3-тарау. Конкурстық комиссия (құзыреттер бойынша).
Комиссия мүшелері өңірлік конкурсқа қатысушыларды бағалау рәсімдеріне сәйкес бағалайды. Бағалау рәсімдері кәсіптік (құзыреттіліктің) техникалық сипаттамаларында баяндалған бағалау өлшемдеріне негізделген.
Комиссия құрамына: әлеуметтік серіктестер, сарапшылар-қатысушылардың компатриоттары (өндірістік оқыту шеберлері) кіреді.
Чемпионатқа қатысушылардың бірінің компатриоты болып табылатын комиссия мүшесінің өз қатысушысын бағалауға құқығы жоқ.
Сарапшылар саны тақ болуы тиіс, соның ішінде бас сарапшы, бас сарапшы орынбасары.
Техникалық сарапшының бағалау құқығы жоқ.
Конкурстық комиссия әрбір құзыреттілік бойынша өңірлік конкурстың жеңімпаздарын анықтайды.
Өңірлік конкурстың жеңімпаздары ресми құзыреттер бойынша дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталады.
Өңірлік конкурстың қалған қатысушыларына қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.
Ұйымдастырушы-колледждің ұйымдастыру комитеті (ұйымдастырушы-колледжде өңірлік конкурсты өткізуге жауаптылар) өңірлік конкурс аяқталғаннан кейін құзыреттіліктер бойынша облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетіне конкурс аяқталған күні құжаттардың толық пакетін ұсынады.
1 кесте
Достарыңызбен бөлісу: |