Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!
Бүкіл әлемнің Раббы Аллаһқа мадақ! Пайғамбар Мұхаммадқа, оның жанұясы мен оның жолымен жүрген бүкіл үмметіне Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!
Омар бин әл-Хаттабтың, р.а., айтуымен жеткізілген бір даналық әңгімеде былай делінеді: «Біз Аллаһтың елшісімен, с.ғ.с., бірге оырған бір шақта, біздің алдымызға көз тұндырарлықтай ақ киім киген қою қара шашты кісі шықты. Оның бет әлпетінен сапар шеккен адамның ізі байқалмады және біздің арамызда оны танитын да ешкім болмады. Ол Пайғамбардың, с.ғ.с., алдына келіп отырды. Тізелерін оның тізелеріне тигізе отырып жайғасты да қолдарын өз аяғына қойды:
-
«Иә Мұхаммад, маған ИСЛАМ жайлы айтшы», - деді.
Аллаһтың елшісі, с.ғ.с.: «Ислам мынадай нәрселерді қамтиды: 1) Аллаһтан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммад Аллаһтың елшісі екендігіне сену, 2) намаз оқу, 3) зекет беру, 4) Рамадан айында ораза ұстау және 5) мүмкіншілігің болса қажыға бару», - деп айтты. Ол (келген адам): «Сен дұрыс айттың», - деді, ал біз болсақ оның Аллаһтың елшісінен, с.ғ.с.,сұрап және оның жауабының дұрыс екендігін растағанына таң қалдық.
Ол: «Енді маған ИМАН жайлы айтшы», - деді.
Пайғамбар, с.ғ.с.: «Иман (сенім) дегеніміз мыналардан тұрады: 1) Аллаһқа, 2) Оның періштелеріне, 3) Оның кітаптарына, 4) Оның елші-леріне, 5) Қияметке, 6) барлық жақсылық пен жамандық Аллаһ тарапынан жазмыш (тағдыр) екендігіне сену», - деді. Жаңағы адам бұл жолы да: «Сен дұрыс айттың», - деді.
Сосын ол: «Маған ИХСАН жайлы баяндап берші», - деді.
Пайғамабар, с.ғ.с.: «Ихсан (ықылас) дегеніміз, Аллаһты көріп тұрғаныңдай құлшылық ету, неге десең, (сен Оны көрмесең де), Оның сені көріп тұрғаны ақиқат», - деп жауап берді.
Сонан кейін ол: «Енді маған ҚИЯМЕТ1 жайлы айтшы», - деді.
Пайғамбар, с.ғ.с.: «Ол туралы сұралып тұрған сұраушыдан артық білмейді», - деді. Әлгі адам: «Онда маған оның белгілерін (алдында не болатыны жайлы) айтып берші», - деді. Пайғамбар бұл жолы: «Қияметтің жақындау белгілері күң өзінің ханшайымын туады, сен жалаң аяқ, жалаңаш, бейшара қойшылардың бір-бірімен жарысып биік етіп үйлер салаынын көресің», - деді. Содан соң ол (келген кісі) кетті, ал мен бірер уақытқа бөгелдім. Сонда Пайғамбар: «Иә Омар, жаңағы сұрақтарды кімнің қойғанын білесің бе?», - деді. Мен: «Аллаһ және Аллаһтың елшісі бәрінен жақсы біледі», - дедім. Пайғамбар, оған Аллаһың игілігі меен сәлемі болсын: «Бұл болған, сендерді өз діндеріңе үйретуге келген, Жебірейіл (періште)», - деді. Хадис имам Муслимнің жеткізуімен келтіріледі.
Мұсылман баласы бір Аллаһқа ғана құлшылық етеді.
Ә. Дербісәлі
Әр адамның жүрегі туылысымен-ақ Жаратушысының бар екендігіне сенуге бейімделген (фитра). Әбу Хурайра, р.а., Аллаһтың елшісінің, с.ғ.с.:«Кез-келген адам өмірге мұсылман болып1 туылады, бірақ оны ата-аналары иудей, христиан, иә, болмаса отқа табынушы етеді. Сол сияқты жануарлардың барлық мүшелерімен туылатыны туралы айтуға болады. Сен бір жануардың туылғанда олардың арасынан тұмсығының кесіліп туылғанын көресің бе?», - деп айтқанын естіген Муслим, әл-Бухари риуаяты боинша.
Әр бір жаратылыстың болуының өзі, Жаратушысының бар екендігін дәлелдейді. Аллаһ Тағала бұл туралы былай дейді: «Олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Әлде жаратушы өздері ме?» («Тұр» сүресі 35 аят.)
Басқаша айтқанда, Аллаһ Тағала былай деп сұрап тұр ғой: « ...олар Жаратушының қатысынсыз жаратылды ма..., не болмаса өздігінен жаратылды ма?» Әрине бұл екі сұраққа жауап біреу ғана. Әр нәрсе өзінен өзі пайда болуы мүмкін емес және әлбетте оның Жаратушысы бар, Ол Жаратушы – Құдіретті Аллаһ Тағала.
Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың бар екендігіне сену табиғи және жүрекке туа берілген құбылыс болғандықтан, сондықтан Ислам діні Аллаһ Тағаланың бар екендігі сеніміне аса көп мән бермейді. Неге десеңіз, Аллаһ Тағала бар және оны кез-келген нәресте, не кез-келген адам қай дін өкілі екендігіне қарамастан мойындайды. Бәлкім оны әр халық өз тілінде айтады. Мысалы, қазақ - «Құдай» десе, орыс - «Бог» немесе ағылшын «Год» дейді. Дегенмен, христиандар Аллаһты орысша «Бог», деп Оны Жаратушы екендігін мойындағанымен олар мұсылман емес, неге? Неге десеңіз, Ислам дінінің ең басты мән беретін мәселесі - ол Аллаһ Тағаланың жалғыздығы, яғни: «Аллаһтан басқа сыйынуға лайық құдай жоқ!», - деуі.
Ислам дінінің негізі – Аллаһқа деген сенім, ал Аллаһқа деген сенімнің негізі – Аллаһтың жалғыздығын мойындау болып табылады.
Аллаһ алдында біздің дініміздің қабыл болу шарттарының бірі, ол Аллаһтың жалғыздығын білімімізбен және сенімімізбен мойындауымыз. Ол Аллаһты - бәрінен Үсем, Жалғыз және барлық ісінде және қасиетінде Дара және Оның көмекшісі әрі Оған тең келетін ешкім жоқ екендігін мойындау, сондай-ақ Оның ұлы, әке-шешесі және қыздары жоқ, деп білу жатады. Және Аллаһ алдында дініміздің қабыл болуы шарттарының бірі, ол Аллаһтың жалғыздығын ниетімізбен және ісімізбен мойындау болып табылады. Ол дегеніміз – барлық оймен, ауызбен айтылатын және денемен орындалатын ғибадатты тек қана Аллаһқа арнау және тек қана Аллаһқа бой ұсыну және бағыну, осының бәрін тек қана Аллаһтан қорқып және Аллаһқа жүгініп орындау болып табылады.
Әр бір мұсылманға Аллаһтың жалғыздығының екі құрама бөлігін жақсы білу шарт. Олар, Аллаһтың – Үстемдікте жалғыздығы және Аллаһтың – Құдай сипатындағы жалғыздығы.
1. Аллаһтың Үстемдіктегі Жалғыздығы – ол Аллаһ бәрінен Үстем, Ол бүкіл дүниенің Раббысы және Жаратушысы және бүкіл дүниенің билігі Оның қолында екендігі. Оның Үстемдігінде және Оның дүниесінде Оған ешкім серік емес, яғни барлық жаратылыс Аллаһтың қолында. Ол Көк пен Жердің Раббысы, бүкіліне ризық Беруші. Ол жалғыз өзі – Жоғарылатушы және Төмендетуші, беруші және Алушы, жақсылық пен жамандықты Жіберуші де жалғыз Өзі. Аллаһтың Жалғыздығына сенімінің бұл бөлігін материалист-атейстерден басқаларының бәрі мойындаған. Керек десеңіз, пұтқа табынушы көпқұдайшыл арабтар да Ислам келместен бұрын Аллаһтың бүкіл жаратылыстың Раббысы екендігін мойындаған. Оған дәлел Аллаһ Тағаланың мына төмендегі аяты: «Егер олардан (яғни көпқұдайшыл-дардан): "Көктер мен жерді кім жаратқан және күн мен айды кім іске қосты!? ", – деп сұрасаң, әлбетте: "Аллаһ" дейді. Сонда олар қайда лағып барады.» («әл-АнкӘбут» сүресі 61 аят.)
Кәпірлердің бұл жауабы олардың Аллаһты - Үстем, яғни бүкіл әлемнің Жаратушысы екендігін мойындағаны көрініп тұр. Бірақ олар Аллаһтың Жалғыздығына сенімінің екінші қыры Аллаһтың – Құдай сипатындағы жалғыздығын мойындамаған дер едік.
2. Аллаһтың Құдай сипатындағы жалғыздығы2 – бүкіл ғибадатқа, бой ұсынуға және толық бағынуға тек қана Аллаһ лайықты, деп білу. Бұл дегеніміз, Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етуге болмайтындығы және бүкіл құлшылықта Аллаһқа серік қоспау, тек қана Аллаһты құлшылыққа лайықты, деп санау. Аллаһтан басқа құдай жоқ, деп куәлік берудің мағынасы, құлшылыққа лайықты Аллаһтан басқа ешкім жоқ, - деп түсіну болып табылады.
Аллаһтың Үстемдікте жалғыздығы мен Аллаһтың Құдай екендігіндегі жалғыздығын бірге мойындамай Аллаһтың Жалғыздығына иман келтіру толық болмайды. Мысалы, христиандар да Аллаһтың Үстем, Жаратушы екендігін мойындаған, бірақ олар Мариам ұлы Исаны Аллаһқа серік қосып, бөлек Құдай, деп, оған ғибадаттарын арнап, яғни оған құлшылық еткендігінен адасты.
Мінеки, Ислам дінінің бастыы негізі де, Аллаһ Тағаланың Жалғызыдығын мойындау, яғни Аллаһтан басқа сыйынуға лайықты құдай жоқ екендігін мойындау болып табылады. Аллаһ Тағала сол үшін бүкіл адамзатты жаратты, осы үшін бүкіл Пайғамбарларды да жіберді, және де осы үшін бүкіл кітаптарды да адамзатқа түсірді. Сондай-ақ бүкіл адамзатты бақыттылар және бақытсыздар етіп бөлетін де осы болып табылады.
Аллаһқа серік қосу – Аллаһтың1
Жалғыздығын мойындамау.
Серік қосу – ол Аллаһқа ғана тән қасиеттерді, тағы басқа біреуде де бар, деп сену жатады. Мысалы, Аллаһтан басқа тағы Құдай бар немесе құдайлар бар деп, оларға ғибадат етсе, не болмаса олардан қорықса, не оларды жақсы көрсе, не олардан көмек сұраса, мінеки осылар серік қосу жасаған, яғни Аллаһқа серік қосқан болып табылады. Аллаһқа серік қосқан адамдардың Аллаһ Тағала ешбір амалын қабылдамайды. Амалдардың қабыл болуының ең басты шарты, ол жасалған амалдардың тек қана Аллаһ Тағалаға ғана арналуы. Аллаһ Тағала Өзінің Кітабында былай дейді: «(Мұхаммад с.ғ.с..,) "Шынында мен де сендер сияқты адаммын. Маған Құдайларың бір-ақ Құдай екендігі уахи етілуде. Сондай-ақ кім Раббына жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Раббына істеген құлшылығында; Оған ешкімді серік етпесін" де» («әл-Қаһф» сүресі 110 аят)
Аллаһқа серік қосу - ол кешірілмейтін күнә. Бұған дәлел Аллаһ Тағаланың Құранда айтқан сөздері: «Аллаһ Өзіне серік қосуды жарылқамайды (яғни кешірмейді), бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды, Сондай-ақ кім Аллаһқа серік қосса, расында, жала қойып зор күнәлі болды» («әл-Нисаа» сүресі. 48 аят)
Аллаһқа серік қосушылар Жәннәтқа кірмейді, олардың баратын жері Тозақ. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деді: «...Өйткені, кім Аллаһқа серік қосса, расында Аллаһ оған Жәннәтті харам етеді. Оның орны тозақ оты, сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ.» («әл-Маида» сүресі, 72 аят)
Аллаһқа серік қосудың түрлері.
Аллаға серік қосудың екі түрі болады: бірінші топтағы серік қосу және екінші топтағы серік қосу. Бірінші топтағы серік қосу мен екінші топтағы серік қосудың айырмашылығы:
Бірінші топтағы серік қосу – адамды діннен шығарады, ал екінші топтағы серік қосу үлкен күнәләрдің бірі болып оны жасаған адам діннен шықпайды, бірақ иманы да толық болмайды.
Бірінші топтағы серік қосу жасаған адам, өлгенінше тәубеге келіп Аллаһ Тағала Өзінің мейірімімен кешірмесе олар Жәннәтқа кірмейді олардың баратын жерлері мәңгілік тозақ. Ал екінші топтағы серік қосу иелерін, Аллаһ Тағала тәубесіз де кешіруі мүмкін, ал тозаққа түссе де онда мәңгілік болмайды
Бірінші топтағы серік қосу - бүкіл жасалған амалдарды күйдіреді. Мысалы, бірінші топтағы серік қосу жасаған адамның оразасы, намазы және басқа бүкіл жасаған жақсылықтарын Аллаһ қабыл етпейді. Ал екінші топтағы серік қосу жасаған адамның, тек қана сол екінші топтағы серік қосу араластырған амалы ғана қабыл емес. Мысалы, адамдарға мақтанып оқыған намазы немесе атақ үшін жасаған қажылығы т.б. осы сияқты амалдары. Ол амалдарға соңынан толығырақ тоқталамыз.
Кейбір мұсылман ғалымдары Аллаһ Тағала бірінші топтағы серік қосу иелерін де, екінші топтағы серік қосу иелерін де, адам баласы тәубеге келмей кешірмейді дейді. Бәрін білуші бір Аллаһ. Шын мәнінде бірінші топтағы серік қосу пен екінші топтағы серік қосудың арасындағы жіптің жіңішкелігі сонша, көп жағдайда екінші топтағы серік қосу, сол амалды жасап жатқан адамның ниетіне, айтқан сөзіне және іс-қимылына қарай бірінші топтағы серік қосу қатарына өтіп кетуі мүмкін. Құрметті қауым, Алла Тағаланың Қаһарына ілінбес үшін, серік қосудың екі түрінен де сақтануымыз керек.
БІРІНШІ ТОПТАҒЫ СЕРІК ҚОСУ
Бірінші топтағы серік қосудың өзін кейбір ғалымдар
айқын және жасырын деп екіге бөледі:
Бірінші топтағы серік қосудың айқыны – бұл Аллаһ Тағаламен қатар басқа Құдайға, не болмаса құдайларға құлшылық ету жатады. Бұл жағдайда Құдай ретінде минерал, ай, күн, не болмаса сиыр, бұқа сияқты жануарлар және адамдар болуы мүмкін. Мысалы Перғауын өзін құдаймын деп жариялап, оған сеніп құлшылық етушілер табылған. Және де Буддаға, Мариям ұлы Исаға не болмаса көзге көрінбейтін жындарға, шайтандарға, періштелерге құлшылық ету жатады.
Бірінші топтағы серік қосудың жасырыны2 - бұл әруақтардан қажетін сұрау не болмаса жәрдем сұрау. Бұл жағдайда Аллаһтан басқа ешкімнің қолынан келмейтін - аурудан сауығу, дұшпандардан қорғау, не болмаса бір қайғыдан құтылу сияқты жәрдемді әруақтардан, яғни өліктерден, не болмаса солар жерленген жерге барып сұрау жатады. Бұған өзіміздің арамызда көп тараған Түркістанға барып Ахмед Яссауидың әруағынан, Баба түкті шашты азиздің аруағынан, Байдібек атаның аруағынан, Домалақ ананың, Аиша бибінің және толып жатқан осылар сияқты марқұмдардан жәрдем сұрау жатады. Бұлардың серік қосудағы жасырын болуының себебі мынада:
1. Әруақтардан өз қажетін сұрауды, олардан көмек сұрауды адамдардың көбі құлшылық ету деп ойламайды. Олардың ойынша құлшылық ету еңкеюде, тізе бүгуде және маңдайын жерге тигізуде, деп түсінеді. Шын мәнінде, олардан көмек, жәрдем және т.б. сұрау құлшылыққа жатады.
2. Олар: «Біз әруақтардан қажетімізді, керегімізді сұрағанда оларды әсте біздің Құдайымыз, не болмаса Иеміз деп ойламаймыз, олар бізді Аллаһпен жақындастыратын байланысшымыз, біздің сұрауымызды Аллаһқа жеткізушіміз», - дейді. Олардың бұл айтқандары әрине олардың Аллаһ Тағаланың Құдіретін білмегендігінен болып табылады. Олар бәлкім Аллаһ Тағаланы «бір мекеменің бастығы» сияқты көреді. Басшыға кіру үшін, не болмаса онымен сұхбаттасу үшін оның хатшысы арқылы байланысу керек. Олар да Аллаһқ жақындау үшін, араға хатшы ретінде әруақтарды салады. Олардың бұл амалы Құранда "аз-Замур" сүресінің 3 аятында айтылғандай, кәпірлер тас құдайлары пұттарға: «...біз бұларға, Аллаға жақындастырсын деп қана табынамыз", - дегені секілді. Шын мәнінде, Аллаһ Тағаланың есігі әркімге кез келген уақытта ашық. Оның есігінің алдында не хатшы, не күзетші жоқ. Аллаһ Тағала Өзінің кітабы Құранда Пайғамбарына, с.ғ.с., былай дейді: «Егер құлдарым Мен туралы сенен сұраса: "Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін (яғни орындасын). Және Маған сенсін, әрине тура жол тапқан болар еді» («Бақара» сүресі, 186 аят)
Аллаһтан басқаға құрбандық шалу1 – бұл да адамдардың көбіне жасырын болған Аллаға серік қосудың, яғни бірінші топтағы серік қосудың бір түрі болып табылады. Бұлай дейтін себебіміз, құрбан шалуды көп адамдар құлшылық ету деп ойламайды. Шындығында құрбандық шалу діни амалдардың бірі болып табылады, ал барлық діни амал құлшылық болып саналады. Құлшылықты Аллаһтан басқа біреуге арнау – серік қосу. Құрбан шалу туралы Алла Тағала Құранда «Кәусар» сүресінде былай дейді: «Сондақтан Раббың үшін намаз оқы, құрбан шал».
Біздің арамызда бұл серік қосу кеңінен тараған. Оған мазарлардың басында аруақтарға арнап мал шалу жатады.
Үкім етуде Аллаһқа серіктесу - бұл да адамдардың көбіне жасырын болған Аллаһқа серік қосудың, яғни бірінші топтағы серік қосудың бір түрі болып табылады. Ол - Аллаһтың рұқсат, деген нәрсесіне тыйым салу және тыйым салған нәрсесіне рұқсат беру, яғни Аллаһ Тағаланың харам (арам) дегенін хәләл (адал) деу, ал хәләл дегенін харам деу. Бүкіл діни амалдарды - ол мейлі құлшылық етуде болсын, адамдардың қарым-қатынасында болсын, және де басқа істерінде болсын Аллаһ Тағала ғана үкім бере алады. Үкім етуде Аллаһ Тағала Өзінен басқа біреуді басшылыққа алуды Құранда сөкті: «Немесе дін тұрғысынан Аллаһ бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын серіктары бар ма?...» («Шура», 21 аят)
Аллаһ Тағала айтты: «Олар2 ғалымдары мен машайықтарын3 және Мариям ұлы Исаны Аллаһтан өзге Құдай қылып алды. Негізінде олар бір Құдайға ғана құлшылық қылуға бұйырылған болатын. Өйткені, Одан басқа ешбір Құдай жоқ. Ол олардың қосқан ширігінен пәк.» («ат-Тауба», 31 аят)
Осы айтылған аятты Пайғамбарымыз, с.ғ.с., христиан дінінен ислам дінін қабылдап жатқан Удай ибн Хатим ат-Тайға, р.а., оқығанда, Удай: "Олар (яғни христиандар мен яхудилер) оларға (монахтарына) құлшылық етпейді (ғой)", - дегенде, Пағамбар, с.ғ.с.: "Жоқ...Олар рұқсат етілген нәрселерге тыйым салған және тыйым салынған нәрселерге рұқсат берген, ал олар болса олардың артынан ерген4 мінеки, - бұл құлшылық ету болып табылады", - деп жауап берген.
Дуалау, сиқырлау – бұл да адамдардың көбіне жасырын болған Аллаға серік қосудың, яғни бірінші топтағы серік қосудың бір түрі болып табылады. Дуалау мен сиқырлаудың түр-түрлері болады. Мысалы, түйіншектерге дуа оқып үрлеу, не болмаса инеге дуа оқып үрлеп оны біреудің үйіне, сол үйде ұрыс-жанжал болсын деген ниетпен алып барып қыстыру. Дуа жасағанда қандай ниетпен жасалса да ол харам. Неге десеңіз сиқырлаушы және дуалаушы жын-шайтанның көмегімен, солардан сұрап өздерінің істерін істейді. Ал Аллаһтан басқа біреуден сұрау – ол серік қосу.
Пайғамбар, с.ғ.с.: «Кім түйіншек түйіп оған үрлесе, ол сиқыр жасады (дуалады). Кім сиқыр жасаса, ол Аллаһқа серік қосты», - деген. Құранда да, Мұсаның сөзімен былай делінеді: «...сиқыршы қайда барса да құтылмайды». («Та-ха» сүресі, 69 аят) «...Мұса айтты: «Бұл келтіргендерің сиқыр, күдіксіз Аллаһ оны бұзады. Расында, Аллаһ бұзақылардың ісін жөндемейді», - деді». («Юнус» сүресі, 81 аят)
Сиқырлау, дуалау Аллаһқа серік қосу болғандықтан, сол сиқырды және дуаны жасаушы бақсыларға, тәуіптерге сеніп, олардың қызметін пайдалануға да болмайды. Егер олардың қызметін пайдалансаңыз, онда олардың күнәсінә серіктасасыз. Пайғамбар, с.ғ.с., айтқан: «Үш кісі жәннәтқа кірмейді: маскүнем, кім сиқырға сенсе, кім туысымен қатынасын үзіп олармен араласпаса». Ахмад ибн Хабан.
Жұлдыздармен жору1- астрология – бұл да адамдардың көбіне жасырын болған Аллаһқа серік қосудың, яғни бірінші топтағы серік қосудың бір түрі болып табылады. Аллаһқа серік қосудың бұл түрімен айналысатындар, жұлдыздарға қарап болашақта не болатынын болжаймыз дейді. Олар жұлдыздардың адамдарға, не болмаса мемлекеттерге әсері бар, деп түсінеді. Және әр кімнің туған күніне, айына, жылына байланысты өзінің әсер ететін жұлдызы бар, сол жұлдыздардың қозғалуы адамдардың тағдырына әсер етеді, деп те пайыдайды. Қазіргі кезде көп таралғандардың бірі "егіздер" жұлдыз тобына жатса, басқасы "арыстан" не "балық" сияқты т.б. жұлдыз тобына жатып сол арқылы адамның мінез құлқын танып, не болашақта не болатынын болжап, не болмаса оған қандай жұлдыз тобында туылған жолдас керек екенін айтып, сол шайтанның ойлап тапқан астрологиясын басшылыққа алып жатады. Әрине бұл Ислам дінінде тыйым салынған, харам істер болып табылады. Неге десеңіз, болашақтың және тағдырдың Иесі Аллаһ қана. Адамға мінез-құлық берген де Аллаһ қана. Жұлдызшылар Аллаһқа ғана тән қасиетті жұлдыздарға беріп, Аллаһқа серік қосады. Шын мәнінде, жұлдыздар Аллаһтың жаратқан жаратылыстары ғана, олар адамның бақытына, не болмаса денсаулығына еш әсері жоқ. Кімде-кім оған сенетін болса, демек ол Аллаһқа серік қосты. Аллаһ бәрімізді шайтанның азғыруынан сақтасын. Осының бәрін адамдарға әдемі әрі қызық етіп көрсететін шайтан емес пе?
Пайғамбар, с.ғ.с.: «Кім жұлдыздардан алса, сол сиқырдан алды», - деген. Әбу Дауд риуаяты боинша.
Бұл хадис әрине жұлдыздарды және олардың орны мен қозғалыстарын зерттейтін – астрономия ғылымы туралы айтылып жатқан жоқ. Бұл хадис, жұлдыздармен бал ашатын, кәпірлердің айналысатын, астрологиясы жайлы болып тұр.
Балгерлік пен көріпкелдік – бұл да адамдардың көбіне жасырын болған, Аллаһқа серік қосудың, яғни бірінші топтағы серік қосудың бір түрі болып табылады. Балгер – ол бал ашу құралдарымен (карта, құмалақ және т.б.) болашақта не болатынын, не болмаса не ойластырылып жатқанын айтушы. Көріпкел – ол адамдардан тыс, не болмаса адам көрмейтін, не адамдардың ол жайлы хабары жоқ істерді айтушы. Ғайыпты білеміз деушілердің бәрі Аллаһқа серік қосушылар. Ғайыпты білуші тек қана Аллаһ Тағала. Аллаһтың Өзіне ғана тән қасиетін басқа біреуде бар деу - ол Аллаһтың Жалғыздығына күмән келтірген, яғни серік қосу еткен болып саналады. Бұның бәріне дәлел төменде келтірілген хадистер мен Құран аяттары:
Пайғамбар, с.ғ.с.: «Кім көріпкелдің алдына барып, одан бір нәрсе сұраса және оның айтқанына сенсе, онда оның намазы қырық күнге дейін қабыл болмайды», - деген. Муслим риуаяты бойынша.
Пайғамбар, с.ғ.с.: «Кім балгердің алдына барып, оның айтқанына сенсе, ол адам Мұхаммадқа жіберілгенге сенбегені», - деген. Әбу Дауід риуаяты бойнша. Пайғамбарға, с.ғ.с.. жіберілгендердің бірі, ол ғайыпты Аллаһтан басқа ешкім білмейтіндігі. Аллаһ Тағала Өзінің Кітабында былай деді: «Көктер мен жердегі көместі (ғайыпты) Аллаһтан басқа ешкім білмейді...» («ан-Намль» сүресі, 65 аят) «Көместің (ғайыптың) кілттері Оның жанында. Оны Ол Өзі ғана біледі...» («әл-Анғам» сүресі , 59 аят)
Аллаһ Тағаладан басқаға нәзір атау – бұл да адамдардың көбіне жасырын болған Аллаһқа серік қосудың, яғни бірінші топтағы серік қосудың бір түрі болып табылады. Нәзір атау дегеніміз, ол мысалы, адамдардың өзіне бағалы бір затын мейлі ол ақшалай болсын, мейлі ол малдай болсын біреуге атау. Шын мәнінде, нәзірді тек қана Аллаһқа ғана атауға болады. Мысалы, Аллаһ Тағала Өзінің Кітабында, Имранның жұбайының былай деп нәзір еткенін айтады: «...Раббым ішімдегіні азат қылған түрде Саған арнадым. Менен қабыл айла! Расында Сен Естуші, Білушісің...» («әл-Имран» сүресі, 35 вят)
Харам етілген нәзір, ол Аллаһтан басқа біреудің атын атап берілген нәзір. Мысалы, егер адам ауырып, не болмаса бір затын жоғалтып мазарға (молаға) келіп: «Иә менің ием, пәленше2, егер Аллаһ менің жоғалтқанымды тауып берсе, не мен жазылсам, онда мен осынша алтын, не ақша, не ет сен үшін беремін», - деу жатады.
Ағаштардан, тастардан және т.б. осы секілді заттардан рахым күту – бұл да адамдардың көбіне жасырын болған Аллаһқа серік қосудың, яғни бірінші топтағы серік қосудың бір түрі болып табылады. Бұл бір талдың, ағаштың, не тастың киесі бар, не бір қасиеті бар, деп соларды ұстаған адамға, не болмаса айналған адамға, не болмаса соған шүберек байлаған адамға жақсылық болады, не жолы ашылады, деп сену жатады.
Аби Уакида әл-Ләйси, оған Аллаһтың разашылығы болсын, ат-Тирмизидің жеткізуімен былай дейді: «Біздің исламды жаңадан қабылдаған уақытымыз болатын. Біз Пайғамбармен, с.ғ.с., Хунейінге сапарға шыққанбыз. Кәпірлердің бір қастерлейтін ағашы болатын. Олар оған өздерінің қаруларын іліп одан рахым күтетін. Оны өздері: «Зату Ануат», деп атайтын. Біз бір ағаштың жанынан өтіп бара жатып Пайғамбарға, с.ғ.с.: «Иә Аллаһтың елшісі, бізге де Зату Ануат жасап бер», - деп сұрадық. Сонда Аллаһтың елшісі, с.ғ.с.: «Аллаһ Ұлы! Мінеки өмірдің заңы! Сендер исраил ұрпақтарының Мұсаға айтқан сөздерін айттыңдар: «...Әй Мұса!: "Бұлардың құдайларына ұқсаған бізге де құдай жаса", - деді. Ол: "Шынында сендер білмейтін елсіңдер", - деді...» («әл-Ағраф» сүоесі, 138 аят)
Бұдан Пайғмбардың, с.ғ.с., олардың ағашқа қаруларын іліп, ол ағаштан береке іздемекші болған ниетіне қатаң зекіп тастағанын көреміз.
Омардың, р.а., халифалығы уақытында, оған сахабалардың Пайғамбарға, с.ғ.с., ант берген ағашының жанына адамдар келіп, намаз оқитынын естігенде, мұсылмандардың бұл ісі жамандыққа апаратынынан қорқып, ол ағашты кестіруге әмір беріп, адам жібереді. Бұл әңгімені жеткізуші имам ат-Тартуси.
Сонда, Омар, р.а., Аллаһтың Құранда атын атаған, Пайғамбарға, с.ғ.с., сахабалар ант берген ағашын, серік қосуға апаруы мүмкін, деп кестіртсе, онда басқа жай ағаштарды қадірлеу туралы не демекпіз?
ЕКІНШІ ТОПТАҒЫ СЕРІК ҚОСУ1
Аллаһтан басқаның атымен ант беру - бұл екінші топтағы серік қосу амалдары қатарына жатады. Мысалы, әке-шешенің атымен, әулиелердің атымен, нанмен не ас-тұзбен: «нан ұрсын, не тұз ұрсын», деу сияты т.б. ант берулер жатады. Пайғамбар, с.ғ.с.: «Аллаһтан басқа біреумен ант берген кісі күпірлік жасады, не Аллаһқа серік қосты», - деген ат-Тирмизи риуаяты боинша. Неге десеңіз, ант берген адам, ол ант берген затын өзіне өте қадірлі және қасиетті тұтқандығынан соның атымен ант береді. Былайша айтқанда ант беру - ант беріп жатқан затты құрметтеу, қасиеттеу, жоғарылату болып табылады. Ал, шын мәнінде, Аллаһ Тағаладан жоғары, қасиетті, құрметті ешкім жоқ. Керек десеңіз, Пайғамбардың, с.ғ.с., сахабасы, Ибн Масғұд, оған Аллаһтың ризашылығы болсы: «Мен үшін шын айтып басқаның атымен ант бергеннен - өтірік айтып Алланың атымен ант берген артық», - деген. Қараңыз Аллаһтың атымен өтірік айтқан қандай үлкен күнә болса, ал серік қосу келтіру одан да асқан күнә. Егер тәубеге келіп Аллаһ Тағала Өзінің рахымымен кешірмесе тозаққа апаратын күнә болып табылады. Сахаба ғалымдардың ойы бойынша - екінші топтағы серік қосу басқа (серік қосу емес, күпір емес, нифақ емес) үлкен күнәләрдің бәрінен жоғары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |