Жағдайлық есептер: 1. Суық тиіп ауырған аурудың дене қызуы 410С – тан бірнеше сағат ішінде 36,10 –қа дейін төмендеген. Дене қызуының бұндай күрт төмендеуі қатты терлегендіктен. Осы жағдайдан кейін термореттеушілік механизмі қалай өзгерді?
2. Бөлме температурасы +30 С жағдайында болған коянға пирогенал енгізген, 2 сағаттан кейін дене температурасы 39,50 С –ға дейін жоғарылаған. Егер қоянды ауа температурасы +200 С -ық бөлмеге ауыстырсақ дене қызуы өзгередіме?
3. 47 жастағы В. деген ауру миокард инфарктісінің клиникалық және электрокардиографиялық белгілерімен аурухананың кардиологиялық бөлімшесіне түсті. Науқастың дене қызуы 37,80 С. Осы науқастың дене қызуының дамуына қандай пирогенді заттар әсер етті?
4. Көп мөлшерде арақ ішкен адам узақ уақыт ауа температурасы -250 С болатын аязда қалып қойды. Жедел жәрдем көлігімен зардап шегуші гипотермиялық көріністермен ауруханаға жеткізілді. Ішімдіктің әсерімен бірге гипотермияның дамуына қандай жағдай ықпал етті?
5. Қол жарақатымен және радиалды жүйке қызметі жартылай сақталған науқасқа пирогеналмен, яғни жасанды қызба жасау арқылы ем тағайындалды. Дәрігердің қандай мақсаты болды?
6. Пирогенал енгізгеннен кейін егеуқұйрықтарда қызу көтерілді. Содан тәжірибелік және бақылау (интактілі) егеуқұйрықтарға бірдей мөлшерде стафилококк егілді. Қандай егеуқұйрықтардан инфекция үдерісінің жеңіл ағымы байқалады?
7. Хирургиялық бөлімшеге бас миы зақымдалған науқас түсті, 30 минуттан соң науқаста қалтырау пайда болып дене қызуы 38,20 С-ға жоғарылады. Осы температуралық реакцияның ағза үшін мәнін қалай бағалауға болады?
8. Узақ уақыт жаңбырлы, салқын ауада серуендеген адамда тумаудың жеңіл түрі байқалды және дене температурасы 37,40 С – ке көтерілді. Осы жағдайда қызу түсіретін препаратттарды тағайындау қажет пе?
9. Екі қоянға эксперимент жүзінде дене қызуларын 390 С - 39,50 С жоғарылатты. Бірінші қоянға гемолитикалық стрептококк өсірілген бульонндық екпе еккен, ал екіншісіне - динитрофенол (жылуды күрт арттыратын зат). Қайсы қоянда табиғидене қызуы дамыды?
10. Қоянға азоттық иприт егу арқылы ауыр лейкопения туындатты. Сонан соң тәжірибелі және бақылау тобындағы қояндардың дене қызуын көтеру үшін пирогенал егілді. Қайсы қоянда дене қызуы анағұрлым артады.