2 - параграф. Аппараттар мен ыдыстар
231. Ұзақ тоқтаудан кейін ыдыстар мен аппараттарды алғашқы іске қосу кезінде суыту, куәландыруға немесе жөндеуге дайындау материалдың механикалық қасиетінің төмендеуін болдырмау үшін қабырға температурасын сағатына кемінде 30°С төмендеу жылдамдығымен жүзеге асырылады. Аммиактан босатылған аппараттарды ашу олардың қабырғасының температурасы минус 35°С төмен болмағанда рұқсат беріледі.
232. Қысқы уақытта суландырғыш конденсаторлар мен градирняларда, алаңдар мен баспалдақтарда пайда болған мұз оған қызмет көрсету үшін жүйелі түрде жойылады.
233. Конденсатор құбырларын су тасынан мехникалық тазалау наряд-рұқсат бойынша бақылаушы тұлға басшылығымен орындалады.
Айына кемінде бір рет конденсатордан шыққан су аммиактың болуына тексеріледі.
234. Жеке тұрған аппаратты және конденсаторлы үй-жайлар немесе алаңдар есіктері құлыпқа жабылады.
235. Қаптамалы құбырлы буландырғыштарды пайдалану кезінде аммиактың қайнау температурасы жұмыс температурасынан 8°С төмен мұздану температурасы бар суық тасымалдағыш пайдаланылады. Қаптамалы құбырлы буландырғыштарда құбыраралық кеңістікте аммиактың қайнауымен су суыған кезде аммиактың қайнау температурасы 2°С төмен болмайды.
Аралық суық тасымалдағышпен суыту жүйелерінде онда аммиактың болуы кезеңді (айына кемінде бір рет) тексеріледі.
236. Май май бөлгіштер (компрессор картеріне автоматты қайта іске қосу болмаған кезде) мен аппараттардан жоғары және төменгі қысым жағынан май жинағышқа кезеңді қайта түсірілді. Ол май жинағыштан аммиак буын сұйықты бөлуге арналған құрылғы арқылы сорып алғаннан кейін, 0,01 - 0,02 МПа (0,1 - 0,2 кгс/см2) атмосфералықтан артық қысымда шығарылады.
Ыдыстардан (аппараттардан) майды май жинағыштан басқа ашық ыдыстарға шығаруға жол берілмейді.
Май жинағыштарда мановакуумметрлер орнатылады.
Май шығару жүйесі персоналдың жүйе ортасымен байланысын толық болдырмайды.
Май шығару кезінде қызмет көрсетуші персонал противогаз және резеңке қолғап пайдаланады, шығару процесін тұрақты қадағалайды.
237. Кезекші қызмет көрсетуші персонал ауысым бойынша тоңазытқыш қондырғы жұмысының аспаптар көрсеткіші бойынша негізгі өлшемдерін, тоңазытқыш жабдық пен желдеткіш құрылғылардың жұмысы туралы ескертпені, компрессордың тоқтау себептерін, желдеткіш жүйе жұмысы туралы ақпаратты, жабдық жұмысындағы ақауларды жою үшін қабылданған шараларды және басқа ескертпелерді тәуліктік журналға жазады.
238. Аппарат (ыдыс) жұмыстан шығарылады, егер:
технологиялық регламентте көрсетілген барлық талаптар сақталғанымен, ыдыста қысым рұқсат берілгеннен артса;
сақтандырғыш клапандардың ақаулылығында;
ыдыстың негізгі элементтерінде сызат, қаңсу, қабырғалардың жұқаруы, дәнекерлеу тігістерінде өткізулер немесе сулану, қосылыстарда ағулар табылғанда;
қысым астындағы ыдысқа тікелей қатер туғызатын өрт туындағанда;
манометрдің ақаулығында және қысымды басқа аспаптармен анықтау мүмкін болмағанда;
қақпақтар мен люктердің бекіту бөліктерінің ақаулығында;
сұйық деңгейін көрсеткіштің ақаулығында;
жобамен қарастырылған бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының ақаулығында;
осы аппаратқа қосылған жүйеден аммиактың ағуында.
3 - параграф. Құбыр өткізгіштер және
тоңазытқыш камераларының жабдықтары
239. Пайдалану шартында аммиакты жүйенің тығыздығын ұстау бойынша шаралар қабылданады.
Аммиактың ағу орындарын табу үшін химиялық және басқа индикаторлар қарастырылады.
240. Аммиакты газды айдау құбыр өткізгіштеріндегі барлық бекіту вентильдері компрессордың негізгі бекіту вентильдерін қоспағанда ашық қалыпта пломбыланады.
Сұйықты бөлгіш пен бөлу ыдыстарының құю құбырларындағы бекіту вентильдері ашық қалыпта пломбыланады. Пломбыны алу мен вентильдерді келесі пломбылаудың барлық жағдайлары туралы тәуліктік журналда жазба жасалады.
241. Сұйықтық құбыр өткізгіштерде конденсаторлар мен реттегіш станциялар арасындағы, деңгейді реттеуге арналған колонкаларда ресиверлерді конденсаторлармен қосатын тұрақты қолданыстағы деңгейлестіргіш сұйықтық және газды құбыр өткізгіштерде бекіту вентильдері ашық қалыпта пломбыланады.
242. Вентильден пломбыны алу қажеттілігі болған кезде айдау құбыр өткізгішінде және оны жабарда осы құбыр өткізгішке жалғанған компрессорды алдын ала ажыратады.
Екі немесе одан көп айдау магистралі болған кезде оларды біріктіретін бекіту вентильдері пломбыланады.
243. Бекіту вентильдері клапандарының сыналуын болдырмау үшін оларды ашық қалпында бас тартылғанға дейін ұстауға рұқсат берілмейді. Вентильді толық ашқаннан кейін оның маховигі кері қарай 1/8 айналымға бұрылады.
244. Реттегіш станцияның щитінде әр вентиль қасында осы реттегіш вентиліне қандай аппарат немесе қандай суыту үй-жайы қызмет ететінін көрсету жазбасы жазылады.
245. Барлық ернемектік қосылыстарда бұрандаларды тарту, бекіту арматурасының тығыздама нығыздамасын толық немесе жартылай ауыстыру (тығыздаманың кері) абаймен, аммиакты алдын ала зақымдалған бөліктен сорып алып және оны қалған аммиак жүйесінен ажыратумен жүргізіледі. Көрсетілген операциялар противогазбен және қолғаппен орындалады.
246. Тоңазытқыш камераларда жүктерді қабырғаға және төбеге тірелген аммиакты батареяларға, ауа бөлгіштерге, сондай-ақ батарея құбырларына және жалғастырғыш құбыр өткізгіштерге салуға жол берілмейді. Батареядан жүк штабеліне дейін технологиялық регламентке сәйкес қашықтық сақталады, бірақ 0,3 м кем болмайды.
247. Суыту құрылғыларынан қар ерітілген кезде батареялар мен ауа суытқыштардағы қысым сору жағындағы аппараттар (ыдыстар) үшін тығыздыққа сынау қысымынан аспайды.
Батарея мен ауа суытқыштар қысымы манометрмен бақыланады.
Батареялар мен ауа суытқыштарды еріту алдында оларды сұйық аммиактан және майдың жиналуынан, кейін майды дренажды (айналмалы) ресиверге құйып май жинағыш арқылы шығарумен босатады. Майды тікелей батареядан және ауа суытқыштан шығаруға рұқсат берілмейді.
Еріту технологиялық регламентке сәйкес жүрізіледі.
15 - тарау. Жөндеу жұмыстары өндірісіне қойылатын талаптар
248. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін дайындаушының пайдалану құжаттамасының талаптары (жоспарлы жөндеу және қарау) немесе кезектен тыс қараудың куәландыру нәтижелері, сонымен қатар жабдықтың жұмысы кезінде туындаған негізді бас тартулар, аммиакты тоңазытқыш қондырғылардың пайдалану тәртібі бұзылуы негіз болады.
249. Жөндеуді тоңазытқыш қондырғының толық тоқтаған кезінде де, сол секілді оның жартылай тоқтаған кезінде де (қондырғының жеке желілері мен бөліктері бойынша) жабдықтың түріне, резервтің болуына, қондырғының негізгі бөлігінен жөнделетін бөлікті бөліп алу мүмкіндігіне, жөндеу көлеміне, жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және басқаларға байланысты жүргізуге рұқсат беріледі.
250. Тоңазытқыш қондырғыға жөндеу жүргізу алдын ала құрылған кесте бойынша жүргізіледі.
Жоспарлы алдын алу жөндеуінің (бұдан әрі - ЖАЖ) жылдық және айлық кестелері (жабдықтың нақты жұмысын есепке алумен) ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді.
251. Ұйымда жүргізілген жөндеу жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын растайтын құжаттама жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарының қауіпсіз жүргізілу тәртібі технологиялық регламентпен қарастырылады.
252. Жөндеу жұмыстарын жүргізуден бұрын тоңазытқыш қондырғының бөлігі немесе элементі осы қондырғының басқа бөліктерінен тоңазытқыш қондырғыны пайдалану технологиялық регламентіне сәйкес вентильмен жабылады және аммиак пен басқа заттардан босатылады.
253. Тоңазытқыш қондырғының аммиактан босатылған бөлігі немесе элементі атмосфералық қысым астында ауамен қосымша толтырылады. Осы қондырғының аммиагы бар аралас бөліктері (элеменеттері) вентильдермен және бітеуіштермен ажыратылады.
Бітеуіштер нөмірленеді, сәйкес мықтылығы, олардың орналасу орындарын жылдам анықтау үшін ернемек пен оқшаулау сыртына шығып тұратын қызыл түсті тұтқасы (ілмегі) болады. Вентильдерді ажырататын маховиктер пломбыланады, оларда «Ашпа! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» плакаттары ілінеді.
Бітеуіштерді орнату мен алу бойынша әрекеттер журналда бітеуішті орнатқан және алған тұлғаның қол қоюымен тіркеледі.
254. Пайдалану орнында аммиакты сорғыны ашу немесе оның қайта монтаждалуы бұл сорғыдан хладагентті толық алып тастағаннан кейін жүргізіледі. Жабдықты хладагенттен босату тәртібі технологиялық регламентте белгіленеді. Аммиакты сорғыларды жөндеу және профилактикадан кейін, олардың мәжбүрлі тоқтауынан кейін сорғыны іске қосу бақылаушы тұлғаның жазбаша рұқсатымен жүргізіледі.
255. Жөнделетін тоңазытқыш қондырғы (компрессорлар, сорғылар және басқалар) және олармен байланысты электр құрылғылар (электр қозғалтқыштар, автоматиканың электр аспаптары, басқару щиттері және басқалар) тосын түйісуді немесе санкцияланбаған іске қосуды болдырмау үшін электр желіден ажыратылады.
Электр жабдықтың іске қосу құрылғыларында «Іске қоспа! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» плакаты ілінеді.
256. Жабдықты, құбыр өткізгішті немесе тоңазытқыш қондырғының бөлігін жөндеуге тапсыру наряд-рұқсатпен ресімделеді, онда:
аммиактан, майдан, судан және суықты тасымалдағыштан босатудың толықтығы мен жеткіліктілігі, бөлікті тоңазытқыш қондырғының қалған бөлігінен бөлу;
жөнделетін тоңазытқыш қондырғының толық босатылу шаралары;
тапсырушы мен қабылдаушының лауазымы, аты-жөні жазылып, қолы қойылумен, жөндеуге беру мерзімі мен уақыты көрсетіледі.
257. Тоңазытқыш қондырғының жөнделетін бөлігі аумағында ескерту щиттері қойылады, жөндеу және жөндеу аумағына бөтен тұлғалардың кіруіне рұқсат жоқтығы туралы плакаттар ілінеді. Жөндеуде болу туралы объект жұмысының тәуліктік журналында жазба жасалады, аумағында (үй-жайда) жөндеу жүргізілетін объект персоналы ақпараттандырылады.
258. Жөндеуші персонал жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталады және оны қолдану тәртібін, дәрігерге дейінгі көмек көрсету шараларын біледі.
259. Техникалық қызмет көрсету және машиналық, аппараттық немесе конденсаторлық бөлімдерде, технологиялық цехтарда (аммиакты жабдық орналастырылған) орнатылған жабдыққа жөндеу жүргізу үшін жұмыс кезінде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалған аспаптар мен жабдықтар пайдаланылады.
260. Компрессорларды, сорғыларды, желдеткіштерді жөндеуден кейін іске қосу мен жүргізіп көру технологиялық регламентке сәйкес орындалады.
261. Жабдық пен тоңазытқыш қондырғыны жөндеу сапасын бағалау, оларды іске қосуға рұқсат акт ресімдеумен жүргізіледі.
16 - тарау. Авариялық жағдайды жайылтпау құралдары
262. Жабдықтың электр қорегін және жұмыс жарықтандырылуын дереу ажырату үшін, қондырғыны автоматтыдан басқа, қолмен ажырату қарастырылады. Авариялық ажырату батырмалары машиналы (аппаратты) бөлім ішінен біреуі жұмыс және біреуі запас шығатын орындарда жөнделеді. Тоңазытқыш қондырғының бір уақытта тоқтауымен авариялық батырмалар (құрылғылар) іске авариялы және сору жалпы алмасу желдеткішін, дыбыстық және жарықтық дабылдаманы іске қосады.
263. Болуы мүмкін аварияның салдарын жою үшін тоңазытқыш қондырғылар сұйық аммиактың төгілуін зарарсыздандыру және булануды тұншықтыратын құралдармен және жүйемен, газ тәрізді аммиактың жайылу және таралу жүйесімен жабдықталады.
264. Аварияны таратқаннан кейін газданған аумақта жұмыс істеуші барлық қатысушылар медициналық қаралудан өтеді.
265. Амииакты тоңазытқыш қондырғыларда авариялық жағдайдың жайылуы мен таралуының алдын алу үшін нақты шаралар мен техникалық құралдар тоңазытқыш қондырғының жобалық сипаттамасын есепке алумен аварияны жою жоспарымен анықталады.
266. Хладагенттің болуы мүмкін төгілуін зарарсыздандыру және булануды тұншықтыратын қондырғы сұйық аммиак айнасын жабудың қорғаныс әсерінде көбіктік ерітіндімен немесе басқа әдіспен негізделеді. Бұл мақсатта пайдаланылған көбіктік ерітінділер кейін зиянды заттар пайда болатын аммиакпен әрекетке түспеуі тиіс.
Қолданылған қысқартулар
АТЖ – аварияны тарату жоспары;
БӨАжА – бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика;
ШРБҚ – шекті рұқсат берілетін қойылу;
АҚАҚ – аварияға қарсы автоматты қорғаныс;
БӨА – бақылау - өлшеу аспаптары;
ЖАЖ – жоспарлы алдын алу жөндеуі;
АТҚ – аммиакты тоңазытқыш қондырғы.
__________________
Достарыңызбен бөлісу: |