Тұмаудан қорғанудың қарапайым ережелері



жүктеу 37.27 Kb.
Дата27.06.2016
өлшемі37.27 Kb.
Тұмаудан қорғанудың қарапайым ережелері
1.Екпені күзде жасаған дұрыс, өйткені тұмау эпидемиясы, әдетте, қарашадан наурыз айына дейін жүреді. Екпе тудырған антиденелер титрі бірнеше ай бойы тұрақталып, екпе жасалғаннан 6 ай өткен соң төмендей бастайды. Сондықтан екпені тым ерте жасаудың да қажеті жоқ.
2.Тұмаудың алдын алудың ең кең тараған және қолжетімді түрлерінің бірі-мақта-дәке таңғышы.
3.Қосымша түрінде аскорбин қышқылы мен поливитаминдер қабылдау қажет. С дәрумені ашытылған орамжапырақта, мүгжидекте, лимон, киви, мандарин, апельсин, грейпфрутта көбірек болады.
4.Тұмау эпидемиясы кезінде аурудың алдын алу үшін күн сайын 2-3 тілім сарымсақ жеген дұрыс. Ауыз қуысын бактериялардан толық тазарту үшін, бір тілім сарымсақты бірнеше минут шайнаған жеткілікті.
5.Тұмау кезінде үнемі мұрынды шайып отыру қажет-мұрынның алдыңғы бөлігін күніне 2 рет сабынмен жуу керек. Сондай-ақ мұрын қуысын пияз бен бал(қант) тұнбасының тамшыларымен шаюға болады. (Тұнбаны дайындау әдісі:ұсақтап туралған 3 ас қасық пиязға 50 мл жылы су құямыз,1/2 шәй қасықпен бал қосып, 30 минут тұндырамыз).
6.Тамақты марганцовка, фурациллин, сода және түймедақ ерітінділерімен шаю, сондай-ақ ингаляция жасау ұсынылады:300 грамм суды қайнатып, 30-40 тамшы эвкалипт тұнбасын тамызу не картоп кабығының 2-3 қасығын, болмаса ½ шәй қасықпен сода қосу.
7.Алдымен аяқты жылы суға салып отырып, (5-10 мин.), содан соң дене қызуы болмаса, табанды қыздыратын маймен майлау да жақсы көмектеседі.
8.Дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмекке қосымша, медикаментозды емес дәмді құралдарды да пайдалануға болады:итмұрын нәрі, таңқурай және бал қосылған шай, жөке шайы. Қант қосылған таңқурай шырынын дене қызуы кезінде салқындатқыш ретінде қолдануға болады.
9.1-2 бұршақ көлеміндей прополисті ауызда ұстап, оқтын-оқтын бір жақтан екінші жаққа аударып отыру қажет, түнде ауызға салып ұйықтау қажет. Оны тәулік бойы ұстау шарт. Кәдімгі шақпақ қантты прополистің спирттік сығындысына батырып қолдануға болады.
10. Тұмау, ЖРА, ЖРВИ, бронхит және суық тиюден болған басқа аурулар кезінде майқарағай майын ысқылап жағу, уқалау және ингаляция үшін қолданады. Майды арқаның жоғарғы бөлігіне (жаға тұсына), кеудеге ысқылап жағады, тәулігіне 4-5 рет рефлекторлы аймақтар бойынша табанды уқалайды. Әрбір емшарадан кейін науқастың аяғын компрестік қағазға орап,, жүн шұлық кигізеді, жылы көрпеге орап, дәрі шөптен жасалған шай береді. Ингаляция кезінде қайнаған суы бар ыдысқа 3-4 тамшы май тамызып, сүлгіні жамылып, емдік бумен тыныс алады. Мұрын бітелгенде, әр мұрын тесігіне бір тамшы майдан тамызу қажет. Майқарағай майы қатты жөтелді де басады. Таза майды тілдің ұшына таңертең және кешке 3-5 тамшыдан тамызады.
11.Қатты жөтел ұстаған кезде, келесі әдіс көмектеседі. Шомырды жіңішке етіп тіліп, құмшекер себеді. Пайда болған тәтті шырынды әр сағат сайын бір ас қасықтан ішіп отыру қажет.
12.Бал қосылған үгітілген сарымсақ та жақсы көмектеседі. Одан жатарда бір ас қасықтан қабылдайды.
Есіңізде болсын! Тұмауды емдегеннен гөрі алдын алу оңай.

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ
Тұмау - қандай ауру?
Тұмау - барлық жастағы ересектер мен балаларды зақымдайтын, ауыр вирусты жұқпалы ауру. Тұмау эпидемиясы жыл сайын, әсіресе жылдың салқын уақытында бой көтеріп отырады. Жыл сайын дүние жүзі бойынша 500 млн. жуық адам тұмауға шалдығып, ал оның 2 млн. жуығы аталмыш ауру түрінен қайтыс болады. Анықталған жағдайлар саны жағынан тұмау мен ЖРВИ аурулары дүние жүзі бойынша тіркелген жұқпалы аурулар арасында алғашқы орынға ие, ал инфекциялық аурулар құрылымының 95 пайызы осы аталмыш сырқаттың үлесінде.

Тұмау мен ЖРВИ біртіндеп адам денсаулығына кері әсерін тигізе отырып, орташа өмір сүру ұзақтығын бірнеше жылға қысқартады. Сырқаттың ауыр ағымды түрлері кезінде жүрек - қантамыр, тыныс алу мен орталық жүйке жүйесінде қайтымсыз өзгерістер туындап, жүрек пен тамырлар, сонымен қатар пневмония, трахеобронхиттер, менингоэнцефалиттер тәрізді аурулардың пайда болуына бірден - бір оң әсерін тигізеді.

Кең таралған асқынуларына: риниттер, синуситтер, бронхиттер, отиттер, созылмалы аурулардың асқынулары мен бактериалды суперинфекция жатады. Тұмау кезінде әлсіреген ағзаға бактериалды инфекциялардың (пневмококкты, гемофилді, стафиллококкты) енуі жоғарылай түседі. Тұмаудан ең көп зардап шегетіндер - созылмалы аурулармен сырқаттанатын егде жастағы адамдар. Тұмау кезінде өлім жағдайы - улану, бас миына қан құйылу, өкпе асқынулары (пневмония), жүрек және өкпе жетіспеушілігі себебінен болады.
Әдетте, тұмау жедел басталады. Жасырын, яғни инкубациялық кезеңі 2-5 күнге созылады. Бұдан кейін жедел клиникалық көріністер кезеңі басталады. Тұмау кезінде өздігінен емделуге болмайды, әсіресе балалар мен егде жастағы адамдар үшін. Медициналық көмекке сырқаттың пайда болған алғашқы күнінен - ақ жүгінген дұрыс. Сырқаттанған жағдайда учаскелік дәрігерді немесе «жедел жәрдем» шақыртып, үйден күткеніңіз жөн. Тек осы кезде ғана Сізге нақты диагноз қойылып, аурудың алғашқы сағатында қажетті ем тағайындалып, асқынуларының алдын - алуға мүмкіндік туады.Тек қана дәрігер ғана науқастың жағдайына нақты баға бере алады.

Аурудан қалай қорғануға болады?



Түшкірген немесе жөтелген жағдайда аузыңыз бен мұрныңызды қол орамалмен жабыңыз. Қолыңызды жиі сабындап жуып тұрыңыз. Науқас адамдармен қарым - қатынаста болуды шектеңіз. Егер тұмауға шалдықсаңыз, жұмысқа немесе мектебіңізге бармағаныңыз жөн. Сонымен қатар іссапарға шығу, дүкенге не өзге де қоғамдық орындарға барудан бас тартқаныңыз дұрыс. Егер үйден сыртқа шығатын болсаңыз, бетіңізге маска киюді ұмытпаңыз.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет