Анықтамалық АҚпарат: сіздің РӨЛІҢіз және кәсіби ұмтылыстарыңыз 4 III 1-тарау 6


Өзге мамандармен бірге жұмыс істеу



бет11/40
Дата09.09.2022
өлшемі4.75 Mb.
#460482
түріАнықтамалық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
1, 2 модульдер

Өзге мамандармен бірге жұмыс істеу

Отбасылардың мүдделеріне сай үздік нәтижелерге жету үшін патронаж қызметкерлеріне серіктестікті дамыта отырып, көрсетілетін қамқорлық үйлестірілген және жан-жақты болуы үшін өзге мамандармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасау қажет. Бұл жағынан, әсіресе, мамандар әртүрлі мекемелерде жұмыс жасаса, мақсаттары әртүрлі болса, жұмыстары негізінен басқа мәселелерге көбірек көңіл бөлсе, өзін басқа топпен сәйкестендіруге бейім болса, қиындықтар туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда байланыс орнату қиынға соғуы мүмкін, әрі көп уақыт алуы да ықтимал. Байланыс орнатудағы қателіктер қызметтер көрсету саласында және клиенттермен жұмыс жасау кезінде қолайсыз жағдайлар туындаудың негізгі себебі болып табылатыны белгілі (Leonard et al., 2004), сондықтан, отбасылардың мүдделерін қамтамасыз ету үшін мамандар арасында тиімді байланыс орнату ерекше маңызды. Жақсы байланыс орнатылуын қамтамасыз ету электронды пошта, телефон және жеке кездесулер сынды ақпарат алмасудың өзара келісілген тетіктерін талап етеді. Жұмыста жақсы байланыс орнатудың ұсынылған стратегияларына (Owens, 2009) келесілер кіреді:





    • телефон арқылы байланыс орнату;

    • коммуникациялық журналдар немесе күнделіктер қолдану;

    • отбасымен бірлескен кездесу өткізуді жоспарлау үшін басқа маманды шақыру;

    • тысқары мамандар өткізетін тренингтерге немесе ақпараттық жиналыстарға бару;

    • арнайы немесе кезектен тыс жиналыстарға бару.

Байланыс орнатуға уақыт бөлу керек болады және өзге мамандардың және секторлардың
рөлін түсіну үшін барлық мүмкіндіктері пайдаланған абзал. Маманаралық оқытуды (яғни, түрлі маман иелерінің қатысуымен) зерттеу көрсеткендей, бірлесіп оқыту әр маманға өзге мамандардың рөлін түсінуге көмектеседі, ал бұл жақсы қарым-қатынастарды және мықты
іскерлік серіктестіктерді дамытуды жеңілдетеді (Darlow et al., 2015).

Өзге мамандармен және отбасылармен серіктестікте жұмыс жасауға күш салу әркімнің жауапкершілігі болып табылады. Патронаж қызметкері ретінде сіз қызметтер сапасы


жақсаратын болса және отбасына бір септігі тиетін болса, өзге сектормен серіктестікті қалай бастай алатыныңызды ойластыру үшін жауаптысыз. Ақпарат алмасу серіктестікте жұмыс жасаудың маңызды бөлігі болып табылады, себебі, бұл қажеттіліктерді жақсырақ түсінуге
септеседі, бағалау жүргізуге көмектесе алады және осылайша, отбасыларды/балаларды мамандарға жолдау жүйесін нығайтады. Сондай-ақ, өзге секторлармен жұмыс жасау туралы модульді қараңыз.


Серіктестікті дамытуға сіз қосатын үлесті саралау үшін келесілер туралы ойланыңыз:



  • Өзге салалардағы немесе секторлардағы әріптестеріңізбен белсенді ақпарат алмасуға қалай септесесіз?




  • Қай әріптестеріңізбен бірге серіктестікте жұмыс жасайсыз және серіктестікте жұмыс жасаудың ықпалын қалай

өлшейсіз?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет