Оқушының аты-жөні : Сейітханов Бахтияр
Туған күні, айы, жылы : 28.09.2011
Мекен-жайы : Ш.Уалиханов к/сі 174/41,Көкшетау қаласы.
Отбасы жағдайы : отбасы тату, 4 адам
Қызығушылығы: волейбол, шахмат, кітап оқу
Үлгерімі : өте жақсы, белсенді, сүйікті пәндері : дене шынықтыру, математика, тарих
Әлеуметтік жағдайы өте жақсы. Мектепте өткізілген мәдени және тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысты. Көбіне іс-шаралардың жүргізуші міндетін атқаратын.Сынып белсендісі, мінезі ашық, ұстамды, сабырлы ,кішіпейіл.Өзге адамдармен тез тіл табысады.Сыныптастарының арасында сыйлы, беделді адам. Жақын достары: Алан, Ерасыл. Бос уақытында қосымша сабақтарға барады. Сыныпта ұйымшыл, көмек қолын созуға дайын.
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау
Университетінің
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
КРО-228 тобының студенті Аудақызы Ырыскул
ҮПП есебі
Мен, Аудақызы Ырыскул, 2 курс студенті Көкшетау қаласы білім бөлімінің ‶С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицей‶ коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 05.09.23-16.12.23 аралығында үзіліссіз педагогикалық практикадан өттім. 6 «А» сыныбында практикант болып бекітілдім. Ең алдымен тәжірибе бағдарламасымен, мектеп әкімшілігімен, педагогикалық ұжыммен, білім беру мекемесінің ішкі тәртібімен таныстым. Оқушылармен сабақ өткізу барысында оқушы психологиясы мен қабілеттеріне мән беріп, өзіме көптеген тәжірибе жинадым. Болашақ мұғалім ретінде машықтануға тырыстым. Оқушылармен сабақ өткізіп қана қоймай, сонымен қатар “ Вэйп-электрондық темекінің зияны ” деп аталатын ашық тәрбие сағатын жүргізіп те үлгердім. Болашақ мамандығымның қыр сырымен танысып, білген нәрселерімді оңтайлы пайдаланып, білмеген нәрсемді үйренуге құлшыныс таныттым және әлі де білмейтін нәрселерімді үйренсем деймін. Әр оқушымен кері байланыс орнату арқылы олардан көп нәрсе алып, есесіне пайдалы білім бере алдым деп ойлаймын. Балалармен жұмыс жасау маған ұнады. Мен практикадан қалмай, үзбей қатысып жүрдім. Белсенді жұмыс атқарып, қандай да болмасын тапсырылған жұмыстарды тиянақты да сапалы етіп орындап, ұжымның көңілінен шыға білдім деген үміттемін!
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау
Университетінің
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
КРО-228 тобының студенті Алиева Заида
Достарыңызбен бөлісу: |