Ақмола облысы, Целиноград ауданы Р.Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебі Төлеубек Әліби Жанарбекұлы



бет5/6
Дата02.01.2022
өлшемі1.25 Mb.
#452921
1   2   3   4   5   6
docx1574267201

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

IІ. 1. Қызанақ туралы жалпы мағлұмат

     Мен Төлеубек Әліби өзіміздің үй бақшамызға барып қызанақты зерттеуді қолға алдым. Қызанақты ең бірінші анаммен бірге өз қолыммен егістік ауламызға отырғызып, өсіріп, күтіп баптадым. Содан ары қарай зерттеу жұмысын бастап кеттім. Қызанақ туралы зерттеу жұмысы барысында көп мәліметтерді анықтадым. Қызанақ біржылдық жылу сүйгіш шөптесін өсімдік. Орыс тілінде «помидор» атауы итальян тіліндегі «pomodoro–алтын алма» дегеннен шыққан. Ал «томат» атауы француздардан «tomate» деген сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады.

      Ең алғаш  Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп есептеп, жемісінің әдемілігі үшін бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Қазіргі уақытта қызанақ ең кең таралған және өсіретін көкөністердің бірі болып саналады. Түрінің көптігімен, дәмімен және диеталық қасиеттерімен танымал. Қызанақты жеміске де, көкөніске де жатқыза береді. Өйткені, 1893 жылы АҚШ Жоғарғы Соты қызанақты көкөніс деп қабылдаса, 2001 жылы еуропалықтар оны жеміс деп шешті. Осыдан 200 жыл бұрын құмыраға егілген бұл өсімдікті Англияда үйлердің терезесінен, бақтан кездестірген екен.

      Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған болып келеді. Кейбір түрлерінің тамыры 1 метр тереңдікке дейін барады. Өсімдікке дұрыс күтім жасалса, тамыр сабағының бойына да өсіп шығады. Осыдан қызанақты тек тұқымы арқылы емес, тамыр сабақтары арқылы да көбейтуге болатынын көреміз.

 

IІ. 2. Қызанақтың құрамындағы заттар



       Қызанақтың жемісінен алынған шырыны тағамға пайдаланылады. Жеміс құрамында витаминдер өте көп. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар. Қызанақты тұздап, сүрлемелеуге де болады. Қызанақтың сұрыптарынан ғалымдар  пайдалы химиялық элемент тапқан. Онда темір, мыс, калий тұздары көп.

 

  ІІI. ЖҰМЫСТЫҢ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ



1. Қызанақтың өсіп жетілуі

    Қазақстанда 1 түрі: кәдімгі ас қызанақ  барлық жерде өсіріледі. Қызанақты егістік ауламыздың 1 квадрат метр жеріне отырғыздық. Ауламыздағы егістіктің 1 метр квадратынан 12 — 15 кг өнім алуға болады. Мен ауламызда егістік алқабына барып қызанақты күнделікті келіп суарып, күтіп баптадым.

1. Бастапқыда отырғызған қызанақтың биіктігі 5 см болатын.

Күнделікті күтіп баптаудың нәтижесінде 1сантиметрмен өсіп отырды. Жазда шілде, тамыз айында қатты ыстық болған кездері күніне таңертең және кешке

екі рет суарып отырдық.

2. Анам маған қызанақты қалай өсіріп, баптауымды, бойы ұзарып өскен сайын, ағаш таяқшаларға жіппен сағаттың тілі бойымен орап, байлауымды айтып, түсіндірді.

3. Анам екеуміздің қызанақты суарып, арам өскен бұтақтарын жұлып, күтім оны жіппен сағат тілі бойымен орап байладық. Сабағын сындырып, үзіп алмай мұқият күтім жасап отырдым. Қызанақ 30-40 сантиметрге дейін өсті. Гүлінің түсі сары болып келеді, бір түпке жиналып өседі. Бір сабағында аталықтары да, аналықтары да кездеседі. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі.      Пішіні әртүрлі. Жапырағы қауырсын тәрізді болып келеді.

4. Осы күтудің нәтижесінде қызанақ 50 – 60 сантиметрге дейін өсті. Сабағының биіктігі түріне қарай 30 см-ден 2 метрге дейін барады.

Мен ауырып бара алмаған күні анам суарып отырды. Қызанақ жартылай түйіршікті, қарашірігі мол топырақта жақсы өседі екен. Қызанақтан ертерек өнім алу үшін жылыжайда немесе үй жағдайында наурыздың соңы, сәуір айларындакөшетін дайындайды. Мамырдың 10 ынан кейін бақшаға егеді. Өнім алу мерзімі – шілде, қыркүйек айлары аралығы. Жылыжай жағдайында жыл он екі ай өнім алуға болады. Жеке отбасыға жетерлік қана өсіру үшін, базардан мамандар дайындап өсірген көшетті алған дұрыс. Ал шаруа қожалықтары үшін көшеттерді өздерінің дайындағаны тиімдірек.

 Қызанақтың сабағының биіктігі менің бойыммен бірдей  болып, 130 — 140 сантимертге дейін жоғары өсті. Жемісі — екі не одан да көп . Салмағы  25 — 500 г болып өсті. Кейде 800 — 900 г-ға дейін өсетінін білдім. Өсуіне қолайлы температура 20 — 25С, температура 15С-қа дейін төмендегенде гүлдеуін, ал 10С-та өсуін тоқтатады. 1 — 2С-та үсікке шалдығады. Әр гектардан  ашық үй бақшасында өсіргенде 150 — 200 центнер алуға болады.

6. Ал біз ауладағы егістіктен 11 килограмдай таза қызанақ өнімін жинап алдық. Егістіктен алған. қызанақты тамаққа жасауға пайдаландық .мектеп асханасына тамақ жасауға берді. Қазақстанның әр аймақтарында қызанақтың әр мезгілде пісетін бірнеше сұрыптары бар. Ерте пісетін сұрыптары: Белый налив 241, Ранний 80, Ақтөбелік 85, Глория, т.б. сорттары Батыс Қазақстан, Қостанай,Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, т.б. облыстарда өсіреді. Негізгі зиянкестері: картоп қоңыр көбелегі, ызылдауық қоңыз т.б.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қызанақты күту барысында оның өсіп жетілуі

 



Өсіп-жетілуі

Уақыты

Кіммен бірге

1

Егістік алқабына

орнатуға көмектестім.



Маусым айының соңында

Мен,анам.әжем,әкем

2

Қызанақты отырғызғанда не бәрі 5 см ғана болатын

26.06.2017 жыл

Мен, анам,әкем

3

Күніне 1 сантиметрден өсті

29.06.17 жыл

Анам екеуміз

4

30-40 см жетті

06.07.17 жыл

Анам екеуміз

5

50-60 см жетті

28.07.17 жыл

Анам екеуміз

6

70-80см жетті

10.08.17жыл

Анам екеуміз

7

90-100 см жетті

24.08.17 жыл

Анам екеуміз

8

110-120 см жетті

01.09.17 жыл

Анам екеуміз

9

130-140 см жетті

15.09.17 жыл

Мен

өзім бақыладым



 

 ІІ. 2. Қызанақтың адам ағзасына пайдасы

        Қызанақ адам организміне пайдалы витаминдерге бай. Ересек адамдарда жиі кездесетін варикоз, гастрит, жүрек қан тамыр аурулары мен қанайналым жұмысын жақсартады. Асқазан ішек жолдары, іштің қатуы кезінде аса пайдалы. Өтті тазартады, несеп айдағыш, ісік ауруларынан қорғайды. Зәрдің шығуын тездетеді. Қантты диабетке және семіздікке шалдыққан науқастар үшін құнды тағам.    Қызанақ иммунитетті көтереді. Ара шаққанда, дене күйіп қалған кезде екіге бөліп басса,  ара уын денеге жаймайды және күйіктің ыстығын алады. Қан түйіршігін көбейтеді. Анам қан түйіршігі аз, әжем варикозбен ауыратындықтан, қызанақты күнделікті отбасымызбен қолданамыз.

Қызанақтан жасалатын тағамдар, салаттар.

Мен үйде анаммен бірге қызанақ тұздауға көмектестім. Одан томат, күзгі салат, лечо т.б салат түрлерін жасап, қыста жеу үшін банкаға жаптық.

Қуырылған қызанақ

Піскен помидорды жуған соң, оны көлденең екі бөлікке бөліп, тұз және бұрыш себу қажет. Кесілген помидорларды кесілген жағын бетіне қаратып табаға (сары май жағылып қыздырылған) салып қуырады. Қызанақтар қызара бастаған кезде екінші бетін аудырып қуырады. Дайын қызанақты жеке тағам ретінде немесе ет және балық тағамдарына гарнир ретінде де пайдалануға болады.

Қызанақ тұздау

Қызанақтардың барлық түрлерін (көк, шала піскен, піскен) де тұздауға болады, тек қызанақтың әр сортын бөлек тұздау керек. Ол үшін қызанақтарды іріктеп, зақымданғандарын бөлек алады. Іріктеліп алынған қызанақтарды тазалап жуып, алдын-ала дайындалған ағаш кеспекке салады. Әрбір қатарына укроп, шие, немесе қарақат, сарымсақ жапырақтарын жауып отырған дұрыс. Қызанақты ағаш кеспекке салған кезде оқтын оқтын тығыздап отыру қажет, сосын бетіне ертерек дайындалған тұздық (10 л мұздатылған қайнаған суға 700-900 г тұз) құйылады. Қызанақ пісіп кеткен немесе ірі болса, соғұрлым тұздық ащылау болғаны дұрыс. 40-50 күн өткеннен кейін ол пайдалануға келеді. 10 кг қызанаққа: 150 г укроп, 15-20 г бұрыш, 100- 120 г қарақат немесе шие жапырағы және 50-70 г желкек жапырағы қажет. 









Р.Қошқарбаев атындағы сыныптастарыма қызанақ адам ағзасына қандай пайдасы бар туралы сұхбат алдым. Сұхбаттың сұрақтарын алдын ала дайындадым.

Сұхбаттың сұрақтары:


  1. Қызанақ туралы не білесіз?

  2. Қызанақ қайдан,қалай шыққан?

  3. Қызанақтың пайдасы не?

  4. Қызанақтың қандай түрлерін білесіз?

  5. Қызанақтың 1м нен неше кг өнімалатынын білесіз бе?

  6. Қызанақ неше айда немесе неше күнде өнім береді?

  7. Қызанақтың жауын білесізбе?

  8. Қызанақтың қандай арзан ем болатынын хабардарсыз ба?

  9. Бүгінгі күнде қызанақтың адам организіміне маңызы бар деп есептисіз бе?

  10. Елімізде қызанақта көн өсіру үшін нестеу керек?

  11. Сіз осы жағдайды шешу үшін қандай көмек бере алатын едіңіз?

Сұхбаттың қортындысы:

1.Сұрақ бойынша қызанақ-адам денсаулығына пайдалы көкініс.Қызанақтан түрлі салат пен дәмді тағамдарды жасауға болады.

Сұрақ бойынша 2 адам дұрыс жасап берді.Басыңды адамдар оны улы деп есептеген.Көп нәрсе шетелден келеді емеспе? Америкадан шыққан.

3. Сұрақ бойынша 10 адам әйтеуір құрамында дәрумендер көп дейді ғой.3- адам құрамында С,А дәрумені бар екенін айтты.

4.Сұрақ бойынша 8 адам дөңгелек, сопақша, кедір –бұдыр, қызыл, сары түсті екенін айтты. 5 адам Белый налив, Глория деген сорттары бар.

5.Сұрақ бойынша білмеймін -7, 10-15 кг алатын шығар 6 адам.

6. Сұрақ бойынша оған кім мән береді дейсің? 8 адам. 3-4 айда пісетін шығар 5 адам.

7. Сұрақ бойынша 4 адам-оның жасын білмейді екнмін. 3 адам енді соны зертте демекпісің? 3 адам қоңыз шығар, 3 адам көбелектер деп ойлаймын.

8. Сұрақ бойынша естіуім бар қызанақтыңда ауруларға пайдасы бар деп-5 адам. Мүлдем білмейді екенмін 5-адам .Бүйрек ауруын емдейді деп естігенмін 2-адам. Қатерлі ісік ауруларғакөп көмек беретінін білетін едім 1 адам.

9. Сұрақ бойынша әрине қажет, ол дәрумен 6 адам.Қызанақ имунитетті көтереді дейтін анам – 1 адам. Білмеймін 2 адам.

Сұхбаттың қортындысы бойынша қызанақ туралы адамдар толық білмейтінін білдім. Ал қызанақты елімізде көп өсіру қажеттігіне көзім жетіп отыр. Барлық сұрақтарға толығымен жауап ала алмадым.

Сонымен қатар қызанақ туралы көптеген мәліметтер жинау керектігін ойға түйдім.

Қызанақтар латын америкасыннан шыққан.16 ғасырда әкелінді.

Алғашқыда оны сәндік өсімдік ретінде өсірді.Өйткені улы деп есептелінген.

Оның дәмін бірінші білгендер және бағалағандар итальяндықтар.

Қазақстанда қызанақтың өркендеуіне жағдайлар жасалынған.

Дәрігер Омаро Кууки адам баласы әр күнде 450 гр қызанақ шырынын ішіп отырса, өте қатерлі ісік ауруынан құтыла алады. Қызанақта А ,В, С және қант, органикалық қышқылдар, лимон, алма, вино, ұзын құлақ дәрумендері бар.19 ғасырда орыс халқына қызанақ ене бастады. Сол кезде біздің ақылды апаларымыз томаттың тағы бір ем болатынын тапқан.Томат шырынының және етінің көмегімен күйген жерлерді, сөлден және сепкілден және шашты өсірудің бір қалыпты сақтауын емдейтін болған.Қызанақ қазіргі заманда көптеген елде ұлттық тағам ретінде пайдаланады.Не үшін сонша қызанақты жақсы көреміз. Керемет дәмі үшін, сонымен қатар денсаулыққа пайдалы және сымбатты етіп көрсетеді. Қызанақты зат алмасу процесінде, жүрек ауруларына, асқазан жараларына, асқазан-ішек ауруларына, бүйректегі тасты емдеуге қызанақтың шырынын бірқалыпты диета сақтап ішіп отыру айтылған. Ғалымдар 1 стақан қызанақ шырынына жасыл желекті қосып ішіп отырғанды пайдалы деп есептелген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет