Оқу мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін бағдарламада кодтау енгізілді. Кодта бірінші сан сынып, екінші – бөлім және бөлімше, үшінші сан – бөлімше, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көр- сетеді. Мысалы, 1.2.1.4 кодтамасында "1" – сынып, "2.1" – бөлімше, "4" – оқу мақсатының нөмірленуі.
Түзету-дамыту және білім беру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатта- ры пәндік сипаттағы білім мен іскерлікті қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар оларды нақты тәжірибеде қолдануға, сөйлеу іс-әрекетінің түрлері мен коммуникативтік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ өмірлік құзыреттілікке қатысты. Мұғалім нақты оқу процесінде сынып оқушыла- рының құрамын ескере отырып, оқу материалының күрделілігін, тереңді- гін және көлемін реттеуге құқылы.
Кесте 2. Мен және қоғам
Достарыңызбен бөлісу: |