Ақмола облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері арасында WorldSkills Aqmola-2023 өңірлік кәсіби шеберлік конкурсын өткізу туралы ереже


Егер тек 2 команда ұсынылатын болса, онда әрбір командада 2 қатысушыдан болуы керек. Осылайша қатысушылар 4 адам болады



бет2/7
Дата11.02.2023
өлшемі36.36 Kb.
#469430
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7
Положение

Егер тек 2 команда ұсынылатын болса, онда әрбір командада 2 қатысушыдан болуы керек. Осылайша қатысушылар 4 адам болады.



2-тарау. Өңірлік чемпионатты ұйымдастыру және өткізу тәртібі.

  1. Өңірлік конкурста өткізуге жоспарланған құзыреттердің жалпы саны білім басқармасы басшысының бұйрығымен анықталады және бекітіледі.




Қатысушы ең аз ТжКБ ұйымдардың саны

әрбір ТжКБ ұйымынан қатысушылар (командалар) саны



Медальдер

6

1

1, 2, 3 орын

5

1

1, 2 орын

4

1

1 орын

3

1

1 орын


2

  1. орын

11. Өңірлік конкурс келесі кезеңдерден тұрады:


1) бірінші тур - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында өткізіледі;
2) екінші тур – осы Ережеге сәйкес бірінші турдың жеңімпаз студенттері арасында облыстық білім басқармасы өткізеді.
12. Конкурсты өткізу күні мен орнын ұйымдастыру комитеті белгілейді.
13. Өңірлік конкурсқа қатысу үшін облыстық оқу-әдістемелік кабинетіне жеңімпаздың келесі құжаттары ұсынылады:
1) конкурстың бірінші турының қазылар алқасы отырысының хаттамасы;
2) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;
3) жіберуші оқу орнының мінездеме – ұсынымы;
4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
5) өңірлік конкурстың екінші турына қатысуға өтінім;
6) конкурстың бірінші кезеңін өткізу туралы есеп (1- кесте).
14. Өңірлік конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
15. Өңірлік конкурстардың ұйымдастыру комитеттері ұлттық операторға чемпионат аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ереженің кестесіне сәйкес жеңімпаздың мынадай құжаттарын ұсынады:
1) өңірлік чемпионат жюри отырысы хаттамасының көшірмесі;
2) жеңімпаздардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі;
3) 3х4 см көлеміндегі 4 фотосурет;
4) жіберуші оқу орнынан мінездеме – ұсыным;
5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
6) сотталмағандығы туралы анықтама;
7) Республикалық чемпионатқа қатысуға өтінім;
8) өңірлік чемпионатты өткізу туралы есеп.
16. Өңірлік конкурстың бас сарапшылары, бас сарапшының орынбасарлары және техникалық сарапшылары келесі құжаттар бар болған жағдайда кәсіби шеберлік конкурсын ұйымдастыруға және өткізуге қатыса алады:
1) білімі туралы құжат (диплом, аттестат);
2) тиісті мамандық (құзыреттілік) бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибе.

  1. Бас сарапшысы қамтамасыз етеді:

  1. конкурстық құжаттаманы (конкурстық тапсырмалар, инфрақұрылымдық парақтар, бағалау критерийлері, техникалық сипаттамасы, ЕҚ және ҚТ нормаларының қағидалары, конкурстық (жұмыс) орын алаңының схемасы, құзыреттілік бойынша конкурс өткізу жоспары) әзірлеу процесін ұйымдастыру, бағалау қағидалары, рәсімдері мен өлшемдерінің сақталуын қамтамасыз етудегі сарапшылардың жұмысын басқару;

  2. қатысушыларды конкурстық тапсырманы бағалау критерийлерімен таныстыру;

  3. конкурстық тапсырмаларды қатысушыларға старт туралы белгіге дейін беру;

  4. конкурстық тапсырманы орындауды бастау және аяқтау уақыты сигналын беру;

  5. қатысушының өзін-өзі нашар сезінуінің немесе өндірістік жарақатының нашарлауына байланысты конкурстық тапсырманы орындауын өңірлік конкурс комиссиясы отырысының хаттамасында белгі қоя отырып тоқтату;

  6. Келесі чемпионаттарға арналған конкурстық тапсырманың мазмұны бойынша ұйымдастыру комитетіне ұсыныстар енгізу;

  7. сарапшылардың конкурстық тапсырмаларға қол қою рәсімін ұйымдастыру;

  8. техникалық сарапшының қатысуын қоспағанда, әрбір құзырет бойынша кемінде 3 (үш) сарапшы кіретін құрамды анықтау, ұйымдастыру комитетінің келісімі бойынша қазылар алқасының жұмысына төрағалық ету және тікелей басшылық жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет