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы


ПАСПОРТ (негізгі сипаттамалар)



бет2/19
Дата19.06.2016
өлшемі4.88 Mb.
#148132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

1. ПАСПОРТ (негізгі сипаттамалар)


Атауы

Алматы облысының 5 жылға арналған даму бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 4 наурызындағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әрі қарай әрекет етуінің бірқатар мәселелері туралы» №931 Жарлығы.

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Облыс аумағының көлемі 223,5 мың ш2. (Қазақстан жерінің жалпы көлемінің - 8,2%) құрайды, республиканың шеткі оңтүстік-шығысында орналасқан және шығысында - Қытаймен, оңтүстігінде-Қырғыз Республикасымен, солтүстігінде- Шығыс - Қазақстан облысымен шекараласады, солтүстік-батысында – Балқаш көлімен, ал батысында – Жамбыл облысымен жанасып жатыр.

Облыс құрамына облыстық маңызы бар 2 қала (Талдықорған және Қапшағай), оның ішінде 1 моноқала (Текелі), аудандық бағынысты 7 қала, 16 аудан, 731 ауылдық елді мекен кіреді.

Халық саны 2015 жылдың 1 шілдесіне 1933,9 мың адамды құрайды. Халық құрамы 103 ұлт пен ұлыстардан тұрады.

Алматы облысы аграрлық бағыттағы өңірге жатады. Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы - Алматы қаласының жақын орналасуы маңызды фактор болып табылады.

Бағыттар

Экономиканы дамыту.

Әлеуметтік саланы дамыту.

Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

Инфрақұрылымды дамыту.

Экологияны және жер ресурстарын дамыту.

Мемлекеттік қызметтер.

Мақсаттар

Экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету

Жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған өндірістерді құрумен өндірісті әртараптандыру арқылы өнеркәсіпті үдемелі дамытуды қамтамасыз ету

АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау

Шағын және орта кәсіпкерлікті және сауданы дамыту

Облыс кәсіпорындарының өнімдерін әрі қарай жылжыту

Инновацияларды дамыту және инвестициялар тарту

Ауылдық аумақтарды дамыту

Білім берудің сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін қорғау және күзету жүйесінің тиімділігін арттыру
Жастардың азаматтық құрылуына және әлеуметтік өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау

Халықтың денсаулығын жақсарту

Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларының тиңімділігін арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау

Халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу

Мәденет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Бұқаралық спортты дамыту және туризм индустриясын үдемелі дамыту

Үштілділікті дамыту үшін жағдай жасау

Этникааралық келісімді қамтамасыз ету

Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

Азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдануға ауысуына жәрдемдесу

Тұрғын үй құрылысын дамыту

Көліктік инфрақұрылымды жақсарту

Коммуналдық сектордың инженерлік инфрақұрылымын жаңарту

Облыстың экологиялық жағдайын жақсарту және жер телімдерін тиімді пайдалану

Су, балық, орман және аңшылық шаруашылықтарын үдемелі дамыту үшін жағдай жасау

Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және оларды көрсету тәртібін жетілдіру

Нысаналы индикаторлар

2020 жылға дейін:

Бағыты: экономика

Өңірлік макроэкономика:

ЖӨӨ-нің нақты көлем көрсеткіші өткен жылға 104,1%-ті құрайды;

Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім – 992,9 мың теңге;

Жергілікті бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдер өсімінің қарқыны – 104,1%.



Өнеркәсіп:

Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем көрсеткіші – 104,2%;

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі – 80,3 мың АҚШ долл.;

Өңір экспортының жалпы көлеміндегі шикізаттық емес тауарлар экспортының үлесі – 86,1%;

Өндірілген электр қуатының жалпы көлеміндегі өндірілген қалпына келетін энергия көздерінің үлесі – 49,4%.

Агроөнеркәсіп кешені:

Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКК – 113,0%;

Азық-түлік өнімдері өндірісінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКК – 108,0%;

Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мал басының үлесі - 60,0% және ұсақ мал басы – 62,0%;

Тұқымдық өзгертулерге қатысатын ірі қара мал басының үлесі – 18% және ұсақ мал – 20,0%;

Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің азаюы – 0%;

Су шаруашылығында (су шаруашылығы объектілеріне) және гидромелиоративті жүйелерде және құралдарда негізгі капиталға мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлем көрсеткіші – 0%.

Шағын және орта бизнес, сауда:

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы көлеміндегі әрекет етушілерінің үлесі – 91,8%;

Бөлшек сауда айналымының нақты көлем көрсеткіші – 106,5%;

«Бөлшек сауда» қызмет түріндегі сауда алаңы 2000 ш.метрден кем емес сауда объектілері санының артуы – 4 бірл.



Өңіраралық әріптестік:

Кәсіпкерлікте өндірілген өнімдерінің басқа өңірлерге жөнелтілген көлемі (жұмысшылар саны 50 адамнан артық өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша) – 209 млрд. теңге;

Басқа облыстардың резиденттерінен және резидент еместерден сатып алынған тауарлардың жалпы көлеміндегі басқа өңірлерден сатып алынған тауарлардың үлестік салмағы (жұмысшылар саны 50 адамнан артық көтерме сауда кәсіпорындары бойынша) – 70,2%.

Инновациялар және инвестициялар:

Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны – 132,1%;

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі – 23,0%;

Шикізаттық емес секторда негізгі капиталған салынған инвестициялардың өсуі (мемлекеттік бюджеттен салынған инвестицияларды қоспағанда) – 142,0%;

Әрекет етуші кәсіпорындар санынан инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі – 20,0%;

Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнім үлесінің артуы – 2,5%.



Бағыт: Әлеуметтік сала

Білім беру:

Әрекет етуші апаттық және үш ауысымды мектептер саны – 0;

Мектеп бітірушілерінің арасында табиғи-математикалық пәндер бойынша оқу бағдарламаларын сәтті (үздік/жақсы) игерген оқушылардың үлесі – 60,0%;

Мүмкіндігі шектеуді оқушылардың жалпы санынан инклюзивті білім берумен қамтылған балалар – 20,8%;

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту – 100,0%, оның ішінде жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін дамыту есебінен – 57,4%;

15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санынан NEET үлесі – 6,4%;

Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған және оқуды аяқтағаннан кейін бірінші жылы жұмысқа орналасқан техникалық және кәсіби білім беру мекемелері бітірушілерінің үлесі – 70,0%;

14-тен 29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуымен қанағаттану деңгейі – 72,0%;

Үлгілі жастағы (14024 жас) жастардың техникалық және кәсіби білім берумен қамтылу үлесі – 11,7%;

Мемлекеттік жүйе нормативіне сәйкес, жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс жасауын қамтамасыз ету – 100,0%.



Денсаулық сақтау:

100 мың тірі туғандарға шаққанда ана өлімінің төмендеуі – 8,87;

1000 тірі туылғандарға шаққанда нәресте шетінеуінің азаюы – 7,97;

100 мың адамға шаққанда қатерлі ісіктен қайтыс болудың азаюы – 68,13;

15-49 жас аралығындағы топта адамның иммундық тапшылығы вирусының 0,2-0,6% шегінде таралуы - 0,5%.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау:

Жұмыссыздық деңгейі – 4,4%;

Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгінгендер қатарынан жұмысқа орналасқан тұлғалардың үлесі – 86,0%;

Жүгінген нысаналы топ тұлғаларының қатарынан тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі – 75,0%;

Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға шаққанда оқыс оқиғалардың жиілік коэффициенті) – 0,11;

Еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жоюдың үлестік салмағы, анықталған бұзушылықтардың жалпы санына %-пен – 99,0%;

Жергілікті атқарушы органдар берген рұқсат бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлестік салмағы (шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы бойынша) – 53,0%;

Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас) – 3,6%;

Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі – 5,5%;

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жүгінген, жұмысқа қабілетті жастағы мүгедектердің жұмысқа орналасқандарының саны – 400 адам;

Табыстары күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесі – 2,3%;

Тұрмысы КД-нен төмен халықтың жалпы санынан МӘК алушылар үлесі – 7,1%;

Мекен-жай әлеуметтік көмегін алушылар қатарындағы жұмысқа қабілеттілерінің үлесі – 24,0%;

Әлеуметтік арнайы қызметтерді көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлестік салмағы (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санынан) – 100%;

Жекеменшік секторы субъектілері көрсететін арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлесі (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен) – 4,6%.

Мәдениет:

1000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны: кітапханаларға – 165 адам, театрларға – 10,4, концерттік ұйымдарға – 18,0, мұражайларға – 41 адам.



Дене шынықтыру және спорт:

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын, барлық жастағы халықты қамту – 30%;

Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінде, дене шынықтыру дайындығының спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді қамту – 7,25%.

Туризм:

Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша (резиденттер) орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны – 20%;

Өткен жылмен салыстырғанда кіру туризмі бойынша (резидент еместер) орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны – 18%;

Өткен жылмен салыстырғанда тәулігіне берілген жатын орын санының артуы – 9%.



Үштілділікті дамыту:

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек халықтың үлесі – 95%;

Ағылшын тілін меңгерген ересек халықтың үлесі – 15%;

Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек халықтың үлесі – 13%.



Бағыт: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлестік салмағы – 10,0%;

100 зардап шеккендерге шаққанда жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар санының азаюы – 17,0%;

Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлестік салмағы – 1,4%;

Бұрын қылмыс жасағандармен жасалған қылмыстардың үлестік салмағы – 14,1%;

Төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі – 61,0%.


Бағыт: Инфрақұрылым

Байланыс және коммуникация:

100 тұрғынға шаққанда тіркелген телефон байланысы желілерінің тығыздығы – 15,8%;

Интернет пайдаланушыларының үлесі – 65,5%;

Халықтың сандық сауаттылығының деңгейі – 80%.



Құрылыс:

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем көрсеткіші – 102,3%;

Қолданысқа енгізілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 2019 жылы 753,5 мың ш.метрді құрайды;

Паспортталған әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қол жеткізумен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі – 100%.



Жолдар және көлік:

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі – 79%;

Жолаушы автокөлік хабарламасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі – 0,0%.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы:

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілері үлесінің азаюы – 38,9%;

Қалаларда орталықтандырылған сумен қамту және су бөлу жүйелеріне қол жеткізу – 100%;

Елді мекендердің орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қол жеткізуі – 94,5%, су бөлу жүйесіне – 7,8%;

Жалпы ұзындықтан жаңартылған жүйелер үлесі: жылумен қамту – 21%, газбен қамту– 1,5%, электрмен қамту – 7%.

Бағыт: Экология және жер ресурстары:

Орман шаруашылығында негізгі капиталған салынған инвестициялардың нақты көлем көрсеткіші – 0;

Плантациялық орман өсіруде негізгі капиталға салынған мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлем көсеткіші – 0;

Жануарлар әлемін қалпына келтіруде негізгі капиталға салынған имемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлем көрсеткіші – 104,0%;

Қатты тұрмыстық қалдықтардың пайда болу көлеміне қарай оларды жою үлесі – 1%;

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтерімен қамту – 30%;

Экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сәйкес келетін, тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан) – 4%;

Атмосфералық ауаға нормативті ластағыш заттарды шығару көлемі – 0,1 млн. тонна, су объектілеріне төгу – 0,23 млн. тонна;

Жергілікті атқарушы органдардың иелігіндегі мемлекеттік орман қоры аумақтарындағы орманмен жабылған алаң – 1672,9 мың га;

Жергілікті атқарушы органдардың иелігіндегі мемлекеттік орман қоры аумақтарындағы бір орман өртінің орташа алаңы – 0,013 мың га;

Ауыл шаруашылығы айналымына тартылған ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлердің үлесі 2020 жылы 3,6%-ті құрайды;

Жыртылатын жерлер құрамындағы егістік айналымының үлесі – 58,3%;

Табиғи жайылым шаруашылықтарының құрамындағы жайылым айналымының үлесі – 23,1%.

Бағыт: Мемлекеттік қызметтер

Халықтың көрсетілген қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейін арттыру – 91,1%.



Қажетті ресурстар

Қажетті ресурстар (алдын ала):

2016 ж. – 214,6 млрд. теңге

2017 ж. – 287,5 млрд. теңге

2018 ж. – 273,2 млрд. теңге

2019 ж. – 267,9 млрд. теңге

2020 ж. – 273,2 млрд. теңге

Барлығы: 1 316,5 млрд. теңге.


2.АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.1.1. Экономика

Өңірлік макроэкономика

Бірқатар жылдар ішінде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің және адами даму индексінің өсуі байқалады. Облыстың 2014 жылғы жалпы өңірлік өнімі 2012 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өсіп, 1824,0 млрд. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші - 102,7% (2012 жыл – 1454,3 млрд. теңге, НКК – 107,4%, 2013 жыл – 1749,4 млрд. теңге, НКК – 110,8%).

Облыстың республиканың жалпы ішкі өніміндегі үлесі 4,7%-ті құрады.

Облыстың 2012-2014 жылдардағы жалпы өңірлік өнімінің өзгеруі келесі мәліметтермен сипатталады.


Жалпы өңірлік өнім, млрд. теңге

Алматы облысы экономикасының өсу қарқынына салалардың қосқан үлесін бағалау салалар арасында көшбасшы болып өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс табылатындығын көрсетті (1-кесте).

1-кесте

ЖӨӨ өсуіне салалардың салымы, %

Салалар

2012

2013

2014

Ауыл шаруашылығы

13,1

14,8

14,7

Өнеркәсіп

19,8

22,9

18,6

Құрылыс

14,5

8,9

10,5

Сауда

10,4

9,0

10,6

Көлік және байланыс

9,2

9,3

10,2

Басқа да салалар

33,0

35,1

35,4

Жиынтығы

100

100

100

ЖӨӨ құрылымында айтарлықтай үлесті өнеркәсіп – 18,6%, ауыл шаруашылығы – 14,7%, сауда – 10,6% алып жатыр.

Облыс бюджеті кірістер бойынша 2014 жылы 120,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы түсімдерден 48,8%-ке көп. Кірістер түсімінің өсуіне жаңа объектілерді іске қосу, қосымша жұмыс орындарын құру, салық заңнамасында мөлшерлемелерді өзгерту, бір жолғы сипаттағы түсімдер есебінен салық базасын арттыру әсер етті.



Өнеркәсіп

Облыста 911 өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс жасайды, олардың ішінде 146-сы ірі және орта кәсіпорындар, олардың үлесіне өндірілетін өнім көлемінің 80%-ке жуығы тиесілі.

2014 жылы өнеркәсіп өндірісінің құрылымында 2,1% тау-өндіру өнеркәсібіне және кеніштерді игеруге тиесілі, 85,1% - өңдеу өнеркәсібіне, 12% - электрмен қамтуға, газ, бу беруге және әуе конденсациялауға, 0,8% - сумен қамтуға, кәріз жүйесіне, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылауға тиесілі.

2012 жылдан 2014 жылдар аралығындағы кезеңде өнеркәсіп өндірісі 7,2%-ке артып, 553,5 млрд. теңгені құрады (2012 жыл – 516,5 млрд. теңге). Қолданысқа жаңа 153 объект енгізіліп, 61 әрекет етуші өндіріс кеңейтілді, 6032 жұмыс орны құрылды.

Шешуші кәсіпорындарды әртараптандыру облыс өнеркәсібінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу секторына мамандануын анықтады, оны жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 60,6%-ке жетті. Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу бойынша 35 ірі және орташа өндірістер әрекет етеді, 2012 жылға 16,3% өсіммен 325,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Облыстың жалпы республикалық тауарлық өндірісіндегі үлесі 2012 жылғы 3,1 проценттен 2014 жылы 3,0 процентке төмендеді және облыстар арасында ең төмен болып табылады.

Осы кезеңде өнеркәсіп өнімінің нақты көлем көрсеткішінің 2012 жылғы 102,4%-тен 2014 жылы 102%-ке төмендеуі байқалады, бұл әлемдік қаржы дағдарысына байланысты тұтынудың жалпы төмендеуімен және өткізу нарықтарының қысқаруымен түсіндіріледі.

Аудандар мен қалалар бөлінісінде өнеркәсіптік өндіріс теңдей емес: Ақсу, Көксу, Ұйғыр, Қарасай, Кербұлақ, Райымбек, Іле аудандарында және Талдықорған қаласында 1,3-тен 5 есе өсті.

Облыс өңірлерін дамытуға өндірістік күштерді орналастырудағы орын алып отырған аумақтық теңсіздік әсер етеді. Негізгі өндірістік қуаттар Алматы қаласына жақын орналасқан – Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандарында, Қапшағай қаласында, сондай-ақ Талдықорған және Текелі қалаларында орналасқан. Осы өңірлерге облыстың өнеркәсіп өнімінің 90%-і тиесілі.

ҚР Президентінің 2014 жылдың 16 сәуіріндегі №798 Жарлығына сәйкес, облыстың 26 елді мекені Алматы қаласына берілді, 60 кәсіпорынды беруден 2014 жылы болған шығын шамамен 73 млрд. теңгені құрады.


Тау-өндіру өнеркәсібі және кеніштерді игеру

Көмір және лигнит өндіру - 0,1%-і, басқа салалар 1,5%-і құрайды.

Салада 91 кәсіпорын әрекет етеді, оның ішінде 13 ірі және орта кәсіпорындар.

Қаптама тасының, габбро, мәрмәр, әктас, минералды тұздардың және т.б. ірі кеніштері бар. облыста пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығына 401 келісім-шарт тіркелген. Оның ішінде: жалпы таралған пайдалы қазбалар бойынша - 358, жер асты сулары бойынша – 26, қатты пайдалы қазбалар бойынша - 17. Облыста көмірқышқыл шикізатын өндіру және барлау бойынша қызмет жүргізілмейді.



Өңдеу өнеркәсібі

Салада 633 кәсіпорын әрекет етеді, оның ішінде 109 ірі және орта кәсіпорындар.

2012 жылдан 2014 жылдар аралығындағы кезеңде өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіп өндірісінің көлемі 429,5 млрд. теңгеден 471,1 млрд. теңгеге немесе 9,7%-ке өсті.

Тағам өнімдерінің өндірісі - 18,6%-ті, сусындар – 22%, темекі өнімдері – 18,8%, тоқыма бұйымдары – 0,4%, киімдер мен былғары заттары – 0,9%, қағаз және қағаз өнімдері – 2,0%, химия өнеркәсібі – 1,3%, фармацевтикалық өнімдер – 0,3%, пластмасса және резеңке өнімдері – 4,5%, металлургия өнеркәсібінің өнімі – 1,6%, машина құрылысы 5,2%-ті құрайды.

Облыс республикалық тауар өндірісінде темекі өнімдерін (100%), жүзім шарабын (87,1%), гофриленген картон ораманы (69,1%) өндіруде үстемдік етуші орында.

Республикадағы жалғыз ашытқы, электр аккумуляторы, гипскартон бұйымдары, гипсокартон бұйымдары, жоғары вольтты электр жеткізу желілеріне арналған темірбетон және металл тіректер, өртке қарсы гидранттар, силикон мен синтепон, ыстық мырышталған металл құрылымдарын өндіруші болып табылады.

Жүргізіліп жатқан темекіге қарсы шаралар салдарынан, акциздерді көбейтуге байланысты «Филипп Моррис Қазақстан» және «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС-гі екі темекі фабрикалары темекі өнімдерінің өндірісін 2013 жылғы 111,9 млрд. теңгеден 2014 жылы 104,2 млрд. теңгеге дейін қысқартты немесе 2,2%, ал 1688 адамды құрайтын жұмысшылар саны сақталды. Облыстың жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі темекі өнімдерінің үлесі 18,8%-ті құрайды.

Облыс құрылыс материалдарының өндірісінде үлкен әлеуетке ие. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі сала үлесі - 8%.

Қаптама тастың, габброның, мәрмәрдің, әктастың, минералды тұздардың және басқа да пайдалы қазбалардың маңызды кеніштерінің болуы саланы қажетті шикізат ресурстарымен қамтамасыз етеді. 60 түрден астам құрылыс материалдары шығарылады.

Жеңіл өнеркәсіп өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде – 1,5%-ті және өңдеу өнеркәсібінде 1,8%-ті алып жатыр. 2014 жылы салада 6,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші 129,9%-ті құрады.

Машина құрылысы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 6%-н алып жатыр, «Қайнар АКБ» және «ZhersuPower» аккумулятор зауыттары жұмыс жасайды, олар жеңіл, жүк автомобильдеріне, ауыл шаруашылығы және әскери техникаларға арналған аккцмляторлық батареялардың кең ауқымын шығарады. «Қайнар АКБ» ЖШС-нің өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын қолданумен жаңарту өнімнің жаңа түрлерін шығаруды және өңделген АКБ механизацияланған әдіспен экологиялық қайта өңдеуді жөнге қоюға мүмкіндік берді. «Қайнар АКБ» ЖШС-нің шығаратын өнімінің 70%-нен астамы экспортталады.

Фармацевтикалық саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі азғантай (0,4%), алайда оны дамыту үшін келешек бар. Индустрияландыру картасының аясында 2010-2014 жылдары фармацевтикалық зауыттар салынып, «Dolce» ЖШС-нің әрекет етуші өндірісі жаңартылды.

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2014 жылы жан басына шаққанда 60,4 мың АҚШ долларын құрады және 2008 жылға қарағанда 1,7 есе өсті (2008 жылы-33,5 мың АҚШ долл/адам).

2014 жылы 2013 жылға қарағанда еңбек өнімділігі жеңіл өнеркәсібінде – 9,9%-ке, машина құрылысында – 12,4%, химия өнеркәсібінде – 4,8 есе және фармацевтикада 13,4 есе артты. Алайда, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек өнімділігінің 16,3%-ке төмендеуі орын алды.

Негізгі себебі – жұмысшылар санын сақтай отырып, өндірілетін өнімге сұраныстық төмендеуі және өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуі.

Атап айтсақ, металлургия өнеркәсібінде еңбек өнімділігі «Метакон», «Азок», «Жерсу Металл» ЖШС-нің және басқа кәсіпорындардың өніміне тапсырыстардың жоқтығынан 42,9%-ке төмендеді.

Басқа металл емес минералды өнім өндірісінде еңбек өнімділігі 4,9%-ке төмендеді. Жүйе құраушы «Темірбетон» ЖШС кәсіпорыны құрылыс мақсаттарындағы бетоннан жасалған бұйымдар өндірісін 13,2%-ке азайтты (2013 жылғы 3,8 млрд. теңгеден 2014 жылы 3,3 млрд. теңгеге дейін). Қапшағай фарфор зауыты ыдыс және фарфор бұйымдар өндірісін 38,6%-ке төмендетті.

Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімдірінің өсімі үшін өндіріс көлемдерін өсіру, өндірілетін өнімді өткізу, оның ішінде қазақстандық мазмұн бойынша нақты шаралар межеленген.


Индустриялдық даму

2012-2014 жылдары тағам өнімдерінің, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары, медициналық препарттар өндірісін және электр қуаты объектілерінің құрылысын арттыруға бағытталған жаңа қуаттарды енгізу бойынша шаралар жүзеге асырылды.

Инновациялық технологияларды пайдаланатын бірқатар жаңа кәсіпорындар іске қосылды:

«ҚазГеоСинтетика» ЖШС – еліміздің құрылыс секторының түрлі салаларында заманауи геосинтетикалық материалдарды өндіру және пайдалану бойынша заманауи, инновациялық және жоғары үнемді технологиялық шешімдерді енгізуге маманданатын бірінші өндірістік кәсіпорын.

«PROMed» ЖШС – жалпақ металды өңдеу саласында соңғы жетістіктерді пайдаланатын жоғары технологиялық өндіріс. Білдек жасау саласында белгілі көшбасшы-компаниялар – FINNPOWER және BYSTRONIC құралдары орнатылды.

«RGBrandsKazakhstan» ЖШСөндірістік-сауда буынының әрбір бөлігінде өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық инновацияларды пайдаланумен сусындар мен снектер шығаратын зауыт.

Алайда, қазақстандық нарықта көптеген жылдар бойы қытай, ресей және басқа шетел өндірушілері өнімдерінің үстемдік етуі кәсіпорындарға республикада тауар жеткізулерін жөнге қоюға мүмкіндік бермей отыр.

Жергілікті артықшылықтар мен ерекшеліктерді және қолда бар әлеуетті пайдаланумен облыста жеміс-көкөніс, сүт және құрылыс материалдарының кластерлері қалыптастырылуда.



Мемлекеттік үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуы.

Алматы облысының өңірлік Индустрияландыру картасының аясында 2010 – 2014 жылдары 48 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 7177 жұмыс орындары құрылды.

2014 жылы олар 2012 жылға 10 млрд. теңге немесе 32,2% өсіммен (2012 жылы – 21,1 млрд. теңге) 31,1 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, қызмет көрсетілді. Карта жобаларымен тағам өнімдері өндірісінің шамамен 20% қамтамасыз етіледі.

Әрбір сегізінші жоба шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылды (48 жобаның 6 жобасы сыртқы инвестициялар есебінен жүзеге асырылды).

Фармацевтикалық сала дамытылуда, 9,6 млрд. теңге сомасына 5 зауыт іске қосылды, 1170 жұмыс орны құрылды (Талғар ауданында «Сұлтан» ЖШС, Қарасай ауданында «Kelun-Kazpharm» ЖШС, Іле ауданында «Dolce» ЖШС, «Аксель и А» және «ПФК «ЭЛЕАС» ЖШС).

Индустрияландыру картасы жобаларының салалық құрылымында агроөнеркәсіп кешені - 43,8%-ті (21 жоба), энергетика – 12,5% (6), басқалары – 12,6% (6), фармацевтика – 10,4% (5), машина құрылысы – 8,3% (4), тағам – 6,2% (3), химия өнеркәсібі 6,2%-ті (3) алып жатыр (1-диаграмма).


1-диаграмма – Индустрияландыру картасы жобаларының салалық құрылымы



Индустриялды аймақтарды және өнеркәсіп алаңдарын дамыту.

«Талдықорған» индустриялды аймақтың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілуде. «Арна», «Боролдай», «Қайрат», «Қазбек бек» индустриялды аймақтарына ТЭН және ЖСҚ-н әзірлеуге 346,2 млн. теңге бөлінді (2012 – 244,8 млн. теңге, 2013 – 9 млн. теңге, 2014 – 92,4 млн. теңге).

Сонымен қатар, әрбір ауданда жаңа өндірістерді орналастыру үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз етумен, өнеркәсіп алаңдарын құру жоспарлануда. Жер телімдері анықталды. Инфрақұрылымның болу (дамыту) мәселесі пысықталуда және қажетті есептеулер жүргізілуде.
Қазақстандық мазмұнды дамыту

Ұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларында қазақстандық мазмұн үлесін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі.

Облыстың тауар өндірушілерінің каталогы жасалды, онда ірі, орта және шағын кәсіпорындардың шығаратын өнім түрлері және өндірістік қуаттары туралы толық ақпарат бар. Аталған Каталог үнемі жаңартылады және іс-шаралар өткізу кезінде үлестірмелі материал ретінде пайдаланылады.

Облыс республикада аккумуляторлардың, ашытқының, жоғары кернеулі электр өткізу желілеріне арналған темір-бетон және бетон тіректерінің, өртке қарсы гидранттардың, силикон мен синтепонның жалғыз өндірушісі болып табылады.

Облыстың тігін кәсіпорындары Қорғаныс министрлігінің, ІІМ, басқа да күш құрылымдарының, ұлттық компаниялардың бөлімшелерін арнайы киіммен және басқа да тігін бұйымдарымен қамтамасыз етеді.

«Бент» АҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қажеттіліктері үшін Фоссло қатайтқыштары бар шпалдар мен темір-бетон шпалдарды жеткізумен айналысады, кәсіпорынның өндірістік қуаты аталған көлемді толығымен орындауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, республикада болмауына байланысты, облыстың «Қайнар АКБ» ЖШС, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС және «ДжейТи Ай Қазақстан» ЖШС темекі фабрикалары сияқты жүйе құраушы кәсіпорындары полипропилен, конверт-сепараторлар, Hammond кеңейткішін, паста жағылған қағаз, темекі емес материалдар, шылым құрамындағы никотин мөлшерін анықтау жөніндегі қызметтер және маркетингтік зерттеулер сияқты шикізатты, материалдар мен қызметтерді шетелден сатып алады.

2014 жылы облыс кәсіпорындары қазақстандық мазмұн мониторингі бойынша 44,2 млрд.теңге сомасына келісім-шарттар жасады, оның ішінде 37,7 млрд.теңге ұлттық компаниялармен жасалды.

Мемлекеттік органдар жалпы 6,5 млрд. теңге сомасына мемлекеттік сатып алулар жүргізді, мұндағы облыстың жалпы мемлекеттік сатып алулар көлеміндегі қазақстандық мазмұн көлемі 75,34%-ті құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет