Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімдігі «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі


«А» сынып оқушыларының жеке кабинеті



бет2/6
Дата13.11.2023
өлшемі2.48 Mb.
#483088
1   2   3   4   5   6
0000d0f9-d564f4f8

5 «А» сынып оқушыларының жеке кабинеті



2. Биология кабинетінің мақсаты:
Оқу кабинетінің мүмкіншіліктерін білім беру стандартының талаптарына сай қамтамасыз етуге дайындығын талдау, оқу үрдісінде оқу-әдістемелік қамсыздандыру талаптарына сәйкес оқу кабинетінің жұмысының негізгі бағыттарын анықтау.


Оқу кабинетінің міндеттері:

  • Кабинеттің техникалық құралдарымен, оқу құралдарымен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуін жақсарту;

  • Оқыту әдістемесін жетілдіру, оқу үрдісіне оқушылардың сабақта белсенділігін арттыратын алдыңғы қатарлы формаларды, әдістерді, оқыту құралдарын енгізу;

  • Оқушының оқыту жағдайына бейімделуіне, оның қабілетінің ашылуына және дамуына, мәдени деңгейінің артуына ықпал ету;

  • Өзіндік білім алуды, танымдық және шығармашылық қабілеттерін өзіндік бағалауды ынталандыру;

  • Фунциональдық сауаттылықты тәрбиелеу және оқушының оқу-танымдық, іздеу-жобалау қызметін ұтымды ұйымдастыру;



3. Биология кабинетінің ережесі:
1.Биология кабинеті – бұл мектептегі арнайы жабдықталған оқу кабинеті, ғылыми – әдістемелік, психикалық-педагогтік оқу және тәрбие үрдісін жүргізуге арналған. Кабинеттегі жұмыс осы көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
2.Биология кабинеті Мемлекеттік «Білім» бағдарламасын, Қазақстан Мемлекетінің Білім туралы Заңын, жалпыға бірдей орта білім беру мемлекеттік стандартын жүзеге асыруға арналған.
3.Биология кабинетінде өткізілетін сабақтар:

  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға;

  • Анықтамаларды қолдану дағдысы, оқылған тақырыпты жүйелеу және талдау дағдысын қалыптастыру;

  • Күнделікті өмірде алған білімдерін практикамен ұштастыра отырып, пән бойынша терең білім қалыптастыру;

  • Оқушылардың өзін – өзі басқару, өзіне баға беру, өз ісіне талдау жасай білу қабілетін дамыту;

  • Ұйымдастыру қабілеті жоғары тұлға тәрбиелеу;

4.Кабинет демонстрациялау, зертханалык жұмыстар жүргізуге лайықталып оқу құрал – жабдықтарымен, жиһазбен, техникалық құралдармен, көрнекіліктерімен, оқу әдістемелік жинақтармен жабдықталады.
5.Кабинет жабдықталуы оқушыларға рухани – танымдық және эстетикалық тәрбие беруге жағдайластырылған, сонымен катар биология кабинетінің санитарлық жағдайы да талапқа сай қалыптасқан.
6.Кабинет сабақ басталардан 15 минут бұрын ашық тұруы тиіс.
Оқушылар оқу бөлмесінде ауысым аяқ киімдерімен жүруі керек.
Оқушылар оқу бөлмесінде тек қана оқытушымен бірге ғана болуға тиіс.
Оқу бөлмесі әр үзіліс сайын желдетіліп отыруы тиіс.
Әрбір сабақтан кейін оқытушы тазалық жұмыстарын жүргізуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет