Анатомия организмнің ішкі және сыртқы құрылысын зерттейтін ғылым. Адаптогенез



жүктеу 0.5 Mb.
бет1/2
Дата25.02.2016
өлшемі0.5 Mb.
  1   2
ГЛОССАРИЙ.

Автотрофтық - автотрофизм. Өсімдіктердің фотосинтез немесе хемосинтез арқылы ауадағы, топырақтағы және судағы анорганикалық заттармен қоректенуі.

Анатомия - организмнің ішкі және сыртқы құрылысын зерттейтін ғылым.

Адаптогенез - эволюция процесінің нәтижесінде бейімдеушілік белгілерінің нәтижесінде пайда болып, қайта өзгеруі.

Аденозинфосфорлы қышқылдар - аденозиннің фосфорлы эфир қосындысы түрінде мононуклеотидтерге жататын күрделі органикалық қышқылдар.

Адсорбция -моленкулалық күштердің әсерінен адсорбенттер бетіндегі зат бөлшектерінің көбеюі. Биологиялық мембраналардың қызметтері, ферменттер мен реакцияға қатысушы заттардың өзара әрекеттесуінің алғашқы кезеңі, уытты заттарға қарсы қорғаныш реакциялары, топырақтан қоректік заттардың тамыр жүйесі арқылы өсімдікке сіңуі бәрі де абсорбция процесімен тығыз байланысты.

Азимут - (араб тілінде жол, бағыт) – бақылау нүктесінің меридиан жазықтығы мен осы нүктеде бақыланатын аспан шырағы немесе жер бетіндегі объект арқылы өтетін вертикаль жазықтықтың арасындағы бұрыш.

Алғашқы саңылаулар - морфологиялық жағынан ерекше, кейінде ұрық клеткалары дамитын алғашқы клеткалар.

Ассимиляция - организмдердің сыртқы ортадан заттарды қабылдап, өздеріне тән күрделі органикалық заттарды синтездеуі. Бұл процесс энергия пайдалану арқылы жүзеге асады.

Ассимиляттар - фотосинтез кезінде хлоропластарда ең алғаш пайда болатын органикалық заттар.

Астрономия – (грек тілінде astronomia, астро және номос - заң) аспан денелері мен әлемнің құрылысы және олардың дамуы жөніндегі ғылым.

Әкшіл өсімдіктер - кальцийі мол, сондай-ақ әк, бор және басқа карбонатты жыныстар шығатын аймақтарда өсіп-өнетін өсімдіктер.

Базофильді өсімдіктер - топырақтары сілтілі болып келетін шөл және шөлейт далада өсетін көптеген өсімдік түрлері.

Балауыз өңезі - жапырақ бетіне, кейде өсімдік сабағына балауыздың жұғуы. Бұл өсімдіктің артық буланудан сақтайды.

Бастама клеткалар - 1) Бөлінгеннен кейін өзгеріссіз меристемалық болып қалатын өсу нүктелерінің клеткалары. Кейбір өсімдіктердің (мүктер, папортник тәрізділер) өсу нүктесінде жалғыз-ақ клетка көпклеткалы организмнің бастамасы бола алады. Басқа өсімдіктер (тұқымды өсімдіктердің көбі) промеристемасында бірнеше бастама клеткалар болады. Бастама клеткалардың туындылары әралуан тканьдік элементтерге сұрыпталады. 2) Бөлінгенде бірнеше клеткалық топтарды пайда ететін эпидермис клеткасы. Олардан устьицалардың тұйықтаушы және жанама клеткалары сұрыпталады. 3) Бірнеше қайталанып бөлінуден ұрықтық бастамасы болатын ұрықтанған жұмыртқа клеткасы.

Безді клеткалар - ішінде әртүрлі - эфир майлары, қымыз қышқылды ізбес кристалдары бар, көлемінен немесе ерекше пішінімен оңай көзге ілінетін паренхима тканінің арнайы клеткалары.

Бейімделу - организмнің құрлысы мен атқаратын қызметінің тіршілік жағдайларына бейімделуі, сыртқы жағдайларының өзгеруіне организмнің бейімделуін қамтамасыз ететін жауаптардың жиынтығы.

Биогенді элементтер - организмдердің тіршілігі үшін қажетті құрам бөлігі болып табылатын химиялық элементтер. Оларға көміртегі, оттегі, азот, сутегі, күкірт, фосфор және т.б. жатады.

Биотроф - тіршілік әрекеттеріне қажетті қоректік заттарды және энергияны басқа организмдерден - хайуанаттардан, өсімдіктерден, бактериялардан, саңырауқұлақтардан, т.б. алатын паразит.

Биология – ( грек тілінде «биос» - тіршілік, «логос» - ғылым, ілім) тірі табиғатты зерттейтін биология ғылымы.

Биогеография – организмдердің орта жағдайларына байланысты жер бетінде таралу заңдылықтарын қарастырады.

Бөліп шығарушы клеткалар - басқа клеткалардың тіршілік әрекеттеріне байланысатын заттардың жиналуына арналған клеткалар.

Ботаника – (грек тілінде «ботанэ»- өсімдік) өсімдіктер туралы ғылым.



Бірінші (алғашқы) қабық - ең алғашқы, шыныдай мөлдір тысқы қабат. Жас клеткаларда протопластан пайда болады. Құрлысы целлюлозалық микроталшықтардан құралған тор сияқты. Пектиндік заттардан және гемицеллюлозалардан тұратын аморфты матрикске малынған күйде болғандықтан клетка қабығының созылуына кедергі жасамайды. Алғашқы қабық меристема және мезофилл клеткаларында көбірек байқалады.

Вакуольдар - ішінде клетка шырыны жиналған цитоплазмадағы көпіршіктер. Клетка шырының құрамыында еріген органикалық және минералдық заттар болады. Басында көптеген майда вакуольдар бір-бірімен қосылып клетканың бүкіл ішін алып жататын үлкен бір вакуольға айналады. Клеткадағы осмостық құбылыстар осы ерігенг заттардың концентрациясына байланысты.

Галоксерофиттер – тұздылыққа, қуаңшылыққа бірдей төзімді өсімдіктер.

Галомезофиттер - ылғалдылығы орташа аймақтарда өсетін, тұздық ортаға төзімді өсімдіктер.

Галофиттер - тұзға төзімді, яғни сорланған, кебірленген топырақтарда, сондай-ақ тұзды суларда өсетін өсімдіктер.

Галофобтар - тұзды ортада өсе алмайтын өсімдіктер.

Гекистотермиялы өсімдіктер - суыққа төзімді, күн энергиясы өте аз түсетін жағдайларда тіршілік ете алатын өсімдіктер (мысалы, полярлық қуаң дала, альпі белдеуінде өсетін өсімдіктер.

Гелиофиттер - күн жарығы мол түсетін жерлерде өсіп, жарықты көбірек ұнататын өсімдіктер.

Гемикриптофиттер -жертаған өсімдіктер. Жылдың қолайсыз мерзімінде олардың бастама бүршіктері жерде сақталады.

Гемиксерофиттер - қуаңшылық аймақтар мен ылғалдылығы орташа аралығында өсетін өсімдіктер. Олардың тамырлары өте тереңдеп өседі, транпирация арқылы қарқындылығы жоғары және сусыздануға төзімділігі төмен келеді.

Гетеротрофты мүшелер (органдар) - фотосинтезге қабілетсіз өсімдік мүшелері (тамыр, ұрық, жапырақтың түссіз ұлпалары).

Ген – тұқым қуатын ақпарттың құрылымдық бірлігі.

Ген инженериясы – алдын ала белгілі жаңа қасиеттері бар тірі организмдерді жасау проблемасын зерттейтін молекулалық биологияның саласы.

Генетикалық код – белок молекуласына қажетті амин қышқылының орнын анықтайтын ДНҚ молекуласындағы үш негізден тұратын тізбек.

Генотип – организмдердегі барлық гендер жиынтығы.



Гиалоплазма - ішінде ядро, басқа органоидтар және клеткалық алмасудан пайда болған заттар орналасқан өсімдіктер мен жануарлар клеткаларының ішкі негізгі құрамы.Гиалоплазманың құрамына белок тектес заттар, соның ішінде, ферменттер енеді. Гиалоплазма клетканың құрылымдық бөлшектерін біріктіріп, олардың өзара химиялық қатынастарын қамтамасыз етеді.

Гигрофиттер - суды көп керек ететін, тек ылғалы мол топырақтарда өсетін өсімдіктер (орман өсімдіктерінің көпшілігі).

Гигрофобты өсімдіктер - ылғалды көп керек етпейтін, сондықтан ылғалы мол жерден қашық өсетін өсімдіктер.

Гидатодтар - өсімдіктердің су тамшыларын (гутация) бөліп шығаруға бейімделген устьицалары. ылғалы мол жерлерде өсетін өсімдіктерде көп кездеседі.

Гидатофиттер - гидатофиты. Түгел немесе жартылай суға батып өсетін өсімдіктер.

Гидрокриптофиттер - гидрокриптофиты. Бүртіктері суда болатын өсімдіктер.

Гидромезофиттер - гидромезофиты. Гигрофиттер мен мезофиттер аралығында орын алатын өсімдіктер.

Гидроморфизм - гидроморфизм. Гидрофиттердің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктері: ауа сақтағыш клетка аралықтарының мықты дамуы, қалқып өсетін жапырақтарда устьицалардың көптігі, борпылдақ және бағана тәріздес тканьдердің нашар бедерленуі, тамыр жүйелерінің механикалық ткандерінің нашар дамуы, кейде жапырақтардың әртүрлілігі.

Гидроморфоздар - гидроморфозы. Суда тіршілік етуіне байланысты өсімдік пішіндерінің өзгеруі.

Гидрофиттер - гидрофиты. Тіршлігін ұдайы суда өткізетін су өсімдіктері.

Гидрофобты өсімдіктер - гидрофобные растения. Суы мол жерден қашықтап өсетін өсімдіктер.

Гипсоксерофиттер - гипсоксерофиты. Гипсі мол топырақта өсетін өсімдіктер.

Гликогаломезофиттер - гликогаломезофиты. Тқздануға төзімді, өз организіміне тұзды өткізбейтін мезофит өсімдіктер.

Гликогалофиттер - гликогалофиты. Тамырлары тұзды нашар өткізетіндіктен, ұлпаларында тұз жиналмайтын өсімдіктер.

Гликофиттер - гликофиты. Тұзсыз топырақтарда және тұщы су қоймаларында өсетін өсімдіктер. Оларға жер бетінде өсетін өсімдіктердің көптеген түрлері жатады.

Гольджи аппараты - аппарат Гольджи. Клетканың өте майда құрылымдық бөлшегі. Жайпақ ыдыс немесе табақша тәрізді қысыңқы көпіршіктерден құрылған. Жан-жағынан одан да майда көпіршіктер созылып жатады.

Граналар - граны. Хлоропластардың ішкі құрлымының негізгі бөлшектері. Олар реттеліп орналасқан тилакоидтар байламына ұқсас. Хлоропласта 10-15 граналар болуы мүмкін, дегенмен олардың бәрі өзара жұмыр, немесе қысыңқы құбыр сияқты граналық тилакоидтар арқылы біртұтас жүйе боп байланысқан.

Гемостаз (грек. haemo-қан, stasis-тоқтау) деп қанның сұйық қалпын және эндотелтийдің бүтіндігін, тамырдағы қан ағысының сақталуын, сондай-ақ сыртына шықпауын не ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі биохимиялық және биофизикалық үрдісін атайды.

Гемоглобин - құрамында темір бар белок тектес зат.

Гемолиз ( грек,. haima-қан, lysis-еру) - деп эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуын атайды.

Генетика – ( грек тілінде «генезис» - шыққан тегі) организмдердің тұқым қууы мен өзгергіштік заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Гомеостаз - деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, тяғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы) атайды.

Гиперметропия - көздің алыстан көргіштігі.
Диктиосома - диктиосома. Клетка цитоплазмасының майда құрылысты бөлшегі. Жан-жағынан ішінде клеткалар тіршілік әрекетінен пайда болған заттары көпіршіктер қалыптасатын мембраналық табақшалар жиынтығы. Әдетте өсімдіктер клеткасында жиынтығы Гольджи аппараты деп аталатын бірнеше диктиосомдар болады.

Диссимиляция - диссимиляция. Тірі ұлпаларда органикалық заттардың ыдырап, энергияның бөлінуі. Клеткадағы қажетті энергияның барлыңы диссимиляцияға байланысты өндіріледі. Тыныс алу мен ашу процестері диссимиляцияның негізгі түрлері болып есептелінеді.

Диффузия (ірігу, таралу, ағу) - диффузия. Бір заттың молекулаларының (газдың, сұйықтықтың, қатты дененің) басқа заттарға тәкелей жанасқанда немесе саңылаулы кедергі арқылы енуі (жүйедегі заттың концентрациясының өздігінен теңелуі).

Дөңгелек саңылаулар - округлые поры. Бірінші қабықтың қабыршағымен ажыратылған, клетканың қалыңдамаған екінші қабығының цилиндр тәріздес қуыстары. Көбінесе паренхималық клеткаларға тән.

Евгалоксерофиттер - евгалоксерофиты. Тұздануға және қуаңшылыққа бірдей төзімді өсімдіктер.

Жазғы тыңыштық - летний покой. Құрғақ, шөл далада өсетін кейбір өсімдік түрлерінің жаздың құрғақшылық кезеңдеріндегі қолайсыз жағдайларға бейімденуіне байланысты тыңыштық күйге өтуі.

Жапырақ жұмсағы - мякоть листа. Жапырақтың үстінгі және астыңғы қа- баттарының арасындағы (бағана тәріздес және кеуекті) паренхима немесе жапырақтың ассимиляциялаушы (мезофилл) ұлпасы.

Жапырақтың ширатылуы - скручивание листьев. Бактерия, саңырауқұлақ немесе вирустардың әсерінен пайда болатын аурулардың бір белгісі.

Жапырақтың бұйралануы - курчавость листьев. Әртүрлі топтағы саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болатын өсімдіктер ауруы. Жапырақ бетінде көптеген дөңестер пайда болып, жапырақ пішіні бұзылады.

Жара меристемасы - раневая меристема. Өсімдіктің жараланған бөліктерінің шеттерінде пайда болатын жаңа ұлпа. Әдетте жара меристемасының қызметін жараланған жерге жанай орналасқан камбий қабаты атқарады.

Жара тозы - раневая пробка. Өсімдіктің кез-келген органындағы ұлпалар жараланғаннан кейін феллоген клеткаларынан пайда болатын, зақымданған ұлпаны сау ұлпадан бөліп тұратын тозды қабат.

Жара ұлпасы - раневая ткань. Жара меритстемасы әрекетіне байланысты зақымданған жерде пайда болатын бұлтық (каллус) түріндегі жаңа ұлпа.

Жартылай өткізгіш қабық - полупронецаемая оболочка. Суды (еріткіш) оңай өткізетін және ондағы еріген заттарды өткізбейтін қабық.

Жартылай өткізгіш мембрана - полупронецаемая мембрана. Өзінен, әдетте тек еріткіш молекулалары ғана өте алатын мембрана.

Жыныс клеткалары - половые клетки. Жыныс органдарында пайда болатын және жыныстық көбеюге қажетті хромосомдар жиынтығы, гаплоидты арнайы клеткалар.

Жіктелу кезеңі - фаза дифференциации. Көлемдерінің ұлғаюы тоқтап, қабықтары суберинмен тығызданып немесе сүректеніп, тиісті қызметін атқаруға дайындалған клетканың өсуінің соңғы кезеңі.

Зигота - әртүрлі жыныс гаметаларының қосылуы нәтижесінде түзілетін клетка, ұрықтанған жұмыртқа клеткасы.

Зоология – (грек тілінде «зоон» жануар, логос - ілім) жануарлар туралы ғылым.

-

Иммунитет - деп иммунды жүйенің денеден бөгде заттарды шығарып тастау қасиетін айтады.



Инспирация - ол демалу.

Инстинк - тұқым қуалайтын әрбір жануарға тән, оның күйіне қарай немесе тап осы жағдайда жүзеге асырылатын, күрделі туа біткен мінез -құлығының жиынтығы.

Интерорецепторлар - ішкі ағзаларда, ұлпаларда, қан тамырларда орналасады, ішкі мүшелердегі өзгерістерді қабылдайды.

Каротин - каротин. Каротиноидтар тобындағы қанықпаған көмірсутекті қызғылт сары пигмент. Суда ерімей, органикалық еріткіштерде ериді. Барлық өсімдіктердің хлоропластарында және хромопластарында болады.

Каротиноидтар - каротиноиды. Суда ерімейтін сары және қызғылт сары пигменттер тобы. Каротиноидтерге каротин және химиялық тегі жағынан соған жақын ксантофилл, ликопин, фукоскантин және т.б. пигменнттер жатады. Күзде жапырақтардың сароғаюы, сондай-ақ гүл, жеміс түстері де осы пигменттердің болуына байланысты.

Кариотип – түрге тән хромосома жиынтығы.



Каспари белдеушесі - поясок каспари. Бірқатар өсімдіктердің тамыр клеткалық қабықтарының дөңгелек белдеуше сияқты болып тозандануы немесе сүректенуі.

Кернелу - тугор. Клетка қабығы мен ішкі бөлімдерінің өзара қысымдары нәтижесінде өсімдік клетекалары, тканьдері және органдарының кернелген күйі.Осмостық қысымға байланысты клеткаға су енгенде байқалатын қысым, көленмі ұлғайған сайын протопластқа түсетін клетка қабығының қарсы қысымына теңеседі. Кернеулік қысым мен осмостық қысымның өзара қатынасы судың сіңу процесіне үлкен әсер тигізеді.

Клетка - клетка. Жануарлар мен өсімдіктерді тіршіліксіз жүйелерден ерекшелейтін, морфологиялық және физиологиялық сұрыпталған құрылыстық бірлік. Қарапайым тірі жүйе бола тұрып, клетка өзін-өзі жаңартуға, өндіруге және реттеуге қабілетті. Клетканың негізгі құрамы - ішінде органоидтар мен басқа кіріспелер орналасқан цитоплазма, ядро, вакуоль. Олардың барлығы клетка қабығымсен қоршалған.

Клетка-аралық заттар - межклеточное вещество. Клетка қабықтарының арасында болатын және клеткаларды өзара қиындастыратын полисахаридке ұқсас зат.

Клетка сөлі - клеточный сок. Клетка вакуоліндегі тіршілік әрекетінің нәтижесінен шыққан сұйықтық зат. Химиялық жағынан минералдық тұздардың, амин қышқылдарының, көмірсулардың, органикалық қышқылдардың, суда еритін бояулы заттардың нағыз ерітіндісі болып табылады.

Клеткалардың өткізгніштігі - проницаемость клеток. Клетклардың қоршаған ортадағы еріген заттардың енуін және ұсталып қалуын қадағалау қасиетімен клетка тіршілік процесінде пайда болған заттарды шығару қабілеті. Клетканың өткізгіштігі клетка мембраналарының құрлысына, күйіне және қызмет әрекетіне байланысты.

Клетканың бөлінуі - клеточное деление. Физиологиялық дербес бір ядролы клетканың тепе-тең екіге бөлінуі. Олардың әрқайсысы плазмадағы негізгі заттардың, ең алдымен, ядроның жартысы енеді.

Криптофиттер -криптофиты. Су астында және топырақта қыстап шығып, қайта көктейтін бүршіктері бар тамырсабақты, түйнекті және пиязшықты көпжылдық өсімдіктер.

Кристалар - кристы. Митохондрияның ішіне қарай созылып шығатын түтікше немесе табақша қабаттары.

Ксантофилл - ксантофилл. Каротиноидтарға жататын, спиртте ерімейтін, каротинмен бірге хлоропластарда және хромопластарда болатын сары пигмент.

Ксероморфизм - ксероморфизм. Өсімдіктерде қуағшылыққа бейімделу нәтижесінде пайда болатын морфологиялық, анотомиялық белгілердің жиынтығы.

Ксерофиттер - ксерофиты. Құрғақшылық аймақтарға бейімделген өсімдіктер. П.А. Генкельдің ұйғаруы бойынша ксерофиттер мынандай топтар,ға бөлінеді: суккуленттер, эвксерофиттер, гемиксерофиттер.

Қоректендіруші ұлпалар - питающие ткани.Өсімдіктердің қалыптағыдай сумен, минералдық заттармен және ауа арқылы қоректенуін жүзеге асыратын ұлпалар. Қоректендіруші ұлпалар сіңіргіш, өткізгіш және ассимиляциялық қор жинағыш болып бөлінеді.

Қоректік заттар - питательные вещества. Құрамында өсімдіктерге қажетті қоректік элементтері бар қосындылары.

Қоршау - обкладка. Жапырақтың өткізгіш шоқтарына айнала орналасқан клетка қабаттары. Паренхималық немесе склеренхималық бөлектерден құралуы мүмкін.



Қоршаушы клеткалар - обкладочные клетки. Кейбір қарапайым анатомиялық топтарды қоршайтын ерекше клеткалар.

Қышқылшыл өсімдіктер - кальцефобы. Қышқыл және бейтарап топырақтарда жақсы өсіп, әкке бай топырақтарда нашар өсетін өсімдіктер.
Карбогемоглобин - гемоглобин көмірқышқылымен байланысқан тұрақсыз қосылыс.

Контакты қабылдағыштар - бұл тітіркендіргішпен тікелей жанасқанда мәлімен алады.

Лейкоцит (leucocytus) - қанның ақ жасушасы.

Лимфоцит - анрнамалы иммунитет қалыптастырып, бүкіл ағзадағы иммунитет жайын қабылдайды.

Лейкопластар -лейкопласты. Пластидтердің бояусыз, дөңгелек немесе ұршық тәріздес бір түрі. Әдетте эпидермис клеткаларына немесе түссіз тканьдер тән.

Мезоксенрофиттер - мезоксерофиты.Мезофиттермен салыстырғанда құрғақтау, ксерофиттерге қарағанда ылғалдау аймақтарда өсетін өсімдіктер.

Мезофилл - мезофилл. Жапырақтың хлорофилі клеткаларының негізгі тобы.

Мейоз - жыныс клеткасы ядросының екі рет қатарынан бөлінуінің нәтижесінде төрт гаплоидты клетканың пайда болуы.

Мембрана - мембрана. 1) Іріктеп өткізетін қасиеті бар цитоплазманың аралық құрлымы (плазмалемма, тонопласт, клетка, органеллалардың мембраналары). 2) Кейбір балдырлардың қабығы.

Метаболизм - метаболизм. Оргнизіміндегі зат алмасу процесі. Ассимиляция және диссимиляция процестерінің жиынтығы.

Механика – машина туралы ғылым; материялық денелердің механикалық қозғалысы және сол қозғалыс кезінде денелер арасында болатын өзара әсерлер туралы ғылым.

Митохондриялар - Клеткада энергияны пайда болуын, жиналуын және таралуын қамтамасыз ететін органоидтар.

Митоз – (күрделі бөліну) эукариоттық сомалық клеткалардың негізгі бөліну жолы.

Модификация – ортаның ықпалынан пайда болған тұқым қумайтын өзгеріс.

Морфология (грек. morphe- форма) - деп адам және жануарлар денесінің құрылысы мен формасын зерттейтін ғылымды атайды.

Мутация – генетикалық материалдың негізгі қасиетін өзгертетін тұқым қуатын өзгеріс.

Негізгі ткань - основная ткань. Жамылғы және өткізгіш тканьдердің аралығында клеткалар жиынтығы.

Нуклеодесмалар - нуклеодесмы. Әр түрлі өсімдіктерде ядро қабықшасына көлденең бағытта еніп ядроның ішкі жағын цитоплазмамен байланыстыратын талшықтар.

Нуклеоплазма - нуклеоплазма. 1) Ядроның хроматинмен ядрошықтан басқа негізгі сұйық бөлігі. 2) Бактериялар және көк-жасыл балдырлар клеткасының ядро баламасы орналасқан бөлігі.

Онтогенез – организмнің жеке дамуы, туғаннан бастап өмірінің аяғына дейінгі өзгерістер жиыны.

Осмос - осмос. Су молекулаларының жартылай өткізгіш мембраналар арқылы қанықпаған ерітіндіден қаныққан ерітіндіге қарай араласуы.

Осмофильді өсімдіктер - осмофильные растения. Осмостық қысымы жоғары ортада өсетін өсімдіктер (тұзды көлдердегі балдырлар).

Өсімдіктердің қоректенуі - питание растений. Өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіріп игеруі. Қоректену ерекшеліктеріне байланысты өсімдіктер гетеротрофты және автотрофты болып екіге бөлнеді.

Өткізгіш клеткалар - передаточные клетки. Клетканың сыртқы мембрана- сының (плазмасының) жалпы ауданың көбейтетін, қабығында көптеген өскіншектері бар паренхималық клеткалар. Еріген заттарды көрші клеткалрға тасымалдауға қажет.

Паренхималық клеткалар - паренхимные клетки.Пішіні жағынан шарға, тектешеге немесе қысқа қалпақшаға ұқсас, яғни ұзындығы енінен әлдеөайда көбірек целлюлозалы қабықтары жұқа клеткалар.

Палеоботаника және палеозоология – құрып кеткен өсімдіктердің және жануарлардың қазбе қалдықтарын, олардың құрылысын, шығу тегін және қазіргі кезде тіршілік ететін формаларымен туыстық байланыстарын зерттейді.

Пасока - пасока. Тірі өсімдіктердегі тамыр қысымының күшіне байланысты кесілген сабақтан немесе тамырдан бөлініп шығатын сұйықтық.

Периблема - периблема. Тамырдың өсу ұшындағы алғашқы түзуші тканьнің паренхималық клеткалрының бір немесе бірнеше қабаттары.

Пигменттеу - пигментация. Өсімдік организмдерінің әр түрлі органдарында және ұлпаларында бояғыш заттардың жиналуы.

Плазмалемма - плазмалемма. Цитоплазма мен клетка қабьығының арасында мембраналық қабат. Оған клетка мембраналарының барлық қасиеті тән, соның ішінде жартылай өткізгіштігі де тән.

Плазмолиз - плазмолиз. Қанттар, тұздар, глицерин және басқа осмостық қасиетті мол заттардың гипертониялық ерітінділерінің әсерінен тірі өсімдік протопластарының көлемі кішірейіп, соңынан қабықтан ажырауы.

Пластидтер - пластиды. Автотрофты өсімдіктер клеткаларының цитоплаз- масындағы органикалық затардың құралуын жүзеге асыратын боялған немесе түссіз органоид.

Полиплоидты ядро - полиплоидное ядро. Негізгі хромосомдары екіден көп кез-келген ядро.

Полисома - полисома. Информациялық РНҚ молекуласымен біріккен және белок синтезін жүзеге асыратын рибосомалар жиынтығы.



Прокариоттар - морфологиялық қалыптасқан ядросы және басқа да әдетті клеткалық органеллалары жоқ организмдер. Оларға бактериялар, көк-жасыл балдырлар жатады.

Пропластидтер - пропластиды. Өсімдіктер меристемасында және промеристемасында хлоропластардың дамуының алғашқы сатысы.

Протодерма - протодерма. Ұрық денесін толық жауып тұратын, толық қалыптасып жетілмеген клеткалар қабаты. Ұрық өнгенен бастап протодерма өсімдіктің жамылғы тканьдеріне айналады.

Рибосомалар - рибосомы. Әдетте эндоплазмалық тордың мембранарында орналасқан, диаметрі 15-30 нм, сфенра немесе саңырауқұлақ тәріздес субмикроскоптық бөлшектер.

Ризодерма- ризодерма. Тамыр жүйесінің ең сыртқы ұлпасы. Ол қоршаған ортадан заттарды сіңіріп, олардың ішкі ұлпаларға іріктеніп енуін қамтамасыз етеді. Бұл ұлпаны құрайтын клеткалар трихобластар және ахриблостар болып екі топқа бөлінеді.

Ризосфера -ризосфера. Тамырға тікелей жанасқан топырақ бөлігі.

Саңылаулар - споры. Өсімдік клеткаларының қабығындағы қалыңдамаған микроскоптық орындар.

Саңылаулы өзектер - поровые каналы. Клетканың екінші қабығының бірінші қабыққа дейінгі жіңішке өзек тәріздес қалыңдамаған жерлері. Бір клетканың өзектері басқаларына қарсы орналасқан.

Симпласт - симпласт. 1) Қабық саңылаулары арқылы цитоплазма плазмадесмаларымен өзара функциональді және физиологиялық байланысқан, өсімдік организімінің барлық тірі клеткаларының протопластар жиынтығы. 2) Клеткалық құрылысы қалыптаспаған организімдердің көп ядролы протопласты.

Симпластикалық тасымалдау - симпластный транспорт. Заттардың клетка сыртына шықпай, клетка цитоплазмасынан плазмодесмалар арқылы клеткадан клеткаға ауысу.

Склерофиттер - склерофиты. Өркендері қатты, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.

Термодинамика – физиканың макроскопиялық жүйелердің жылулық қозғалысының заңдылықтарын және осы қозғалыстардың физикалық денелердің қасиеттеріне тигізетін әсерін зерттейтін саласы.

Фенотип – организмдегі барлық белгілердің жиынтығы.

Физиология (грек. phisis-табиғат, logos-ілім) - тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары әрекетін, функциясын зерттейтін юиологиялық ғылым.

Физика – (грек тілінде «физис» - табиғат) - өріс пен заттың жалпы қасиетін және олардың қозғалыс заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Химия – заттардың және олардың бір-біріне айналып өзгеруін зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының бірі.

Хроматин – белок пен ДНҚ-нан құрылған қосылыс.

Эволюция – тірі табиғаттыңтұқым қуу, өзгергіштік және сұрыптау арқылы дамуы.

Экология – тірі организмдердің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, олардың дамуын, көбеюін, таралуын қамтамасыз ететін ортаға бейімділіктің көп түрлілігін зерттейді.

Эукариоттар – клеткалар айқын көрінетін ядро және цитоплазмаға бөлінетін организмдер.

Цитогенетика – клетка құрамын, оның органоидтарын және олардың мутация нәтижесінде өзгеруін зерттейтін генетиканың саласы.

Дәріс тақырыптары мен мазмұны


Тақырыбы: Қазіргі жаратылыстану туралы жалпы көзқарастар.

Дәріс мақсаты: Қазіргі жаратылыстану негіздерімен таныстыру, орта мектеп мұғалімін дайындау жүйесіндегі оның ролі туралы көзқарас қалыптастыру, қазіргі әлемнің ғылыми негіздердің игерулеріне қол ұшын беру, тұтас дүниетанымын қалыптастыру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

1.Жаратылыстану ұғымы, жаратылыстану курсының мақсат, міндеттері.

2.Қазіргі жаратылыстану принциптері. Жаратылыстану объектілерін зерттеу әдістері.

3.Қазіргі жаратылыстанудың негізгі сипаттаушы белгілері.

Жаратылыстану – бұл жаратылыс ғылымдарының жиынтығын зерттейтін ғылым. Жаратылыстану бұдан 3000 жыл бұрын пайда болған. Ол кезеңде бұл ғылым физика, биология, география деп айқын бөлінбеген. Ғылыммен ерте кезеңде тек философтар ғана шұғылданған. Сауда саттық және теңізде жүзудің басталуынан география, ал техниканың жетілуінен физика, химия ғылымдары дамыды.

Жаратылыс ғылымдары туралы алғашқы деректер Ежелгі Вавилон, Египет жазбаларында кездеседі. Ежелгі грек ғалымдары табиғат құбылыстарын «табиғаттан тысқары күштің» әсерінсіз-ақ ғылыми негізде түсіндіруге тырысқан. Ежелгі грек ғалымдары Гераклит, Анаксимандр, Анаксимен, Фалес және т.б. табиғат негізінен төрт элементтен от, су, топырақ, ауадан тұрады деген, ал Демокрит (б.з.б. 5 ғ), Эпикур (б.з.б. 341-270), Лукреций (б.з.б. 1 ғ) дүниенің ең қарапайым бөлшегі атом деп санады. Олардың айтуынша, атомдар кездейсоқ қосылған және ажыраған процестерден тұрады деген. Олар сапасы бойынша біртекті, пішіні, массасы әр түрлі. Жеңіл атомдар жоғары көтеріліп от және аспан, ал ауыр атомдар төмен түсіп суды және жерді, тірі организмдерді түзген деп есептеген.

Аристотель еңбектерімен (б.з.б. 384-322) биологияның жеке ғылым ретінде пайда болуы байланысты. Ол жануарларды, өсімдіктерді, табиғат құбылыстарын, жерді, аспан жұлдыздарын зерттеген. Аристотельдің табиғат жайлы жазған кітабі «физика» деп аталады. Осыған орай Аристотельді физика ғылымының негізін қалаушы, энциклопедист ғалым деп те атайды.

Жаратылыстану ғылымдарына үлес қосқан ғалымдардың бірі Архимед, ол гидростатиканың негізгі заңын ашты, қарапайым механизмдерді зерттеді. Демокрит, Аристотель, Архимед, Араб ғалымдарының қосқан үлестері, еңбектері жаратылыс ғылымдарының дамуына негіз болды.

Жаратылыс ғылымдарының, ең алдымен физиканың, химияның, биологияның, сонымен қатар синергетиканың жаңа жетістіктерін философиялық жағынан ұғыну қажет. Ғылымдардың табиғи бірлігінде, олардың концепциялық негізін қарау табиғат және қоғам туралы адекватты көзқарастарын тудыруды талап етеді, онсыз тек табиғи емес, сондай-ақ қоғамдық құбылыстарды да дұрыс бағалау қиындыққа соғады. Жаратылыстану айтарлықтай дәрежеде кез келген білімдердің – ғылыми жаратылыс, техникалық, гуманитарлық негізі болып табылады. Бұл салыстырмалы түрде қарағанда жаңа пәнде қарастырылатын мәселелер: гуманитарлық және жаратылыс ғылыми типті мамандықтардың ерекшеліктері мен олардың терең ішкі бірлігін танып, ажырата білу, қоршаған дүниеге көзқарасты интеграциялау, дүниенің қазіргі физикалық және астрономиялық бейнесін көз алдында айқын елестете білу, ғылыми түрде тану, табиғаттағы және қоғамдағы өтіп жатқан процестерді талдау үшін әмбебап эволюционизм мен синергетиканың принциптері туралы дұрыс пікір-ойды қалыптастырады. Осы мәселелерді талдауға табиғаттың микродүниеден макро- және мега- дүниеге дейінгі даму жолдарына, кеңістік пен уақытқа, материяның қарапайым түрінен күрделісіне, жүйелердің хаостан өздік ұйымдастыруының нәтижесінде, жоғарғы реттілікке дейінгі даму процестеріне көңіл бөлінеді.

Жаратылыстану курсы – бұл сезім мүшелерімен қабылданатын құбылыстар мен фактілер. Ғылымның міндеті – табиғат құбылыстарын басқаратын заңдылықтар кіретін фактілерді талдау, қорыту, теориялық моделін жасау. Жаратылыстанудың негізгі принципі – табиғатты эмпиризм жолымен тану.



Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Келигов М.Ю. Идеи развития и естествознания. Ростов на Дону., 1988.

  3. Шубаев Л.П. Общее землеведение. М., 1976.

  4. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  5. Данилова В.С. и др. Основные концепции современного естествознания. М.,2001.

  6. Одум Ю. Экология. И., 1986.

  7. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

  8. Биология , М., 2000.

  9. Георгевская А.Б. дарвинизм. М., 1985.

  10. Воронцев Н.Н. Теория эволюции. М., 1999.

  11. Короновский Н.В., Якушова А.Ф. Основы геологии. М., 1991.

  12. С.А.Кусаинов Жалпы геоморфология. А., 1999.

  13. Ж.Н. Мукшев Жалпы жер тану. А., 2002.

  14. М.А. Никонова и др. Землеведение и краеведение. М., 2000

  15. М.А.Никонова Практикум по землеведению и краеведению. М., 2001.

Қосымша:

  1. Тусупова К.С. омыртқасыздар зоологиясы. А., 1998.

2. Александровская О.В. Цитология, гистология, эмбриология. М., 1987.

3. Наумов М. И. Омыртқалылар зоологиясы. А., 1975.

4. Стамбеков С.Ж. Генетика. Н., 2006.

5. Мұсақұлов Т. Ботаника. А., 1975.




Тақырыбы: Қазіргі жаратылыстанудың негізгі принциптері. Жаратылыстану объектілерін зерттеу әдістері.

Дәріс мақсаты: қазіргі жаратылыстану принциптері және зерттеу әдістері туралы білімдерін толықтыру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:


Қолданылатын әдебиеттер:

1.Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

2.Келигов М.Ю. идеи развития и естествознания. Ростов на Дону., 1988.

3.Шубаев Л.П. Общее землеведение. М., 1976.

4. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

5.Данилова В.С. и др. Основные концепции современного естествознания. М.,2001.

6.Одум Ю. Экология. И., 1986.

7.Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

8.Биология , М., 2000.

9.Георгевская А.Б. дарвинизм. М., 1985.

10.Воронцев Н.Н. Теория эволюции. М., 1999.

11.Короновский Н.В., Якушова А.Ф. Основы геологии. М., 1991.

12.С.А.Кусаинов Жалпы геоморфология. А., 1999.

13.Ж.Н. Мукшев Жалпы жер тану. А., 2002.

14.М.А. Никонова и др. Землеведение и краеведение. М., 2000

15.М.А.Никонова Практикум по землеведению и краеведению. М., 2001.



Тақырыбы: Жаратылыстану дамуының негізгі кезеңдері.

Дәріс мақсаты: жаратылыстану дамуының негізгі кезеңдері, жаратылыс ғылымдарының дамуына үлес қосқан ғалымдары, олардың еңбектері туралы білімдерін толықтыру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:


Қолданылатын әдебиеттер:

1.Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

2.Келигов М.Ю. идеи развития и естествознания. Ростов на Дону., 1988.

3.Шубаев Л.П. Общее землеведение. М., 1976.

4. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

5.Данилова В.С. и др. Основные концепции современного естествознания. М.,2001.

6.Одум Ю. Экология. И., 1986.

7.Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

8.Биология , М., 2000.

9.Георгевская А.Б. дарвинизм. М., 1985.

10.Воронцев Н.Н. Теория эволюции. М., 1999.

11.Короновский Н.В., Якушова А.Ф. Основы геологии. М., 1991.

12.С.А.Кусаинов Жалпы геоморфология. А., 1999.

13.Ж.Н. Мукшев Жалпы жер тану. А., 2002.

14.М.А. Никонова и др. Землеведение и краеведение. М., 2000

15.М.А.Никонова Практикум по землеведению и краеведению. М., 2001.



Тақырыбы:Өлі табиғат туралы ғылымдар.
Дәріс мақсаты: Өлі табиғат ғылымдары: физика, химия, астрономия ғылымдары, олардың мақсат-міндеттері, зерттеу объектілері мен әдістері, даму тарихын қарастыру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

1.Физика ғылым, физиканың негізгі ұғымдары.

2.Астрономия. Астрономия ғылымының негізгі объектілері және оларды зерттеу әдістері.

3.Химия ғылымы. Химия ғылымының негізгі құрылымдық деңгейлері және оның бөлімдерінің сипаты.

Физика – (грек physike, physis - табиғат) - өрс пен заттың жалпы қасиеттерін және олардың қозғалыс заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Физика ғылымы жөнінде алғашқы деректер Ежелгі Вавилон, Египет жазбаларында кездеседі. Зәулім сарайлар, күрделі құрылыстар (пирамида, қорған) салу жұмыстарында құрылыс механикасы мен статиканың қарапайым механизмдері пайдаланылды. Ежелгі грек ғалымдары табиғат құбылымтарын «табиғаттан тысқары күштің» әсерінсіз ғылыми негізде түсіндіруге ерекше мән берді.

Ежелгі грек ғалымдары Гераклит, Анаксимандр, анаксимен, Фалес табиғат негізін төрт элементтен (от, топырақ, ауа, су) тұрады деп есептеген. Демокрит (б.з.б. 5 ғ), Эпикур (б.з.б. 341-270), Лукреций (б.з.б. 1 ғ) дүниенің ең қарапайым кірпіші одан әрі бөлінбейтін бөлшекң – атом деп санады. Атом туралы ілім (атомистика) талай ғасырға созылған талан-тартыстан кейін, қазіргі табиғат жайлы ғылымдардың негізіне айналды. Аристотельдің табиғат жайлы жазылған кітабі «Физика» деп аталды. Осыған орай Аристодельді физиканың негізін қалаушы деп санайды. Архимед гидростатиканың негізгі зхаңын ашты, қарапайым механизмдерді зерттеген. Ол механика, оптика, астрономиямен айналысты. Электр мен магнетизмге қатысты кейбір қарапайым құбылыстар ерте кезден-ақ белгілі болған. Грек-рим мәдениеті дәуірінде статиканың қарапайым заңдарын (рычаг ережесі, ауырлық центрі) геометриялық оптиканың алғашқы заңдылықтары (жарықтың түзу сызықты таралу заңы, шағылу заңдары, жарықтың сыну құбылысы) ашылды.

Орта ғасырда ғылымның дамуына араб мәдениеті елеулі үлес қосты. Арабтар эксперименттік зерттеу тәсілдерін қолдана бастады. Европада Алхазен деген атпен белгілі болған Египет физигі әл-Хайсам оптикалық зерттеулер жүргізді. Ол көздің көру теориясын жетілдірді, эксперименттер жүргізіп, құралдар жасады. Алхазеннің «Оптика» атты еңбегі 12 ғ. Латын тіліне аударылған. Әбу Насыр әл-Фараби өзінің «Вакуум» атты трактатында ежелгі гректерде қолданылған эксперименттік тәсілдер мен физика ғылымының сол кездегі жетістіктеріне сүйене отырып, «абсолют вакуумның» жоқ екендігін дәлелдеуге ұмтылды. Бируни құралдар жасап, металдар мен кейбір заттардың меншікті салмағын аса үлкен дәлдікпен анықтады Ол сондай-ақ астрономиялық және географиялық зерттеулер жүргізді.

15-16 ғ-ға дейін физика ғылымы бақылаулар мен тәжірибелік зерттеу жұмыстары кездейсоқ сипатта жүргізілді. Эксперименттік тәсіл Физикада тек 17 ғ-дан бастап жүйелі түрде қолданыла бастады. Эксперименттік тәсілдің негізін қөалаған Г. Галилей. Галилей Арситотельдің динамикасының қате қағидаларын біржолата жоққа шығарды. Ол динамиканың алғашқы ғылыми негізін қалады, инерция заңын және қозғалыстарды қосуды ашты. Галилей мен б. паскальдың еңбектерінде гидростатиканың негізі жасалды.

И. Ньютон өзінің «Табиғат философиясының математикалық негіздері» атты еңбегінде (1687) мезханика заңдарының жетілдірілген тұжырымдамасын берді. Ол зінің алдындағы ғалымдардың жұмыстарын қорытындылай отырып, күш туралы ұғымды жалпылады, масса ұғымын енгізді, жүйе динамикасының негзігі заңы - әсер мен қарсы әсердің теңдік заңын жасады. Сонымен Галилей мен Ньютон ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелерді қорытып, математикалық жүйеге келтірді. Бұл зерттеулер бір жүйеге келіп, классикалық механиканың негізін жасаумен аяқталды.

17 ғасырдан бастап тәжірибе мен математикалық зерттеулердің жиынтығы Физиканың негізгі тәсілі болып қалыптасты.

18 ғасырда Физика ғылымының салалары онан әрі дамытуға бағытталған зерттеулер кеңінен жүргізілді. Осы ғасырда салмақсыз сұйық жайлы түсінік физиканың салаларына ене бастады.

Физика ғылымының екінші даму кезеңі 19 ғасырдың бірінші он жылдығынан басталды. Осы ғасырда физикаға біртұтас ғылыми сипат берген аса маңызды жаңалықтар ашылып, теориялық қорытындылар жасалынды. Физика ғылымның дамуына химияда елеулі ықпал етті. Энергияның сақталу заңы және массаның сақталу заңдары (Ломоносов, А. Лавуазье) ашылды. Сонымен қатар 19 ғасырдың басында ғылыми атомистика қалыптасты (Дж. дальтон). Барлық физикалық құбылыстардың бірлігі жайлы қағида 19 ғ-дың 2-ші жартысында, физиканы толық қайта құруға әкеп соқты. Барлық физиканы екі үлкен бөлімге бөлді: заттар физикасы (заттың молекулалық-кинетикалық теориясы) және өрістер физикасы (электромагиниттік өріс жайлы). Электромагниттік өріс жөніндегі ілімнің негізін қалаған М. Фарадей. Ол 1831 жылы электромагниттік индукцияны ашты. 19 ғ-дың 60 жылдарында Дж. Максвелл Фарадейдің электромагниттік өріс жайлы көзқарасын онан әрі дамытты, оны математикалық тұрғыдан жетілдірді. Электр жайлы ілім байланыс жұмыстарымен (телеграф, телефон) және энергетикалық мақсатта қолданды. Электромагниттік толқындар сымсыз байланыс жүйесін (А.С. Попов) дамытуға мүмкіндік беріп, радиобайланыс кең өріс алды. Техникалық термодинамика іштен жанатын двигательдердің дамуына ықпал жасады.

Термодинамика – (термо және динамика) физиканың макроскопиялық жүйелердің жылулық қозғалысының заңдылықтарын және осы қозғалыстың физикалық денелерінің қасиеттеріне тигізетін әсерін (сол жүйелерді құрайтын макроскопиялық бөлшектерінің қасиеттері мен құрылысына байланыссыз) зерттейтін саласы. Термодинамика көптеген тәжірибелердің тәжірибесінде тұжырымдалған бірнеше негізгі заңға сүйенеді. Термодинамика бастамалары өте жалпы сипатталады: олар материя құрылыс жөніндегі ешқандай гипотезаға қатысты емес, еркіндік дәрежесі көп макро жүйелердегі энергияның түрленуінің жалпы заңдылықтарын сипаттайды. Термодинамика 19 ғ жылу техникаларына негізінен өнеркәсіптің қауырт өсуіне тығыз байланысты дамыды. Термодинамиканың ілгері дамуына француз инженері С.Карно, К. Майер, Г. Гельмгольц, Р. Кмаузиус т.б. үлес қосты.

Механика – (грек тілінде mechanike, techne - машина туралы ғылым) материялық денелердің механикалық қозғалысы және сол қозғалыс кезінде денелер арасында болатын өзара әсерлер туралы ғылым. Уақыттың өтуіне байланысты денелер не олардың бөлшектерінің кеңістіктегі орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады. Механика тәсілінің көмегімен зерттелінетін мұндай қозғалысқа табиғаттағы аспан денелерінің қозғалысы, жер қыртысы, тербелісі, ауа мен теңіздегі аңғындар, молекулалық жылулық қозғалысы және т.б. техникадағы әр алуан ұшатын аппараттардың және транспорт құралдарының, двигатель бөлшектерінің, машина және механизмдердің қозғалысы, конструкциялар және ғимарттар элементтердің деформациясы, сұйықтықтар мен газдар қозғалысы т.б. Механизм бір не бірнеше дененің пайдалы қозғалысына өзгертетін денелер жүйесі.

Астрономия – ( герк тілінде astronomia - астро, nomos-заң) аспан денелері мен элемнің құрылысы және олардың дамуы жөніндегі ғылым. Астрономияда күн жүйесінің денелері, жұлдыздар, галактикалық тұмандар, жұлдыз аралық зат, галактикалар және олардың кеңістікте таралуы, аспан денелерінің қозғалысы, физикалық табиғаты, өз ара әсері, пайда болуы мен дамуы зерттелінеді. Мысалы, уақытты өлшеу, календарь жасау, жер бетіндегі географиялық координаталар мен азимуттарды анықтау, Жердің жасанды серіктері арқылы Жер пішінін зерттеу, жасанды серіктер мен космостық зонттарды жұлдыз бойынша бағдрлау адамдардың күнделіктті практикасында қолданыуда.

Аспан денелерін зерттеудің тәсіліне қарай астрономия бірнеше бөлімге бөлінеді:

Астрометрия – аспан объектілерінің орындары мен қозғалысы анықталынады, Жердің айналу заңдылықтары зерттелінеді, уақыт есепке алынады, негізгі астрономиялық тұрақты шамалардың мәндері анықталынады. Оның өзі екіге бөлінеді:


  • сфералық астрометрия - аспан объектілерінің орындары мен қозғалысы математикалық тәсілмен анықталынады;

  • практикалық астрометрия – бұрыш өлшейтін аспаптардың теориясын жасау, уақытты, географиялық координаталарды (бойлық пен ендікті), белгілі бір бағыттағы азимуттарды анықтау үшін қолданылуға арналған.




Қолданылатын әдебиеттер:

1.Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

2.Келигов М.Ю. Идеи развития и естествознания. Ростов на Дону., 1988.

3.Шубаев Л.П. Общее землеведение. М., 1976.

4. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

5.Данилова В.С. и др. Основные концепции современного естествознания. М.,2001.

6.Одум Ю. Экология. И., 1986.

7.Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

8.Биология , М., 2000.

9.Георгевская А.Б. Дарвинизм. М., 1985.

10.Воронцев Н.Н. Теория эволюции. М., 1999.

11.Короновский Н.В., Якушова А.Ф. Основы геологии. М., 1991.

12.С.А.Кусаинов Жалпы геоморфология. А., 1999.

13.Ж.Н. Мукшев Жалпы жер тану. А., 2002.

14.М.А. Никонова и др. Землеведение и краеведение. М., 2000

15.М.А.Никонова Практикум по землеведению и краеведению. М., 2001.



Лабораториялық сабақтарды өткізуге арналған әдістемделік құрал
1. Тақырып. Қарапайымдылар типі. Талшықтылар класы.

Сабақтың мақсаты: қарапайымдылардың төрт класының: Саркодалар, Талшықтылар, Споралылар, Кірпікшелілердің негізгі өкілдерінің құрылысын, қозғалуын, даму циклдарымен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: микроскоп, ылғалды препараттар, препараттар, кесте.

Қарастырылатын жануарлардың систематиксы:

Тип: Қарапайымдылар.

Класы: талшықтылар, Споралылар

Түрі: Жасыл евглена.

1.Тапсырма: Микроскоп арқылы жасыл эвгленаның құрылысын, қозғалысын қарастыру.

Жасыл эвглена өсірілген судан жасалынған уақытша препараттан микроскоптың аз ұлғайтқыш обьективімен қарап, жасыл эвгленены табу керек. Препарттағы судың артығын сүзгіш қағазбен сорып алып, содан соң препараттағы жасыл эвгленаның қозғалысын бақылайды. Судағы органикалық заттардың маңында топталып тұрған жасыл эвгленаларды тауып, микроскоптың үлкен ұлғайтатын объективімен қарау керек. Баяу қозғалған эвглена денесі кейде толқынданып, өз осінен аударыла жүріп қозғалады, қозғалыс денесінің алдыңғы жағында орналасқан талшықтың әсерінен болады. Эвгленаның денесінің құрамдас бөліктерін: эктоплазма мен эндоплазмасын, пелликуласын, ядросын, хромотофораны, стигмасын, жиырылғыш вакуольін, пармил дәнедерін тауып, суретін сызу керек.

Ескерту: сурет салғанда кестеге сүйену қажет.

2.Тапсырма: эвгленаның қозғалыс органиоиды – талшығын микроскоп арқылы қарап, анықтау. Иод тамызылған уақытша микропрепараттан миркоскоптың үлкен ұлғайтатын объективі арқылы жасыл эвгленаның талшығын тауып, бақылаңыздар.

Бақылау сұрақтары:


  1. Бірклеткалы жануарлар патшалық тармағының классификациясы.

  2. Талшықтылар класының жалпы сипаттамасы.

  3. Кірпекшеліліредің жалпы сипаттамасы.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. М., Высшая школа, 1981.

  2. Тусупова К.С. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-2 бөлім, А., «Қазақ униыерститеті» баспасы, 1999.

  3. Дәуітбаева К.А. омыртқасыздар зоологиясы. А., 1998.

2 ТАҚЫРЫП. Молюскалар типі. Буынаяқтылар типі.


Мақсаты: Тіршілік ету ортасына және тіршілік әрекеттеріне байланысты былқылдақденелілілердің және буынаяқтылардың құрылыс ерекшеліктерін анықтау.

Қажетті құрал-жабдықтар: миркоскоп, ылғалды препараттар, тартпа материалдар, кестелер.

Жұмыс барысы:

  1. Ылғал препарттарды және таратпа материалдарды пайдаланып айқұлақтың сыртқы және ішкі құрылысын қарастырып, өкілдерінің ерекшеліктерін сипаттап жазу.

Былқылдақ денелілер типінің өкілдерінің салыстырмалы сипаттамасы



Айырықша белгілері

Жеке кластардың ерекшелік белгілері

Тақта желбезектілер класы

Бауыраяқтылар класы

Басаяқтылар класы

Дене симметриясы










Бақалшақ, оның қабырғасының құрылысы, пішіні










Дене бөлімдері










Асқорыту жүйесі










Тыныс алу жүйесі













































2. Буынаяқтылар типінің шаян тәрізділер, өрмекші тәрізділер, көпаяқтылар, бунақденелілер класының негізгі өкілдерінің сыртқы және ішкі құрылысы, тіршілік ортасы, қоректену ерекшеліктерімен танысып, сипаттап жазу.


Бақылау сұрақтары:

  1. Былқылдақденелілер типінің құрылыс ерекшеліктері?

  2. Шаян, өрмекші тәрізділер, көпаяқтылар, бунақденелілер кластарының ерекшеліктерін атап көрсетіңдер№


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. М., Высшая школа, 1981.

  2. Тусупова К.С. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-2 бөлім, А., «Қазақ униыерститеті» баспасы, 1999.

  3. Дәуітбаева К.А. омыртқасыздар зоологиясы. А., 1998.

3 ТАҚЫРЫП. Хордалылар типі.




  1. Қосмекенділер класы.

  2. Бауырмен жорғалаушылар класы.

Мақсаты: Тіршілік ету ортасына және тіршілік әрекеттеріне байланысты қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылар класының негізгі өкілдерімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: ылғалды препараттар, таратпа матриалдар, кесте.

  1. Тапсырма: Бақаның сыртқы құрылысын қарастыру.

Бақаның эфирдің көмегімен ұйықтатып алғаннан соң, оның дене бөліктерінің құрылысын қарастырыңдар. Жыныстық деморфизм белгілері бойынша бақаның жынысын анықтаңыздар. Бақаның денесінің арқа және құрсақ бөлімінің түсіне назар аударыңыздар, неліктен түсі әр түрлі? Не себепті бақаның терісі жұқа және ылғалды болып келеді?

  1. Тапсырма. Бақаның ішкі құрылысын қарастыру.

Бақаны сойып, оның мүшелерін ажыратыңыздар. Бақаның ауыз қуысын ашып қарап, жоғарғы жақ сүйегінде және таңдайында орналасқан тістерін, танау тесіктері – хоанасын, евстахи-құлақ түтікшесін, көз қапшықтарын, жұтқыншақ тесігін, тілін орналасуын, ішкі мүшелердің де құрылысын және орналасуын қарастырыңдар.

  1. Тапсырма. Қосымша препарттармен танысу.

Бақаның дамып-жетілуі және қосмекенділердің өкілдері: тритон және саламандра қондырылған макропрепараттарды қарап, танысыңыздар. Тритон мен саламандраның бақадан айыршалықтары көрсетіңдер.
Хордалылар типі. Бауырмен жорғалаушылар класы.


  1. Тапсырма. Кесірткенің сыртқы құрылыс ерекшеліктерін анықтау.

Цилиндрге қондырылған макропрепараттарды пайдаланып, оның дене құрылысын қарастырып, құрлықта тіршілік етуге бейімділіктерін көрсетіңдер.

2. Тапсырма. Кесірткенің ішкі құрылысының ерекшеліктерін анықтау. Цилиндрге қондырылған кесірткенің макропрепараттын пайдаланып оның ішкі мүшелерін талдаңыздар.

3. Тапсырма. Бауырмен жорғалаушылардың қан айналу жүйесінің қазметін талдау.

Кестені қолдана отырып кесірткенің қан айналу жүйесінің кескінін сызыңдар.

4. Тапсырма. Қосымша препараттармен танысу. Кесірткелер мен жыландардың берілген түрлерін қарастырып, олардың сыртқы және ішкі құрылысындағы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін көрсетіңдер.

Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Наумов М. И. Омыртқалылар зоологиясы. А., 1975.

№4 Тақырып.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстану ғылымдар факультеті

Жалпы биология кафедрасы



"Жаратылыстану" пәнінің

силлабусы
Мамандығы: 050116 География


Семей 2009
Құрастырушы: Жалпы биология кафедрасының оқытушысы

Құнанбаева Н. С.______________

Жалпы биология кафедрасының отырысында бекітілген.

№____ "_____" __________ 2009 ж.

Кафедра меңгерушісі: б. ғ.к. __________________ Қалиева С.Қ.

Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік мәжілісінде талқыланды. №_____ "______" _____________2009 ж.

Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы

б.ғ.к.________________ Абдишева З.В.

Жаратылыстану ғылымдар факультетінің ғылыми кеңесінде бекітілді.

№____ "_______" _______________2009 ж.


Жаратылыстану ғылымдар факультеті деканы.,

б.ғ.к., доцент ______________ Сапарова Г.С.

Пәннің оқу бағдарламасы – (Syllabus)


    1. Оқытушы туралы деректер.

Оқытушының аты-жөні: Құнанбаева Нұргүл Сериковна

Мекен - жайы: Жалпы биология кафедрасы, 3-ші ғимарат, Екебай Қашаған көшесі 1, 2 қабат 227 аудитория.

Байланыс телефоны: 52-38-15.

  1   2


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет