Алтынай Орманбек Желтоқсан оқиғасы!



Дата03.01.2022
өлшемі22.44 Kb.
#450372
Тәуелсіздік


Алтынай Орманбек

Желтоқсан оқиғасы!

Жанымды қыршып, жанап өткен желтоқсан
Жыл емес еді ызғарлы сонша ел тосқан,
Бар қазақтың мұң қайғысы бұл жылдар,
Қара бауыр қасқалдақ деп ән қосқан!
-
Шындық қанша улы шырындай шөлдеген,
Уақыт қанша, обал жастарды жерлеген,
Құздан лақтырып жанын қиған азаппен,
Өлседе бірақ, өлгендердей көмбеген!
-
Өр намысын аяқпен таптап мыжыған,
Сорғалатып сүйреп жүрген қызыл қан,
Жас біткенді алқаш деп сонда басынып ,
Қорлағанына қойдай қырып ашынам!
-
Ақиқатың неге әлі беймәлім,
Қыршын жастар неге қолға ту алдың,
Қаншауың кеттің із түссіз болып жоғалып,
Қаншауың жүрсің айталмай әлі рух арын?
-
Ыстық сумен тірідей сені буласа,
Тірі шығамын деуің сірә далбаса.
Желтоқсандықтар жау деп тарих айтатын,
Шахановтың бір шындығы болмаса!
-
Атпай сонда көңілденіп бір ақ таң,
Жан беріп, жан шығарған бұл алаң
Мысын басып мырс мырс күлген Колбиннің,
Қорқынышын ызалы жастар оятқан!
-
Алматыда ардагерлері осы күн,
Жыл сайын жылап, сол жылдарды еске алар,
Тілегі жалғыз, еңбекпен келген еліме,
Тәуелсіздік мәңгі енді сақталар!
-
Тым басқаша ызғары қатты жыл болды,
Өз жерінде өзгеге сонда қор болды,
Бабаларын аяусыз қырған орыстың,
Балаларың тілінде сөйлеп мәз болды!
-
Желтоқсан ол, еске түсер ай ұдай,
Тарихымды қанды жазу торлады ай,
Қазақ боп өт, қазақша сөйлеп бауырым,
Бабалардың еңбектерін еш қылмай!
-
Билікті алу оңай емес қазақтан,
Құтылдың бүгін, құлдықтан барша азаптан,
Жылдар өткенмен жастар рухы жай таппай ,
Тоңдырды мені, тоңдырды сені желтоқсан!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет