«Ананың алақаны-балаға айдынды қоныс» Мақсаты


Ата-аналарға арналған қимыл қозғалысты ойын



бет4/4
Дата05.09.2023
өлшемі48.38 Kb.
#476658
түріБағдарламасы
1   2   3   4
«Ананың алақаны балаға айдынды қоныс» тренинг

Ата-аналарға арналған қимыл қозғалысты ойын

  1. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру орынындарыңызда отырып орындауға болады.




  1. Журнал бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

«иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз.


«жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

2. Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана (жанұя) бірдей ықпал жасай ма?


— егер «жанұя» десеңіздер- жымиыңыздар.
— егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолымызды алдыға созамыз.

3. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?


— егер «әке» десеңіздер – қолды шапалақтаңыз,
— егер «шеше» десеңіздер – қолды бұлғаймыз.
— егер «екеуі» десеңіздер – орнымыздан тұрамыз шапалақтаймыз


«Бала мүсіні» көрініс 10 мин ( ата- аналарға арналған)


Психолог: баланың роліне ата-аналардың бірін шақырамын. Қатысушыларға әр топтан көрініс кезінде айтылатын тыйым сөздерді естерінде сақтап, орамалмен байлап тұру тапсырылады.
Менің кішкентай қызым бала бақшаға барады .
Біз екеуміз бақшаға асығып келеміз,автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің қызым өте қозғалғыш,бәрін білгісі кеп тұрады, тіпті автобусқа асығып келе жатқанда да көп сұрақтар қояды. Мен қызымның қолынан алдым да, жүгіре жөнелдік.
— Мама, анау не, қарашы!- деді қызым.
— Уақыт жоқ, аяғыңның астына қара, сүрінесің де жүресің! Неге жан-жағыңа алақтай бересің? Жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА ҚАРАМА!- деп жауап бердім мен. Сол сәтте қызым сөздерді тура мағынасында түсініп, менің бұйырғанымдай көзін жұмды. (орамалмен көзін байлаймыз)
Біз әрі қарай бақшаға асығып кетіп барамыз. Автобусқа мініп, мен онда өзімнің құрбымды кездестірдім. Екеуміз кешегі күнді талқылай бастадық. Қызым мұқият тыңдап, содан соң былай деді.
— Мама, мама, Сағат деген ағай кім?- деді.
— Мен, неге сен үлкендердің әңгімесіне жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсың ғой, үлкендердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ ҚҰЛАҒЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен қызымның құлағын байлаймыз)
Біз автобустан түсіп, жолмен жүгіріп келеміз. Мен кешігіп қаламыз ба деп қайта-қайта сағатыма қарап келемін.
Бүгін қандай күн, тамаша болады! Мама мен Малика күтіп отырған шығар, мен оған фантик әкелемін дегенмін, анау ше… –деді. — Қойшы! Не былшылдап кеттің, уақыт жоқ, онсыз да кешігіп келеміз. Осы сен үндемей жүре алмайсың ба? ТЕЗ АУЗЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен аузын байлаймыз). Баламды қолынан ұстап алдым да, әрі қарай жылжыдық. Қызым үндемей келеді, бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып, қолынан салып жібердім.
— Осы сенің қолдарыңа тыным жоқ екен. Таста дедім мен саған. ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ! (орамалмен қолдарын байлаймыз.) Осы кезде секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып, оған айқайладым. — Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы? Секеңдегеніңді қой! ТҮЗУ ТҰР! (орамалмен аяқтарын байлаймыз) Мен сағатыма қарап, кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым.
— Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек, жүруді де ұмытып қалғансың ба, бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сияқты, не дұрыс жаза алмайды, не дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара, сүрінбей, соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы! Неғып үндемей қалдың, мен сенімен сөйлесіп тұрмын ғой керең неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан сайын даусымды көтеріп айқайладым.
— Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған. Жылайтындай не болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой! Мен кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА! (осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын)
Сөйтіп, әрі қарай қызымды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім. Яғни мен оның бала екенін және оған менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім.

Ал әнді ата-аналар өз ой пікірлерінізді тыңдайық бұл көріністен не түсіндік!


— Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?


— Ата-ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз?
— Кішкене болса да бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?
Тілек шамы”
Отбасы,ұшқан жанұя-жылылықтың,
жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.


Құрметті ат-аналар балалар сіздерге арнайы «Тұмар» тобын шақырдық еліміз тыныш болсын тілегімен Туган жер әнің және күйімізді қабыл алыңыздар! Орындауышы Бахтиява Жанна Жандосбекқызы , Рймаханова Данизат Нұрланқызы қошаметпен ортаға шықырайық)


Ой-толғаныс
Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес.
Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!





















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет