Анықтамалық АҚпарат: сіздің РӨЛІҢіз және кәсіби ұмтылыстарыңыз 4 III 1-тарау 6



бет14/40
Дата09.09.2022
өлшемі4.75 Mb.
#460482
түріАнықтамалық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
1, 2 модульдер

Қауіп-қатерлерді басқару

Үйге барып қараудың негізгі мақсаттарының біріне жету үшін, яғни, жақсы денсаулық сақталуына, аман-саулыққа және дамуға септесу үшін сізге қауіп-қатерлерді басқару керек.


Жарақаттану, нашар денсаулық және нашар даму нәтижелері қаупі үш түрлі деңгейде болады:








  • Қоғам деңгейі, мысалы, иммунизация шарасымен жеткіліксіз қамту қызылша сияқты аурулардың белең алуына алып келуі мүмкін;




  • Қоршаған орта деңгейі, мысалы, қалада көлік ағыны қарқынды жолдардың жанында тұратын отбасылар ауа ластануынан зардап шегуі мүмкін немесе оларға балаларымен таза ауада серуендейтін және ойнататан қауіпсіз орын табу қиын болуы мүмкін.



Жарақаттанудың, нашар денсаулықтың және нашар даму нәтижелерінің алдын алу әр деңгейде әртүрлі әдістемелер қолдануды талап етеді. Осындай әдістемелер арасында: білім, ақпараттандыру және назар аудару бойынша қоғамдық науқандар, заңнама және заң қолданысы, қоршаған ортаны қалыптастыру және өзгерту (сондай-ақ, үй қауіпсіздігі және ата- аналар аман-саулығы туралы модульді қараңыз). Көптеген қауіп-қатерлерге қатысты бір деңгейден де көп деңгейде, көбінесе үш деңгейде де шара қолданған дұрыс.



Егер денсаулыққа, аман-саулыққа және қауіпсіздікке қатер төндіретін қауіп үлкен және шұғыл болса, сізге жолдау хаттамасына сәйкес кідіріссіз әрекет ету және/немесе денсаулық сақтау немесе әлеуметтік қамсыздандыру қызметтері
тарапынан дереу араласуды талап ету қажет.

Барлық жағдайлардағы сіздің ең маңызды міндетіңіз – кез-келген жасалған әрекетті құжат бетіне түсіру (қолтаңбаңызды, күнін және уақытын қою міндетті). Мұны әрекет жүзеге асырылған соң немесе оқиға орын алған соң, бірден жасау керек, сонда барлық жайт нақты мазмұндалады. Бұл ақпарат отбасы үшін және туындаған мәселемен жұмыс жасайтын барлық
мамандар үшін өте маңызды, себебі, болашақта қызмет және қамқорлық көрсету туралы талапқа ықпал етуі мүмкін.

Сіз балаларға қатыгездік көрсетуді болдырмау туралы модульден балалардың және ұрымтал тұлғалардың мүдделерін сақтау туралы көбірек біле аласыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет