Америка халыќтары


Рухани мәдениеті және халық өнері



бет84/100
Дата15.01.2023
өлшемі1.49 Mb.
#468419
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   100
останай мемлекеттік педагогикалы институты Тарих ж не нер фак

Рухани мәдениеті және халық өнері
Аңшылықпен айналысып, көп жерді аралап жүретін эскимостар жер жағдайын өте жақсы меңгерген. Аркиканы зерттеушілерге эскимостар көп жәрдем берген.
Эскимостарға тән өнердің басты бір түрі сүйек пен мүйіздерге ою-өрнек салу болып табылады. Олар пышақтың сабын, белдікті оюлап, сүйектен, мүйізден жасайды.
Әр түрлі заттың бетіне аңшылықты бейнелейтін күрделі суреттер сала білген. Оларда сурет өнерінің дамуы әр түрлі тері киімдері, мерекелік маскаларды әсемденуінен-ақ көрінеді. Сол сияқты таңбалар салу мен әсем өрнектер сызу өнері дамыған. Әсіресе, әйелдердің бұл саладағы өнерлі ерекше жеңіл босанады, не болмаса о дүниеде жұмаққа кіреді. Эскимостарда ән мерекесін өткізіп тұрған, оған ерлер де, әйелдер де қатысқан. Әсіресе, олардың ән салып, өнер жарыстыруы өте қызық. Екі ер адам, не екі әйел көршілерінің алдына шығып, кезекпен ән салады. Бұл қазақтардың айтысына ұқсайды. Бос уақыттарында эскимостар ән салу мен бірге әр түрлі ойын ойнайды. Ер адамдар доп, «аң аулау» ойындарын ойнаған.
Эскимостардың мекендеріне үш не төрт отбасы сиып кететіндей ептіп бірнеше юаспана етіп салады. Үйлері жаздық, қыстық болып, негізінен, екіге бөлінеді. Қыста тастан қаланып, төбесі тюлень терісімен жабылған, жартылай жертөле ғып салынған үйде тұрған. Мұнан басқа төртбұрышты ағаштан жасалған жеркепеде де тұрған. Ал жазда олар бұрын да, қазір де шатырда өмір сүреді. Ал Беринг бұғазында тұратын эскимостар жеңіл ағаш үйлерде тұрады.
Эскимостардың діні бір үлкен сыртқы күшке сенуге негізделген. Ол табиғат құбылыстарының әсеріне туған. Жануарлардың ерекше жаны бар деп түсініп, оларға арналған әдет – ғұрып дамыған.
Солтүстік –Батыс Америка жағалауынджағы тайпалар.
Американың солтүстік –батыс жағалауында көптеген, әр түрлі тіл топтарына жататын үндіс тайпалары өмір сүреді. Солтүстігінде - тлинкит, хайда, цимшиан, оңтүстігінде – квакиютель, нутка, семш, гинкуктар мекен етеді. Бұл тайпалардың еуропалықтар келгенге дейінгі негізгі кәсібі теңізбен тығыз байланысты болған. Балық аулау жақсы дамыған. Басты қорегі ретінде балықты көп аулап, қысқы қор етіп сақтаған. Сонымен қатар, үндістерде терімшілік те басты кәсіптерінің бірі болған. Балық аулау шаруашылығында еңбек өнімділігін үнемі ілгері дамытып отырған. Соған байланысты олар артық өнімді көп жинап, оны айырбастау арқылы басқа қажетін шығарып отырған.
Бұл аймақтағы үндіс тайпаларының қоғамдық құрылысына келетін болсақ, қазіргі этнографиялық – тарихи деректерге сүйене отырып, отарлау дәуірі кезінде олардың да рулық құрылыстан өтіп кеткенін көреміз. ХVIII ғасырдың аяғында аналық - рулық қатынастың орнына үлкен әулеттік қауым келе бастаған. Жеке байлықтардың пайда болып, патриархалды құлдық кезең келгеннен соң, әкелік иелік басым бола бастаған. Сонымен, егін шаруашылығымен айналысушы тайпалардағы ауылдық қауымның пайда болуы секілілді, бұларда көп рулы ауылдық қауым дүниеге келді. Бұл кезеңде солтүстік - батыс үндіс тайпалары таптық қоғамда өмір сүрген жоқ. Өндіріс көзіне (жер, су, т.б.) ұжымдық меншік болды да, жеке меншіктік қатынас соның ішінде пайда бола бастады.
Солтүстік Американың алгонкин және атапаскі тайпаларының тіршіліктері біраз зерттелген. Олар – аңшылар мен балықшылар тайпасы. Алгонкин тайпасына кри, монтанье, наскопи және тағы басқалары жатады. Олар көпшілігінде етпен қоректенген. Аңшылар тобы бірнеше үлкен әулеттерден құралған. Бұлар – аталық жағынан топтасқасн экзогамдық ұжымжар. Ру қыс кезінде бірлесе отырып, аңшылықпен айналысса, жаз кезінде барлық рулар бір жерде қоныстанып, балық аулаумен әрі аңшылықпен шұғылданады.Қазіргі ккезеңдегі Лабрадор үндістерінің әлеуметтік құрылысына көңіл аударсақ, олар аналық рулықтан патриархалды әулетке өту дәуірінде өмір сүріп келеді. Рулық топтарды жер жағдайымен етене таныс, білгір аңшы басқарады. Оның құрамының өзгеруіне байланысты, аң аулайтын жердің өзгеруіне қарай топ бастығы ауысып отырады.
Атапаскі тайпасының қоғамдық қарым – қатынасы да алгокиндік Лабрадор үндістеріне ұқсас тарихи жағдайда дамыды. Ал шығыс және батыс атапаскілік тайфпалар тобының қоғамдық құрылымдарында айырмашылық бар. Маккензи бассейндегі шығыс тайпалары бірнеше көшпелі аңшылар топтарынан құрылған. Бұларда ұрпақ әке жағынан да, ана жағынан да саналған. Олар аңшылықты, оның өнімін пайдалануды бірге, ұжымдық түрде жүргізген. Осы тайпалардың әдет- ғұрпына қарай аналық рудың болғанын байқауға болады. Мәселен, жаңа үйленгендер алғашқы баланың пайда болуына дейін әйелінің үйінде тұратынын айтуға болады. Батыс тайпалар тораптарында көп уақытқа дейін таза аналық ру өмір сүріп келген.
Алгонкиндік және атапаскілік тайпалардың заттай мәдениетінің бірқатар ұқсастықтары бар. Олардың бәрі бұғы терісінен жасалған киім киген. Әйелдер киімі ерлер киімінен әлдеқайда ұзын болады. Бұл киімдерді көбіне таспамен тіккен. Бұғыдан басқа қоян терісі де пайдаланылған. Үндістер мереке кездерінде беттерін қызыл, қара бояулармен боянып алады.
Алгонкиндер мен атапаскілер жаз кезінде күмбезденіп салынған үйде тұрады. Ал қыста ұзынша ғып, төбесін шатырлап жапқан төртбұрышты лашықтарда тұрады.
Алгонкиндерде тотемдік сенім өрістеген. Олар өз тотемдерінен өздерінің тіршілігіне қажетті аңдарын алып, барлық әдет – ғұрыптарын соған қарай ыңғайлады. Қазірдің өһзінде Лабрадор үндістері католик дінінде болса да, аю мерекесі сияқты әдет ғұрыптарын әлі сақтап келеді. Атапаскілерде табиғатқа табыну дәстүрі дамыған. Бұған өздерін рух пен адамдар арасындағы дәнекер ретінде көрсетілетін шамдардың ықпалы болғаны сөзсіз. Атапаскілердің үлкен екі әдет – ғұрпын айтуға болды. Оның бірі - өлген адамның жылдығына арнап ас беру, екіншісі - бір айдан соң еске алу жиыны. Олар адам жанының о дүниедегі тіршілігіне сенеді.
Шығыстағы алгонкин тайпаларының ішінде делаиар тайпасы үлкен тайпа болып саналады. Олар отарлау басталған кезде Нбю-Джерси мен Делавэр штаттарының көп жерін, Нью-Йорк штатының оңтүстік бөлігін және Пенсильванияның шығысын мекендеген. Заттай мәдениеті бойынша олар ирокездер тайпасына ұқсас. Олар қасқыр, табысқа және түйетауық деп аталатын үш ртуға немесе фратрияға бөлінеді.
Делаварлардың тамаша пиктографиялық жазуы болғаны мәлім. 1820 жылы біраз аңыздары бар тайпаның жазба тарихы табылған. «Валом олум» - «Қызыл жазу» деп аталатын бұл жазба 184 белгілерден тұрады. Онда делавалардың өмірі, басқа тайпалармен байланысы, олардың шаруашылығы туралы едәуір мәлімент бар. Жазба ақырында ақ адамдардың Делавэр өзеніне келе бастауын баяндаумен аяқталды. Ирокездер мен делаварлар арасында қақтығыс болып, ирокездер оларды Огайо даласына ығыстырған болатын. 1811 жылы Текумсе бастаған алгонкин тайпаларында американдықтар Миссисипиден ары ығыстырып тастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет