Ќанипа Бітібаева


СЫНЫПТАН ТЫС ОҚУ САБАҚТАРЫ



бет111/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   141
адеб окыт адис техн

СЫНЫПТАН ТЫС ОҚУ САБАҚТАРЫ
(5-8-сыныптар)
Оқу бағдарламасында сыныптан тыс оқылатын әдебиеттер тізімі, әр сыныпқа нақтылы сағаттар саны көрсетілген. Бұған қатып қалған нәрсе деп қарауға болмайды. Мұғалім өз қалауы бойынша ішінара оны өзгертіп, керекті деген шығармаларды өз қалауымен ұсына алады. Мысалы, 5-сыныпта Ыбырайдың «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі оқуға, талдауға ұсынылады. Ол әңгімені оқып болған соң, оның «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Талаптың пайдасы», «Әкесі мен баласы» атты әр түрлі тақырыпта жазылған әңгімелерін сыныптан тыс оқу сабағында талқылауға болады. Сыныптан тыс оқуды жоспарлағанда, мына мәселелерді негізге алудың да тиімділігі бар. Мысалы, 5-сыныпта М.Әуезовтің «Әжемнің әңгімесін» өткеннен кейін, Ана такырыбына жазылған Ғ. Мүсіреповтің «Ана кесімі айнымайды», «Ананың арашасы» әңгімелерін оқыту дұрыс.
Бағдарламада Әжемнің әңгімесінен» кейін Ғ.Мүсіреповтің «Жаңа достары» тұр, онда да Қайраттың анасы сөз болады. Жүйелілік, үндестік, байланыс - сыныптан тыс оқу сабақтарына да басшылыққа алатын маңызды оқу принциптері. Тақырып үндестігі ғана емес, жанрын негізге алу да маңызды. Халық ертегілерінен кейін әдеби ертегілерге орын беру, лирикалық шығармалардан кейін оны жалғастырып, басқа тақырыптағы басқа автордың лирикалық шығармаларын оқыту - сыныптан тыс оқу сабақтарын ұйымдастырудың келесі мәселелерінің бірі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарын өту әдістемесіне ерекше назар аудару керек. Оны әдебиеттегі сабақтардан мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткізген жөн. Сабақ бойы сұрақ беріп мазалау, талап ету сияқты таптаурын әдістерден қашқан жөн.
Әсіресе, 5-8-сыныптарға арналған сабақтан тыс оқу сабақтары қызықты, оқушыларды тартатындай, жалықтырмайтындай болып жоспарлануы, өтуі керек. Бір ізбен өтетін сабақтардан оқушылар жалығады, ал оның зияны ұшан-теңіз, себебі ондай сабақтар баланың кітапқа деген қызығушылығын тежейді, жояды. 5-8-сыныптардағы сабақтан тыс оқудың ең басты мақсаты - оқушылардың кітапқа деген ынтасы, қызығушылығын арттыру, оқырмандар әзірлеу. Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабағы, жәрмеңке сабак, композициялық сабақ, инсценировкалық сабақ, сабақ-викторина, саяхат сабағы, «Бізде ертегі кейіпкерлері қонақта» атты кездесу сабағы немесе «Алақай, Тазша баланың ертегісін тыңдаймыз!» атты әңгіме сабақтары, т.б. сабақ түрлері сабақты әрлендіріп, балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз.
Неше түрлі безендірме суреттерге (әсіресе, ертегі, мысалдарды оқытқанда) орын беру, музыкаға көңіл қою, түрлі бетперде, сұлбаны пайдаланудың маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет