Анықтамалық АҚпарат: сіздің РӨЛІҢіз және кәсіби ұмтылыстарыңыз 4 III 1-тарау 6



бет30/40
Дата09.09.2022
өлшемі4.75 Mb.
#460482
түріАнықтамалық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40
1, 2 модульдер

Қарапайымнан күрделіге


Үш жасқа қарай ми өз салмағының 80%-на жетеді. Осы жаста балалардың миы ересектердің миына қарағанда 2,5 есе белсендірек, әрі осындай жағдай өмірдің алғашқы он жылы бойы сақталады. Кіші жастағы баланың миының дамуы балалық шақтағы және ересек өмірдегі физикалық және психикалық денсаулыққа, оқу-үйрену қабілетіне және мінез-құлыққа әсер етеді.
Ғалымдар алдымен мидың негізгі тізбектері қосылып, кейін күрделене беретін байланыстар құрылады дейді. Яғни, алдымен қарапайым дағдылар дамиды, ал кейін осы іргетас негізінде күрделірек дағдылар қалыптасады. Мысалы, көру мен есту үшін жауап беретін ұғыну-түсіну байланыстары сөйлеу қабілетінен ертерек қалыптасады, ал сөйлеу қабілеті тану-білу қабілетінен бұрынырақ дамиды. Ми белгілі бір түрде ынталандырылуы тиіс аса маңызды кезеңдер бар. Адамның бойында оны ынталандыратын аса маңызды немесе сезімтал кезеңдер ағзаның дамуымен байланысты міндеттердің түріне байланысты әртүрлі болады. Мысалы, алғашқы үш-төрт айда ми көру және есту қабілеттерін ынталандыруды қажет етеді, бұл баланың бойында сөз тереңдігін және дыбыстарын түсіну қасиетін дамыту үшін қажет. Алты ай мен үш жас аралығы – тілдік дағдылардың
дамуы үшін ерекше маңызды кезең. Балалардың ақыл-ой жұмысының жоғарырақ деңгейі, мысалы, дәлел келтіру және мәселе шешу қабілеті 10 айдан бастап, бастауыш мектептің алғашқы сыныптарына дейін дамып, жетіледі. Сезімтал немесе аса маңызды кезеңдерде қажетті түрде ынталандырылмайтын балалардың өз әлеуетін толығымен іске асыру ықтималдығы төменірек болады.

«Нейрондық тізбектер төменнен жоғары қарай реттілігімен байланыстырылған (қарапайымнан күрделіге)» суреті


есту және көру: алғашқы 3-4 ай сөз түсіну: 6 ай-2 жас
ақыл-ой және мәселе шешу – 7 ай-10 жас

Neural Circuits are Wired in a


Bottom-Up Sequence

Sensory Pathways (Vision, Hearing)


Language
Higher Cognitive Function

FIRST YEAR

-8 -7 -6 -5 -4 -3 -2 -1 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19


Birth (Months) (Years)


Source: C.A. Nelson (2000)


Slide by Center on the Developing Child, Harvard University
Балалар арасында даму ерекшеліктері өте ерте байқалады. Мысалы, бір жасқа толарда нәресте миының дауыс дыбыстарын ажырататын бөліктері баламен тілдесуде қолданылатын тілге бейімделе бастайды және басқа тілдердегі маңызды дыбыстық ерекшеліктерді өзара ажырата білу қабілетінен айырыла бастайды. Харт және Рисли (1995) көрсеткендей, сөз немесе сөздік қор жинау өмірдің өте ерте сатысында басталады және түрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың арасындағы айқын айырмашылықтар 36-айлық жаста байқалады. Осы зерттеушілер атап өткендей, отбасы мүшелері зияткерлік еңбекпен айналысқан балалар шамамен сағатына 2153 сөз естіген, ал жұмысшылар табына жататын отбасылардығы балалар орта есеппен сағатына 1251 сөз естіген, ал кедей отбасындағы балалар орта есеппен сағатына 616 сөз естіген. Үш жаста отбасы мүшелері зияткерлік еңбекпен айналысқан балалардың сөздік қоры 1100 сөзді құраған, ал жұмысшылар табына жататын отбасылардағы балалар 750 сөз және кедей отбасылардағы балалар 500 сөз ғана білген. Дәл осындай көрініс дамушы елдерде де анықталған, яғни, әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы айырмашылықтардың кесірінен 36-72 айлық балалар арасында тілдік дағдыларда барған сайын

артып бара жатқан алшақтық байқалады. Балалар мектеп жасына жетіп, мектепке бара бастаған сайын осындай айырмашылықтар, егер дер кезінде араласпаса, ұлғая береді. Тілдік дағдыларды дамыту ерекше маңызды, себебі, бүкіл дерлік ресми білім беру тіл көмегімен жүзеге асырылады; егер ерте балалық шақта қаланған тілдік дағдылар іргетасы әлсіз болса, балалар білімнен мейлінше оңтайлы пайда көре алмауы мүмкін.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет