(Lancet, 2011)
Түрлі зерттеулер тиянақты әзірленген және қарқынды ерте ынталандыру бағдарламаларының қауіп- қатер тобындағы балаларға оң әсер тигізе алатын дәлелдеді. High/Scope Perry Preschool және Abecedarian Project ең жиі аталатын зерттеулер шығар. Baker-Henningham және Lopez-Boo (2010) кіріс деңгейі төмен елдердегі КЖБД бойынша араласу шараларын қарастырып, бағдарламалардың танымдық, әлеуметтік-эмоциялық және алиментарлық (ауқаттық) дамуға, сонымен бірге, мектепте оқу нәтижелеріне оң әсер ететінін анықтаған. Есептеулерге сәйкес, дамушы елдердегі бес жасқа толмаған 200 миллион бала ерте балалық шақта биологиялық, психоәлеуметтік және қоршаған ортадағы қауіп-қатер факторларының әсерінен толық әлеуетіне жете алмайды (Grantham-McGregor және басқалары, 2007). Танымдық қарекеттерді жеткілікті ынталандырмау, әрі ананың депрессияға шалдығуы мен зорлық-зомбылыққа шалдыққыштығы ең маңызды психоәлеуметтік детерминант (анықтаушы фактор) болған. 2007 жылы халықаралық сарапшылар комитеті даму әлеуетінен айырылудың алдын алудың немесе жеңілдетудің қажетті құралы ретінде баланың дамуын сүйемелдеп отыру үшін сапалы бағдарламалар аса қажет екенін ерекше атап өтті. Олардың ұсынымдарына сәйкес, «балаларды және отбасыларды тікелей оқу-үйрену тәжірибесімен қамтамасыз ететін, кіші жастағы балаларға және мұқтаж балаларға бағытталған, айтарлықтай ұзақ, жоғары сапалы және жоғары қарқынды, әрі отбасыларға қолдау көрсетуді, тиісінше тамақтануды және білім алуды қамтамасыз ету жүйелеріне және қызметтеріне кіріктірілген» бағдарламалар ең тиімді болып табылады (Engle және басқалары, 2007, 229-бет).
Барлық балалардың оқи-үйрене және өсе алатын қолайлы үй жағдайында өсуіне септесу бала дамуының берік іргетасын қалау үшін ерекше маңызды болып табылады. Баланың дұрыс дамуына септесу дәне мектепке дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі табысты стратегияларға кіретіндер:
ата-аналарды балаларымен кітап оқу, бірін-бірі тыңдау және әңгімелесу арқылы өзара әрекеттесуге ынталандыру;
үйде балаға күтім көрсетілуін қамтамасыз ету ортасында оң өзгерістерге жол ашу және ата- аналар мен балалардың өмірін жақсарту үшін үйге барып қарау арқылы ата-аналарға қолдау көрсету; және,
барлық балаларға, әсіресе, қауіп-қатер тобындағы балаларға мектепке дейінгі мекемелерге бару мүмкіндігін беру.
Осы үш стратегия әр адамның әлеуетін төмендете алатын кедейшілік және отбасындағы алауыздық сияқты факторлармен күресуге көмектесе алады. Олар балалардың нәтижелерін жақсартуға бағытталған КЖБД бойынша кешенді бағдарламалардың аса маңызды элементтері болып табылады.
VI ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚТАН ДАМУ – ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ
Қосымша ақпаратты «Ата-аналардың аман-саулығы» және «Ата-ана болу өнері» модульдерінен таба аласыздар.
Барлық балалар отбасында тәрбиеленуге, сапалы медициналық көмекке қол жеткізуге, жақсы тамақтануға, білім алуға, ойнауға және залалдан, қатыгездік пен кемсітуден қорғалуға құқылы. Балалар өз өмірінде әлеуетін толығымен іске асыра алуға мүмкіндігі болатын ортада өсуге құқылы. Ата-аналардың, өзге күтім көрсетуші тұлғалардың және отбасы мүшелерінің, қауымдастықтардың, азаматтық қоғамның және үкіметтің міндеті осы құқықтардың құрметтелуін, қорғалуын және сақталуын кепілдендіру болып табылады. Сіз, патронаж қызметкері ретінде, осы тұрғыдан отбасыларға балаларына ең жақсы күтім көрсетуге қатысты ұсынымдар беру, бағыт-бағдар сілтеу және қолдау көрсету арқылы маңызды рөл атқарасыз.
БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясы (БҚК) бізге әрбір бала «мейлінше мүмкін дәрежеде» даму құқығына ие (6-бап) екенін айтады. Ол, сондай-ақ, Конвенцияға қол қойған мемлекеттер «...ата- аналарға және заңды қамқоршыларға бала тәрбиелеуге қатысты ата-аналық міндеттерін орындауға тиісті көмек көрсетуі және балаларға күтім көрсету саласында мекемелерді, нысандарды және қызметтерді дамытуды қамтамасыз етуі» тиіс (18.2-бап) дейді. БҚК-ның негізгі қағидалары болып кемсітпеу, баланың ең игі мүдделерін қорғау, баланың өмір сүру, тіршілік ету және даму құқығы, сонымен қатар, баланың пікірін құрметтеу табылады.
Ұл балалар мен қыз балалар оқу-үйренуде бірдей әлеуетке ие. Олардың барлығы, жынысына қарамастан, көңіл бөлінуіне, бауыр басуға және мақұлдауға бірдей физикалық, эмоциялық және әлеуметтік қажеттіліктерге ие. Әкенің балаларды тәрбиелеудегі және күтім көрсетудегі, сонымен қатар, олардың құқықтарын қорғаудағы рөлі дәл ананың рөлі сияқты маңызды.
Әке қызы да, ұлы да ол үшін бірдей маңызды екенін сезінуін қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, ана сияқты, әке де баласының махаббатқа, бауыр басуға, мақұлдауға, қолдауға және ынталандыруға мұқтаждығын қанағаттандыруға көмектесе алады. Денсаулық сақтау, білім алу, құқықтық және әлеуметтік қызметтер сияқты негізгі қызметтерге қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету үшін барлық қыз және ұл балалардың туу туралы куәлігі болуы тиіс.
Қосымша ақпаратты «Әкелерді қатыстыру» модулінен таба аласыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |