Ќанипа Бітібаева



бет69/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   141
адеб окыт адис техн

Е с к е р т у: Берілген тапсырманы сыныпта олар ауызша орындайды да, үйден жазып әкеледі. Осы практикалық тапсырмалар арқылы трагедияның бай тіліне, ол тілдің характер, образдарды ашудағы орнына, шақпақ тастай жарқылдаған диалогтер мен терең мәндегі толғау-монологтердің (Абай монологі) маңызына тоқталдық.
«Қарагөз» трагедиясын талдауды салыстырмалы сипаттағы сұрақ-жауаптан бастадық.
С ұ р а қ: Қалай ойлайсыңдар, тақырып жағынан «Қарагөз» трагедиясының «Еңлік - Кебекпен» үндестігі неде жатыр?
Ж а у а п: Екеуінде де әйелдер теңсіздігі, жастардың бас бостандығы, махаббат мәселесі сөз етіледі. Екеуінде де олар бостандыққа жете алмай, сол жолда құрбан болады.
С ұ р а қ: Ал айырмашылығы, өзіндік ерекшелігі неде?
Ж а у а п: «Еңлік - Кебекте» Еңлік пен Кебек каза болса, «Қарагөзде» Сырым тірі қалады.
Ары қарай трагедияның негізгі тақырыбы туралы автордың мына өз сөзін мысалға келтірдік. «... Жалпы пьеса тақырыбы - беймезгіл заманда жолсыз өмір кешіп, орта тартқан қайғы-зардап уынан қаза тапқан өнерлі жастар жайы, асықтық пен ақындық құмарлығында елтіген уыз жастар жайы». (М.Әуезов «Қараш-Қараш». Әңгімелер, пьесалар жинағы. 235-бет).
Пьесаның ендігі айқындалған идеясы бойынша: азаптан туған акындық, қам-қайғыдан туған қаза жеке бастың ғана күй-шерінен басталып барып, көп мұңдар, жылаулар күйіндегі азапты ұғынуға, халықтың қайғысын ұғынуға беттеген шабытты көрсетпек. Кесірлі кер заманның қайғы-қасірет қазасынан туған ызалы, шабытты ақындықты бейнелемек.
Міне, бүл сөздер арқылы біз оқушыларға жазушының трагедияны жазудағы мақсатың, негізгі арманын түсіндірдік.
Күйтабақтан Қарагөз бен Сырым үстінен Маржан бәйбішелердің түсетін жерінен үзінді тыңдадық. Қарагөз -Маржан, Маржан - Сырым диалогтерін мәнерлеп оқыдық, ғасырлар бойы даланы жұдырығына қысып ұстаған феодалдық ескілік пен әдет-салтқа қарсы шыққан Қарагөз бен Сырым махаббатын, биік адамгершілік қасиеттегі лирикалық кейіпкер - Нарша, ескіліктің қатал сақшысы -Маржан бәйбіше туралы сөз еттік. Ары қарай ең соңғы актідегі Сырымның Қарагөз қабірінің басына келуін, түсін, Қарагөздің аян беруін оқушылар инсценировкасы арқылы тыңдадық.
Енді оқушыларға сұрақ қойып, трагедияның өршіл сырын ашу мақсатында проблемалық жағдаяттарға жетеледік.
С ұ р а қ: Қалай ойлайсыңдар, бір тақырыпты ашуда автор неге екі түрлі идеялық шешім қабылдаған?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет