Курстың саясаты:
- Сабаққа кешікпей қатысу.
- Сабақ үстінде сағыз шайнауға болмайды.
-Сабақ үстінде газет-журнал оқымау.
-Сабақ үстінде айнаға қарамау. (қыз балалар)
-Сабақ үстінде артық сөйлемеу.
-Сабақ үстінде ұялы телефонды сөндіру.
-Сабаққа тиісті киіммен келу.
-Қалдырған сабақ тапсырмаларының қарызын өтеу.(сабақтан тыс уақытта)
-Берілген тапсырма орындалмаса, қорытынды балыңыз кемиді.
-Оқу процесіне белсенді қатысу.
-Курстастарыңа, оқытушыға іззетті, ашық бол.
-Бағалау саясаты обьективтік принциптерді икемді жоғары саралауда негізделеді.
-Әрбір сабаққа міндетті дайындық:
-Берілген тапсырмаларды оқып меңгеру.
-Барлық тапсырмалар уақытылы қойылған мерзімінде орындалуға тиіс.
-Сабақты жіберген жағдайда барлық өтілген тапсырмаларды орындауға жауаптысыз.
-Егерде жіберілген сағаттар саны дәлелсіз болса (ауырмасаңыз немесе басқа да дәлелді себептердің анықтамасы болмаса) кредит сағат санының курс бойынша екі есеге артса, біз сізді курстан қалдырамыз.
-Сіз барлық топтың оқуына септігіңізді тигізуге тиістісіз.
-Сіз өзіңіздің оқуыңызға ден қойып жақсы білім алуға талапты болуға тиістісіз.
Оқу жылы барысында өзіңізге тиісті міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарауға тиістісіз.
-Оқу процесіне сіздің тек келіп кетуіңіз емес, сапалы қатынасыңыз маңызды екенін естен шығармаңыз.
Курстың құрамдас бөліктері және оны игерудегі негізгі талаптар. Сіздер пәнді белсенді және ынтызарлықпен оқып, үйренулеріңіз керек. Әрбір негізгі тақырыптардың материалдары күні бұрын үлестірілді. Сіздер сол материалдармен және тақырып бойынша негізгі оқулықтың материалдарымен танысып, оқып келуге тиістісіздер. Оқу сабақтарында тақырып бойынша білімгерлер тарапынан сұрақ қою, жауап айтып, пікірталасқа қатысу керек. Осы тұрғыда сіздердің оқығандарыңыздан түсінгендеріңізді, оқулықпен жұмыс істегендегі ойтүсініктеріңізді жазбаша, ауызша немесе тест сұрақтары бойынша алдын-ала ескерту жасамай-ақ тексеріп, оның нәтижесі қорытынды бағаға қосылады. Ол тақырыптар оқу сабақтарының кестесінде көрсетіледі.
Сонымен қатар оқулық пен тақырыптық материалдарды тек тапсырманы орындаған кезде ғана емес, семестр аяқталғанға дейін үзбей оқып жүру керек. Сондай-ақ әрбір сабаққа мұқият дайындалу қажет. Сіздің сабақтардан қалмауыңыз, сабақтарға жақсы дайындалуыңыз, белсенділік танытуыңыз, тапсырмаларды мерзімінде және сапалы орындауыңыз- қажетті балл алудың кепілі болып табылады.
Сіз екі аралық бақылаудан өтесіз. Аралық бақылау тек өткен материалдар негізінде жүргізіледі. Оқу процесінің соңында сіздер міндетті түрде емтихан тапсырасыздар. Кейбір кездері ескертпестен сізден ауызша немесе жазбаша жауап алынуы мүмкін. Ол жауаптарда бағаланып, қорытынды бағаға қосылады.
Аралық бақылау межелерінің уақыттары:
ші аралық бақылау межесі- 7- ші апта
ші аралық бақылау межесі- 14- шы апта
Айып баллдарын межелік бақылау алдында қосымша тапсырмалар алып жоюына мүмкіндік беріледі.
Мәтінге қосымша белгілер жасап кейбір қорытындылар жасау- бұл негізгі тақырыптарды игеруге шығармашылық ізденсіек шығармашылық ізденіске бағытталған жұмыс, сондықтан ондағы жасаған белгілеріңіз сіздің сол тақырыпта жұмыс істегеніңізді көрсетеді, кейіннен оларды тәрбие жұмысының жоспарын жасауда пайдалануыңыхзға болады.
Қорытынды бақылау- емтихан тест түрінде өткізіледі.
Барлық тапсырмалар уақытылы орныдалуы керек, мерзімнен өтіп кетекндер үшін төмендетілген балл қойылады. Өткізілген тапсырмалар сізді емтиханға кіру рұқсатымен қамсыздандырады. өтетін материалдар туралы сұрақ қойып және сол туралы әңгіме сөз құру үшін барлық сабақтарға дайындалып келулеріңіз керек. Осы тұрғыда да сіз балл жинайтындығыңызды естен шығармаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |