Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы


Саланың даму жағдайына SWOT- талдау



бет3/19
Дата19.06.2016
өлшемі4.88 Mb.
#148132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Күшті жақтар

  1. Облыс жүзім шарабының, ашытқының, крахмалдың, темекі өнімдерінің және электр аккумуляторларының басты өндірушісі болып табылады.

2. Құрылыс индустриясын дамыту үшін қатты пайдалы қазбалардың айтарлықтай қорлары бар.

3. Индустриялды аймақтар мен өнеркәсіп алаңдарын құру.

4. Алматы қ. ірі тұтыну нарығына жақын ұтымды орналасқан.


Мүмкіндіктер

1. Жалпы таралған пайдалы қазбалардың айтарлықтай әлеуетінің негізінде құрылыс материалдарының өнеркәсібін дамыту келешегі.

2. Кең шикізат ресурстары тағам өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді.

3. Кіші өзендерде энергетика объектілерін дамыту келешегі, қалпына келетін энергетика.

4. Облыс өңірлерінде құрылатын индустриялдық аймақтар мен өнеркәсіп алаңдарында жаңа өндірістерді орналастыру мүмкіндігі.

5. Бәсекелестік артықшылықтарға ие кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау.



Әлсіз жақтар

  1. Өнеркәсіпте Алматы қаласына созылған өндіріс күшетірн орналастырудағы аумақтық теңсіздік.

2. Жаңа өндірістердің құрылысын және әрекет етушілерін жаңартуды талап ететін кластерлерді дамыту және жетіспейтін буындарын құру қажеттілігі.

3. Кәсіпорындардың көпшілігінің технологиялық жабдықтармен аз қамтылуы, негізгі өндіріс қорларының айтарлықтай ескіруі.

3. Электр қуатының тапшылығы және жоғары тарифтері.


Қауіптер

1. Электр қуатының мүмкін болатын тапшылығы және өнеркәсіптік даму қарқынының баяулауы.

2. Өңдеу салалары өнімдерінің энергялық, еңбек және материалдық сыйымдылығының өсуі және соның салдарынан өнімнің бәсеке қабілетсіздігі.

3. Әлем нарықтарындағы жағдайдың нашарлауы отандық өнімге сұраныстың әлсіреуіне және өнеркәсіп өндірісінің төмендеуіне алып келеді.




Негізгі мәселелер:

  • кәсіпорындардың көпшілігінің технологиялық жабдықтармен аз қамтылуы, негізгі өндіріс қорларының айтарлықтай ескіруі;

  • өндірілетін өнімге сұраныстың төмендеуі және өткізу нарықтарының азаюы; қазақстан нарығында көп жылдар бойы қытай, ресей және басқа да шетелдік өндірушілер өнімдерінің үстемдік етуі республикада бәсекеге қабілетті өнімді шығаратын кәсіпорындардың өнім жеткізулерін жөнге қоюды тежейді.

  • қолда бар өндіріс қуаттарының толық жүктелмеуі;

  • салаға салынатын инвестициялар тұрақсыз сипатқа ие;

  • облыстың жүйе құраушы кәсіпорындары шикізаттың, материалдар мен қызметтердің бір бөлігін шетелден сатып алады («Қайнар АКБ» ЖШС және екі темекі фабрикалары республикада болмауына байланысты, полипропиленді, конверт-сепарторды, Hammond кеңейткішін, паста жағылған қағаз, темекі емес материалдар, шылым құрамындағы никотин мөлшерін анықтау жөніндегі қызметтер және маркетингтік зерттеулер сияқты шикізатты, материалдар мен қызметтерді шетелден сатып алады).


Агроөнеркәсіп кешені

Ауыл шаруашылығы облыстағы халықтың жұмыспен қамтылған ең ірі секторы болып табылады (жалпы жұмыспен қамтылудың - 27,1%), 54 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары және 354 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары жұмыс жасайды.

Облыстың аграрлық секторы – көпсалалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының 30-дан астам түрі егіледі, ауыл шаруашылығы малдарының 45 түрі өсіріледі және 35 түрден астам өңделген азық-түлік тауарлары шығарылады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісі бойынша облыс республикада ең жоғары көрсеткішке ие – 425,3 млрд. теңге, бұл 202 жылғы деңгейден 1,2 есе артық. Өңір елдегі дәндік жүгері (үлестік салмағы – 62%), қант қызылшасы (38%) және майбұршақ (96%), көкөніс (27%), жеміс және жидек (37%), ет (19%), сүт (13%) жүн (22%) және жұмыртқа (23%) өндірісі бойынша алдыңғы орында.




Облыс бойынша өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі

Жалпы өнім өндірісінің құрылымында өсімдік шаруашылығы - 50,4%-ті, мал шаруашылығы – 49,2% және қызметтер 0,4%-ті алып жатыр.

Ауыл шаруашылығы өнімінің НКК қолайсыз табиғи жағдайлар салдарынан (құрғақшылық) 2012 жылғы 104,6%-тен 2014 жылы 101,6%-ке төмендеді, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 108,4%-тен 100,9%-ке. Мал шаруашылығы саласы бойынша жаңа объекітлерді енгізу есебінен өндіріс 100,5%-тен 102,0%-ке артты.

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі өңірлік бөліністе Еңбекшіқазақ (13,2%), Іле (10,1%), Қарасай (7,4%) және Талғар (7,3%) аудандар айтарлықтай үлестік салмаққа, ал Ақсу (3,6%), Балқаш (3,4%), Көксу (3,8%) және Қаратал (3,8%) аудандары төмен үлестік салмаққа ие.

Саладағы еңбек өнімділігі 2012 жылға қарағанда 36,8%-ке өсті.

АӨК мемлекеттік қолдау «АгроБизнес-2020» бағдарламасының аясында жүзеге асырылады, үш жылда 54,2 млрд. теңге бюджет қаражаты жұмсалды, оның ішінде саланы субсидиялауға – 45,1 млрд. теңге.

Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуі аясында 46,3 млрд. теңгеге 62 инвестжоба жүзеге асырылды, нәтижесінде ел ауыл шарушылығындағы инвестициялардың жалпы көлеміндегі облыстың үлестік салмағы 8,1%-ті құрады, бұл республиканың оңтүстік өңірлеріндегі ең жоғарғы көрсеткіш.

2014 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 13,5 млрд. теңге салынды, тағам өнімдерінің өндірісіне - 7,6 млрд. теңге немесе 2012 жылғы деңгейден сәйкесінше 3,1 млрд. және 1,8 млрд.теңгеге артық.

Ауыл шаруашылығына салынған инвестициялардың - 144,8%-ті, тағам өнімдерінің өндірісіне 147,1%-ті құрады.
Өсімдік шаруашылығы

Облыс мамандануының негізін дәнді дақылдар өндірісі құрайды, оның ішінде жүгеру, бидай, арпа, сондай-ақ күріш, техникалық дақылдар, картоп – көкөніс-бақша және жем дақылдары.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының орташа жылдық егістік алқабы 900 мыңнан астам гектарды құрайды (2012ж.- 889,7 мың, 2013ж. – 910,9 мың, 2014ж. – 921,1 мың га).

Дәнді дақылдар облыстың барлық өңірлерінде өсіріледі, үш жылдық кезеңде дәндік жүгері алқабы - 3,6 мың және арпа 27,3 мың гектарға кеңейтілді, күріш 2012 жылғы деңгейде сақталды, әртараптандыру мақсатында бидай егіні 32,9 мың гектарға азайтылды.

Жоғары пайдалалығын ескерумен май дақылдары 22,4 мың га кеңейтілді, егін құрылымында майбұршақ - 64%-ті, күнбағы – 16% және сафлор 20%-ті құрайды. Егістік алқаптарының негізгі көлемдері Алакөл (23%) және Сарқан (24%) аудандарында шоғырланған.

Қант қызылшасы Ақсу, Ескелді, Көксу, Қаратал және Сарқан аудандарында өсіріледі, егістік аталған дақылды өсірудің қиындығына байланысты 5,1 мың гектарға қысқарды.

Картоп және көкөніс-бақша дақылдарының егістік алқабы 3,8 мың га артты. картоп облыстың барлық өңірлерінде өсіріледі, бірақ негізгі өндірушілер болып Еңбекшіқазақ (барлық егіннің 15%-і), Райымбек (18%), Қарасай (11%) және Талғар (9%) аудандарының шаруа қожалықтары мен тұрғындары табылады.

Облыстың ең үлкен көкөніс алқабы Еңбекшіқазақ (29%), Іле (12%) аудандарында және Қапшағай қаласында (9%) шоғырланған.

Жыртылатын жерлер құрамындағы егістік айналымының үлесі 55,2%-ті құрайды.

Жылыжай шаруашылығы белсенді түрде дамытылуда, үш жылда 10 жоғары технологиялық объектілер іске қосылды және олардың жалпы алаңы 57 га жетті, негізгі үлесі (71%) Алматы қаласына жанасып жатқан аудандарда орналасқан. Сонымен қатар, жылыжай көкөністерінің өндірісі облыс және Алматы қаласы тұрғындарының қажеттілігін 56%-ке қамтамасыз етеді (2012 жылы - 26%).

Жеміс және жүзімдік өндірісі Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Панфилов және Ұйғыр аудандарындағы шаруашылықтарды және аз ғана көлемде Сарқан, Алакөл, Ескелді аудандарында шоғырланған. Жалпы жеміс-идек дақылдарының және жүзімдіктердің жеміс беретін көпжылдық көшеттерінің алаңы 18,9 мың га құрайды.

Апорт – Жетісу аймағының символы, облыста 1837 апорт бақтары бар, оны өсірумен 154 шаруашылық айналысады. Үш жылда 614 га Апорт бақтары отырғызылды (2012 жылы– 135 га, 2013 жылы – 245 га, 2014 жылы – 234 га).

Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау базасы нығайтылуда, 2012-2014 жылдары 21,1 мың тонналық 8 жеміс-көкөніс қоймасы енгізілді, облыс бойынша жалпы сақтау қуаты 165,0 мың тоннаны құрайды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде ресурс үнемдеу технологиялары енгізіледі, 2012 жылмен салыстырғанда тамшылап суаруды және жауын жүйесін қолдану алаңдары - 2,3 есе, ылғал үнемдеу технологиясы 15%-ке өсті.

Өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірісі түрлері бойынша келесі көрсеткіштермен сипатталады:

Өнім түрлері

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2012 ж. қарағанда 2014 жылы

%

+,-

Дәнді дақылдар барлығы

1 068,9

1 152,7

1 091,6

102,1

22,7

Қант қызылшасы

121,2

94,9

30,8

25,4

-90,4

Май дақылдары

217,7

245,1

259,1

119,0

41,4

Картоп

636,6

654,0

682,8

107,3

46,2

Көкөністер

842,7

895,6

932,4

110,6

89,7

Бақша дақылдары

95,7

99,3

104,2

108,9

8,5

Жеміс-жидектер

65,7

70,9

84,6

128,8

18,9

Жүзім

17

17,3

17,9

105,3

0,9

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығына мамандану ет-сүтті мал шаруашылығынан, жұқа терілі қой шаруашылығынан, өнімді жылқы шаруашылығынан, түйе шаруашылығынан, өнеркәсіптік шошқа шаруашылығынан және құс шаруашылығынан тұрады.

Облыс республикада ірі қара мал басының, жыл және құс саны бойынша бірінші орынға, қой мен ешкі бойынша екінші орынға ие.

Етті мал шаруашылығы Панфилов (Санта-гертруда барлық мал санынан – 63%), Балқаш (Қазақ ақ бас - 60%-ке дейін) және Қаратал (Қазақс ақ бас - 38%-ке дейін) аудандарда айтарлықтай таралған.

Сүтті мал шаруашылығында негізгі тұқым болып Алатау (80%), Қара-ала (12%) және Айршыр (4%) тұқымдастары табылады, бұл тектес малдарды өсірумен Алакөл, Қарасай, Талғар, Іле, Ескелді, Еңбекшіқазақ, Қаратал және Көксу аудандарының таулы аймақтары айналысады.

Облыстың қой шаруашылығы үш бағыттан тұрады: жұқа терілі, жартылай жұқа терілі және ет-майлы. Қазақ жұқа терілі қой басы облыстың барлық аудандарында өсіріледі (75%), Қазақ архармиронос (12%) – Райымбек және ет-майлы қой басы Жамбыл және Балқаш аудандарында өсіріледі.

Шошқа шаруашылығында негізгі тұқым болып, Талғар, Қаратал, Ескелді және Іле аудандарына өсірілетін ірі ақ түрі табылады.

Жылқы шаруашылығында облыстың барлық аудандарында табындық жылқы шаруашылығы дамыған, Жамбыл, Талғар, Қарасай аудандарында - таза қанды шабынды, таза тұқымды араб жылқылары өсіріледі.

Облыста Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл және Іле аудандарында асыл тұқымды түйе шаруашылығы дамытылуда.

Өнеркәсіптік негізде құс шаруашылығымен Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Ұйғыр аудандары және Талдықорған қаласы айналысады.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында ІҚМ сатнының үлесі - 42,6%-ті, ҰМ 49,7%-ті құрады немесе 2012 жылға сәйкесінше 6,5%-ке және 2,4%-ке артты.

2012 жылмен салыстырғанда мал басының саны, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімінің өндірісі орташа есеппен 4,1%-ті құрады.


Құс саны мен ет өндірісінің төмендеуі «ҚазРосБройлер» АҚ-ның құс фабрикасының уақытша тоқтауымен түсіндіріледі.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша облыс Қазақстан бойынша бірінші орынды иеленеді, 508 субъект жұмыс жасайды. Барлық мал санының санынан асыл тұқымды уыл шаруашылығы малдарының үлестік салмағы ІҚМ бойынша - 18,0%, қой – 22,3%, шошқа – 40,4%, жылқы – 14,6%, түйе – 47,4% және құс бойынша 7,3%-ті құрайды.

ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасының аясында 12,9 мың мал орнынан 33 жемдеу алаңы, 7877 басқа арналған 9 репродуктор-шаруашылықтары, 19,5 мың басқа 343 фермерлік шаруашылықтар құрылды. Ресей Федерациясының Алтай аймағындағы Барнаул қаласына 20 тонна сиыр еті экспортталды.

Аналық мал басының ІҚМ тұқымдық өзгертуге қатысу үлесі - 19,0%, ҰМ 20,0%-ті құрады.

«Алтын асық» қой өсіретін шаруашылықтарды несиелендіру бағдарламасы бойынша 12,0 мың бас аналық қой, сондай-ақ «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы өсіретін шаруашылықтар 1411 бас бие сатып алды.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша 5 отбасылық фермалар құрылды, Талғар ауданында 800 басқа арналған «Амеран» ЖШС-нің мегафермасы іске қосылып, Еңбекшіқазақ ауданында «Адал» АӨК» АҚ-ның 1200 басқа арналған үлгі фермасы кеңейтілді.

Облыстың жемдік базасының негізін жайылымдар мен шабындықтар, егіндік жем өндірісі құрайды. Талданатын кезеңде жем дақылдарының егістігі 6,4%-ке кеңейтілді (жалпы алаңы - 233,8 мың га). Жайылымдар алағы 6882 мың га құрайды, оның ішінде жақсартылғаны – 36,6 мың га, суландырылғаны – 5430,2 мың га. Табиғи жайылым шаруашылықтарының құрамында жайылым айналымының үлесі - 21,7%.

2014 жылы жайылымдарды суландыру үшін 32 құдықтарда құрылыс-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Қайта өңдеу

Облыстың тағам саласын дамыту үшін айтарлықтай әлеуеті бар. өндірістер облыстың барлық өңірлерінде орналасқан.

2012-2014 жылдары 46 жаңа объектілері іске қосылып, 19 өндіріс кеңейтілді, азық-түлік өнімдерін өндірумен барлығы 580 кәсіпорын айнлысады, олардың үлесіне облыстың өнеркәсіп көлемінің 61%-ті және өңдеу өнеркәсібінің 71%-ті келеді.

Халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сапа сертификаттары (ИСО, ХАСПП) 40 кәсіпорында енгізілген.

Тағам өндірісі 2012 жылғы деңгейге қарағанда 1,2 есе артып, 325,6 млрд. теңгені құрады, азық-түлік құрылымы:

Негізгі азық-түлік түрлері бойынша ішкі нарықтың отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілуі 90%-тен астам:



Атауы

Өндіріс, тонна

Экспорт, тонна

Импорт, тонна

Ішкі тұтыну

Ішкі нарықтағы өнімдер үлесі, %
















отандық

импорт

ұн

117301

35162

1

82140

100,0

 

өсімдік майы

5429

189

55

5295

99,0

1,0

қант

25371

71

10393

35693

70,9

29,1

картоп

682843

 

243

683086

100,0

 

пияз

230456

3471

853

227838

99,6

0,4

сәбіз

94254

 

22

94276

100,0

 

қызанақ

170017

 

1373

171390

99,2

0,8

қияр

95380

 

476

95856

99,5

0,5

жеміс-жидектер

84624

 

2891

87515

96,7

3,3

сиыр еті

64251

20

89

64320

99,9

0,1

қой еті

25510

 

0

25510

100,0

 

құс еті

62851

251

37

62637

100,0




жұмыртқа, мың дана

980286

650

204

979840

100,0

 

өңделген сүт

80032

396

13227

92863

85,8

14,2

кілегей майы

436

 

1449

1885

23,1

76,9

ірімшік және қатық

5424

272

6264

11416

45,1

54,9

шұжық өнімдері

690

 

1

691

99,9

0,1

Соңғы үш жылда АӨК өнімдерінің импорты жеміс-көкөніс өнімдерін әкелу қысқаруы себебінен 9%-ке азайды (2012 ж.– 388,3 млн. АҚШ $, 2014ж.- 353,9 млн. АҚШ $), сүт өнімдері мен темекі жеткізулерінің есебінен экспорт 15%-ке артты (2012 ж.– 388,3 млн. АҚШ $, 2014 ж.- 353,9 млн. АҚШ $).

Сонымен қатар, азық-түлік тауарларының жыл сайынғы өсіміне қарамастан, ауыл шаруашылығы шикізатының негізгі түрлерін өңдеу деңгейі және тағам кәсіпорындарының жүктемесі төмен болып отыр:



Ауыл шаруашылығы шикізаты

Кәсіпорындар

Деңгейі, %

Ірі кәсіпорындардың атауы

Саны, бірлік

Қуаты, мың тонна

өңдеу

жүктемесі

Бидай

83

465,0

94,3

44,2

Қапшағай қ. «АгроФуд» ЖШС,

Іле а. "Байсерке Агро" ЖШС



Жүгері

3

24,0

29,0

50,0

Қарасай а. "АзияАгроФуд" ЖШС,

Панфилов а. «Жаркент крахмал-Сірне зауыты» ЖШС



Күріш

22

37,7

29,9

11,0

Қаратал а. «Үштөбе күріш өңдеу зауыты» ЖШС, Балқаш а. «Агрофирма Өтес» ЖШС

Қант қызылшасы

2

468,0

-

3,4

Көксу а. "Көксу Шекер" ЖШС,

Ескелді а. «Алматы қанты» ЖШС



Көкөністер және жемістер

8

33,9

12,4

62,6

Еңбекшіқазақ а. "ГолдПродукт" ЖШС, «Есік жеміс консервілеу зауыты»ЖШС, Қапшағай қ. "СД и КО" ЖШС

Жүзім

8

85,0 млн.литр

52,0

11,0

Еңбекшіқазақ а. "ГолдПродукт" АҚ, «Есік Шарап зауыты» АҚ

Май дақылдары

45

113,0

64,3

37,0

Іле а. «Сары бұлақ» ЖШС, «Көксу а. «Уыз Май Industry» ЖШС

Сүт

19

150,0

45,9

82,4

Еңбекшіқазақ а. "Фудмастер" АҚ, "АПК Адал" ЖШС, Іле а. "Райымбек Агро" ЖШС, Қаратал а. "ҮштобеАйдын" жШС, Талдықорған қ. "Lactis LTD" ЖШС

Ет

15

4,0

35,6

64,7

Талдықорған қ. "Талсай Ет" ӘКК, Талғар а. "Самрұқ өнімдері" ЖШС

о.і.

құс еті


9

84,6

73,4

71,5

Жамбыл а. "Сұңқар" ЖШС, Іле а. "Алатау Құс" АҚ

Өндірістерді ірілендіру ұсақ тауар өндірушілерді кооперациялау есебінен жүргізіледі, облыс бойынша 129 бірлестік жұмыс жасайды (10 ауылдық тұтыну кооперативтері, 17 ауылдық несиелік серіктестіктер, 12 сервистік – дайындау орталықтары және 90 су пайдаланушылар кооперативтері), олардың қатысушалыр болып 11546 АӨК субъектілері табылады немесе облыстың барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерінің - 23%.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет