Алшынбаева Сабира Сериковна


Өз-өзін бақылау сұрақтары



бет9/38
Дата18.05.2022
өлшемі326.83 Kb.
#457092
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Диссер Алшынбаева Сабира

Өз-өзін бақылау сұрақтары:


    1. «Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі» пәнінің тарихына қысқаша шолу жасаңыз.

    2. «Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі» пәнніне үлес қосқан педа- гог-ғалымдар кімдер және олардың еңбектеріне тоқталыңыз.

    3. «Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі» пәніне Қазақстан Респуб- ликасының ғалым әдіскерлерінің еңбектері жөнінде не айтасыз?

    1. Қоршаған айналаны оқыту әдістемесінің жалпы ғылыми әдістері мен қағидалары


Жоспары:


  1. Әдіс -педагогикалық категория ретінде

  2. Оқыту әдістерінің сипаттамасы

  3. Қоршаған айналаны оқыту әдістемесінің қағидалары



    1. Әдіс - педагогикалық категория ретінде


Әдіс – грек сөзі, тікелей аударғанда зерттеу жолы, қандай да бір мақсатқа қол жеткізу, нақты міндетті шешу тәсілін білдіреді. Оқыту
әдістемесінде әдіс деп әдетте оқу пәнін меңгеруді қамтамасыз ететін тәсілдердің, теориялық және практикалық іс-әрекеттердің жиынтығы.
Оқыту әдісі дегеніміз ол мұғалімнің мектеп оқушыларының танымдық қабілетін дамытып, көзқарастарын қалыптастыратын және оларды өмір сүруге дайындайтын білім, іскерлік және дағды беру әдістері. Оқыту әдістері оқушыларға жаңадан білім беруде, бұрын алғандарын бекітуді қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде олар мұғалімнің басшылығымен ғылым негіздерін игереді. Оқушыларға, біржағынан әдістердің қай- қайсысы болса да, біріншіден, мұғалім баяндап берген даяр білімді игеруге; екіншіден, мұғалімнің басшылығымен өздігінен жұмыс істеуге көмектеседі. Белгілі бір әдіс сабақтың мақсатына, оқу материалының мазмұнына және танымдық іс-әрекеттің сипатына байланысты әртүрлі бағыт, түрліше күрделілік дәрежесіне ие болады.
Бастауыш сыныптарда бір сабақта бір ғана әдіс қолдану сирек пайдаланылады, керісінше бір әдіс екінші әдіспен үйлестіріліп отырылуы шарт. Білім беру мақсаттарына нәтижелі қол жеткізу үшін әдістердің қайсысы неғұрлым тиімді екенін анықтап алу қажет.
Оқыту әдістерін жіктеп, топтауға негізгі дидактикалық белгілері алынады. Бүгінде дидактикада таңдап алынған белгілердің негізінде бірнеше әдістердің жіктеу тобын бөліп көрсетеді. Мысалы; оқушылардың танымдық деңгейі бойынша, мұғалімнің білім берудегі іс-әрекетінің сипатына, білім алу көзіне байланысты топтап, жіктелгені белгілі.
Оқыту әдістерінің негізгі сыныпсикалықмынадай тобы белгілі;

  1. Сөздік әдістері (баяндау немесе түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс);

  2. Практикалық әдістері (бақылау әдісі, зерттеу әдісі, жаттығу әдісі, практикалық жұмыстар, зертханалақ жұмыстар, дидактикалық ойындар);

  3. Көрнекілік әдістері (иллюстрация түрі – плакаттар, кестелер, су- реттер, карталар, бейнелер, муляждар, макеттер және демонстрация түрі-тәжірибелер, телекөрсетілімдер, бейнефильмдер, кодопозитивтер, компьютерлік бағдарламалар).

Әр әдістің өзіне тән қолдану ерекшіліктері бар. Айталық, сөздік әдістерді қолдануда оқушылардың білімалу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады.
Білім көздері бойынша бөлінген оқыту әдістері оқып – үйрену кезінде бір-бірін толықтырады және жүйе құра отырып, өзара әрекет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет