ШОЛУ ТАҚЫРЫПТАРЫН ОҚЫТУ
Шолу такырыптары 9-11-сыныптар бойынша беріледі.
Әдеби құбылыстарды тарихи-қоғамдык мәселелер ауқымында карастыруда, үлкен бір кезеңдегі әдеби дамулар мен жағдайларды қоғам сипаты, оның саяси-әлеуметтік бейнесімен бірге түсіндіруде бұл тақырыптардың маңызы ерекше.
Бағдарламада берілетін сағат санының аздығы, бірақ шолулардың ауқымдылығы, маңызы оны оқытудьң өзіндік күрделілігін көрсетеді. Шолуларда ең алдымен тарихи-саяси мәселелер, коғам дамуының жалпы сипаты беріледі, ары қарай мәдениет, әдебиет, өнерге олардың әсері сөз етіледі. Әдеби бағыттар, жанрлар, ағымдар туралы айтыла отырып, ақын-жазушылар шығармашылығы (сол кезеңдегі), олардың негізгі жетістіктері әңгімеленеді. Қай акын-жазушы болмасын, ол - өз дәуірі, өз қоғамының бел баласы, соның өкілі. Олардьң еңбектері, өздері өмір сүріп отырған коғамды, оның тыныс-тіршілігін, бейнесін сөз өнерімен берулері, сол кезеңге байланысты әдебиетке қосқан үлесі шолу түрінде беріледі. Соңғы кезеңдердегі тарихи өзгерістер, еткен мен қазіргіге жаңаша көзқараспен карау шолу тақырыптарын өтуде мұғалімге маңызды жұмыстар жүктейді. Ол қандай жұмыстар?
1. Халқымыздың тарихы түбірімен қайта қарастырылуда, бағалануда. Ол жөнінде біршама (тарихшылардың) зерттеу еңбектері басылуда. Мысалы, Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс тек шаруалар көтерілісі ғана емес, оның ұлт-азаттық сипаты да дәлелденуде. Тарихи шындық бұрмаланып, екі жарым ғасырдан артық «Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылған» деген бір жақты пікірлер айтылып келген, қазір ол туралы нағыз шындық беті ашылуда. Хан болса, би-сұлтан болса, бәрін «жау», бәрін «қанішер» деген үғымнан арыла бастадық. Кейбір ақын-жыраулар да кертартпа, сары уайымшыл, ескіні көксеушілер, ұлтшылдар деген қарғыбаудан босатылып жатыр. Міне, коғамымыздағы осындай ұлы өзгерістер енді әдебиетке де мүлде жаңа көзқараспен қарау идеясын өзінен-өзі әкелуде. Акын-жазушы, жыраулар, тіпті ауыз әдебиетіміздің де тамаша туындыларын қайта қарастыру, сөз өнерінің нағыз саф алтындарын тарихымызға әкелу, әрі оқу бағдарламаларына енгізу қасиетті борыш. Сол себептерден де мұғалім бағдарлама, оқулық қашан қайта жасалады деп отырмай, әдебиетті оқыту мәселесіне жаңаша қарау керек. Соның бірінде әдебиетті тарихи кезендермен байланыстыра берілетін
шолу тақырыптарының мазмұны, берілетін білім жүйесін қайта шолу, қайта саралау әр мұғалімге үлкен жауапкершілік артады. Материалдар жинақтау, оларды оқулықтағы материалдармен байланыстыру, толықтыру, тиімді әдіс-тәсілдерді сұрыптау, материалдың күрделілігін
ескере отырып, оны оқушыға жеткізудің жеңіл, қонымды жолдарын дөп басып табу - тек шеберлікті ғана емес, талмай іздену,терең білімді де қажет етеді.
Сабақ мазмұнын, онда берілетін білімді тәртіпке келтіре
отырып, енді оны балаға жеткізудің тиімді, қонымды деген
әдіс-тәсілдерінен іздену қажет. .
Сонымен шолу тақырыптарын өтудің тиімді әдіс-тәсілдері, жолдары қайсы, мұғалім ең алдымен қандай мәселелерді басшылыққа алу керек, неден бастау керек? Қай шолу такырыбында болсын, қамтылатын материал ауқымы кең де, керісінше, оны өтуге уакыт тапшы.Әдебиетті оқыту да шолу тақырыптарының маңызы сол ол бүкіл бір кезең туралы окушыларға алдын ала хабар береді, жан-жакты түсінік жасайды.
Осы мол да маңызды материалдарды мүғалім саралап, ең негізгі, ең маңызды мәселелердің, түйінін бөліп ала білу керек. Сабақ алдында «Бүгінгі сабақтың, ең маңызды мәнді мәселелері», Нені міндетті түрде білу керек?» деген кесте-плакатты пайдалануға болады. Үлгі:
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті
Достарыңызбен бөлісу: |