«Amazing physics» 9 сыныпқа арналған



Pdf көрінісі
бет3/59
Дата05.08.2024
өлшемі3.19 Mb.
#503105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
ҚЫЗЫҚТЫ ФИЗИКА

 
 
 
 
 
 



1. Түсінік хат 
 
Физика - айналамыздағы әлемнің қарапайым және сонымен қатар 
жалпы қасиеттерін зерттейтін негізгі ғылымдардың бірі. Физика пәнін оқып 
үйрену оқушылардың ой өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, физикалық 
құбылыстарды көруге үйретеді және физикалық құбылыстарды қарапайым 
зерттеуді жүзеге асырады, оқушылардың әлемнің жаратылыстану ғылымы 
туралы жалпы идеяларын қалыптастырады. Қазақстандағы білім берудің ең 
маңызды стратегиялық міндеті - мемлекеттік, отандық және шет тілдерін 
меңгеруге негізделген қазақтың үздік білім беру дәстүрлерін сақтау және 
олардың лингвистикалық санасын дамыту. Жалпы білім беретін мектептің оқу 
үдерісіне үш тілді білім беруді енгізу, әрине, Қазақстан Республикасының 
білім беруді дамыту тұжырымдамасын іске асыру бағытында маңызды қадам 
болып табылады.
Көптілді білім беру: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Тіл 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Білім туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» заңнамалық 
актілерде бекітілген, оның негізгі құзыреті үш тіл болып табылады.
ҚР Ұлттың жоспарының 100 нақты қадамының 79 қадамы білім беру 
жүйесінде ағылшын тілінде оқытуға көшу туралы айтылған. Сол жоспарды 
іске асыру барысында «Amazing physics» бағдарламасы құрылып отыр. 
Бағдарламада ағылшын тілін қолдана отырып динамика заңдары, негізгі 
ұғымдар мен анықтамалар қарастырылған. Курс бағдарламасы мектеп 
бағдарламасында жоқ білімдерді қамтыған және оқушылардың дағдыларын 
дамытуға және жетілдіруге бағытталған
.
Оқушылардың сабақтағы жұмысы 
мыналардан құралады: зерттеу жұмыстарын орындау, тапсырмаларды шешу, 
оқулықпен жұмыс істеу (сауатты конспектілеу, сұрақтарға жауап беру) және 
әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу (кестелер, анықтамалықтар және т. б.), 
семинарлық сабақтар, баяндамалар, ақпараттық және зерттеу жобалары. 
Сондай-ақ бағдарламада CLIL (Content and Language Integrated Learning немесе 
пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту) әдістемесі қолданылады. CLIL әдістемесі 
соңғы уақытта шет (ағылшын) тілін оқытуға ең қызықты және кең тараған 
тәсілдердің бірі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет