Қоршаған айналаны оқыту әдістемесінің дамуына Қазақ- стандық әдіскерлердің қосқан үлесі.
Адам мен табиғаттың біртұтастығы жайында пікір айтып, ұлағатты тұжырымдарын қалдырған қазақ ағартушы – ойшылдарымыз аз болған жоқ. Соның ішінде Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханоов, Ыбырай Алтын- сарин, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтардың жастардың дү- ниетанымын кеңейтуге қосқан үлесі зор, жеке зерттеулерді қажет етеді.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) – қазақтың аса көрнекті ағартушы- сы, педагог, жазушы. Баланы оқыту, тәрбиелеу жұмысында дүние жүзі педагогика сыныпсиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа ала, қа- зақ даласында оларды оқу-ағарту практикасына енгізген тұңғыш педагог. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту жайында пікір айтумен ғана шек- телмей табиғат пен адам тіршілігінің байланысын ашатын материал- дарды оқу-әдістемелік құралдарға енгізді. Оның: «білім дегеніміз өзімізді қоршаған шындықты танып білу» – деген пікірінен көрінеді. Ғылым негізін балаға өте қызықты, түсінікті етіп оқытуға ерекше көңіл бөліп, орыс тілі, арифметика, табиғаттану сабақтарына сөзді бір тілден екінші тілге ауда- руға көп көңіл бөлді. Ол өзінің әдеби шығармаларымен тіршіліктің өзекті проблемаларын көтерді. Оның лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгі- мелері, мақалалары, табиғат туралы өлеңдері оқыту үрдісінде мәні зор.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) – қоғам қайраткері, ағартушы-педа-
гог, жазушы. Ол 1926 жылы жазған «Әдебиет танытқыш» еңбегінде сезі- ніп, көріп жүрген нәрселеріміз табиғат заттары, адам қолымен жасалған заттарға адамның өнері, білімі, күші жұмсалғанын, яғни жасанды заттар даярлауға білім керек екендігін айтады.
Балаларға білім берудің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Сондықтан «Адамға тіл, құлақ, қандай керек болса, бастауыш мектеп те үйрететін білім де сондай керек» – деп жазды ол. Бастауыш мектептің 5 жылдық болуын, алғашқы 3 жылын – қазақша, 2 жылын орысша оқыту керек деп ұсыныс берді. «Мектепке керектер» деген мақаласында: «...ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керекті құралдар, қолайлы пән сайлы болу керек, құралсыз іс істелмейді, пән құралдары қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші, мектепке керегі белгіленген про- грамма (бағдарлама). Әр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі, я мерзімді өлшемі болуы керек...» деп оқытудың дидактикалық принцип- терін тұңғыш ғылыми тұрғыда айқындап берді.
А.Байтұрсынов қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқы- тылуы керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндерді оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, жағрафия, қоршаған айналаны болуы
керек екендігін нақтылап көрсетеді. Оның «Тіл құралы», «Әдебиет таныт- қыш», «Оқу құралы», «Маса» т.б. еңбектері оқыту үрдісінде әлі пайдала- нып келеді.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – қазақтың кемеңгер ұлы ақыны. Ол 1922 жылы «Педагогика» оқулығын жазып мұғалімдер қауымына ұсын- ғанда «Шамам келгенше қазақ қанына қабыстыруға тырыстым» – деп басталады. Бұл дегеніміз қазақ балаларын оқытып, тәрбиелеуге өз тілімізде, қазақи нақышта жазылған оқулықпен ғана ұтымды нәтижеге жететінімізді мегзейді.
«Ұғымның пайда болуы және оның сөз ретінде сыртқа шығуы қорша- ған дүниемен бала үнемі кездесіп, сезініп, қабылдауынан барып пайда болады» – деп жазады.
Пайымдаудың сенімге негізделетінін, ал сену үшін ол заттың қорша- ған дүниеде болу керектігін, сол жағдайда ғана қабылданған зат не құбы- лыс туралы пікір айтуға мәжбүр ететіндігі жайындағы қағидасы оқушы- ларға қоршаған ортадан білім беруде ең тиімді және тірек етуге тұрарлық психологиялық процесс екендігін көрсетеді.
Дүниетанудан білім беру барысында үнемі бар заттар мен құбы- лыстарға, байқалатын байланыстар мен қатынастарға сүйеніп, оқушы- лардың сенімін арттыру арқылы ғылыми ұғым беріп, соның нәтижесінде барып олардың ой қорытуына жағдай жасалады. «Бала бір затпен таны- сатын болса, сол зат туралы сөйлеп ғана қоймай, алып келіп көрсет, көр- сетіп ғана қоймай, сол заттың суретін салдыр, суретпен ғана қанағат- танбай, балаларға балшықтан сол затты жасат, сонда әсердің күшті болып, іскерлікке дамытудың бір шарты осы» – дейді ол. М. Жұмабаев- тың бұл пікірі осы кезге дейін құнын жоймай келеді.
Қазіргі таңда дамыта оқыту үрдісін қамтамасыз ету үшін оқушылар- дың ойлау қабілетін, қиялын жетілдіру, шыңдау мақсаттарын жүзеге асыруда. М.Жұмабаевтың бүкіл педагогикалық, психологиялық еңбекте- рінің мәні зор. Оқушылардың ойын дамыту жолдарын талдаған қағида- лары да осы заман талабына сәйкес келіп отыр.
«Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, қиял жүргізу арқылы бір затты тү- гелімен білеміз» – десе, балада болатын сезімдер әсерін талдай келіп, сыртқы дүниені, заттың, құбылыстың ішкі сырын білудің бірден – бір жолы – бала сезіміне жол табу керектігін айтады. Барлық білімнің төрт- тен үш бөлігін көру сезімі арқылы аламыз. Басқа сезімдер арқылы алған әсерленуді көру арқылы анықтауға ұмтыламыз.
Сондай-ақ «Есту сезімі өте құдіретті. Бізді сыртқы жаратылыспен таныстыратын да осы есту сезімі. Біз егер жануарлардың шуылын, бұлт- тың күркіреуін, судың сылдырын, жаратылыстың тағы басқа дыбысын, үнін естімесек, жаратылыс бізге мылқау болып көрінер еді» – деген пікір- лері қазіргі ғалымдардың оқушыларды психологиялық ерекшеліктерін зерттеу барысындағы пікірлерімен астасып жатады.
М. Жұмабаев: «Ой – ұғымдар жиынтығы болса, ұғым ойдың ісі екенін, ұғымды оймен ғана жасауға болатынын» да психологиялық тұрғыда талдайды.
«Ғылыми деректер арқылы ғана жастардың дүниетанымын қалып- тастырып қоймай ортаның бүкіл тамашасынан білім бере білу керек» – деп насихаттайды.
«Табиғат пен адамның жан дүниесі бірге өріліп, бірге астасып жатады» – дейді. Міне, М.Жұмабаев еңбектеріндегі осы сияқты педаго- гикалық, психологиялық қағидалары дүниетануды оқытудың теориялық, әдістемелік негізін құрайды.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) – қоғам қайраткері, қазақ топыра- ғында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдары саласын- да қалам тартқан, құнды ғылыми еңбектер жазған, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
1929 жылы «Комплекспен оқыту жолдары» атты әдістемелік нұсқау жазады. Мұнда мектептегі оқытудың жаңара бастаған жүйесін айтып,
«ендігі тиімді жол – оқушыларға күнделікті өмірден, қоршаған ортадан, елдің жаңарған тұрмысынан білім беру» – деп, оқыту мазмұнына арналған тақырыптар ұсынады.
Ол «Табиғат зор тұтас әлем, одан тысқары ештеме болуы мүмкін емес» – дей келе «кез-келген фактіні толық зерттеп білгіміз келсе, оны бақылау керек. Бақылау арқылы ұғым пайда болады. Ұғымның пайда болу жолдары сол көргендерін іріктеу, үйлестіру» – деп көрсетті.
Ж. Аймауытов бастауыш мектепке арнап оқулық, әдістемелік нұсқау жазды. Балаларды оқытқанда оларға затты, құбылысты көрсете, бақы- лата отырып, сондай-ақ табиғат аясында берген білімнің тиянақты да мәнді болатынын насихаттады.
Ж. Аймауытовтың психологиялық зерттеулері дүниетаным проблема сына тікелей байланысты. Сезіну мен қабылдауды ғылыми тұрғыда дәлелдей келіп, «Адамның бар қылығы денеде болатын өзгеріс есебінен туады» дейді.
Қазіргі таңда бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесін зерттеушілер, қомақты еңбектер жасап өздерінің елеулі үлестерін қосып жатқан ғалым-әдіскерлер Қ.Аймағанбетова және К.Жүнісқызын айтуға болады.
Қазна Аймағамбетова (1937) – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қ. Аймағамбетқызының ғылыми зерттеу бағыты: бастауыш буында білім берудің әдістемесін және оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын жетілдіру мәселелері; жоғары білім берудің әдістемесін жа- сау; студенттерге арналған оқулықтар мен көмекші құралдарын жазып, жас өспірімдерді білім беруге керекті оқу-әдістемелік кешендермен қам- тамасыз ету болды.
Қ. Аймағамбетова 1968 жылы Республикада ең алғаш жазылған 2- сыныпқа арналған «Табиғаттану» оқулығының авторы. Бұл оқулығы сол кездегі Одақтас республикалар бойынша ана тілінде жарық көрген
алғашқы оқулықтар қатарында болып, 3 жыл бойы ВДНХ (Москва) көр- месінде тұрды. Осы жылдардан бастап «Табиғаттану», «Дүниетану»,
«Айналамен таныстыру», «Қоршаған орта» т.б. еңбектері қырық жылға тарта Қазақстан мектептерінің қолданысында жүр.
Қ. Аймағамбетова 1970 жылы «Бастауыш сыныптарда Қазақстан тірі табиғатын оқыту» бағытындағы диссертациялық ғылыми зерттеу жұмы- сын аяқтап, кандидаттық диссертация қорғап, ал 1997 жылы «Бастауыш сыныптағы дүниетануды оқытудың теориялық және әдістемелік негізі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғайды.
2003-2004 оқу жылында Қ. Аймағамбетованың басшылығымен 12 жылдық білімнің бастауыш буындарына арналған білім стандарты бағдарламасы және 1-4 сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері жарық көріп, мектептерде эксперименттік байқаудан өтуде.
2004 жылы «Бастауышта дүниетануды оқытудың теориялық негізі» атты монография жазған.
2005 жылы «Бастауышта дүниетануды оқытудың негіздері» атты оқу құралы жарық көрді.
2006 жылы «Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» атты оқулық пен «Дүниетану негіздері жәнедүниетануды оқытудың тео- риясы мен технологиясы» деген оқу құралы баспадан шыққан.
Қ. Аймағамбетқызының мектептегі білім беру мен сол мектепке ма- ман дайындауды байланыстыра отырып, бастауыш сынып пен мектепке дейінгі тәрбие мәселелерін сабақтастыра зерттеуіжоғарыдағы еңбек- терінен байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |