Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


Болашақ өмір сызбасы немесе мақсатты қалай қою керек?



Pdf көрінісі
бет17/27
Дата09.08.2024
өлшемі470.02 Kb.
#503137
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Аманжол Рысмендиев Кәсіпкерлік құпиясы

Болашақ өмір сызбасы немесе мақсатты қалай қою керек?
Көпшілігімізде мақсат бар шығар. Бірақ кейде мақсаттар шын
өмірмен үйлеспей, мақсат емес, орындалмас арман болып
кетеді. Мақсаттарымызға уақытында жету үшін не істеу керек?
Мақсатты қалай дұрыс қою керек? Енді осы тұрғыда бірер кеңес
берейін.


Ойланып көрелік, неліктен көп адамдардың армандары тек
арман күйінде қалады? Сіздің қанша арманыңыз орындалды?
Қаншасы жай ғана арман болып, Сіздің өміріңіздің «тарихи»
беттерінде қалды?
Көп адам арман дегенді өзінен өзі орындала
қалатын «құбылыс» деп санайды. Əлбетте, ол қате пікір. Арман
орындалмайды, сол арманды Сіз орындайсыз, іске асырасыз.
Қалай дейсіз ғой? Бұл жақсы сұрақ. Жақсы сұрақ деп
отырған себебім, біздің сұрақ қоюымыздан біздің нəтижелілігіміз
артады, не төмендейді.
Ал, енді, мақсат пен арманның негізгі айырмашылығына келер
болсақ — арманның іске асатын күні белгіленбеген. Əдетте, біз былай
дейміз: «Шіркін, бай болсам ғой...». Мақсат дегеніміз — нақты күні
белгіленген соңғы нəтиже, мысалы: "2016 жылдың 31 желтоқсанына
дейін менің ай сайынғы қаржылай пайдам 1 млн. теңгеге тең". Міне,
мақсат деген осындай болуы тиіс!
Кез келген мақсаттың, мейлі ол жеке өміріңізге не мансапқа
байланысты болсын, белгілі бір сапалық көрсеткіштері болуы керек.
Егер сіз мақсатыңызды осы көрсеткіштермен өлшей отырып қоя
білсеңіз, оған жету жолыңыз оңай, қадамдарыңыз жүйелі болады.
Сонымен, мақсатыңыздың мынандай қасиеттері болсын:
* Өзіңіз не қалайтындығыңызды анық білмесеңіз, нəтижеге жету өте
қиын болмақ. Мақсаттарыңызды нақтылаңыз. "Көлігім болса ғой..."
дегеннің орнына, қандай маркалы, қай түсті көлікті
қалайтындығыңызды ойлап, оның бағасын біліп, мақсатыңыздың
орындалуына қадамдар жасаңыз.


* Əр мақсатқа өзінің уақытын тағайындап, мақсатты сол кезде
орындауға тырысыңыз. Мерзімі жоқ мақсат сол бетінше кейінге қала
береді.
Үшінші -- мақсатыңыз қол жетерлік болуы керек. Яғни, Сіздің
қазіргі жағдайыңыз бен мүмкіндігіңізге қарай алған мерзіміңіз дұрыс
па? Əлде мерзімін созу керек пе? Немесе, жалпы алғанда қол жетерлік
мақсат па?
Төртінші -- мақсатыңыздың релеванттығы, яғни осы мақсат Сіздің
өміріңіздің басқа салаларымен үйлесе ме? Басқа мақсаттарыңызбен
ше? Орынды ма?
Бесінші мақсат күш беретін болуы керек. Яғни мақсатыңызды
ойлаған сайын жұмыс істегіңіз келіп кететінде, ұйқыңыз шайдай
ашылып кететіндей болуы керек
Осы сұрақтарға нақты жауаптар алғанда, Сіз өз мақсатыңызды
100пайызға түсінесіз. Ал, біздің табиғатымыз сол -- түсінген
«нəрсемізді» оңай да тез іске асырамыз. Мақсатты іске асырмастан
бұрын, өзіңізге мынадай сұрақ қойыңыз -- бұл мақсаттың мен үшін
қандай маңызы бар? Осы мақсаттарға жетсем өмірім қалай өзгереді,
Осы сұрақтарға жауап беру арқылы өзіңізді оятып, мақсатқа тезірек
жетуге деген мотивация байда болады.
Менің айтарым, Сіздің уақытыңыз өлшеулі, сол себепті сол алтын
уақытыңызды біреудің «арманын» орындауға ысырап етуден аулақ
болыңыз! Сізге не керек, Сіздің жаныңыз нені қалайды тек Сіз ғана
біліңіз. Сондай мақсаттарды орындауға атсалысыңыз, сонда ғана Сіз
мақсатқа жеткеніңізден рахатқа бөленесіз. Мен Сізге тек қана сəттілік
тілеймін! Армандарыңыз көп болсын, үлкен болсын! Белгілі ақын


Мұхтар Шахановтың:
Мəңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға, -- деген əдемі өлең шумақтары
осы тақырыпқа сай келіп тұрғандай. Мақсат – үлкен болуы керек.
Байқайсыз ба, қай қалаға барсаңыз да кіре беріс жолда жол-көлік
оқиғасы көп болады. Неге деп ойлайсыз? Өйткені əлгі апатқа
ұшыраған көліктің жүргізушісі межеленген қалаға кірген бойда өзін-өзі
бос ұстайды, «Уф, жеттім-ау!» деген нəрсе миға əсер етіп, көлік тізгінін
босаңсытып алады. Апаттың қалаға немесе ауданға кіре беріс жолда
жиі болатыны міне, осы себептен.
Адамның мақсаты да осындай. Егер алға қойған мақсатыңыз
кішкентай, оп-оңай қол жеткізетін болса, бойыңызды «Болдым,
толдым!» деген ой билеп алуы мүмкін.
Тағы бір мысал ретінде 30-дан асқан азаматтарды алайық,
солардың ішінде: «Уф, Аллаға шүкір, бала-шағам бар. Үй салып
алдым. Болдым, толдым», -- деп қолдарын қалтасына салып алып,
қарынға май байлап шіреніп жүредер бар. Олар неге өйтеді? Өйткені
олар əу баста мына нəрсені көздеген: «Машина алам, үй алам,
үйленем, бала-шағам болады». Міне, көрдіңіз бе, мақсаты кіп-
кішкентай, қолжетімді болған соң, өздерін-өздері «тастап» жіберді.
Ал енді қыздарды айтайық, көбі: «Тұрмысқа шықсам, бала
тапсам, жақсы бір жұмысқа орналасып алсам», -- деген мақсат қояды
алдарына. Тұрмысқа шығады, бала табады, жұмысына орналасады,
бітті! Сосын жастары 40-тан асқан шақта: «Не қарап жүрмін, ертең


мына бала-шағаның жағдайы қандай болады?» -- деп «ояна»
бастайды. Ал егер əлгі қыз алдына: «Мен мынадай азаматқа шығамын,
пəлен балам болады, оларға мынадай жағдай жасаймын. Біздің
отбасымыз мынадай болады. Тұрмыс жағдайымыз мынадай болады»,
-- деп алдына үлкен əрі нақты мақсат қойса, əлдеқайда үлкен
жетістікке жеткен болар еді. Өйткені мидың қабілетін толық қолдану
үшін, миға үнемі тапсырма беріп отыру қажет. Ал, мидың күшін өмірдің
соңына дейін толыққанды қолдамнамын десеңіз Сізде өміріңіз
жетпейтіндей мақсаттар болуы шарт!
Сондықтан өмір мағынаға толы болу үшін, үнемі ізденісте жүру
үшін, тынбай еңбек ету үшін, жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін
мақсатты үлкен етіп қою керек. Кем дегенде алдағы 10 жылға мақсат
қойыңыз! Тағы да қайталап айтамын, мақсат нақты əрі қағазға
жазылған болсын! Біз не нəрсені қатты ойласақ, міндетті түрде ол
нəрсе шындыққа айналады. Яғни өміріміз мəн-мағынаға толы болсын
десек, онда ойымыздағы арман-тілек, алдымызға қойған мақсат мəнді-
мағыналы болуы тиіс. Іске сəт! Алдыңызға Алатаудай биік мақсат
қойыңыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет