«Ананың алақаны-балаға айдынды қоныс» Мақсаты



бет3/4
Дата05.09.2023
өлшемі48.38 Kb.
#476658
түріБағдарламасы
1   2   3   4
«Ананың алақаны балаға айдынды қоныс» тренинг

«Кенгуру» ертегісі
Баяғыда Кенгуру өмір сүріпті. Оның кішкентай баласы болыпты. Ол басында өте әлсіз болып, анасы оны өзінің қалташасына салып жүріпті. Қалта өте жайлы еді, онда кенгурудың баласы тамақ ішіп, ойнайды. Бірде ол ұйқыдан тұрса, анасы қасында жоқ екен. Бала қатты жылап, анасы келгенше дейін айқайлап тұрыпты. Оны естіген анасы қасына жүгіріп келіп, баласын қалтасына сала қояды. Кенгурудың баласы өсіп, анасының қалтасына сыймай қалады. Бірақ ол бәрібір қол-аяғын қысып жинап, қалтаға болмай кіріп алады.
Кешке қарай кенгуру анасымен қонаққа барады. Қонақта көп балалар болады, олар көңілді ойнап, секіріп жүреді. Кенгурудың баласы олармен ойнағысы келеді, бірақ анасын тастап кетуге қорқады. Бәрі келіп оған ойнайық дегенде, ол қалтада тығылып қалады.
Күндер өтіп, кенгурудың баласы мүлдем қалтаға сыймайтын болады. Оның құмда зәулім ғимараттар салып, далада жүгіргісі, ойнағысы келді, бірақ қорықты. Сондықтан анасынан айрылмады.
Бір күні анасы таңертең дүкенге кетті. Кенгурудың баласы көзін ашса, анасы жоқ, қатты жылап, айқайласа да, анасы келмеді. Терезеге қараса көршілердің балалары далада жүгіріп, ойнап жүр. Олар өте көңілді еді. Кенурудың баласы жылауын қойып, балалармен ойнағысы келді. Ол өзі киініп, жуынып, балаларға барды, олармен кешке дейін ойнап, көңілді уақыт өткізді. Анасы бұл қылығы үшін баласына қуанып, оны мақтады. Енді анасы баласын үйге қалдырып, дүкенге не жұмысқа бара алады, себебі оның баласы өсіп, үлкен болып, өзі басқа балалармен ойнай алады. Ал кешке анасы міндетті түрде үйге келіп, өзінің сүйкімді баласына оралады.

Баланың қажеттілігін қанағаттандыру, оған жағымды қарым-қатынас жасау, мейірімділікке бөлеу, күнде жаңа ойындар ойнап, қызықтыру – баланың балабақшаға тез бейімделуіне оң қадам.


Балабақша – бүлдіршін үшін ұжымдық қарым-қатынастың бірінші тәжірибесі. Әр баланың мүмкіншілігі, қабілеті әртүрлі болуына қарай бейімделуі де түрліше өтеді, сондықтан алдымен баланың жағымды ішкі эмоционалды жағдайын қолпаштау керек. Балаға жайлы және жақсы болғанда ғана ол ортаға тез үйреніседі, үйлесімді дамиды. Бүлдіршін ата-анасы сұрамай-ақ балабақшада жаттаған тақпағын көңілдене айтып берсе, күні бойы болған топ оқиғаларын өзі баяндаса – бұл оның бейімделгенінің бірінші белгісі. Ата-ана мен педагогтар бірлесіп, балаға оң психологиялық ахуал тудыра алса ғана бала тұлғасы қалыптасып, жан-жақты дамиды.

Ал енді ойынға назар салсақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет