Алшынбаева Сабира Сериковна


Қоршаған айналаны оқыту әдістемесін оқытудың тәжіри- белік әдістері



бет28/38
Дата18.05.2022
өлшемі326.83 Kb.
#457092
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
Диссер Алшынбаева Сабира

Қоршаған айналаны оқыту әдістемесін оқытудың тәжіри- белік әдістері


Көрнекілік және ауызша әдістерден оқытатын нысандары жағынан айырмашылығы географиялық шындық пен олардың үлгілер жағынан айырмашылығы бар. Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсіл- дермен іске асса да, оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
Тәжірибелік әдіс. Оқушылардың қабілеттілігін дамытуда маңызы зор әдістердің бірі. Бұл әдіспен сабақ өткізген кезде ол күрделі, өзара бай- ланысып жатқан сөйлеу, көрнекілік және практикалық әдістердің қол- данылуы арқылы іске асырылады. Әдісті жүргізілуге берілген тапсырма- лардың өзінің де оқу-тәрбиелік маңызы зор. Бұл әдіспен сабақ өткізу ұстаз жағынан өте тиянақты дайындықты, оның ұйымдастырушылық қабілеттілігін талап етеді.
Өткізілген сабақтың нәтижесі де басқа әдіспен өткізілген сабақтарға қарағанда ерекше болады.
Тәжірибелік сабақ кезінде оқушылардың танымдылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін бес кезеңнен өткізу арқылы көруге болады.

  1. Оқытушы түсінік береді. Бұл кезең жұмыстың мазмұнын теориялық тұрғыдан ойлануы.

  2. Көрсету. Бұл кезең нұсқау береді.

  3. Сынақ кезеңі. Бұл кезеңде екі-үш оқушы берілген жұмысты орын- дайды, алқалғандары іс барысын бақылап, оқытушының нұсқауымен жі- берілген қателіктеріне ескертулер жасайды.

  4. Жұмысты орындау. Бұл кезеңде әр бір оқушы берілген тапсырма- ны өз бетінше орындайды. Оқытушының назары жұмысты нашар орын- даушыға көп бағытталады.

  5. Тексеру. Бұл кезеңде орындалынған тапсырманы қабылдап, оған баға беріледі. Сапасына, уақытты дұрыс пайдалана білуіне, оның дұрыс орындалып, нәтижесі бойынша жасалынған қорытындысына тиісті баға- сын береді.

Мектептегі оқытуда оқу пәнінің көлемін бекітумен қатар және сабаққа қажетті материалдарды іріктеуде оқыту әдістерінің маңызы зор. Оқу маз- мұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алынған оқы- ту әдісі сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Мұндай әдістер ой мен түсінікті дамытуға және білімді жақсы меңгеруге ықпал етеді.Сонымен қатар тәрбиелік әсер береді. «Метод в самом общем значении – способ достижения цели, определенным образом упорядоченная деятель- ность».
Тәжірибелік әдістерге: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары жатады.
Тәжірибелік әдістер-оқушылардың сабақта алған теориялық білім- дерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақса- тында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.
Оқытудың негізгі дәстүрлі әдістерімен қатар мұғалім оқушылармен бірігіп сабақта, оқу-тәжірибе участогінде оқу приборлары және техника құралдары көмегіне сүйеніп, оқу тәжірибелерін жүргізеді.
Оқытудың зертханалық тәсілін негізінен биология, химия, физика пәндерінде жиі қолданылады. Аталған пәндердің мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етеді.
Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындауы арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы оқушылардың бәрі бірыңғай тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылар орын- дағанда әрқайсысының жасайтын тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады.
Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тәжі- рибе учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді.
Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және оқушыларды қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құ- ралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстырады.
Өткізу барысында мұғалім әр оқушының қойған тәжірибесін мұқият бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.
Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады. Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден, ұжымдық түр- де орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі,Үшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалімнің өзі жи- нақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндай- ды.
Графикалық жұмыстар барлық пәннен орындалады. Бұған кестелер жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу секілді оқушылардың әрекет- тері жатады. Графикалық жұмыстар география мен тарих, сурет сабақ- тарында кеңінен пайдаланылады.
Тәжірибелік әдістерді қолдану оқушылардың рецепторлары мен эффекторларының белсенді іскерлігімен, сонымен қатар олардың жалпы жұмыс белсенділігінің дамуына байланысты.
Тәжірибелік әдістердің тапсырмаларын орындаудың оқыту-тәрбие- леу қатынасында маңызы зор. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушы- лар бұрын алған білімдерін қолданады. Сол кезде оқушылардың ойлары механикалық емес, білімге негізделе дамиды. Дәл осы жағдайда тәжіри- белік әдістер білімнің қайнар көзі болады. Алайда бұл әдістерді қолдану оқытушыдан ойластырылып ұйымдастырылған сабақты талап етеді. Себебі, оқушылардың жұмысына жетекшілік ету өте ауыр.
Тәжірибелік әдістердің түрлеріне жататындар:

  • табиғи объектілерді тану және анықтау жұмыстары;

  • құбылыстарды байқау және тіркеу;

  • тәжірибені өткізу (сұрақты тәжірибе арқылы шешу).

Осылайша біз тәжірибенің оқыту әдісіндегі орнын анықтадық.
Тәжірибе эксперимент жасанды түрде жасалынған жағдайда, ал денеге әртүрлі табиғат әсерлері кешенді кешенінен, белгілі бір оқшауланған факторлардың әсері анықталды.
Тәжірибе көп жағдайда физиологиялық процестерді зерттеу үшін өткізіледі. Тәжірибе ұзақ және қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Қысқа мерзімді тәжірибелерге мысал ретінде ботаника сабақта- рында жүргізілетін тұқымның құрамын анықтау, топырақтың физикалық қасиеті, жапырақта крахмалдың түзілуі және т.б. жатады. Қарапайым же- ңіл тәжірибелерді оқушылар үйде орындайды. Оларға тұқымның өнуі, жапырақтан судың булануы жатады. Адам физиологиясы курсындағы қысқа мерзімді тәжірибелерге сілекейдің және асқазан сөлінің бөлінуін атап кетуге болады. Биологиялық тәжірибелер ұзақ мерзімді талап етеді, сондықтан сабақта оны толығымен орындамайды, тек оның қойылуы мен қорытындысын көрсетеді.
Жалпы биология бойынша әртүрлі экологиялық факторлардың ағза- ларға әсерін анықтау үшін, жануарларды будандастыру үшін ұзақ мер- зімді тәжірибелер қойылады (лабораториялық тышқандар, алтынтүстес хомяктар, көгершіндер).
Тәжірибелік жұмыстарды оқушылар сабақтан тыс (жеке немесе топтасып) тірі табиғат бұрышында немесе мектептің оқу-тәжірибелік участкесінде өткізеді.
Тәжірибенің көпшілік алуан түрі оқу-тәжірибелік учаскеде өтеді. Олар негізінен ұзақ болады және барлық вегетациялық кезеңді алады, яғни бүкіл жаз бойы.
Оқушылар алдына тәжірибенің және бақылаудың қорытындыларын салыстыру арқылы сұрақтар және тапсырмалар қойылады (тәжірибелік және бақылаулық өсімдіктер немесе жануарлар бірдей жағдайға қойыла- ды, тек сынаққа алынған біреуінен басқасы). Тәжірибе кезінде бақылау- ларды нақты өлшеу арқылы өткізеді. Әсіресе, бақылаулардың және тә- жірибелердің қорытындыларын арнайы кестелерге дұрыс тіркеудің ма- ңызы зор. Себебі, бұл кестелер тәжірибелік және бақылаулық өсімдіктер- дің дамуы мен өнімділігінің көрсеткіштерін салыстыруға мүмкіндік береді. Тәжірибелерді қою оқушыларды ойының тәртіптілігіне, нақтылыққа, мә- дениеттілікке, зерттеулердегі сенімділік пен шынайылыққа үйрету керек.
Оқушылар тәжірибе қоюға үйде және тірі табиғат бұрышында қара-
пайым тәжірибелер қоюдан үйренеді. Сол арқылы мектеп оқу-тәжіри- бесіндегі күрделі де, ұзақ тәжірибелерге дайындалады.
Жануарларға қойылған ұзақ мерзімді тәжірибелер мен бақылаулар олардың қылықтарына байланысты. Омыртқалылардың шартты реф- лекстеріне жүргізілген бақылаулары алуан түрлі. Бұл жұмыстарды да сабақтан тыс өткізсе, қорытындыларын сабақта қолданады.
Әр тәжірибелік әдістер (анықтау және тану жұмыстары, бақылау жүргізу, құбылыстарды тіркеу, тәжірибе қою) бірнеше сатылардан өтеді.
Тәжірибелік жұмыстардың сатылары:

  1. Жұмыстың мақсатын айқындайтын сұрақ;

  2. Техникалық және ұйымдастырушылық нұсқау;

  3. Жұмыстың орындалуы (анықталуы, бақылау, тәжірибе қою);

  4. Нәтижелерді тіркеу (жұмыстың орындалуымен қатар жүреді);

  5. Қойылған сұраққа жауап беретін қорытындылар;

  6. Сабақта өз жұмысының нәтижесі жөнінде хабарлау немесе есеп беру.

Оқушылардың іс-тәжірибелік жұмыстары белгілі жағдайда деректер- мен расталса мазмұнына қарай дедуктивті құрылуы мүмкін немесе жал- пы пікір ретінде қорытынды жасалса, яғни индуктивті құрылуы мүмкін. Өсімдіктер мен жануарларды және олардың мүшелерін тану дедуктивті құрылады. Тәжірибе - әрқашанда индуктивті; анықтау және бақылау бой- ынша жұмыстар келесі тіркеумен индуктивті және дедуктивті болуы мүмкін.
Тәжірибеде кез-келген әдістер тәсілдермен оқыту арқылы жүзеге асады. Әдістемелік тәсілдер-оқыту үрдісіндегі мұғалім мен оқушылардың бөлек әрекеттерін көрсететін әдістердің элементтері. Олар логикалық, ұйымдастырылған және техникалық сипатта болуы мүмкін. Әрбір тәжіри-
белік жұмыстардың түрлерінде алдын-ала зерттеу жұмыстары мен тәжі- рибелік және бекітуші түсініктерді ажырта білу керек.
Біріншісі оқушыларға сұрақты меңгергенге дейін беріледі. Оқушылар жұмыс барысын қойылған тапсырмалар арқылы орындайды. Жұмыстың қорытындылары сабақта көрсетіліп, талқыланады.
Екіншілері сұрақты меңгергеннен жүргізіледі және оқушылар теория- лық білімдерін тәжірибеде қолданады.
Дұрыс өткізілген тәжірибелік жұмыстар оқушылардан логикалық тал- дауларды жасауды талап етеді: ұқсастық пен айырмашылықты көрсету, классификация, қорытынды, ойшақорытындылау. Тәжірибелік жұмыстар оқушылардың ойлары мен дағдыларын тек жұмысты дұрыс жоспарлап, оны өткізгенде ғана дамыта алады. Сондықтан оқушыларды уақыт өте келе қысқа мерзімдіден ұзағыраққа, техникалық бойынша жеңілдеуінен және ұйымдастырушылық жағынан күрделілігіне және ұзағырағына үйре- ту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет