Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және
жүректің арнайы тіні арқылы әртүрлі жылдамдықпен
тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің
талшықтарымен 0,8—1,0 м/с жылдамдықпен,
қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—
0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні
арқылы 2,0—4,2 м/с жылдамдықпен таралады.
Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының
өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер
бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық
бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты
жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың
ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан
қанның аорта мен өкпе өзегіне ағуын қаматамасыз
етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі
– созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы
болып табылады
Өткізгіштік
Жүрек бұлшықетінің қаңқа
бұлшықетіне қарағанда
қозғыштығы төмен. Жүрек
бұлшықетінде қозудың пайда
болуы үшін қаңқа
бұлшықетімен салыстырғанда
күшті тітіркендіргішті қолдану
қажет. Жүрек бұлшықетінің
реакциясының шамасы
берілетін тітіркендіру күшіне
(электрлік, механикалық,
химиялық және т.б.)
байланысты болмайтындығы
анықталған. Жүрек бұлшықеті
шекті (табалдырықты) және
шамасы үлкен тітіркендіруде де
максимал жиырылады.
Достарыңызбен бөлісу: