Аманғазықызы мөлдір қазіргі қазақ прозасындағы қала моделі және ұлттық ментальділік



бет14/31
Дата12.04.2024
өлшемі314.84 Kb.
#498540
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
aman-azy-yzy-m-phd-povtorno (2)

1-бөлім бойынша тұжырым
Қарастырылып отырған зерттеу жұмысымыздың бірінші бөлімі көркем шығарманы модельдеудің теориялық және тарихи аспектілерін айқындауға, әлем әдебиетіндегі қалалық прозаның қалыптасу тарихын жүйелеуге, әлемдік әдебиеттануда қалалық проза тақырыбын зерттеу нысанына алған зерттеу еңбектерін саралауға арналған.
Жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып, төмендегідей тұжырымдарды келтіруге болады:
Біріншіден, «модель» ұғымының әмбебаптығына байланысты ежелгі антикалық эстетикалық ойлаудағы негізгі үш мағынасы грек тілінде қолөнер, ғылым және өнерді білдірген «technē» ұғымымен, ал «модельдеу» антикалық «мимесис» ұғымымен байланысты екендігі анықталды.
Екіншіден, қаланың көркем моделінің әдеби шығармаларда автордың танымы арқылы көрініс табатындығы Р.Ю. Порозовтың «Модельдеу мәдени мәселе ретінде» («Моделирование как культурологическая проблема»), Ю.А. Гастевтің «Гомоморфизмдер мен модельдер. Модельдеудің логикалық және алгебралық аспектілері» («Гомоморфизмы и модели. Логико-алгебрические аспекты моделирования»), Ю.М. Лотманның «Көркем мәтін құрылымы» («Структура художественного текста») еңбектерінің негізінде анықталды.
Үшіншіден, қаланың өмір сүру жағдайларының шартты келбеті белгілі бір тарихи-ұлттық колорит ретінде әдебиетте ежелгі дәуірден бері пайда болғандығы анықталды. Бұл тұрғыда Мысыр, Вавилон-Ассирия, грек, рим мифтерін еске түсірсек жеткілікті. Ескі өсиетте алғашқы қала салушылардың қатарында Қабыл мен Нұхтың қарғысына ұшыраған Хам ұрпақтарының есімдері (Нимрод, Ассур) аталады. Вавилон (оның тұрғындарының атаққұмарлығы мен мұнараны құдаймен теңестіріп, аспанға жететіндей биіктікте тұрғызуға деген құштарлығы үшін), Содом мен Гоморра қалалары зұлымдық пен күнәға батқан қалалар болып таңбаланды. Езекиел мен Еремия пайғамбарлардың кітаптарында құдайдың бұйрығы арқылы от, жер сілкінісі, су тасқыны сияқты табиғаттың алып күштерінің себебінен қирап, жойылып бара жатқан қалалардың суреттері сипатталады.
Төртіншіден, әлемдік әдебиеттегі «қалалық мәтін» термині ХХ ғасырдың басында О. Бальзак, Ч. Диккенс, Т. Манн, А. Камю, Ф. Достоевский, А. Чехов, М. Горький, М. Булгаков, т.б. жазушылардың шығармаларына қатысты пайда болғандығы айқындалды.
Бесіншіден, орыс әдебиетінде 1970 жылдардың аяғы мен 1980 жылдардың басында соғыстан кейінгі кеңес әдебиетінің бағыттарының бірі болып табылатын «қалалық проза» бағыты пайда болғандығы айқындалды. Бұл бағыттың ең алдымен Ю. Трифоновтың, А. Битовтың, В. Пьецуханың, В. Маканиннің, А. Петрушевскаяның, М. Кураевтың есімдерімен байланысты екендігі анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет