Ќанипа Бітібаева



бет63/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   141
адеб окыт адис техн

    Бұл бет үшін навигация:
  • I то п
ПОЭМАНЫ ОҚЫТУ
Поэмаларды оқыту әдістері олардың жанрлық ерекшелігінен туындайды. Поэмалардың басым көшпілігі сюжет пен композиция, образдар жүйесінен тұрып, күрделі, ауқымды проблемаларды көтереді. Мұндай поэмаларға С.Сейфуллиннің «Көкшетауы», Ілияс Жансүгіровтің «Қүлагер», т. б. поэмалары жатады. Поэмалардың тағы бір түрі - лиро-эпикалық, лирикалық поэмалар. Сәкеннің «Альбатросы», С.Торайғыровтың «Кедейі», Ілиястың «Даласы» осындай поэмаларға жатады. Лиро-эпикалық поэмаларда шиеленіскен оқиғалар болмайды, дегенмен, поэманың басынан аяғына дейін әңгімеші рөлін атқаратын лирикалық кейіпкер, оның сезімі. Лиро-эпикалық поэмаларды оқытуда мәнерлеп оқуды, поэма көтерген проблеманы меңгерту үшін, мәтіндік талдауды, автор ізімен талдауды қолдану тиімді. Мысалы, Ілиястың «Даласын» оқытудың жемісті жолы -алдымен мәтінді меңгерту. Ол үшін мәнерлеп оқи отырып, әр бөлімге аннотация беру керек. Аннотацияны оқушылар үйден жазып келіп, сыныптағы талдау жұмыстарында пайдаланады. Поэманың күрделілігін ескере отырып, оның әр бөлімі бойынша төмендегідей мазмұндық жоспар жасап, іліп қоюға, керегінде пайдалануға болады.
Үлгі:
Поэма бөлімдері

  1. «Арнау»

  2. «Ақтабан»

Ақын толғауы
Қазақ даласының шапқыншылыққа ұшырауы. Тарих шал әңгімесі.

Ары қарай сұрақ-жауап арқылы поэмадағы лирикалық кейіпкер (ақын) әңгімеші - тарих шал туралы, поэманың идеялық проблематикасы жайында әңгіме қозғалады. Тіл көркемдігі, өлең құрылысындағы ерекшеліктерге де міндетті түрде талдау беру керек. Сюжетті поэмаларды образдық талдаумен де, мәтіндік талдаумен де оқытуға болады. Ең тиімдісі - аралас талдау. Төменде сюжетті поэмаларды қалай өтуге болады, соның бір үлгісі ұсынылып отыр.
I. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы - өзінің көтерген проблемасы, тақырыбы, маңызы жағынан роман тектес шығарма. Поэмаға әдеби талдау алдында оның мазмұнын түгелдей оқыту, меңгерту айналасында еңбек ету керек. Осы мақсатта мұғалім үйге алдын ала тапсырмалар береді.
Жалпы сыныптық тапсырма:
1. Поэманы түгелдей оқып, мазмұнымен танысу.
2. Әр бөлімге қысқаша аннотация жазу. Топтық тапсырма топ санына, сыныптағы оқушылар санына байланысты.
I то п
Поэмадағы Көкше көріністерін С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Көкше көріністерімен салыстыру (поэтикалық тілі, әр ақынның өзіндік стилі, т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет