Аманғазықызы мөлдір қазіргі қазақ прозасындағы қала моделі және ұлттық ментальділік



бет12/31
Дата12.04.2024
өлшемі314.84 Kb.
#498540
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
aman-azy-yzy-m-phd-povtorno (2)

«...я обречён
с угрюмым обожаньем
смотреть
в её (Москвы) спокойные глаза» [31] («Трамвайная Москва», 1965) – десе, енді бірде:
«Москва, из тумана возникшая,
как женщина, мне изменившая,
устало отводит глаза» [31, с. 43] («Дикие песенки», 1969), – деп, Мәскеуді тұрақсыз, сатқын кейіпте көрсетеді. Өзін бұл қалада бөтен сезіне бастайды:
«...я приемыш и подкидыш,
не пасынок, но также и не сын…
Я на Москву нисколько не в обиде:
я ей чужой, хоть мне она своя.
Что б ни было, я верен ей до гроба» [31, с. 62] («Юбилейная прелюдия», 1969). Ақынның осы өлеңі «Александр Зильбердің өмірі» романымен сабақтасып жатқан сияқты. Қаламгер Мәскеу мені қабылдамаса да, бұл қала маған бөтен емес деген ойын өз өлеңі арқылы айқын көрсетеді.
Орыс жазушысы Андрей Битовтың «Пушкин үйі» («Пушкинский дом») (1987) романында ХХ ғасырда орын алған түрлі жағдайлардан кейін орыс ұлтының мәдени дәстүрінің енді жалғаспайтындығы туралы баяндалады. Автор бұл жағдайға кеңес адамдарын кіналайды және олар сол үшін жауап беруде дегенді көрсетуге тырысады. Романда атасы мен немересінің, яғни Модест Платонович пен Лёва Одоевцевтің (автор екі ұрпақтың өкілін арнайы алған сияқты) арасындағы қақтығыс екі түрлі көзқарас үстінде көрінеді. Атасы классикалық орыс әдебиетінің енді тумайтынын мойындаса, ал немересі орыс әдебиетінің әлі өз тұғырында екендігіне сенеді.
Постмодернистік сарында жазылған аталмыш туындыда танымал шығармалардан үзінділер келтіріледі. Автор үзінділерді келтіру арқылы бұл тақырыптардың мәңгілік екендігін көрсеткісі келгендей. Дей тұрғанмен, бұл атаулардың бұрынғы мағынасын жоғалтқандығын байқаймыз. Мәселен, «Әкелер мен балалар» («Отцы и дети») деп аталатын романның бірінші тарауының И. Тургеневтің шығармасымен ешқандай байланысы жоқ. Бірақ, мұнда да Тургенев романында айтылған әкелер мен балалардың арасындағы мәселе орын алады. Романның бас кейіпкерінің өзіндік қөзқарасы қалыптаспаған. Сол себептен де, ол өз өмірін тек музей шеңберінде ғана көреді, ал атасының өмірлік ұстанымы бекем, кейіпкердің атасынан басты айырмасы да осында. Романның қалған тараулары да осы принцип бойынша құрылып, М. Лермонтовтың «Біздің заманның қаһарманы» («Герои нашего времени»), А. Пушкиннің «Мыс салт атты» («Медный всадник»), Ф. Достоевскийдің «Бейшаралар» («Бедные люди») романдарының атауларымен аталған.
Андрей Битовтың басты шығармасы саналатын «Пушкин үйі» романында орыс әдебиетінің озық үлгісі саналып, қанша уақыт өтсе де маңызын жоймай келе жатқан шығармалардың қайта жандануы тегін болмаса керек. Автор осы арқылы оқырмандарының санасын жаңғыртады, өткенді ұмытпауға үндейді. Шығарманың әдебиет сүйер қауым арасында көп талқыға түскенін ескерсек, автор өз мақсатына жетті деп анық айта аламыз.
Біз бұл тарауда әлемдік әдебиеттегі қала тақырыбының дамуына елеулі үлес қосқан негізгі шығармаларға шолу жасауға тырыстық. Аристотель заманынан бастау алған қала тақырыбы әлі күнге дейін өз маңыздылығын жойған жоқ. Бұл сөзімізді зерттеу жұмысымыздың келесі бөлімдерінде талданатын ағылшын жазушысы Питер Акройдтың «Лондон: Өмірбаян» («Лондон. Биография»), француз жазушысы Анна Гавальданың «Жай ғана бірге» («Просто вместе»), орыс жазушысы Сергей Шаргуновтың «Фотосуретсіз кітап» («Книга без фотографий») және тағы да басқа шығармалар дәлелдей алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет