Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата09.08.2024
өлшемі470.02 Kb.
#503137
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Аманжол Рысмендиев Кәсіпкерлік құпиясы

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек».
Абай Құнанбаев.


Іскерлік шеберлік пен тұлғалық шеберлікті қатар шыңда!
Адам өз өмірін өзгертудегі маңызды фактордың бірі – рухани,
тұлғалық тұрғыда даму болып табылады. Яғни адам өз-өзіне
жауапкершілік алуы, өзгелердің жанын түсінуі, тіл табыса білуі тиіс.
Соған бейімделуі керек.
Біздің елде семинар-тренингтер 2004-2005 жылдардан басталды
ғой. Сол уақыттан бастап адамды дамуға, белгілі бір дəрежеге жетуге
байланысты кітаптар да көптеп шығарыла бастады. Сол кітаптардың
99 пайызы көбіне тұлғалық қасиеттерді дамытуға бағытталған екен.
Яғни адамдар семинар-тренингтерге қатысып, тұлғалық қасиеттерін
барынша шыңдайды да, есесіне кəсіби, іскерлік шеберлігін ақсатып
алып жатады. Неге? Өйткені біріншісіне басымдық береді де, екінші
шеберлікті шыңдауды кенжелетіп алған.
Ал кəсіби шеберлікті шыңдаудеген не? Ол – шығарып отырған
өнімді жарнамалау, өз командасын лайықты деңгейде басқара білу,
оларға дұрыс бағыт-бағдар бере білу, маркетингтік тəсілдерді жете
меңгеру. Яғни осы тұрғыдан мен айтар едім, тұлғалық шеберлік пен
іскерлік шеберлікті қатар шыңдау қажет.
Бұл тұрғыда «Бизнес-молодость» компаниясының негізін
қалаушылардың бірі – Петр Осипов: «Адамның екі түрі болады, бірі –
өнім шығарушы, екіншісі дайын өнімді сатудың шебері», -- деп дөп
басып айтқан. Бірінші адам, яғни өнім шығарушы жоқ жерден саф
алтын жасай білуі мүмкін, бірақ оны жарнамалап, дұрыс сата білмесе
жасаған дүниесі зая кетуі мүмкін.
Сол сияқты ел ішінде қаншама талантты адамдар бар, сəл ғана


сəттілік жетіспей жүрген. Егер əлгі адамдар өз-өздерін қамшылап,
дұры жолға түссе талантымен тау қопарар еді. Бірақ, өкінішке қарай
олардың іскерлік шеберлігі кемшін тартуда. Сондықтан екі шеберлікті
қатар шыңдау керек. Онсыз белгілі бір жетісткке жету мүмкін емес.
Екеуін бірге ұстағанда ғана өсу, даму байқалатын болады.
Енді, тұлғалық қасиетке келер болсақ, мұндағы бірінші мəселе,
өмірге деген көзқарасыңызды өзгертіңіз! Өйткені көзқарасыңыз қандай
болса, өміріңіз де сондай болмақ. Бұл – дəлелдеуді қажет етпейтін
нəрсе.
Біреу үшін бұл өмір мүмкіндіктерге толы болып көрінуі мүмкін, ол
үшін түйіні шешілмес мəселе жоқтай болып көрінеді. Ал екінші біреу
бұл өмірге: «Ол дарынды, мен дарынды емеспін», -- деп қарауы
мүмкін. Таяуда ғана менің семинарыма қатысқан бір мұғалім:
«Аманжол мырза, кешіріңіз, оқушылардың бəрі бірдей ҰБТ-дан жоғары
балл алуы мүмкін емес нəрсе ғой. Өйткені бес саусақ бірдеу емес», --
дегенді айтты. Мен оған: «Егер сіз мықты мұғалім болсаңыз мұндай
сөз айтпас едіңіз, керісінше, бала – ашылмай жатқан талант,
өңделмеген асыл тас деп қабылдап, оның барлық қабілетін жан-жақты
ашуына атсалысқан болар едіңіз», -- деп жауап бердім. Бұдан шығар
қорытынды: Таланты біреуден кем, дарыны аздау адам болмайды. Тек
оны шыңдай білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет