Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


Кризитің мəнін түсініп, өзгеруге көмектесетін



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата09.08.2024
өлшемі470.02 Kb.
#503137
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Аманжол Рысмендиев Кәсіпкерлік құпиясы

Кризитің мəнін түсініп, өзгеруге көмектесетін
сұрақтар
МЕНДЕ ҚАНДАЙ ҚАБІЛЕТТЕР ЖЕТІСПЕГЕНДІКТЕН ОСЫ
ЖАҒДАЙҒА ДУШАР БОЛДЫМ?
ҚАНДАЙ АДАМДАРМЕН АРАЛАСҚАНДЫҒЫМНАН
НЕМЕСЕ АРАЛАСПАҒАНДЫҒЫМНАН ОСЫ ЖАҒДАЙ
МЕНІҢ БАСЫМДА БОЛУДА?


НЕ НƏРСЕЛЕРГЕ КӨҢІЛ БӨЛГЕНДІГІМНЕН НЕМЕСЕ
КӨҢІЛ БӨЛМЕГЕНДІГІМНЕН ОСЫ ЖАҒДАЙ БОЛУДА?
ӨМІРГЕ ДЕГЕН ҚАНДАЙ ОЙ-ПІКІР, КӨЗ-ҚАРАСЫМНЫҢ
НƏТИЖЕСІНДЕ ОСЫ КҮНГЕ ЖЕТТІМ?
Адам өмір бойы өзін өзі жасау керек! Яғни жайғана материал
боласыз ба, əлде қоғамға керек қымбат бұйымға айналасыз ба, ол
тікелей өзіңіздің зергерлік қабілетіңізге байланысты!!!
Жерге картоп егіп, капустаның өсіп шығуын күтпеңіз!
Таңғажайып көмек күтпей аспаннан,
Миды босат, бос қиялдан ластанған!
Егер Сіз ертең атақты миллионерлердей зəулім сарайда өмір
сүргіңіз келсе, қиындық атаулыны шыбын шаққан құрлы көрмей,
өмірдің əр сəтінен лəззат алғыңыз келсе, бос қиялдап жата бермей,
бүгін сол өмірдің «кірпішін қалаңыз»!
Кірпіш демекші, адамдар үй салмас бұрын оның сызбасын
дайындайды. Сосын іргетасын құяды, кірпішін қалайды, шатырын
жабады, сосын іші-сыртын əрлейді. Бір сөзбен айтқанда, зəулім үй
осылай салынады. Ал біздің өміріміздің кірпіші қалай қалануда? Оның
Сіз қалаған сызбасы бар ма? Егер жоқ болса, онда оның қандай
болмағы тұманды деген сөз. Яғни алған бетіңіздің белгілі бір бағыты
жоқ, дауыл қалай тұрса, солай қарай қисая салуыңыз бек мүмкін.


Кез келген нəрсе екі жағдайда пайда болады, алдымен -- ойда,
сосын – өмірде. Бұған қатысты қазақта: «Ой түзелмей, бой түзелмес»
деген жақсы сөз бар. Ішкі жан-дүниеңіз өзгермей, өміріңізге қатысты
нақты жоспар-мақсаттарыңыз болмай Сіздің тығырықтан шыға
қоюыңыз екіталай. Яғни өзіңіздің ойыңызды түземей, өміріңіз жақсы
арнаға ауысады деп күту – ақымақтық.
Бір орманда екі адам ағаш шабады екен. Бірінші адам таңертең
ерте ұйқысынан оянып, бір ағаш шапса, дереу екіншісіне өтіп тыным
таппайды. Таңнан қара кешке дейін дəл осылай еңбектеніп, тынығу
дегенді білмейді. Тіпті түскі тамақты да ұмытып кететін болыпты.
Кешкісін əлгі досынан бірнеше сағат кейін үйіне қайтады екен. Екінші
адам болса, ағаш шауып түсірген сайын біраз отырып тынығып, қас
қарая бастағанда, үйіне қайтып кететін болыпты.
Бір апта бойы осылай еңбектенгеннен кейін, бір апталық
ағаштарын санайық депті. Нəтижесінде, екінші адамның шапқан
ағаштары көбірек екендігі мəлім болыпты.
Бірінші адам ызаға булығып, қасындағы адамнан мұның сырын
сұрайды. Екінші адам азғана езу тартып былай деп жауап қатады:
– Мұның анау айтқандай сыры жоқ. Сен тынбай еңбектенесің. Ал
мен кей-кейде тынығып отырып, балтамды қайрап алам. Өткір
балтамен жұмыс істеу жұмысты жеңілдетеді əрі шаршамайсың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет